2-5 Тарау–I. 1921-1928 жылдардағы қазақ ауылындағы салық саясаты



бет5/5
Дата25.02.2016
өлшемі383 Kb.
#20402
1   2   3   4   5

Қорытынды
Социализмге қажетті материалдық-техникалық базаның жоқтығы цндустрияландыру және коллективтендіру шараларын дүниеге келтірді.

Утопиялық мақсаттарды басшылыққа алған Кеңес өкіметі жағдайында казақ қоғамының рулық қауымдық құрылыстан социализмге өтуі қайшылықсыз болуы мүмкін емес еді.

Қазақ шаруашылықтарын дамыту жөніндеті сан-алуан пікірлер мен көзқарастарды сараптай отырып, оның Кеңес кезеңінде жүзеге асу мүмкіндігіне күмән келтіруге болады. Аталмыш кезеңдегі зорлық, жанкешті шараларды занды құбылыс ретінде қарастыра отырып, қазақ қоғамында жүргізілген терең әлеуметтік-саяси өзгерістерді объективті талдауға ұмтылыс жасалды.

Жаңа экономикалық саясат жеке меншік қатынастарының калыпты дамуына, экономиканы тұрақтандыруға қызмет етті. 1926-1928 жылдардағы салық саясаты 1926 жылы қабылданған "Бірыңғай ауыл шаруашылық салығы туралы Ереже" негізінде жүзеге асты. Ол товарлы шаруашылық жағдайларына икемделген заң болғандықтан көшпелі қазақ шаруасының ерекшеліктері есепке алынбады. Салықтың ақшалай алынуы мал сату мүмкіндігі аз, тең емес товар алмасу жағдайын бастан кешірген қазақ шаруашылықтарына тиімді болмады. Салық төлеу үшін сатылған мал өз құнынан 2-3 есе арзан сатылып, салық науқаны қазақ шаруашылықтарына шығындар әкелді.

Солай бола тұрса да, рыноктық қатынастарға ерік берілген жаңа экономикалық саясат жылдарында қазақ шаруашылықтары азамат соғысынан кейінгі құлдыраған экономикасын қалпына келтіруге мүмкіндік алды. Салық шарттары әділетті, шаруашылық қуаты деңгейіне қарай салынды. Кеңес өкіметі қазақ шаруашылықтарын өркендету мақсаттарын қоймады, бірақ шаруашылық жүргізу еркіндігіне қол сұқпады. Мұның өзі жақсы нәтиже берді.Алайда көп укладты рыноктық экономикаға нетізделген салық жүйесінен коллективтендіру мақсаттарына байланысты бас тартылды. Жедел индустрияландыру қаржы тапшылығына ұрындырып, мемлекеттік меншіктегі өнеркәсіп пен ұсақ жеке меншіктегі ауыл шаруашылығы арасындағы қайшылық азық-түлік дағдарысын тудырды. Бұл жаңа экономикалық саясаттан бас тартқызып, ауыл шаруашылық өнімдерін дайындаудағы рыноктық қатынастарды бұзып, әкімшіл-әміршіл әдістерді күшейтті. 1927-1928 жылы астық дағдарысы кезінде бұл әдістер кең көлемде қолданылды.

1928/1929 жылдары Одақта белең алған күштеу әдістері Казақстанда ерте басталды. Оған 1925 жылы республика партия ұйымына басшы боп келтен Ф.Голощекиннің волюнтаристік саясаты ықпал етті. 1926-1927 жылдарда қазақ қоғамының қалыпты дамуы бұзылып, "Кіші Қазан" ойраны басталды. Голощекиннің киялындағы, қолдан жасалған тап күресі 1926-1928 жылдарда еш нәтиже бермеген өте таяз шаралар: шабындықты, егістікті және жайылымдарды бөлу, ірі бай-феодалдарды кәмпескелеу жүргізіліп, бұлар экономиканың қалыпты дамуына кері әсер етті.

Одақта 1930 жылы басталған кулактарға қарсы күрес бағыты Қазақстанда Голощекиннің тікелей басшылығымен 1927 жылдан қолға алынды. Одақта салықтық Ережелерте өзгерістер 1928/29 жылы енгізілсе, Қазақстанда 1927 жылдан бастап, байларға арнайы салық енгізілді.

Маңызы аграрлық реформаға теңелген шабындық, егістік және жайылымдарды бөлу деген шара кұр байбалам болып шықты. Ол қазақтарды жерден айырудың бүркемеленген құралына айналды. Казақ шаруашылықтарына берілетін жер көлемі азайтылып, бұрынғы кауымдық жер бөліске салынып, бай мен кедейді жауластыру үшін жаңа негіз жасалды.Аталмыш реформа өз мақсаттарына жетпеді, шаруашылықты өркендету үшін қосымша жер берілмеді, аз мөлшердегі жер меншігін шаруашылықтық игеруге жағдайлар жасалмады. Оны қаржыландыру деңгейі өте төмен болды. Реформаның басты кемшілігі жер бөлісте орташа шаруалардың мүддесіне нұқсан келтірілді, олардың жер көлемдері азайып, шаруашылық жүргізуге кері әсер етті. Жер тапшылығына байланысты байлар мен ауқаттылар мал басын бысқартуға мәжбүр болып, бұл мал басын күрт азайтуға ықпал етті. Мал алыпсатарға арзан бағаға сатылып, ысырап болды. Ал кедей шаруаның аз малын жетілдіруіне мемлекет тарапынан қаржы бөлінбеді. Қарыз-несие беру тәртібі көшпелі мал шаруашылықтарының жағдайын ескермеді. Қарыз-несиенің қысқа мерзімге берілуі - шаруашылықтық игеруді тиімсіз етті.

Қазақстан бюджеті ішкі ресурстардан құралды. 1927/28 жылдардан бастап оның 50%-тен астамы салықтық түсімдерден тұрды. Кейіннен ауыл шаруашылық салығымен қоса өзіне-өзі салық, мәдени алым,уақытша салық сияқты қосымша салықтардың енгізілуі бюджеттің түсімін арттыруға бағытталды. Жергілікті бюджеттің 1927/28 - 1930жылдардағы, құрылымы мынаны көрсетеді. Бюджет кірісіндегі ауыл шаруашылық салығының үлес салмағы 20,1-19,5% болса, бюджеттен ауыл шаруашылығын қаржыландыруға жұмсалатын бөлігі 6,0-7,3% аралығында болды. Ауыл шаруашылығъша қаржылай көмек Ауыл шаруашылық банкі жүйесі арқылы жүзеге асырылды, бірақ оның несие беру мүмкіндігі аз болып, көбінесе жер шаруашылықтарын қамтыды. Бұл банктің несие көлемі жылына 8-10 млн. сом болса, мал шаруашылығына 2-3 млн.сом көлемінде беріліп, 700 мың қазақ шаруашылықтары үшін өте мардымсыз болды.Сөйтіп, қазақ шаруасы өзін асырап қана қоймай одақтың өнеркәсіпті аймақтарын ауыл шаруашылық өнімдерімен жабдықтауы тиіс болды. Осылайша шаруа шаруашылығы Кеңес өкіметінің саяси-әлеуметтік шараларын қаржыландыру көзіне айналды.

Коллективтендірудің алғышарты болған әкімшіл-әміршіл, күштеу шаралары Қазақстанда аса қауырт, жедел түрде жүзеге асты. Оған салық саясаты да жұмылдырылды.

Одақ көлемінде 1930/31 жылдары кең көлемде жүзеге асқан салықтың прогрессивті-үдемелі түрі Қазақстанда алғаш рет жаңа салықтық ережелердің сиясы кетпей жатып, 1928 жылдың басында-ақ, енгізілді. Салық ауқатты шар-уашылықтарды тежеу мақсатын қойғанымен, Қазақстанда бұл мақсат іс жүзінде оларды күйзеліске ұшыратумен, кәмпескелеумен аяқталды.

Семей губерниясында 1928 жылы қаңтар-сәуір аралығында төтенше шаралар іске асып, жаңа салықтық ережелер енгізілді. Салықтық заңсыздықтар негізінде айып салу, соттау, зорлап тапсырту және тартып алу әдістерімен қатар, Одақта тұңғыш рет конфискациялау шаралары жүзеге асты. Ірі бай-феодалдарды конфискациялау ресми түрде басталмас бұрын, 1928 жылдың ақаан, наурыз айларында қазақ малшыларын конфискациялау кеңінен жүргізілді. Аталмыш шара тек Семеймен шектелмей, Ақтөбе, Орал губерниялары шаруашылықтарын да қамтыды. Салықтық қысымдар мен заңсыздықтар астық пен ет дайындаудың жоғары жоспарларын орындау мақсатында жүзеге асты.

Семейдегі салықтық заңсыздықтар Қазақстан жағдайында төтенше шараларды кең көлемде және аса қатыгездікпен жүргізуге ықпал етті. Бұл халықтың наразылығын тудырып, орталықтан, БОАК комиссиясы шақырылып, заңсыздықтар сыналды. Алайда комиссия қорытындылары Өлкелік партия комитетінің бюросында арнайы қаралғанына қарамастан, кейінгі 1928-1932 жылдары бай-кулакқа қарсы шабуыл кезінде зорлық шаралар одан әрі жалғасты.

1929-1932 жылдары Қазақстанда бүкіл КСРО-дағы сияқты салық саясаты бай-кулактарды жоюға бағытталды. 1929-1933жылғы салықтық ережелер бойынша жеке шаруашылықтарға салынатын салық таптық принципті басшылыққа алды. Салықтың прогрессивті (үдемелі) түрі коллективтендіруге ықпал ететін факторға айналды. Салық шарттары бойынша, кедей шаруашылықтар мен коллективті шаруашылықтарға жеңілдік қарастырылып, орташалар мен бай қожалықтар қысымға алынды.

Орташа шаруалар салықтың прогрессивті түрімен салық төлесе, бай-кулактарға оның жекелік түрі (индивидуальное обложение)бойынша салық салынды. Бай-кулактар мен ауқатты шаруашылықтарға салынатын салық түрлері оларды жою құралына айналды.

Салық саясаты қаржы алу, шаруашылық өнімдерін көптеп тапсырту функцияларын орындады. Салықтық заңсыздықтар астық, ет дайындаудың жоғары жоспарларымен ұштасып, тек бай-кулак шаруашылықтарын ғана емес, орташа шаруашылықтарды да қамтыды. 1928-1930 жылдарда Қазақстанда ірі байлар ғана емес, ауқатты орташа шаруашылықтардың біраз бөлігі (100 мың) жойылды.

Сөйтіп, 1930-1932жылдары кең көлемде жүзеге асқан отырықшыландыру және коллективтендіру қарсаңында қазақ шаруашылықтарының дені-кедейлер болып, аштық пен босқыншылық алғышарттары осылай жасалды.

Жаппай коллективтендіру және отырықшыландыру кезеңінде салықтық қысымдар мен зорлық шаралар одан әрі жетілдірілді. 1933-1937 жылдарда салық 2-есеге жуық өсіп, оның жаңа түрлері: мәдени алым (культсбор), уақытша салық (единовременный сбор) Кеңес өкіметінің құрылымдық өзгерістерін қаржыландыру көзіне айналды.

Сонымен қатар, халықтан каржы жинау (мобилизация средств) тәжірибесі асқан ыждағаттықпен және күштеу әдістерімен жүзеге асты. Ол тек салықтардан ғана емес, окладтық қамсыздандыру, жинақ кассаларына ақша салдырту, заемдарды тарату және т.б. ерікті мен еріксіз төлемдерді құрады.

Көшпелі қазақты отырықшыландыру өкіметтің стратегиялық бағыты емес, Голощекиннің коллективтендіруді мезгілінен бұрын орнатуға ұмтылған жалаң белсенділігінен туындаған волюнтаристік шара болды. Оны қаржыландыру деңгейі көрсетіп берді. Мемлекет тарапынан бөлінген қаржы жылына 3-5 миллион сомнан аспады.

Сөйтіп, салықтық қысымдар мен ет дайындау науқандарынан күйзелген қазақтарға отырықшыланудың халық қаржысымен жүргізілуі оларды аш-жалаңаш қалдырып, босқыншылыққа ұшыратты.

Жедел жаппай отырықшыландыру (1930-1932 ж.) сәтсіздікпен аяқталып, оның барысында 400 мыңнан аса жеке меншік қазақ шаруашылықтары жойылды, бұл жалпы қазақ қожалықтарының 60 –қа жуық проценті еді. Бұл шара "қазақ шаруашылығын социалистік негізде қайта құру" деп дәріптелген, шын мәнінде, индустрияландыру үшін ауыл шаруашылығын қаржы көзіне айналдыруға бағытталған әлеуметтік эксперименттің ең сорақы, жабайы түрі болды. Утопиялық мақсаттар жолында қазақтың дәстүрлі шаруашылығы жойылып қана қоймай, өндіргіш күштері - халық пен мал қырғынға ұшырады.

Аштық пен босқыннан қалған ат төбеліндей азғана халықтың 1933-1937 жылдары колхозға кіруден басқа амалы калмады. Осы жылдарда қазақ босқындарына шығарылған қаржы мен материалдық көмек озбыр саясаттың шығындарын жаба алмады. 700 мыңға жуық қазақ шаруашылықтарын отырықшыландыру қолынан келмей, кеңес өкіметі зобалаңнан аман қалған 200мыңға жетпейтін қазақ қожалықтарын колхоздастыруды оңай шешті.

1933-1937жылдары салық саясаты жекеше шаруашылықтарды күйрету құралына айналды. Бұл кезеңде жекеше шаруашылықтардың салық көлемі жылдық кірістерінен асып, оны күйретуге ықпал етті.

1933 жылдан бастап енгізілген ауыл шаруашылық өнімдерін дайындаудағы мемлекеттік тапсырыс жүйесінің, машина-трактор станцияларының рөлінің күшеюі жоспарлы, әкімшіл-әміршіл жүйенің толық жеңісін қамтамасыз етті.

Сөйтіп, негізі жоқ социализмнің утопиялық мақсаттары зорлық, қысым арқылы жүзеге асып, адам факторы аяққа басылды. Аса зор материалдық, адамдық шығындармен орнатылған сталиндік социализм индустриялық қоғамға секіріс жасай алмады. Адам факторынан сырт айналу оның түбіне жетіп, әлемдік тарихтан тұрақты орын алуға мүмкіндік бермеді.


СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ


  1. Гуревич А. О кризисе исторической науки //Вопросы истории. 1991. №2-3. -С.25.

  2. Т.Омарбеков.20-30жылдардағы Қазақстан қасіреті.-Алматы:Санат, 1997. -320б

  3. Дахшлейгер Т.Ф. Социально-экономические преобразования в ауле и деревне Казахстана (1921-1929гг.).-Алма-Ата:Наука,1965.-536.

  4. Абылхожин Ж.Б. Налоговая политика советското государства в ауле и деревне Казахстана (1921-1929 гг.). -Алма-Ата, 1983. -194 с.

  5. Абылхожин Ж.Б. Традиционная структура Казахстана/Социально-экономические аспекты функционирования и трансформации /1926-1930 гг/. -Алматы: Ғылым. 1991, 240-с

  6. Абылхожин Ж.Б. Налотовая политика советското тосударства в ауле и деревне Казахстана /1921-1929 тт./ Алма-Ата, 1983. 14-бет.

  7. Сонда, 18-бет.

  8. Нәубет.Публистикалық ой-толғаулар.Алматы: «Жалын».1990ж -68б

  9. Единый сельскохозяйственный налот с 1927/1928 тода. - Кзылорда: Изд. НКфин КазССР, 1927. 47 с. (22 с.)

  10. С.Садуақасұлы. Таңдамалы. 2 томдық. I том. Алматы: Біріккен қазақ манғол "Атхан" кәсіпорны. 1993. — 15 б.

  11. С.Садуақасұлы. Таңдамалы. 2 томдық. I том. Алматы: Біріккен қазақ манғол "Атхан" кәсіпорны. 1993. — 64 б.

  12. Асылбеков М.Х., Галиев А.Б. Социально-демографические процессы в Казахстане /1917-1980/. -Алма-Ата: Ғылым, 1991. -185с. (84 с.)

  13. Куртов И.А. НӘП в Казахстане... 89-6.

  14. Сонда, 6-6.

  15. Верт Н. История советското тосударства (1900-1991), -М.: Прогресс-Академия, 1992. -478 с. (144)

  16. Бордютов Т.А., Козлов В.А. История и конъюнктура. -М.: Политиздат. 1991. -250 с. (122-135).

  17. Сонда, 142-п.

  18. Сонда, 131-п

  19. Верг Н. История советского государства..., 160-6.

  20. Шонанұлы Т. Жер тағдыры - ел тағдыры. -Алматы: Санат, 199 б., 2002 ж.

  21. Омарбеков Т. 20-30 жылдарда Қазақстан қасіреті. -41-6.

  22. Куртов И.А. НӘП в Казахстане.100-б.

  23. Нәубет., -88б

  24. Зауал. Алматы: 1995ж

  25. История Казахстана. 2002 г. Алматы

  26. Зауал. Алматы: 1995ж

  27. Жакишева СА. Баи-полуфеодалы в Казахстане на рубеже 20-30годов XX века: историко-источниковедческий анализ проблемы. -Алматы, 1996. -25 с. (18-19 бб.)

  28. Сонда,20-б

  29. Қазақ қалай аштықаа ұшырады. -Алматы. Қазақ университеті. 1991, 75-6.

  30. Сонда, 76-б.

  31. Сонда, 74-б.

  32. Сонда, 98-б.

  33. Омарбеков Т. Голощекин төңіреті: ол туралы не білеміз?/ Қазақ тарихы. 1995. №9. 29-6.

  34. Қазақ қалай аштыққа үшырады..., 24-6.

  35. Сонда,87-б

  36. Бокарев Ю.П. Социалистическая промышленность и мелкое крестьянское хозяйство в СССР в 20-е тоды.-М.:Наука, 1989.-310 с.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Омарбеков Т. ХХ ғ. өзекті мәселелері. Алматы, 2004



  1. Гуревич А. О кризисе исторической науки //Вопросы истории. 1991.

  2. Омарбеков. Т. 20-30жылдардағы Қазақстан қасіреті.-Алматы:Санат, 1997.

  3. Дахшлейгер Т.Ф. Социально-экономические преобразования в ауле и деревне Казахстана (1921-1929гг.).-Алма-Ата:Наука,1965.

  4. Абылхожин Ж.Б. Налоговая политика советското государства в ауле и деревне Казахстана (1921-1929 гг.). -Алма-Ата, 1983.

  5. Абылхожин Ж.Б. Традиционная структура Казахстана/Социально-экономические аспекты функционирования и трансформации /1926-1930 гг/. -Алматы: Ғылым. 1991,

  6. Нәубет.Публистикалық ой-толғаулар.Алматы: «Жалын».1990ж

  7. С.Садуақасұлы. Таңдамалы. 2 томдық. I том. Алматы, 1993.

  8. Асылбеков М.Х., Галиев А.Б. Социально-демографические процессы в Казахстане /1917-1980/. -Алма-Ата: Ғылым, 1991.

  9. Куртов И.А. НӘП в Казахстане...Алма-Ата, 1985г.

  10. Верт Н. История советското тосударства (1900-1991), -М., 1992.

  11. Бордютов Т.А., Козлов В.А. История и конъюнктура. –М,. 1991.

  12. Шонанұлы Т. Жер тағдыры - ел тағдыры. -Алматы, 2002 ж.

  13. Зауал. Алматы: 1995ж

  14. История Казахстана. 2002 г. Алматы

  15. Жакишева СА. Баи-полуфеодалы в Казахстане на рубеже 20-30годов XX века: историко-источниковедческий анализ проблемы. -Алматы, 1996.

  16. Қазақ қалай аштықаа ұшырады. -Алматы. Қазақ университеті. 1991, 75-6.

  17. Омарбеков Т. Голощекин төңіреті: ол туралы не білеміз?/ Қазақ тарихы. 1995. №9.

  18. Бокарев Ю.П. Социалистическая промышленность и мелкое крестьянское хозяйство в СССР в 20-е тоды.-М.:Наука, 1989.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет