Ашық программаларды өңдеу әдісі. Программаның қарапайымдылығы мен түсініктілігі оны өңдеуші мұғалімнің жұмысына байланысты. Себебі, программалардың құрылымын түсіндіру үшін мұғалім типтес есептермен және пайдаланушы ретінде программалардың алғашқы текстерімен жақсы таныс болуы керек. Сонан соң, ең бастысынанықтап, машинаға тәуелді бөлігін алып тастаған соң қалған бөлігі (ядросы) жоғары деңгейлі тілде жазылады. Бұл өңдеудің кері тәсілі ретінде анықталады. Ал тура тәсілі, осы кластың типтік программасын жасаудың табиғи тізбегін қалпына келтіру болып табылады. Бұл тәсіл оқушының ойлау қабілетінің даму логикасына сәйкес келеді. Тәжірибеде бұл синтездеу тәсілін анықтайды.
Оқушылардың ашық программаны меңгеруі. Ашық программа аяқталған түрде, экранда толық көрінгендіктен оқушы оны белсенді түрде басынан бастап зерттейді.
Алдымен ашық программа іске қосылады. Бұл программамен танысу кезеңі немесе бағыт алу кезеңі болып есептеледі. Бұл кезде оқушының жетістігі мұғалімнің жоспарлаған есептерін шешуінен көрінеді. Мұғалім оқушыларға қиындық деңгеіне қарай түрлі тапсырмалар беруі мүмкін. Тапсырмаларды орындау барысында оқушы нәтижелерді түсінуге тырысады. Бұл оқушы ойында біртіндеп құрылатын программа құрылымы туралы теориялық ойлаудың бастамасы болады. Оқушы программаны іске қосқанға дейін оның орындалуын алдын – ала болжайды. Бұл алгоритмді игеру деңгейі болып табылады.
Ашық және жабық программалардың айырмашылығы олардың өңделу мақсаттарына сәйкес анықталады. Ашық программа қолданушыға арналған және оның маңызжы бөлігі түсіндірме арқылы беріледі. Сондықтан, ашық программаны игерудің келесі кезеңі түсіндірме арқылы жалғасады. Түсіндірме есептің бастапқы қойылымына байланысты көрсетіледі. Оқушы бұл кезде алгоритмдік құрылым мен жазудың формальді тәсілін салыстыру арқылы есептің қойылымын біртіндеп түсінеді. Мұғалім түсіндірме тілден жоғары деңгейлі тілге өтудің тура және кері байланыс жағдайларын біріктіре отырып, программа мазмұнын нақтылайды. Нәтижеде, оқушы формальды тілден мазмұнды тілге өтудің әдісін меңгереді.
Бұдан ашық программаларда түсіндірмедегі екі тәсілдің нақты тұжырымдалуына жоғары талап қойылатыны байқалады. Екі жағдайда да белгісізден белгіліге өтетін қарама – қарсы жағдай орын алады. Бұл оқушының логикалық ойлау тәсіліне негізделген, яғни олар текстерді салыстыру және ұғымдардан ұқсастық іздеу арқылы пайымдау жасап, ой қорыта алуы қажет. Мысалы, X:=0 ‘ыдысты босату керек болсын. Бұл есепті шешу әрекетіне байланысты ашық программаны үйренудің келесі кезеңі басталады. Оқушы алгоритмге өзгеріс енгізеді. Егер ашық программа пайдаланушының функциясын анықтауға арналған болса, онда оқушы берілген функция қатарына өзгерістер енгіізе отырып, өзі де пайдаланушы деңгейінде программалай алады. Нәтижеде, ол программалаушы – пайдаланушы деңгейінде көтеріледі. Демек, оқушы берілген программаны игеру, ондағы байланыстарды тағайындауды меңгеру арқылы өз бетінше жұмыс істеуге үйренеді.
Достарыңызбен бөлісу: |