2. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі Жаратылыстану-математикалық бағытындағы зерттеулер



Дата17.07.2016
өлшемі14.28 Mb.
#205039

Мазмұны
Бағдарламаның төлқұжаты



Кіріспе
1. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері



2. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
2.1. Жаратылыстану-математикалық бағытындағы зерттеулер:
2.1.1. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы оқытудың жаңа техникалық құралдары және психологиялық-педагогикалық зерттеулер.

2.1.2. Жоғары білім беру мәселелері.

2.1.3. Қосымша білім беру жүйесін дамыту.

2.1.4. «Бейіндік мектеп» бағдарламасына дайындық іс-шаралары.

2.1.5. Жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі «Білім» тобындағы мамандықтарға электрондық мультимедиалық оқу-әдістемелік шығарылымдарды дайындау және оқу процесіне ендіру.
2.2. Әлеуметтік-гуманитарлық бағытындағы зерттеулер:
2.2.1. Жоғары оқу орнында инновациялық білім ортасын дамыту.

2.2.2. Тұлғаны психологиялық-педагогикалық диагностикалау.

2.2.3. Сыр өңіріндегі тұлғалар тарихы.

2.2.4. Сыр өңірі өнері- ұрпаққа қалдырар мәдени мұрасы.

2.2.5. Үштілдік бағдарламаларды жетілдіру.
3. Бағдарламаны ресурстық қамтамасыз ету және қаржыландыру көздері



4. Бағдарламаны іске асырудан күтетін нәтижелер
Бағдарламаның төлқұжаты


Бағдарламаның атауы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Педагогикалық зерттеулердің» ғылыми орталығының қызмет бағыттарын 2013-2015 жылдардағы дамыту Тұжырымдамасы
Әзірлеу үшін негіздеме «Қорқыт Ата атындағы ҚМУ 2012-2015 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспары», Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ректорының 2013 жылғы 26 қаңтардағы «Педагогикалық зерттеулердің ғылыми орталығын құру және ережесін бекіту туралы» № 547 «а» бұйрығы, Педагогикалық зерттеулердің ғылыми орталығының Ережесі.
Әзірлеушілер

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Педагогикалық зерттеулердің» ғылыми орталығы



Іске асырылу мерзімі: 2013-2015 жж.

Кіріспе

Қазіргі кезде жоғары білім беру саясаты республика экономикасының барлық салалары үшін құзыретті және бәсекеге қабілетті мамандарды кәсіби даярлаудың жағдайларын қамтамасыз ету, жоғары мектептің интеллектуалдық әлеуеті мен практикалық-бағдарлық қызметін күшейту, оны ғылыммен және өндіріспен ықпалдастыру халықаралық білім беру стандартына сәйкестендіру қажеттілігімен айқындалады.

Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жалпы білім берудің мақсаты – қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру екендігі көрсетілген. Оны жүзеге асыру – мектепттерде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға септігін тигізетін оқу процесін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді.

Сондай-ақ, экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды жолға қоюды міндеттейді.

Осы маңызды мәселелерді жаңаша сараптайтын «Қорқыт Ата атындағы ҚМУ «Педагогикалық зерттеулердің» ғылыми орталығының қызмет бағыттарын 2013-2015 жылдарға арналған дамыту тұжырымдамасы» деп аталатын осы құжат орталықтың және оның қызметкерлерінің белгіленген жылдар көлемінде атқаратын негізгі жұмыстарының бағыт-бағдарын айқындайды.
1. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның басты мақсаты – Педагогикалық мамандықтар бойынша ғылыми жобаларды жүзеге асыруға жетекшілік жасау, ғылыми-инновациялық және әдістемелік, тұлғалық-бағдарланған, жобалау және мәселелік-бағдарланған әдіс-тәсілдер мен технологиялар  бойынша әдістемелік және тәжірибелік қызметтерін атқару.

Бағдарламаның міндеттері:

- «Қорқыт Ата атындағы ҚМУ 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық-даму жоспарына» сәйкес педагогикалық мамандықтар бойынша жүргізілетін ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстардың өркениет елдердегі зерттеулермен салыстырмалы көрсеткішін айқындауға бағытталған зерттеу жұмыстарын жүргізу;

- Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ғалымдарының ғылыми-әдістемелік жұмыстарын республика және алыс-жақын шет елдерінде насихаттау;

- Этномәдени ерекшеліктер мен дәстүрлерге негізделген ғылыми-ізденіс жұмыстарына сараптау жүргізіп, ұсыныстар мен негіздемелер даярлау;

- Білім беру қызметін дамыту мәселелері бойынша іргелі, қолданбалы ғылыми жобаларға қатысу;

- Жаңа педагогикалық технологияларды ғылыми негіздеп, оқыту үдерісіне енгізу үшін ұсынымдар даярлау;

-Семинар-тренингтер ұйымдастыру арқылы, мамандарға психологиялық-педагогикалық кеңестер беру;

- Өңірдің этнографиялық ерекшеліктеріне негізделген педагогикалық-психологиялық зерттеулерді, ұлттық тәрбиені насихаттау;

- Аймақтық білім беру мекемелерінің ерекшеліктеріне негізделген оқу бағдарламаларына сараптама жүргізіп, оқу үдерісіне енгізу үшін ұсынымдар даярлау;



- Педагогикалық мамандықтардағы білім алушыларға арналған оқу-әдістемелік, оқу құралдары мен оқулықтарды республикалық деңгейде насихаттау мақсатында ғылыми-көпшілік басылымдар әзірлеу.
2. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
2.1. Жаратылыстану-математикалық бағытындағы зерттеулер
Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі олардың білім беру жүйесі білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды.
2.1.1. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы оқытудың жаңа техникалық құралдары және психологиялық-педагогикалық зерттеулер.
Ақпарат ағымының ұдайы молаюы мен жаңаруына байланысты, қоғамды ақпараттандыру кезеңінде оқу-тәрбие процесіне, оның мазмұны, әдістері, ұйымдастыру формалары мен басқару түрлеріне сапалық тұрғыдан жаңа талаптар қойылады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында орта білім беруді ақпараттандырудың екінші кезеңіне оқу процесі жүруде, ол мазмұндық тұрғыда болады және компьютерлік сауаттылықтан жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға көшумен сипатталады. Мұнда әрбір оқушының қазіргі ақпараттық техника мен технологиялар негізін меңгеріп қана қоймай, оны тиімді қолдана білуі, интернет, яғни ғаламдық ақпарат жемісін өзінің танымдық ізденістеріне пайдалана білуі көзделген. Алайда, бұл іргелі ғылыми зерттеулерді қажет ететін күрделі мәселе.

2.1.2. Жоғары білім беру мәселелері.
Қазақстанның экономикалық және рухани өркендеуінің, ғылым және білім аймағында әріптестіктің дамуының маңызды шарты ретінде жоғары мектеп және білім беру педагогикасының отандық дамуына ықпал ету бағытындағы зерттеулерге басымдылық беру. Білім алушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту және әлеуметтендіру аймағында зерттеулер мен мониторинг жүргізу. Жоғары білімнің еуропалық аймағына кірігуді қамтамасыз ететін бағдарламаларға басымдылық беру.
2.1.3. Қосымша білім беру жүйесін дамыту.
Бұл бағыттағы жұмыстарды жүргізуде орталық қызметкерлері ҚР Білім және ғылым министрлігінің 31.01.2013 жылғы кеңейтілген мәжілісінің жаратылыстану-математикалық және кәсіби білім беру кафедраларының мектептегі үйірмелердің танымдық-зерттеу бағытындағы жүргізілетін жұмыстарының мазмұнын жетілдіру керек деген ұсыныстарын басшылыққа алады. Және Қызылорда облысындағы оқушыларға тұрақты қосымша білім беру жүйесімен қамтамасыз ету, белсенді жеке тұлғаны қалыптастыру; жас ұрпақтың, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және мәдени өміріне белсене араласуына жағдай жасау, бәсекеге қабілетті адамзат ресурсын қамтамасыз ету; балаларға қосымша білім берудің тиімділігін және қол жетімділігін, заманауи сапада қалыптастыру; біртұтас ақпараттық кеңістікті дамыту және сақтау мақсатында, өңірде балаларға тұрақты қосымша білім беру жүйесінің механизмін және жағдайын қалаптастыру; балаларға қосымша білім беру технологиясын және әдістерін, ұйымдастыру формасын, мазмұнын жаңарту; балаларға қосымша білім беру жүйесінде мекемеде қашықтықтан оқыту және телекоммуникациялық жобаны ендіру арқылы, жаңа ақпараттық технологиялар дамыту және жасау; оқушыларға қосымша білім беру жүйесіндегі педагогикалық және басқарушы кадрлардың кәсіби шеберлігін арттыру; балаларға қосымша білім берудің материалдық-техникалық базасын жетілдіру бағыттындағы жұмыстарды жүргізуге ықпал жасайды.

2.1.4. «Бейіндік мектеп» бағдарламасына дайындық іс-шаралары.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Үкімет Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірлеп, жүзеге асыруда. Және бұл бағдарламаның аясында «Бейіндік мектеп» бейінді оқыту жүйесін құру қарастырылып отыр. «Бейіндік мектеп» бағдарламасы орта мектептердің жоғары сыныптарында 2015 жылдан бастап жүзеге асырыла бастайды. 

Қазіргі таңда, республикамызда дайындық іс-шаралары басталып та кетті.

Орта білім берудің жоғары сатысының функционалдық қызметінің басым бағыты оқушылардың тереңдетілген кәсіптік білім беруге дейінгі даярлығын жүзеге асыру үшін бейіндік оқытуды енгізу және жүзеге асыра білу, білім берудегі қадамдардың маңызды бөлігі болып табылады.

Бұл сатыда білім алуға берілген нұсқаудан әлем, қоғам және адам туралы жүйелендірілген түсініктерді меңгеруге және оларды өз бетінше кеңейтіп, тереңдете білуге көшу қамтамасыз етілуі тиіс.

Бұл сатының оқушылары үшін оқытудың нысандары мен тәсілдерін, жеке білім беру бағдарламаларын таңдауына болады, онда шығармашылық қызметке және оқушылардың жеке қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасалуы қажет. Сондықтан, орталық облыс мектептерінде жүргізіліп жатқан дайындық іс-шаралары туралы мағлұматтар жинақтап, бағыт-бағдар беру жұмыстарын үйлестіруді көздейді.

Сонымен қатар, бұл бағдарлама бойынша 2012 жылы жалпы орта білімнің мемлекеттік стандарттары жоғары білім стандарттарымен (бакалавриат) ықпалдастырылады. Жоғары білімнің жекелеген пәндері, мысалы, әлеуметтану, өзін-өзі тану, тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негізі (ОБЖ), Қазақстан тарихы, мәдениеттану, т.б. пәндер «Бейіндік мектеп» бағдарламасына ауыстырылатын болады делінген. 

Бұл өз кезегінде мұғалімдердің жүргізетін оқу-тәрбие процесіндегі әдістемелік жүйесін жақсартуды немесе қайта қарауды талап етеді. Маңызды, әрі жауапты бұл шара:

-мұғалімнің кәсіптік бейімделуіне әдістемелік жетекшілік жасау;

-өз бетімен үздіксіз білім алуды жолға қою;

-психологиялық-педагогикалық ахуалын қалыптастыруға арналған іс-шаралар жүйесін ұйымдастырып, жүргізу сияқты жұмыстардың тиімді жүзеге асырылуының нәтижесінде мүмкін болатындығы белгілі.

Сондықтан, қазіргі таңда осы үддеден шығу мақсатында мектептерде (жұмыс берушілер) жедел қолға алынып жасалып жатқан жұмыстардың, әсіресе бейіндік оқу сабақтарының мақсаты, міндеттері және мазмұны айқын болу керек.
2.1.5. Жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі «Білім» тобындағы мамандықтарға электрондық мультимедиалық оқу-әдістемелік шығарылымдарды дайындау және оқу процесіне ендіру.
Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асырудың маңызды тетіктері ретінде: білім берудегі менеджментті жетілдіру, оның ішінде корпоративтік басқару принциптерін енгізу, білім беруде мемлекекеттік-жеке әріптестік жүйесін қалыптастыру, білім беруді дамытудың мониторинг жүйесін жетілдіру, оның ішінде халықаралық талаптарды ескере отырып, ұлттық білім статистикасын құру және оқу процесін автоматтандыруды енгізу үшін жағдай жасау сияқты маңызды жақтарын бөліп көрсетілген. Соңғысы, үздіксіз білім беру жағдайындағы бакалавриатта, магистратурада «Білім» тобы мамандықтарында оқитындар үшін автоматтандырылған оқу процесін ұйымдастыру мақсатында электрондық мультимедиалық оқу-әдістемелік шығарылымдарды қолданысқа келтіретін компьютерлік қолданбалы бағдарлама даярлау, оларды лицензиялау жұмыстарын жүргізу керектігін білдіреді. Электрондық шығарылымдар үшін оқытушы мен білім алушылар арасындағы интерактивті байланысты жүзеге асыратын тестік тапсырмалар мен өзін-өзі бағалауға арналған интерактивті тапсырмалардың болуы маңызды. Бұл бағдарлама «білім алушы-компьютер-оқытушы» байланысын қамтамасыз ететін білім беру жүйесінің басты принципін жүзеге асырады.
2.2. Әлеуметтік-гуманитарлық бағытындағы зерттеулер.
Білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды міндеттерінің бірі – өкілдері бәсекеге қабілетті білімді меңгерген, ой-өрісі дамыған ғана емес, жоғары азаматтық және адамгершілік ұстанымы, отансүйгіштік сезімі мен әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан зияткер ұлтты қалыптастыру болып табылады.
2.2.1. Жоғары оқу орнында инновациялық білім ортасын дамыту.
2012 жылға қарай жоғары, техникалық және кәсіптік білімнің МЖБС-на, электрондық оқыту жүйесін міндетті пайдалану бөлігінде орта білім берудің МЖБС-на электрондық оқыту жүйесінде жұмыс жасау үшін педагог кадрларды даярлау бөлігінде өзгерістер енгізілетін болады делінген білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында.

Электрондық оқыту жүйесінде қолданылатын электрондық оқулықтарды және оқу-әдістемелік кешендерді жасауға арналған талаптар, жүйені қолданушылардың жеке және ұжымдық жұмыстарының регламенті, техникалық регламент әзірленеді және бекітіледі.



Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды – педагогтердің құзыреттіліктерін қамтамасыз ету үшін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, электрондық оқыту жүйесін пайдаланушыларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру қажет делінген. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін қолда бар электрондық ресурстарды жүйелеу көзделіп отыр.
2.2.2. Тұлғаны психологиялық-педагогикалық диагностикалау.
2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының жобасы әзірленді. Ол жастар санатындағы жұмысшы, ауыл жастары, оралмандар, даму мүмкіндігі шектеулі жастар сияқты назардан тыс қалып келген жастарды қолдауға бағытталған. Бұл орайда, жоғары оқу орындарында оқитын жастарымыздың да әлеуметтік-психологиялық қолдауларға зәру екенін ұмытпағанымыз жөн. Тұлғаны психологиялық-педагогикалық диагностикалау бағдарламасы оқу және тәрбие жұмысын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, білім беру үдерісінің тиімділігіне қолдау көрсету жұмыстарын жүргізеді. Студент тұлғасын педагогикалық және психологиялық аспектілерінде зерттеу ұйымдастыру және жүргізу, студенттердің ішкі ықтимал мүмкіндігін ашу, өзіне сенімсіздік және өзін-өзі төмен бағалаудың алдын алуға көмек беру, маңызды шешім қабылдауда көмек беру, өзін-өзі ұсыну коммуникациясы дағдыларын жетілдіру, көшбасшылық қасиеттерін дамыту, өзін-өзі жетілдіру және тұлғалық дамудың негіздеріне үйрету мақсаттарын жүзеге асыратын «Тұлғаны психологиялық-педагогикалық диагностикалаудың» бірнеше бағдарламасын даярлап, презентация жасауды көздейді.
2.2.3. Сыр өңіріндегі тұлғалар тарихы.
«Сыр елі» қазақ тарихы мен мәдениетінде өшпес із қалдырған біртума азаматтарын берді. Сонау орта ғасырлардан бастап, Кеңес заманында өмір сүрген ұлт зиялыларына дейінгі тарихи тұлғаларды жан-жақты зерттеп, зерделеу қазіргі таңда уақыт талабы екені даусыз. Сыр өңірі перзенттерінің тарихи тұлғасын айшықтайтын құжаттар мен олардың мол ғылыми, мәдени, рухани мұралары туралы айтылып та жүр. Мәселен, «Еуразиялық өркениет және Сыр өңірі» ғылыми-зерттеу орталығының бұл бағытта бірқатар жұмыстар атқаруда. Дегенмен «Педагогикалық зерттеулердің» ғылыми орталығы ғалымдары оқырмандарға педагог-тарихшы, педагог-жазушы тұлғалардың жаңа Қазақстанның қалыптасуына қосқан елеулі еңбектері жөнінде баяндайтын соны зерттеулерін ұсынады.
2.2.4. Сыр өңірі өнері- ұрпаққа қалдырар мәдени мұрасы.
Сыр өңіріндегі қолөнерді дамыту және көркем өнер кәсібін қайта жандандыру, Сыр өңірі қазақтарының ұлттық киімдері және тұрмыста қолданған заттарын мәдени мұра ретінде зерттеу, Сыр өңіріндегі дәстүрлі музыкалық өнер және ұлттық тәрбие сияқты университет ғалымдарының ұжымдық зерттеулерінің нәтижелерін коммерцияландыру арқылы жаңа жұмыс көздеріне жол ашу. Сонымен қатар, республика және шетел басылымдарында жариялау. «Қазақстан тарихы», «Қазақстан өнері», «Өлкетану» оқулықтарына қосымша пайдаланатын оқу-әдістемелік құралдар ретінде баспаға даярлау.
2.2.5. Үштілдік бағдарламаларды жетілдіру.
Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында инновациялық, көптілді моделін жасау мақсатында білім беруді үш тілде ұсынатын мектептердің саны 33-тен 700-ге дейін көбейеді. Оның ішінде, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мектептер желісінің саны 6-дан 20-ға дейін көбейтіледі. Бұл мектептер білім берудің көптілді моделін, білім берудегі инновацияларды сынақтан өткізу үшін базалық алаңдар болады делінген. Бұл мақсаттарды жүзеге асыратын, бірінші кезекте осы бағыттағы бағдарламаларды терең меңгерген педогог-кадрларды даярлау және қайта даярлау жұмыстары қарқынды жүргізілуі тиіс. Орталық өз кезегінде осы міндеттерді атқаратын 3-4 тренер даярлап, жүйелі жұмыс жүргізуді жоспарлайды.

3. Бағдарламаны ресурстық қамтамасыз ету және қаржыландыру көздері
Университеттің бюджеттік және бюджеттен тыс қаржыларының, гранттардың, тапсырыс берушілердің, белгілі бір жұмыстар үшін атқарған қаржы аударымдары, демеуші және қайырымдылық мекемелерінің қаржылай қолдауы есебінен жүзеге асырылады.
4. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер




Бағдарлама атауы

Қаржыландыру көздері

Күтілетін нәтижелер

1

«Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» мамандықтарына түсушілердің дене әзірлігі мен функционалдық мүмкіндіктері деңгейін анықтайтын ғылыми тәжірибелер негіздемесін даярлау

ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранты

Ғылыми жоба

2

«Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» пәндері бойынша облыс мектептерінің материалдық жағдайына бейімделген оқу бағдарламаларын даярлау

2011-2020 жол картасы немесе «Игілік» қоры

Даярланған оқу бағдарламалары

3

Жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі «Білім» тобындағы мамандықтарға математикалық пәндер бойынша электрондық мультимедиалық оқу-әдістемелік шығарылымдарды даярлау және оқу процесіне ендіру

ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранты

Ғылыми жоба

4

Пәнаралық байланыс-білім берудегі бәсекелестікті арттыру шарттарының бірі

ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранты

Ғылыми жоба

5

Педагогикалық бағыттағы мамандық студенттерін электронды оқытуды жүзеге асыруға даярлау

ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранты

Ғылыми жоба

6

Орта жалпы білім беретін мектептер, колледждер және ЖОО-да математиканы оқытуды инновацияландырудың өзекті мәселелері

ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранты

Ғылыми жоба

7

Орта жалпы білім беретін мектептер, колледждер және ЖОО-да физиканы оқытуды инновацияландырудың өзекті мәселелері

ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранты

Ғылыми жоба

8

«Алгебра және анализ бастамалары» курсын пәнішілік байланыстар негізінде оқытуда компьютерлік технологияны пайдалану

ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранты

Ғылыми жоба

9

12 жылдық мектеп жағдайында негізгі мектептегі физика курсының мазмұнын даярлау

ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранты

Ғылыми жоба

10

Математиканы оқытудың актуальді мәселелері

«Фолиант» баспасы қаржысы есебінен, «Жоғары білім» сериясы

Оқу құралы

11

Дифференциалдық теңдеулер және олардың қолданулары

«Фолиант» баспасы қаржысы есебінен, «Жоғары білім» сериясы

Оқу құралы

12

Математиканың таңдаулы курстары

«Фолиант» баспасы қаржысы есебінен, «Жоғары білім» сериясы

Оқу құралы

13

Негізгі мектеп геометриясының пәнаралық байланыстары

Ж.О.О. Ассоциациясы қаржысы есебінен

Оқу-әдістемелік құралы құралы

14

Информатиканы оқытуда электрондық ресурстарды пайдалану

Ж.О.О. Ассоциациясы қаржысы есебінен

Оқу-әдістемелік құралы құралы

15

Алгоритмді құру және талдау

Ж.О.О. Ассоциациясы қаржысы есебінен

Оқу-әдістемелік құралы құралы

16

Жас өспірімдердің жазғы демалыстарын агробиологиялық учаскелерде еңбек етумен ұштастыра ұйымдастыруға арнайы мамандарды даярлау

2011-2020 жол картасы (мамандарды қайта даярлау және жұмыспен қамту бағдарламалары бойынша)

Ғылыми жоба

17

Дарынды балаларды биологиядан пәндік олимпиадаға дайындаудың қазақ тіліндегі электронды базасын құрастыру

ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранты

Ғылыми жоба

18

Қосымша білім беру жүйесі негізінде мектеп мұғалімдерінің оқу бөлмелерін және мектеп ауласын көгалдандыру біліктіліктерін арттыру

2011-2020 жол картасы (мамандарды қайта даярлау және жұмыспен қамту бағдарламалары бойынша)

Ғылыми жоба

19

Қосымша білім беру жүйесі негізінде мектеп мұғалімдерін, оқушыларды ғылыми жұмысқа баулу біліктіліктерін арттыру

2011-2020 жол картасы (мамандарды қайта даярлау және жұмыспен қамту бағдарламалары бойынша)

Ғылыми жоба

20

Қосымша білім беру жүйесі негізінде ландшафт дизайнер мамандарын даярлау

2011-2020 жол картасы (мамандарды қайта даярлау және жұмыспен қамту бағдарламалары бойынша)

Ғылыми жоба

21

Дарынды балаларды географиядан пәндік олимпиадаға дайындаудың қазақ тіліндегі электронды базасын құрастыру

ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранты

Ғылыми жоба

22

Биология мамандығында білім алушы студенттерді ландшафт дизайнер мамандығына қосымша даярлау

ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранты

Ғылыми жоба

23

Химиядан электрондық білім беру үшін мамандандырылған сандық оқу материалдарын дайындау және оқу үдерісіне енгізу

ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранты

Ғылыми жоба

24

Ұлттық интелектуалды патенциалын дамыту аясында Арал аймағында білім алушылардың үздіксіз химиялық білім беру жүйесінің ғылыми-әдістемелік негіздерін дамыту

ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранты

Ғылыми жоба

25

Биологиядан қосымша білім беру жүйесін дамыту

ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранты

Ғылыми жоба

26

Сыр өңіріндегі музыкалық өнер және ұлттық тәрбие

ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранты

Ғылыми жоба

27

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайындағы бастауыш мектеп сатысындағы оқытудың қазіргі технологиялары

ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранты

Ғылыми жоба

28

Абыздан қалған асыл мұра

ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранты

Ғылыми жоба

29

Хор өнерінің даму тенденциялары

ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранты

Ғылыми жоба

30

Бастауыш мектептегі қазіргі білім беру технологиялары

«Фолиант» баспасы қаржысы есебінен, «Жоғары білім» сериясы

оқу құралы

31

Балалар хорының теориясы мен практикасы

«Фолиант» баспасы қаржысы есебінен, «Жоғары білім» сериясы

оқу құралы

32

Музыкалық білім беру әдістемесі

«Фолиант» баспасы қаржысы есебінен, «Жоғары білім» сериясы

оқулық

33

Қазіргі кезеңдегі жоғары оқу орнының әлеуметтік-педагогикалық функциясының дамуы

ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранты

Ғылыми жоба

34

Жоғары оқу орнында инновациялық білім ортасын дамыту

ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранты

Ғылыми жоба

35

Үздіксіз білім беру жүйесіндегі маңызды басымдығы ретінде тәрбие жұмысының даму стратегиясы

ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранты

Ғылыми жоба

36

Мектептегі әлеуметтік-психологиялық қызмет

ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранты

Ғылыми жоба

37

Ұрпақтар сабақтастығы негізінде жастардың ұлттық болмысын қалыптастыру

ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранты

Ғылыми жоба

38

Сыр өңірі қазақтарының ұлттық киімдері және тұрмыста қолданған заттарын мәдени мұра ретінде зерттеу

ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранты

Ғылыми жоба

39

Арал өңірінде қола дәуірінің соңы мен темір дәуірінің басында қыш ыдыстарын жасау өнерінде қалыптасқан морфологиялық және көркемдік дәстүрлі шешімдері

ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранты

Ғылыми жоба

40

Ұлы Жібек жолындағы Сыр өңірінің орта ғасырлық қыш өнеріндегі көркемдік ерекшелігі және дәстүр сабақтастығы

ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранты

Ғылыми жоба

41

Костюм композициясы, сән және стиль

«Фолиант» баспасы қаржысы есебінен, «Жоғары білім» сериясы

оқу құралы

42

Сыр өңірінде қолөнерді дамыту және көркем өнер кәсібін қайта жандандыру

ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранты

Ғылыми жоба

43

Гобелен тоқу технологиясын жетілдіру

2011-2020 жол картасы (мамандарды қайта даярлау және жұмыспен қамту бағдарламалары бойынша)

Ғылыми жоба

44

Орталық Азия елдерінде педагогика және білім беруді басқару, оқу бағдарламаларын дамыту және модернизациялау

Европалық Одақ қаржыландыратын бағдарлама

Еуропалық ТЕМПУС жобасына қатысу

45

«Қобыз» аспабына арналған хрестоматия

«Фолиант» баспасы қаржысы есебінен, «Жоғары білім» сериясы

хрестоматия

46

Қоғамдық саяси терминологияның үштілдік сөздігі

«Фолиант» баспасы қаржысы есебінен, «Жоғары білім» сериясы

сөздік

47

Аударма теориясы мен практикасы

«Фолиант» баспасы қаржысы есебінен, «Жоғары білім» сериясы

оқу құралы

48

Будабай ақын өлеңдеріне ғылыми зерттеулер мен талдаулардың қазақ әдебиеті тарихындағы орны

«Фолиант» баспасы қаржысы есебінен, «Мәдени мұра» сериясы

монография

49

Қазақ тіліндегі медициналық терминдердің жасалуы мен қолданылу ерекшеліктері

«Фолиант» баспасы қаржысы есебінен, «Жоғары білім» сериясы

Ғылыми жоба

50

Тілді академиялық мақсатта оқыту

ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранты

Ғылыми жоба

51

Ағылшын халқының әдебиеті

«Фолиант» баспасы қаржысы есебінен, «Жоғары білім» сериясы

оқу-әдістемелік құрал

52

Мәдениетаралық коммуникацияның теориясы мен практикасы

«Фолиант» баспасы қаржысы есебінен, «Жоғары білім» сериясы

оқу құралы

53

Ағылшын тілін коммуникативті оқытудың әдістері

«Фолиант» баспасы қаржысы есебінен, «Жоғары білім» сериясы

оқу-әдістемелік құралы

54

Тарихты қарапайым халық жасайды. Сыр өңіріндегі тұлғалар тарихы

ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранты

Ғылыми жоба

55

Писатели-фронтовики земли Сыра и их вклад в  развитие суверенного Казахстана

ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранты

Ғылыми жоба

56

Кәсіптік тілді оқыту әдістемесін жүйелеу. Кәсіптік қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілдерін оқыту әдістерін жетілдіру

ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранты

Ғылыми жоба

57

Сыр өңіріндегі баспа жұмыстарының қалыптасуы

ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранты

Ғылыми жоба

58

Ұлтаралық діни келісімдерінің мәдени негізін қалауына  тарихи көзқарас

ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранты

Ғылыми жоба

Қорқыт Ата атындағы



Қызылорда мемлекеттік университеті

Педагогикалық зерттеулердің ғылыми орталығы отырысының (06.02.2013 ж. хаттама №2) қаулысы негізінде бекітілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет