Дешифрлаушы- бұл n кірісі және 2n шығуы бар комбинациялы сұлба. Осындай сұлбада сигналдың белсенді деңгейі тек қане, екілік кодта шығуға берілген комбинация білдіретін нөмірі бар шығуда орнатылады.Сондықтан кірістерді адресті деп жиі атайды.
Бұдан басқа дешифрлаушыны екілік позициялық кодты біртұтас кодқа түрлендіргіш деп атайды, яғни нөлдер арасында тек қане бір бірлігі бар (немесе бірліктердің ішінде бір ғана нөлі бар). Егерде кірісті адресті деп атаса, онда декодер аңдысқан(позициялық)адресті физикалыққа түрлендіреді деп айтады.
Егерде дешифрлаушының шығуларындағы n-разрядты екілік санның қанша әртүрлі комбинациялары бар, сонша m шығуы болса, яғни m = 2n , дешифрлаушы толық деп аталады. Толымсыз дешифрлаушыда кірістің саны n болғанда, шығулары азырақ болады- 2n.
Тура шығулары бар, яғни қозған шығуда логикалық бірлік деңгейдегі n=2 және m=4 толық дешифрлаушыны қарайық. Осындай дешифрлаушы бірліктер дешифрлаушысы деп аталады, нөлдер бойынша дешифрлаушыдан ерекшелігі – онда қозған шығуда логикалық 0 деңгейі болады. Кірістерді х символымен, ал шығуларды у белгілейік.
Ақиқат кестесінің түрі келесі:
2.3.кесте. 2в4 дешифрлаушының ақиқат кестесі
x1
|
x0
|
y0
|
y1
|
y2
|
y3
|
0
|
0
|
1
|
0
|
0
|
0
|
0
|
1
|
0
|
1
|
0
|
0
|
1
|
0
|
0
|
0
|
1
|
0
|
1
|
1
|
0
|
0
|
0
|
1
|
Барлық шығу орындарына арналған құрамдық формулалар :
(8)
Дешифрлаушының сұлбасы мен оның шартты кестелік белгілеуі 4.9. суретте көрсетілген .
2.9. сурет. Дешифрлаушының(а) сұлбасы және оның УГО (b)
Жиі дешифрлаушыларда И логикасымен байланысқан бір немесе бір топ рұқсат ететін шығулар болады(тура және инверсиялық), осындай дешифрлаушының үлгісі 2.10. суретінде көрсетілген. болғанда, басқару шығуында (белсенді деңгейі төмен) логикалық О
дешифрлаушының ақпараттық кірістерге коды жіберілген шығуларда қалыптасады.
2.10. сурет Кірістерде жұмыс істеуге рұқсаты бар дешифрлаушы .
Дешифрлаушыларды өсіруі каскадтық принципті қолданып және арнайы дешифрлаушыны құрастырмай, ал оны рұқсат ететін кірістердің коньюктураларынан жинауы ыңғайлы болады. 2.11.суретінде осы тәсілмен екі К555ИД7 микросұлбадан 4 және 16 дешифрлаушы құрастырылған.Әр микросұлбада 3 рұқсат ететін кірістері бар( 2 инверсиялық және 1 тура).Егерде бір уақытта инверсиялық кірісте «нөл» , ал тура кірісте «бірлік» болғанда ғана рұқсат бар болады.
2 .11.сурет. Дешифрлаушының өсіруі.
А3 кіруде нөл болғанда, бірінші дешифрлаушының жұмысына рұқсат беріледі, ал екінші дешифрлаушының барлық шығуларында бірлік болады. А3 кірісінде бір болған кезде, екінші дешифрлаушының жұмысына рұқсат беріледі, ал бірінші дешифрлаушының барлық шығуларында бірлік болады.
Бөлек(жеке) микросұлба түрінде шығарылатын дешифрлаушының әріптік белгісі ИД. И -НЕ элементері көбірек технологияланған ТТЛ сериялық дешифрлаушыда әдттегідей инверсиялық шығулары болады. И-НЕ элементтерден кем емес технологияланған НЕМЕСЕ-НЕ элементтері бар КМОП- сериялық дешифрлаушыда жиі тура шығулары болады.
Дешифраушылар есеп технологиясында кең қолданылады: микропроцессор екеуі арасында мәліметтермен алмасқан кезде бірнеше сыртқы құрылғының (СҚ) біреуін таңдау үшін, үлкен интегралды сұлбалардың бөлігі ретінде , және де бір элементті бірнешеуден таңдауды талап ететін басқа да құрылғыларда , т.б.
Дешифрлаушылар әр түрлі цифрлық құрылғыларда екілік кодтарды басқару сигналдарға айналдыру(өңдеу) үшін кең пайдаланылады. Олар ақпараттық арналар мен синхроимпульстарды тарататын коммутаторлар ретінде, есте сақтайтын құрылғыларда адресті логиканы ұйымдастыруға, символдарды басуға шығаруда, сан индикаторларын басқаруда екілік-ондық кодты ондыққа түрлендіруде және т.б. қолданылады.
2.4. Демультиплексорлар
Демультиплексор - бұл ақпараттық кірісі, n адресті кірісі және 2n шығуы бар комбинациялық сұлба. Демультиплексор, мультиплексор орындайтын операцияға кері операцияны жасайды, яғни екілік кодтағы нөмірді адресті кіріске жіберілген комбинация көрсететін шығуға, кірістен сигнал жібереді. Демультиплексор жүзеге асыратын функцияның түрі :
,
Мұнда DОі – і -шығуындағы сигнал
DІ –ақпараттық кірістегі сигнал
Ki(v)- кірістен ақпарат жіберілген шығудың нөмірін анықтайтын минтерм.Мысалы, 12(екіге бір)демультиплексордың бір ақпараттық кірісі,бір адресті кірісі, екі шығуы болады.
2.12. сурет УГО а) құрамдық сұлбасы б)1 4 демультиплексордың
Оның жұмысын бегілейтін функцияның түрі :
;
DO1 = DI X.
УГО және 1 4 демультиплексордың құрамдық сұлбасы 2.12. суретінде көрсетілген. Егерде дешифрлаушының рұқсат ететін кірісін, ақпараттық кіріс ретінде қолданғанда, демультиплексор болып шығады. Сондықтан бөлек (жеке) ИМС түрінде демультиплексорлар шығарылмайды, тек қане универсалды дешифрлаушы – демультиплексор түрінде шығарылады. Үлгі ретінде 2.13.суретінде жалпы бір адресті кірістермен қосарланған К1533ИД4 дешифрлаушы – демультиплексор көрсетілген.
2.13.сурет. Қосарланған К1533ИД4 дешифрлаушы – демультиплексор
А1 және А2 кірістер адресті қызметін атқарған кезде екі 2х4 дешифрлаушылар пайда болады, бірінші дешифрлаушының рұқсат ететін кірісінде Е1 –лог 1, V1-лог 0, екінші дешифратордың рұқсат ететін кірісінде Е2 және V2 –лог 0. Екі мультиплексорды құрастыруда бір арнадан төрт арнаға Е1 –лог 0 рұқсат сигналдарын жіберуге болады, ал V1 және V2 кірістерін ақпараттық ретінде пайдалануға болады.
4.14.суретте екі төртке бір демультиплексордан сегізге бір демультиплексордың өсіру тәсілі көрсетілген. Бұл тәсіл 4.1.1 суретте көрсетілген тәсілге ұқсас, тек қане рұқсат ететін кірісті ақпараттық ретінде қолданады.
Демультиплексорлар микропроцессорлы және ақпараттық –өлшеу жүйені құрастырғанда, ақпараттық сигналдар мен синхроимпульстардың таратқышы ретінде, мәліметтерді демультиплексірлеуге және т.б. қолданылады.
4.14. сурет. Демультиплексорды өсіру.
2.14. сурет. Демультиплексорды өсіру.
Достарыңызбен бөлісу: |