2 Қаржыны басқаруды ұйымдастыру жүйесі



бет2/2
Дата30.01.2024
өлшемі16.7 Kb.
#490244
1   2
2 тема

2 Коммерциялық емес сфераның қаржысы. Коммерциялық емес қызмет белгілі бір табыс алуды мақсат етпейді. Бұл сфераны қаржыландыру үшін пайдаланылатын қаржы ресурстары.
Қоғамдық бірлестік — азаматтар мүдделерінің бірлігі негізінде біріккен олардың өз еркімен көңіл білдіруі нәтижесінде пайда болған ерікті құрылым.
Қоғамдық ұйымдар қаржысының экономикалық, мазмұны өзіне ақша қатынастарының мынадай түрлері мен топтарын кіріктіреді:
- түрлі жарналар төлеумен, материалдық көмек көрсетумен және басқалармен байланысты қоғамдық ұйымдар мен олардың мүшелері арасындағы ақша қатынастары;
- қоғамдық ұйымдардың қорларына аударылуы мүмкін ерікті қайырмалдықпен байланысты кәсіпорындармен және мекемелермен қоғамдық ұйымдардың ақша қатынастары;
- мақсатты ақша қорларын қалыптастыру мен пайдалану жөніндегі қоғамдық ұйымдардың ақша қатынастары;
- қоғамдық ұйымдардың жоғарғы және төменгі құрылымдары арасындағы ақша қатынастары;
- қоғамдық ұйымдар мен оған бағынышты өңдірістік құрылымдар арасындағы ақша қатынастары.
Халықтың (үй шаруашығының) қаржысы қаржы жүйесінің ерекше
бөлігі болып табылады. Халық (азаматтар) өзінің ақша қаражаттарымен жалпымемлекеттік қаржы жүйесімен және меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өндірістік және өндірістік емес сфералармен қарым-қатынас жасайды.
Бүгінде Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады:
- мемлекеттің бюджет жүйесі;
- арнаулы бюджеттен тыс қорлар;
- мемлекеттік кредит;
- жергілікті қаржы;
- шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;
- халықтың қаржысы.
Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидаттар қойылған:
1 Қаржы жүйесін ұйымдастыруда централюм мен демократизмнің үйлесуі. Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық жүргізуші субъектілерге кең құқық пен дербестік берілген.
Бұл қағидат жергілікті қаржы органдарының тиісті жергілікті кемшілікке және жоғарғы қаржы органдарына екі жақты бағынышты жүйесін алдын ала айқындайды.
2 Ұлттық және аймақтық мүдделерді сақтау. Аймақтарды дамытудың әлеуметтік жағынан қабылдауға болатын деңгейі сияқты бұл қағидаттың талаптары қаржы қатынастарында ұлттық теңдікті қамтамасыз етуге шақырады.
3 Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты орталық қаржы органдары арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған бірыңғай мақсаттарымен алдын ала айқындалып отырады. Қаржылардың барлық буындарын басқару бірыңғай негізгі заңнамалық және нормативтік актілерге негізделеді.
4 Қаржы жүйесінің жеке құрамды элементтерінің функциялық арналымының қағидаты қаржының әр буыны өз міндеттерін шешіп отыратындығынан көрінеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет