2 асинхронды машиналар



бет2/2
Дата21.06.2022
өлшемі402.42 Kb.
#459389
1   2
5 дәріс

Sкр – момент максимал мәніне ие болған кездегі сырғу.
Максимал момент желі кернеуіне тәуелді Mmax ~U12.



2.2 сурет - Электр магниттік моменттің сырғуға тәуелділігі


2.2 суретте электромагниттік моментінің сырғуға тәуелділігі келтірілген.


Бұл тәуелділікті паспорттың мәліметтерді немесе каталог мәліметтерін қолдана отырып, 2.1 формула бойынша салуға болады.
Механикалық сипаттама деп кернеу тұрақты болған кездегі (U1=const) қозғалтқыштың айналу жиілігінің айналдырушы моментке тәуелділігін атайды, 2.3 сурет.
Жұмысты орындаған кезде осы сипаттаманың қозғалқыштың орнықты жұмысына сәйкес келетін бөлігі ғана салынады. Қозғалтқыштың орнықты жұмыс істеуі оның өздігінен реттелу қасиеті көрініс беретін бөлігінде жұмыс істеген кезде қарсы әсер етуші момент шамасының кез-келген кездейсоқ өзгерісінен кейін (егер Mкрmax) машина өзінің жұмысын жалғастыра береді.



2.3 сурет - Асинхронды қозғалтқыштың механикалық сипаттамасы


Асинхронды қозғалтқыштың жұмыстық сипаттамалары (2.4 сурет) оның эксплуатациялық параметрлерінің біліктегі қуатқа Р2 тәуелділігін көрсетеді; бұл параметрлер қатарына тоқ I1, айналдырушы момент М, п.ә.к η, ротордың айналу жылдамдығы n2 және қозғалтқыштың қуат коэффициенті cos φ жатады.





2.4 сурет - Стандарт асинхронды қозғалтқыштың
жұмыстық сипаттамалары

Бос жүріс кезінде Р2=0, ал I10 статор тоғы айналмалы магнит өрісін тудырады. Асинхронды қозғалтқыштарда ауа саңылауы магнит тізбегі кедергісін елеулі түрде арттыратын болғандықтан, I10/ Iном қатынасы біршама үлкен және 30-50% құрайды. Магнит өткізгіштегі шығын мен вентиляциялық шығын салдарынан қозғалтқыштың бос жүріс кезіндегі қуат коэффициенті cosφ0 = 0,1÷0,2. Ротордың жылдамдығы n20=(0,995÷0,998)n1. Біліктегі жүктеме өскен сайын статор тоғы өседі, өйткені оған ротор тоғының магнитсіздендіру әрекетін компенсациялау керек болады. Біліктегі жүктеме өскен кезде негізінен I2 тоқтың актив құраушысы артады, ал ол сәйкесінше I1 тоқтың актив құраушысының өсуін туғызады. Соның салдарынан




(2.5)

артады. Сондықтан I2 тоғы мен айналдырушы электр магнитті моменттің өсуінің бірден-бір себебі болғандықтан, қозғалтқыш жылдамдығының төмендеуі түсінікті.


Жүктеме шамасы номинал мәніне жақын болған кезде, п.ә.к өсуі бәсеңдейді, және де машина орамасындағы шығынның өсуі салдарынан біршама төмендеуі де мүмкін.
Қуат коэффициенті қисығының сипаты осыған ұқсас. Бірақ жүктеме үлкен болған кезде cosφ1-дің төмендеу себебінің табиғаты басқа: жүктеме артқан кезде I2 және I1 тоғы да артады. Сондықтан сейілу өрісі де артады. Осыдан барып сейілу өрісі мен қоректендіру желісінің арасындағы энергия алмасуымен байланысқан реактив қуат та артады. Номинал жүктемелі қозғалтқыштың пәк-і η=0,92÷0,96, ал cosφ=0,7÷0,9.
Жүргізудің бас кезінде қозғалтқыштың роторы қозғалмаған күйде (S=1), Е2 және ротор тоғы ең үлкен мәніне ие болады. Қозғалтқыштың жүргізу тоғы номинал жүктеме тоғынан 5-7 есе көп. Ротордың үдеу алу барысында I2 және I1 тоқтары азайып біліктегі статикалық жүктемемен анықталатын қалыпты жұмыс режимі қалыптасады.
Аталған сипаттамалар қысқа тұйықталған роторлы үш фазалы асинхронды қозғалтқыштардың бірнеше негізгі қасиеттерін көрнекті түрде көрсетіп береді және олар зерттелетін қозғалтқыш үшін эксперимент мәліметтері бойынша салынуға тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет