23.01.2023ж
Практиканың алғашқы күнінде өзіміздің универде практика барысы бойынша конференцияға қатыстым. Конференция барысында практиканың өту барысы толыққанды түсіндірілді.Одан соң Шымкент каласы Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназиясына келдік. Алғашқы күні мектеп басшыларымен, оқытушыларымен, оның ішінде сынып жетекшімен пән мұғалімімен, және де мектеп ережелерімен, тәртібімен таныстык. Бізге практика жайлы акпарат беріп, тапсырмалар берілді.
24.01.2023ж
Маган 7«Е» сыныбы жүктелді. Сынып жетекшісі- Базарбай Дәуіт өз сыныбымен таныстырып шықты. Практиканың өту барысы бойынша тапсырма алдым және жетекшілерден нұскау алдым. Маған берілген 7 «Е» сынып оқушыларымен таныстым. Сыныпта жалпы окушы саны 20. Онын 8 кыз, 12 ұл окушы болды. Сынып оқушыларымен танысып, олардын кызығушылыктарын зерттей бастадым. Сынып өте белсенді, ұйымшыл болып шықты. Жалпы оқушылармен алғашқы күннен бастап тіл табысып кеттім.
25.01.2023
7«Е» сынып окушыларының тізімін жасап, тәрбие сағатының жоспарымен, пән бойынша ҰМЖ-мен танысып, сынып жетекшім туралы акпараттарды алып, алдағы тәрбие сағаттарына жоспар құрдым. Өзіме бөлінген 7«Е» сыныбының окушыларының барлығы білімді, жауапкершілігі мол екенін байқадым. Мектеп ұжымымен және де мектеп тарихымен таныстым. Сынып жетекшіммен тәрбие сағаттарын талқылап, қай оқушымен калай жұмыс жасау керектігі туралы түсіндірме жүргізді
26.01.2023
Оқушылардан қосымша мәліметтер жинап аты-жөндерімен толық танысып шықтым.Осы күнгі сабақтардың барлығына қатысып оқушылардың білім деңгейлерін анықтап жүрдім.
27.01.2023
ЕП-20-1к1 студенттерінің 6 «Ғ», 5 «В» сыныптарына математика пәнінен өткізген сабақтарына қатыстым. «Ондық сандарды қосу және азайту» тақырыбына өткен сабақтарына қатыстым.. Сабактар өтілді. Бүгін сабактар кызык болды.Әр түрлі ойындармен өтілді. Окушының бір мәселе бойынша ойлау, талдау, салыстыру кабілетін дамытты. Жаксы жұмыс жасады. 6-сабақта «Театр-ұлт рухының жаршысы» тақырыбында тәрбие сағаты өтілді.
Достарыңызбен бөлісу: |