28.01.2023 Оқушылармен, мектеп барысымен толык танысып шыктым. Енді мен «Математика» сабағына толықтай ене бастадым. Гүлнәр апайдан математика сабағының сабақ кестесін алып,сол күннен бастап өз сыныбыма алгебра, геометрия пәндерін өте бастадым. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мұгалімдердің оқу жұмысын ұйымдастыруга қажетті оқу әдістемелік жұмыстармен таныстым.
30.01.2023 Алгебра сабағында Гүлнәр апаймен окушылармен жұмыс, әдіс-тәсілдердерді, әр күнгі сабаққа қалай ҚМЖ жасау керектігін, оларды кайсы баллдық шкаламен бағалау керектігін түсіндірді. Оқытуда оқушы белсенділігін арттырумен қатар, әр оқушының мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын қалай арттыру керектігін түсіндіріп көрсетті.
31.01.2023 Өзіме болінген сынып 7«Е » сыныбына толыққанды күнделікті алгебра, геометрия сонымен қатар қосымша сабақтардың бәрін өтіп жүрдім. Оқушылардың барлығы білімді, жауапкершілігі мол екенін байқадым.Осы тоқсан бойына берілген қысқаша көбейту формулаларына көптеген есептер шығарттым.
01.02.2023 Бұл күні 8 сабақ болды. Бірінші сабақта оқушылардан қазақ тілі пәнінен тоқсандық диктант алынды.Ал математика сабағында қысқаша көбейту формуласының соңғы екі формуласына яғни екі өрнектің қосындысы мен айырмасының кубын қалай шығару керек екенін талдадық.Соңғы сабақ қосымша болды.Оқушылармен өткен жаңа тақырыпты талқыладық.
02.02.2023 7«В», 7«А» сыныптарына кіріп,жаңа сабақ өтіп,түсінбеген оқушыларға жеке түсіндірме жүргіздім.Одан бөлек математика мұғалімімен жеке тапсырмалар жасадық.
03.02.2023 7«Е» сыныбында алғашқы сабақ тарих сабағы болды.Тарих сабағына қатысып оқушылардың ауызша сөйлеу дәрежесімен таныстым.Бізде бұл күні математика болмағандықтан басқа пәндерге кіріп қатыстым.Әр сабаққа қатыса отырып, оқушылардың қандай пәнге қызығатынын жазып жүрдім. 6-сабақта «Газды, тәтті сулардың зияны» тақырыбында тәрбие сағатын өттім.Оқушылар тәрбие сағаты барысында өз ойларын ашық жеткізе алды.
06.02.2023 Аптаның алғашқы күнінде 7«Е» сыныбының барлық сабақтарына қатыстым.Одан кейін басқа сыныптың математика сабағына кіріп олардың сабақ өту тәсілімен таныстым. Сабақтарға қатысып өзіме білім ,тәжірибе жинай бастадым.Жаңа сабақ өту тәсілдері, сонымен қатар ҚМЖ-мен қалай жұмыс жасайтынын үйрендім.