үсіпбек Аймауытов — өз дәуірінің келелі мәселелерін көтерген көптеген мәнді мақалалардың авторы. Кезінде «Абай» журналында, басқа да басылымдарда жарияланған мақалаларында ол аласапыран өзгерістер заманының шындығын насихаттауға ұмтылды. Сонымен бірге, әдебиет мәселелері төңірегіндегі мәселелерді қозғап, бірқатар әдеби-сын мақалалар жазды. 1918 жылы М. Әуезовпен бірігіп жазған «Абайдан соңғы ақындар», 1923 жылы жазған «Мағжанның ақындығы туралы», 1925 жылы жазылған «Сұңқар жыры», «Аударма туралы» атты мақалалары арқылы ол әдебиет сыншысы ретінде танылды. Оларда Жүсіпбектің әдеби шығарманы жазушы өмір сүрген дәуірмен, тарихи кезең ерекшеліктерімен байланыстыра отырып талдау шеберлігі айқын байқалады.
Жүсіпбек Аймауытов қаламынан туған мұралардың қай қайсысы да оның кесек дарын иесі екендігінің, гуманист суреткерлігінің, жалтақсыз ұлтжандылығының жарқын айғағы. Оның шығармалары өзі ғұмыр кешкен заманның, өзі араласқан қоғамның мұқтажын өтеуге, оның ақ қарасын парықтауға арналған. Сөйте тұра көркемдік тегеуріннің қуаттылығы, идеялық ұстанымдарының сонылығы, сөз қолданудағы шеберлігі Жүсіпбек шығармаларының өміршеңдігіне кепіл болмақ.
Екі заман шекарасында көзін аша бастаған туған халқының ақылы, ойы, ары, баскөтерері болып, оның қамы үшін, тағдыры мен болашағы үшін бастарын тауға да, тасқа да соғып, ақыры бір кездерде біздің елді жайлаған зорлық-зомбылық дертінің, социалистік заңдылықты бұзудың құрбаны болып кеткен арыстарымыздың қатарында Жүсіпбек Аймауытовтың орны ерекше. Жалпы көпшілік ұмыта бастаған, тек есімдері мен істері бірен-саран көзі ашық зиялылардың ғана есінде қалған тұста, олардың біртіндеп емес, топ-тобымен ел ортасына қайтып оралуы елі мен ерін бөлмейтін, азаматтық ойы бар жандарды қалай тебірентпес! Бірін күтіп жүргенде бері келіп, "ақ түйенің қарыны” бір-ақ күнде жарылды. Қанша бұлт басса да, ақыры ашылмай қоймайтын күн көзі жарқ етті. Əділдік, шындық дегендердің де өзініңшынмағынасынаиеболатынкездеріболады екен, солкезеңтуды.
Ол – ақын, прозашы, драмашы, сыншы, публицист, аудармашы. Əдебиеттің əр алуан жанрларында белсенді қызмет ете отырып, Жүсіпбек жаңа дəуірдегі əдебиеттің негізін салушылардың алғы легінде болды. Көптеген ірі шығармаларымен жаңаізденістерді орнықтырды.
Ақбілек” – жеке кітап болып басылып үлгермеген шығарма. Ол кезінде "Əйел теңдігі” журналының 1927–1928жылдар ішіндегі бірнеше санында жарияланған. Бірінші рет 1989 жылы Жүсіпбектің таңдамалы шығармаларыішіндежарықкөрді.
"Ақбілек” тақырыбы жағынан "Қартқожа” романымен үндес. Егер "Қартқожада” жазушы ескі қоғамдық құрылыс жағдайында теңсіздікте күн кешкен қазақжігітінің құлдықтан құтылып, азаттық күрес жолынашыққанын суреттесе, "Ақбілекте” де осы идеяны жалғастырады. Мұнда феодалдықрушылдық ортада жікшілдік тартыстардан қорлық көрген қазақ қызының жаңа заман шындығын пайдаланып, өз бақытын табуы, тең құқылы азамат болуы бейнеленеді. Романның басты кейіпкері Ақбілек əкесіне өшіккен Мұқаш деген жігіттің көрсетуімен қашқан ақ əскерлерінің қолына түсіп, бірқатар қорлық көреді. Одан кейін өз аулында əйелді қолжаулық көрген ортаның азабын шегеді. Ақыры Ақбілек ағасының көмегімен қалаға кетіп, оқу оқып, бақытын табады. Бұл Жүсіпбек Аймауытовтың жаңа заман туралы ұғымын, соның арқасында кедейлер мен əйелдердің теңдікке ұмтылып, күрес пен бақыт жолынашыққанын суреттеугеталабындəлелдейді.
Осы оқиғалар негізінде Жүсіпбек сол бір аласапыран жылдардағы қазақ аулы өмірінің шындығын, адамдар тағдырындағы өзгерістерді, тынымсыз ізденісті кең бейнелейді. Ескі ауыл мен оның адамдары бойындағы қайшылықты күйлер мен ұғымдар тартысының суреттері, психологиялық толғаныстар жазушы реализмінің байлығын, суреткерлік қарымының кеңдігін көрсетеді. Роман кейіпкерлері заманмен, дəуірмен қабаттаса өзгеріске ілеседі, қоғамнан өзіне лайық орын іздейді. Ол орынды бірі тауып, бірі таба алмай жатса да, жалпы ізденістің беталысы елдің рухани оянуға ұмтылысын аңғартады. СолардыңалдыңғылегіндеАқбілекдегенінежетеді.
Ақбілектің ауылдың етекбастылығынан, алып-қашпа өсек-аяңынан құтылып, қаладан бақытын табуы – жаңа саясаттың жемісі. Ол – білім алып, қатарға қосылған алғашқы қазақ əйелдерінің өкілі. өткеніне, өзі өскен ортаға бүгінгінің көзімен қарайды. "Оқымаған əйел қор ғой. Қапастағы құстай ғой?” деп ойлайды өзінің бүгінгі күйін өз ортасынан аса алмай қалған Кəмиламен салыстырып. Ақбілек пен Балташтың жарастықты жаңа өмірін жазушы басқаларға үлгі етеді. "Ақбілек көрген-білгенін Балташқа айтып келеді… Сөйлескен сайын бірінің білгені біріне ауысады. Кейде Балташ баяндама, отчет жазғанда салмақты Ақбілек көтереді. Ақбілек бірдемеге алданып жатса, Балташ барып тамақ əкеледі. Екеуі бірге күйінеді, бірге сүйінеді. өйткені, дененің басқалығы болмаса, екеуі бір кісіміз деп ойлайды”, деп жазады ол.
Ол – бұрынғы қазақ əйелі басында, əйел мен еркектің арақатынасында болмаған жай. Жаңа өмір əйелді осыған жеткізді, əйел мен еркекті бір қатарға қойды. Кешегі жуас, ұялшақ Ақбілек өнерлі жастардың қатарына қосылып, тек "ақсақалдың ғана баласы емес, көптің баласы” атанды. Ақсақалдың өзі де именеді одан. Туған еліне оралып, Алтайдың тауына шыққан Ақбілекке онда өткен өмір ауыртпалықтары, "алай-түлей қараңғы қара күндер барсакелмеске біржола кеткендей, анау алыста, етекте біржола қарасы өшкендей көрінеді. Ақбілек бейнеттен, қорлықтан, күнəдəн тазарып, сонау жетіқат көктегі ғарышқа барып, жүрегін алтын легенге малып тұрғандай, анадан жаңадантуғандай тазарады”.
Бүкілшығарманың идеясы автордыңосы сөздеріндежатыр.
Əрине, Ақбілектің бұл күйге жетуі оңай бола салған дүние емес. Жазушы оның қайшылықты тағдырын жеңілдетпей, үлкен психологиялық образ дəрежесіне көтере біледі. Қыздың ақ солдаттарының қолына түскен кездегі, Қарамұртпен кездесулеріндегі жан күйзелісі романда жарқын суреттелген. Осындай күйзелістерде ол жаттың қолына түсіп масқара болғанын намыс көріп, күйінеді, ел бетіне көрінуден жасқанады, өлім тілейді. Бекболатпен қайта тіл табыса бастаған кезде əкесінің үйленуі, оның рулық тартыстарға жақтасып, Бекболатқа қызын беруден бас тартуы, жүкті болып қалу жағдайлары Ақбілек басына түскен ауыртпалықты қоюлата түседі. Міне, осындай үлкен азап жолын өткен қыздың психологиялық күйіне жеңіл қарау да мүмкін емес. Жүсіпбек жасаған образдың ішкі монологқа, толғанысқа құрылуы да осыдан. Көбіне жазушы қыз қайғысын оны қоршаған айнала, табиғат көріністерімен астастырып, кейіпкер басына түскен ауыртпалықтың үлкен бір суретін жасайды. Ақбілек жау қолына түсіп, Қарамұртпен алғашқы кездескентүнсуретімынандай:
"Ұйтқып соққан ызылдақ жел. Ай жоқ. Қараңғылық қоюланып келеді. Сабаған жүндей түйдектелген, шыңылтыр, сұрғылт бұлттар тоғытқан қойдай шоғырмақтанып, тауға қақпақ болатындай, тауды тұншықтыратындай, аш тауықша селдір жұлдызтарыларын бір-бірлепқылқыпжатыр. Жұлдыздармен біргеүмітсəулелері дебір-бірлеп батыпбаражатқандай” .
Романның композициясында, жазылу əдісінде ешқандай қалыптасқан дағды жоқ. Бұрын үлкен прозасы болмаған əдебиетте ондай дағдының болуы да мүмкін емес. Бекболат, ақ офицері, Мұқаш бейнелерін жасауда, портреттерін, ішкі ой-сезімдерін ашуда жазушы олардың өз ұғымына сүйенеді, кейіпкердің монологы үлгісін пайдаланады. Романның төртінші бөлімінің уақиғалары, яғни, Ақбілектің жаңа өмірі екі əйелдің (Ақбілек пен Кəмиланың) əңгімесі түрінде жалғастырылады. Кейде күнделік араласып кетеді. Əсіресе Ақбала – Ақбілек – Балташ арасындағы қарым-қатынасты суреттеуде жазушы осы үлгіге көбірек жүгінеді. Мұның бəрін образ ашудың жолдары ретінде қолданады. Сондықтан ондағы образдар даəрқилы, жарқын. Солардың іс-əрекеті, тіршілігі негізінде сол кездегі қазақ аулы өмірінің шындығын, оған біртіндеп кіре бастаған өзгерістер мен жаңаруларды көркем бейнелейді. Осы ретте Ақбілектің атастырылған, өзара көңілі жарасқан жары, момын, тағдыр өлшемінен аса алмаған Бекболат, кімнің тарысы піссе, соның тауығы болып, пайдаға құныққан Мұқаш (тегі кедей жігіттің кейін өз қателері жайлы ойлана бастағаны да нанымды), қаладағы əрқилы типтерден ескі беделін сүйеніш қып жүрген Ықаң мен Тыпаң, жаңа дəуір адамдары – Ақбала, Доға, Балташ, Жорғабек, тағы басқалар жап-жақсы əсер қалдыратынын айтуға болады. Жаңа өмір құрудың күрделілігі жас азаматтарды да əрқилы жолға салып, екшеп жатқанын көреміз. Бұлардың бəрінен Балташ ақыл-ойы толысқан ұстамды қайраткер боп шығады. Басында едəуір үміт күттірген Ақбала нақты істен гөрі сөзге үйір, қиялшылдау болып кеткені көрінеді. Кеңес өкіметі берген беделін арақ пен қызқұмарлыққа салып, азған Доға да, тіршілігі ептеумен, жылпостықпен өткен Жорғабек те өмірден азаматтық жол таба алмайды. Осылармен алғашқы кездесуде (Төлеген үйінде) жазушы сол дəуірдің бірсыпыра өзекті мəселелерін, қазақ аулын кеңес жолына тартудың қайшылықты жайларын сөз етеді. Романдағы пікірлердің бір кезде басшылыққа ұнамай, күшпен басылып-жаншылып қалған əрқилы халықтық ойларды бүгінгі заманда еске түсіріп, оның шындығын, талас-тартыстың табиғатын түсінуде едəуір маңызы бар.
Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы қазақ қызының намысты да өжет жан екенін дәлелдеп жазыңыз
Бақыт жолы біліммен табылады...
Ахмет Йүгінеки
Қай заманның болмасын, өз қиындығы, өз тартымдылығы бар. Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші!.. Оған дәлел, тарих айнасы – көркем әдебиет. Небір аласапыран кезеңдерді, аштық, соғыс, небір жылан үстіне бозторғай жұмыртқалаған мамыражай өмірді көз алдымызға әкелетін әдебиет емес пе? Сондай шығармалардың бірі – Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы.
«Ақбілек» - Қазан төңкерісінен кейінгі азамат соғысы зардабының әсерінен қазақ ауылының өмір-тіршіліктері мен таптық тартыс кесірінен қорлық көрген қазақ қызының ауыр тағдырға берілмей, «көзі ашық, көңілі ояу» тұлғаға дейін көтерілгендігін баяндайтын туынды.
Ақбілек – ата-анасының бауырында еркелеп өскен, ауыл ішінде «Мамырбайдың Ақбілегі» болған, бір мезетте анасынан айрылса, сол мезетте өзін өлдіге санайтын оқиғаға ұшыраған, сөйте тұра тағдырға қасқая қарсы тұрған қайсар қазақ қызы. Оған дәлел – орыстың мазағынан соң жалғыз қалып, жапан түзде қасқырмен алысып, ерлікпен жеңуі. «Ақбілек аллалап, қасқыр абалап, Ақбілек сабалап» отты көзді жыртқыштармен көп алысты. Былайғы уақытта қарусыз түз жануары алпамсадай еркекке де оңай алғызбайды, ал Ақбілек еш қарусыз-ақ, «қасқыр оттан қорқады» дегенді есіне түсіріп, шоқты алаулатып жауын қуды. Осы тұста Ақбілекті қайсар, жауына оңай берілмейтін адам ретінде танимын.
Ақбілек – қиялшыл тұлға. Кеше ғана көзі жастан құрғамай, «неге ғана қара жер қақ айрылып мені жұтып кетпейді?» деп түңілсе, келесі күні төсекте жатып, өзінің үлде мен бүлдеге оранып ұзатылып, ақ отауында Бекболатына торсықтай ұл сыйлап, бақытты өмір кешіп жатқандығын қиялдайды. Бұл оның қиындыққа тез беріле салмайтын жанының тазалығын, арманға да балаша қуанатындығын көрсетеді.
Ақбілек қандай қасиеттерімен жарқын өмірге қадам басты, қандай күш өшкен өміріне шырақ жаққызды? Оған себеп – Ақбілектің өжеттілігі, өзіне бекемділігі. Орынборға барып оқып жүргенінде жан-жақтан тамсанып қызығушылар да, қала қызы ретінде желіктірушілер де болды. Олардың біріне де мән бермей, оқу үшін келгендігін мықтап назарда ұстауы, қазақ қызына тән салмақты да өжет болуы – Ақбілектің асыл қасиеттерінің бірі.
Қазақ қызының шет жерге барып оқуы да оңайға түспейді. Онысы Кәмилаға айтқан «жасынан оқымаған соң, кісінің тілі де қатып кетеді екен, жуырда икемге келмейді екен» деген сөзінен байқалады. Дегенмен орыс тілін бір адамдай-ақ меңгеріп алады. Бұл оның еңбекқорлығы деп білем.
Тағдыр тәлкегіне, қоғам әділетсіздігіне құрбан болған Ақбілек сынды қазақ қызы қаншама? Жалғыз Ақбілек жылап, басына салғанға көніп, бар өміріне нағлет айтқан жоқ, бірақ жалғыз Ақбілек сүрінген жерінен қайта тұрып, өжеттілік танытты. Автор Ақбілекті осы қырынан ұрпаққа үлгі етті. Біздің заманымызда да түрлі жағдайға байланысты тағдыры ауыр боп жүрген қыздар бар. Автор соларға «құласаң, қайта тұрып жүгіруге қақың бар, оқу оқы, білім ал» дегенді айтқысы келген деп ойлаймын.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы - қай заманның ұрпағына да берері мол өміршең шығарма.
Достарыңызбен бөлісу: |