3. Қоғамның түрлері. Үстірт қарағанның өзінде қазіргі қоғамдардың әр алуандығы байқалады. Қоғамдардыц айырмасы анық (тілі, қатынаста болуы, мәдениеті, саяси құрылысы және т.т.), не онша анық емес (тұрақтылық деңгейі, әлеуметтік тұтастықка біріғу деңгейі) білінеді. Қоғам аса күрделі, көп діңгейлі кқұрылым болғандықтан, мүнда қандай да болсын әмбебапты топтастыру мүмкін емес. Кен таралған таптастыру бойынша қоғамдар дәстүрлі және индустриялды түрлеріне бөлінеді. Марксистік социолоғия, мысалы, жіктеудің негізіне материалдық игліктерді, өндіріс тәсілін, өндірістік және, ең алдымен, меншік қатынастарын қойып, барлық қоғамды бес негізгі қоғамдык-экономикалык формацияға бөлді. Г. Ленски және Дж. Ленски (1970) қоғамдарды тіршілік етуге керекті заттарды табудың негізгі тәсілі арқылы бөледі және олардын басқа маңызды белгілерін де ашып берді. Бірінші тарихи қоғамды олар аңшылар мен жинаушылар қоғамы деп көрсетті. Осындай қоғамдардың басым көпшілігі көшпелі тұрмыс қалпында өмір сүреді, аңшылықпен айналысады, тұбір, жидек жинайды. Мүндағы әлеуметтік өмір туысқандық негізінде ұйымдастырылады. Саяси құрылымы бұл қоғамда дамыған, оны рутайпалық көсемдер баскарады.
Екінші қоғамның түрін олар бак өсірушілік деп атады. Олар алғашқы рет Таяу Шығыста біздің жыл санауымызға дейінгі 4-6 мың жыл бұрын пайда болды. Кейін олар Қытайдан Еуропаға дейін кеңтаратылды. Бүгінгі күнде ол Сахара шөлінің оңтүстігінде сакталды. Бұл қоғамдарда үстеме өнім шығарылмайды, өйткені алғашкы аиайы құралдарды ғана пайдалаиылады. Әлеуметтік құрылымы туысқандық байланыстарға негізделген, бірақ аңшылар мен жинаушылар қоғамынан гөрі едәуір күрделіленген. Тайпа-аралық өзара байланыстарды, неке қатынасын реттеуші ережелерді қалыптастырады.
Соқаны жетілдіру мен үй малдарын жұмысшы күші ретінде пайдалану. Ежелгі Мысыр жерінде аграрлық деп аталатын қоғамдардың шығуына мүмкіндік туғызды. Ауыл шаруашылығының өнімдерінің артуына байланысты үстеме өнім пайда болды. Осының негізінде колөнер кәсібі мен сауда дамыды, қалалар шыга бастайды. Аграрлық қоғамдарда мемлекет пайда болды. Бұл бірінші мемлекеттерде шектеулі түрде кеңселік қызметкерлер мен әскер, жазу мен акша жүйесі қалыптасады. Туыскандық қатынастар саяси өмірде маңызды орын алады. Мүрагерлік кызмет таңдастырылады, жоғарғы лауазымды орындар әкеден балаға ауысады. Сауда мекемелері отбасы негізінде құрылады.
XVIII ғасырдың аяғынан бастап өнеркәсіптік қоғамдардың неғізін Ұлыбританиядағы индустриялык даму қалады. Ең дамыган казіргі өнеркәсіптік қоғамдарға Еуропа, Солтүстік Америка, Таяу Шығыстың кейбір елдері (Жапония, Тайвань, Гонконг, Оңтүстік Корея) жатады. Басқа көптеген елдер (Бразилия, Қытай, Мексика, кейбір Африка елдері) оған таяп қалды. Қазакстанның осы топқа ену мүмкіндігі, әлеуеті жеткілікті. Өнеркәсіптік қоғамдардың дамуы тікелей технологияны жетілдіру мен қуаттын жаңа көздерін пайдалануға, ғылыми білімді өндірістік үдерісті басқаруда қолдануға байланысты болды. 2003-2006 ж ж. даму нәтижесінде "Қазакстан - 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын негізге ала отырып, өзінің алдына 10 жыл ішінде бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кіру жөнінде өршіл мақсат қойды".
Өнеркәсіптік қоғамдарда үстеме өнім зор көлемде шығарылады, осының есебінен үлкен қалалардың өмірін қамтамасыз етуге мүмкіндік туады. Мемлекеттік баскару жүйесі жоғары даму деңгейіне жетеді. Отбасының рөлі одан әрі әлсірейді.
Қоғамдардың төрт түрінің өзгешіліктерін (экономикалык, әлеуметтік, саяси, туысқандық тұрғысынан) суреттеу әлеуметтік институттардың өзара байланысты екенін көрсетуге, бір-бірімен өзгеше келісушілікте болатынын түсінуге мүмкіндік береді. Ф. Теннистің кауым" және "қоғам" деген ұғымдары дәстүрлі қоғам мен казіргі қоғамның айырмасын көрсетеді. Неміс тілінде "Гемайншафт" ұғьмы ауылдық қоғамды көрсетеді, ал "Гезелшафт"-қалалық өнеркәсіптік қоғамға қатысты қолданылады. Олардың араларындағы негізгі айырмашылыктар төмендегідей: 1) "Гемайпшафта'" адамдар қауымдық қағидаіарды үстанады. Ауылдык отбасылар егін жинау кезінде бірлесіп жүмыс істейді, бір-біріне тегін көмек көрсетеді. "Гезельшафтға" жеке мүдделердің жүзеге асырылуы акыл-ой талабына негізделіен, өзара қарым-қатынасты іскерлікпен, тауарлармен қызмет көрсеткені үшін есеп айырысуы ақшалай түрде болады. 2) "Қауымда" әлеумепік бақылау әдет-ғұрып. нанымдар және жазылмаған заң бойынша іске асырылады, ал "когамда" заңды қалыптаскан тәртіпке сүйенеді. 3) Еңбек бөлінісі саласында "Қауымда" мамандану шектеулі және көбінесе туысқандық байланыстар негізінде болса, "қоғамда" терең мамандану отбасылық рөлдерден бөлінеді. 4) "Гемайншафтта" мәдениет діни негізінде, ал "Гезелшафтта" азаматтық, зиялылық қазыналар арқылы қалыптасады. 5)"Қауымда" бас әлеуметтік институттары отбасы, коршілер, қауым болса, "қоғамда" ірі бірлестіктер мен одактар пайда болады.
Қазіргі ең тараған таптастыруда (Д. Белл, А. Турен. У. Ростоу, Р. Арон және баскалары) қоғамдарды дәстүрлі және өнер-кәсіптік деп бөледі. Дәстүрлі қоғамға ауыл шаруашылық, экономика, көп қозғалмайтын әлеуметтік қурылым, дәстүрге негізделген алеуметтік-мәдени реттеушіліктән. Бүгінгі күнгі түсінікте рулық-тайпалық, феодалдык, артта қалған, мешеу және анайы қоғамды дәстүрлі деп қабылдайды. Расында дәстүрлі қоғамның түсында өндірістің даму қарқыны өте төмен болады, сондықтан кажеттіліктер ең аз деңгейде қанағаттандырылады. Дәстүрлі қоғамда мөлшерлер, әлеуметтік құрылымдар, әлеуметтік институттар, әдет-ғүрыптар, жеке адамның мінез-күлқы және с.с. реттеледі, қатал бақылауда болады. Дәстүрлі қоғамдық бірлестіктер, кұрылымдар мызғымайтын болып саналады. Түліаның еріктігінің көрінісінің кайсысы болсын, қандай жаңашылдық болсын, оларды мәдениет те, әлеуметтік институттар да, билік құрылымдары да жояды.
Индустриялды (өнсркәсіптік) қоғамдар тікелей ғылыми техникалық дамудың деңгейімен анықталады. Қазіргі дүниедегі ең елеулі тарихи өзгерістер аграрлык дәстүрлі қоғамдардан өнеркәсіптік қоғамдарға өтумен байланысты. Оған бірінші машиналық өндіріс, еңбекті фабрикалық түрде ұйымдастыру мен тәртіп, еркін сауда мен жалпы базары бар ұлтгык шаруашылык жүйесі тән. Екінші, индустриялды даму қоғамның негізгі институьттарының ұқсастығын ұлғайтады. Үшінші, индустриялды қоғамға өту дәстүрлі мұрагерлік пұрсатты жағдайларды қиратумен, азаматтық құкықтың теңдігін жариялау мен және қоғамдық саяси өмірді демократияландырумен ойды байланыстырады. Қоғамнын ашықтығы әлеуметтік қозғалмалықты күшейтеді жәнс кәсіпкерлік белсенділік пен бәсекелестікті дамытады, білім алуға жолды кең ашады, ал бұл адами капиталды, ақыл-ой әлеуетін пайдалануды арттыра түседі. Жанжалдар мен шиеленістер индустриялды қоғамда озін-өзі ұстай білушілік, байсалдылық негізінде шсшіледі. Төртінші, өнеркәсіптік қоғамның маңызды бөлішегіне ұлттық либералды-демократиялық мемлекеттің нығаюы жатады.
Индустриялды қоғам түжырымдамасын одан ары постиндустриялды қоғам ойтүжырымы дамыгады. Оған негізгі үлес қосқаыдар Д. Белл. Д. Гэлбрейт, 3. Бжезинский, Г. Кан, О. Тоффлер, Р. Арон, А. Турен. Ж. Фурастье. Бұл байыптаманың негізінде барлык коғамдық дамудың үш кезеңге бөлінуі жатады: индустриялды дамуға дейін, индустриялды және индустриялды дамудан кейін (постиндустриялды). Постиидустриялды қоғамның тұжырымдамасы ең дамыған елдердің экономикасы мен мәдениетіндегі құрылымдық өзгерістерінен пайда болған түбегейлі өзгерістер өндірісте ғыльми-техникалық жетістіктерді кең пайдаланудан туындаған. Қажетгі білім алып, ең жаңа ақпаратты қолдана алған дара адамның әлеуметтік сатымен жоғары өрлеу мүмкіндігі ұлғаяды. Бұл еркін қоғамда жасампаздық еңбек адамның және қоғамның табысы мен гүлденуінің негізі болады. Қызмет көрсету саласы өндіріс саласынан басым болады, таптық бөліну мамандық, біліктілік, білімнің көлемі мен сапасы бойынша бөлінуге орын береді. Осы аталған ойтүжырымдамалар мен қоғамдарды саяси көрсеткіштер бойынша демократиялык (азаматтык қоғамның қалыптасқаны мен оған мемлекеттің бағынуын көрсететін), тоталитарлы азаматтық қоғамның жойылганын, ал мемлекеттің қоғам мен дара тұлғаны тұншыктыратынын бейнелейтін), авторитарлык (бірінші мен екіншінің аралығында болатын) етіп бөледі. Басқа өлшемдерге діни белгі (мұсылман, христиан, католик, протестант шариғаты үстем ететін коғамдар бар), тіл белгісі (ағылшын, испан тілдес коғамдары) жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |