2. 1 Қазақстанның сақтандыру нарығының ағымдағы жай-күйін талдау



Дата25.02.2016
өлшемі81.66 Kb.
#24265
2.1 Қазақстанның сақтандыру нарығының ағымдағы жай-күйін талдау

Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты.

«Сақтық қызметі туралы» заңға сәйкес сақтандыру деп сақтық ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық төлемі арқылы сақтандыру келісімшартында белгіленген сақтық жағдайы немесе өзге оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңи тұлғалардың заңды мүліктік мүдделерін қорғауға байланысты қатынастар кешенін айтады.

Елде сақтандыру нарығы болу үшін міндетті шарттар – сақтандыру қызметіне деген сұраныстың болуы, сақтандыру қызметіне деген қажеттілікті қанағаттандыратын сақтандырушылардың болуы.

Енді Қазақстанның сақтандыру нарығының құрылымына талдау жасаймыз (1-кесте).
Кесте 1

Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығының құрылымы




Атауы

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Сақтандыру ұйымдарының саны

38

35

34

оның ішінде өмірді сақтандыру бойынша

7

7

7

Сақтандыру брокерлерінің саны

14

13

14

Актуарийлердің саны

85

82

72

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-ның қатысушысы болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының саны

33

31

30

Қазақстанда сақтандыру қызметін жүзеге асырып отырған сақтандыру ұйымдарының жалпы саны 2011 жылы 38 болса, кейінгі жылдары олардың саны азайып, 2013 жылы 34-ті құрады. Оның ішінде талданып отырған кезеңдерде 7 өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары бар. Талданып отырған кезеңдерде «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-ның қатысушысы болып табылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының саны 2011 жылғы 33-тен 2013 жылы 30-ды құрап отыр.

Келесі суретте сақтандыру секторы бойынша активтердің, меншікті капиталдың және резервтердің динамикасы берілген (5-сурет).

Сурет 5. Активтердің, меншікті капиталдың және резервтердің динамикасы, млрд. теңге1

Есепті күні сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары қолданыстағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін құрған сақтандыру резервтерінің көлемі 240 283,7 млн. теңге болды, бұл 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша құрылған резервтер көлемінен 37,9%-ға көп.

Енді сақтандыру секторының сақтандыру сыйлықақыларына талдау жасаймыз. Келесі суретте сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемінің динамикасы бейнеленген (6-сурет).

Сурет 6. Сақтандыру сыйлықақыларының динамикасы, млрд. теңге2
Суреттен байқап отырғанымыздай, сақтандыру сыйлықақыларының көлемі өскен. 2011 жылы сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 175,5 млрд. теңге болса, 2012 жылы 36,2 млрд. теңгеге артып, 211,7 млрд. теңгені құраған. Ал 2013 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 77,6 млрд. теңгеге, 2012 жылмен салыстырғанда 41,4 млрд. теңгеге ұлғайып, 253,1 млрд. теңгені құрады.

Сақтандыру сыйлықақыларының негізгі үлесін ерікті мүліктік сақтандыру құрайды (107 842,1 млн. теңге немесе сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлемінің 42,6% құрайды). Ағымдағы жылы ерікті мүліктік сақтандырудың өсу қарқыны жалғасуда.

Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемі 92 111,9 млн. теңгені немесе сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлемінің 36,4% құрайды, міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі – 53 118,6 млн. теңгені немесе 21,0% құрайды.

Енді келесі кесте мәліметтерінің негізінде сақтандыру салалары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының түсіміне талдау жасаймыз (5-кесте).

Кесте 5

Сақтандыру салалары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының түсімі, млрд. теңге




Атауы

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

Өзгерісі

2013/2012

%-бен


Сомасы

Үлесі

Сомасы

Үлесі

Сомасы

Үлесі

Өмірді сақтандыру

30,5

17,4

52,5

24,8

56,6

22,4

7,9

Жалпы сақтандыру

145,0

82,6

159,2

75,2

196,5

77,6

23,4

Сақтандыру салалары бойынша барлығы

175,5

100,0

211,7

100,0

253,1

100,0

19,6

Е С К Е Р Т У – кесте [21] мәліметтері негізінде автормен есептелген

2013 жылы «өмірді сақтандыру» саласы бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 56 575,8 млн. теңге болды, бұл өткен жылдың ұқсас күніне қарағанда 7,9% көп. Есепті күні «өмірді сақтандыру» саласы бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық сыйлықақыларындағы үлесі 2013 жылғы 1 қаңтардағы 24,8%-ға қарсы 22,4% болды.

2013 жылы «жалпы сақтандыру» саласы бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 196 496,8 млн. теңге болды, бұл 2012 жылғы ұқсас кезеңіне қарағанда 23,4%-ға артық.

Келесі суретте сақтандыру секторы бойынша сақтандыру төлемдерінің динамикасы бейнеленген (7-сурет).



Сурет 7. Сақтандыру секторы бойынша сақтандыру төлемдерінің динамикасы, млрд. теңге3
Суреттен көріп отырғанымыздай, 2011 жылы сақтандыру төлемдері 43,1 млрд. теңге көлемінде болса, 2012 жылы төлемдердің көлемі 25,0 млрд. теңгеге артып, 68,1 млрд. теңгені құраған. Ал 2013 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 8,9 млрд. теңгеге артып, 2012 жылмен салыстырғанда 16,1 млрд. теңгеге азайып, 52,0 млрд. теңгені құрап отыр.

Сақтандыру төлемдерінің жалпы көлемі (қайта сақтандыруға қабылданған шарттар бойынша жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерін шегергенде) 2013 жылы жүргізілген 51 990,1 млн. теңге болды және өткен жылғы ұқсас кезеңінде қарағанда 23,6%-ға азайған.

2013 жылы жүргізілген сақтандыру төлемдерінің жалпы сомасы міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің ең үлкен үлесі – 43,9%, ерікті жеке сақтандыру – 38,4% және ерікті мүліктік сақтандыру 17,6% құрайды.

Сақтандыру саласындағы кадрларды кәсіби даярлауға қатысты осы және басқа проблемаларды шешу мақсатында мынадай негізгі міндеттерді шешу қажет:

1. Сақтандыру нарығы қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін көтеруді орта және жоғары кәсіби білім беру жүйесі, оқу-практикалық конференциялар, курстар, оқу орталықтары, семинарлар және басқа оқыту нысандары жүйесі арқылы жүзеге асыру.
      Бұл жұмыс Қазақстан сақтандырушыларының қоғамдық бірлестігі жасаған тиісті оқу бағдарламасы негізінде жүргізілуі тиіс. Осы міндетті іске асыру мақсатында сақтандырушылардың қоғамдық бірлестігі жанынан қарасты оқу орталығын барлық сақтандыру ұйымдарының үлестік қатысы есебінен құру туралы мәселені қарау қажет.
      2. Орта және жоғары кәсіби оқу орындары базасында сақтандыру ісі мамандарын дайындау жөніндегі орталықтар құру.
      Осы міндетті іске асыру тиісті оқу орындарында тұрақты жұмыс істейтін сақтандыру ұйымдары қызметкерлерінің оқыту, біліктілігін көтеру және қайта даярлау курстарын ашу мәселесін, сондай-ақ «сақтандыру» мамандығы бойынша оқыту топтарын ашу мәселесін зерттеуді көздейді.
      3. Халықаралық бағдарламаларды және халықаралық қаржы, сақтандыру және басқа ұйымдардың мүмкіндіктерін мамандарды даярлау және біліктілігін көтеру мақсатында барынша пайдалану.

Еліміздегі өмірді сақтандыру саласының дамымай келуі келесі мәселелермен байланысты:



  • халық кірісінің жеткіліксіз деңгейі;

  • сенімді қаржылық инвестициялық құралдардың шектелген тобы;

  • потенциалды сақтанушылардың болашаққа сенімсіздігі;

  • сақтандырушылардың, кейбір сақтандыру делдалдарының және халықтың сақтандыру мәдениетінің төмендігі;

  • халықтың ұзақ мерзімді жеке сақтандыруға қатысуы үшін экономикалық ынтасының болмауы.

Ұлттық сақтандыру нарығының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін біріншіден мемлекет тарапынан қолдау керек, екіншіден сақтандыру компанияларын пулдарға, сақтандыру холдингтеріне біріктірудің нақты іс-әрекеттері қажет. Сондықтан да осы сала мамандарының қайта сақтандыру мәселелерін сақтандыру пулдарын құру және салықтық механизм арқылы шешу керек деген пікірлермен келісу қажет. Бірақ бұл ұлттық сақтандыру нарығын қайта сақтандыру компанияларының қаржы тұрақтылығын нығайту жолымен қорғау керек екендігін жоққа шығару емес. Бұл жерде мәселені шешудің екі бағыты көрсетіліп отыр. Біріншісі-ұлттық қайта сақтандыру компанияларын құру, екіншісі- сақтандыру пулдарын құру.

Республикада сақтандыру мен сақтандыру қызметін дамыту бойынша алдағы жылдарда негізгі бағыттар болып келесілер табылады:



  • ұлттық сақтандыру нарығының айқындылығы мен сенімділігін қамтамасыз ету, сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарына талаптарды күшейту (бірінші кезекте, олардың капитализация деңгейі, қаржылық тұрақтылық пен төлем қабілеті), сақтандыру қызметін бақылау және қадағалаудың халықаралық стандарттарын ендіру;

  • міндетті сақтандыру түрлерін қаржыландыру көздері мен тізімін Үкіметпен бірге нақтылау, олар бойынша қажетті заңдық негізді құру;

  • сақтандыру қызметін бақылау және сақтандыруды қадағалау мәселесі бойынша нормативтік құқықтық базаны ары қарай жетілдіру;

  • сақтандыру және қайта сақтандырудың халықаралық тізіміне сақтандыру нарығын интеграциялау.

Қазақстанның сақтандыру нарығы дамудың бастапқы кезеңінде. Жетілген мәселелерді шешу халықаралық сақтандыру кеңістігіне интеграцияланған өркениетті ұлттық сақтандыру нарығы елінде құралу тетігі болып табылады.


  1. Қазақстан Республикасының сақтандыру секторының ағымдағы жағдайы туралы есеп// www.afn.kz



1 Е С К Е Р Т У – сурет [21] мәліметтері негізінде автормен салынған

2 Е С К Е Р Т У – сурет [21] мәліметтері негізінде автормен салынған

3 Е С К Е Р Т У – сурет [21] мәліметтері негізінде автормен салынған





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет