2 бөлім 1 тарау. Жабдық 1 параграф. Жалпы талаптар



жүктеу 2.29 Mb.
бет1/12
Дата11.06.2016
өлшемі2.29 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2008 жылғы «29» желтоқсандағы

№ 219 бұйрығымен

бекітілген

Жалпы өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы

2 бөлім

1 тарау. Жабдық

1 параграф. Жалпы талаптар
1. Жабдықтың құрылымы МСТ 12.2.003 «Өндірістік жабдық. Жалпы қауіпсіздік талаптары» мен МСТ 12.2.007.0 «Электр техникалық бұйымдар. Жалпы қауіпсіздік талаптарына» сәйкес болады.

Металл өңдеу станоктары МСТ 12.2.009 «Металл өңдеу станоктары. Жалпы қауіпсіздік талаптарына», ағаш өңдеу станоктары – МСТ 12.2.026.0 «Ағаш өңдеу жабдығы. Құрылымға қойылатын жалпы қауіпсіздік талаптарына» сәйкес болады.

2. Тұрақты станоктар іргетастарда немесе негіздерде орнатылады, мұқият тексеріледі, бекітіледі және ҚР СТ Р МСТ 12.4.026-2002 «Сигнал түстері мен қауіпсіздік белгілеріне» сәйкес боялады.

Жаңадан орнатылған немесе күрделі жөндеуден шыққан жабдық (станок) оны комиссия қабылдап, қабылдау актісі дайындалғаннан кейін іске қосылады.

Ағымдық жөндеуден кейін жабдықты бақылау тұлғасы тексергеннен кейін іске қосылады.

3. Басқару органдарын тағайындау олардың жанындағы жазбаларда көрсетіледі немесе МСТ 12.4.040 «Өндірістік жабдықты басқару органдарының нышандары. Белгілеулерге» сәйкес нышандармен белгіленеді.

Лимбтер, шкалалар, жазулар мен нышандар өшірілмейтін, кемінде 500 мм қашықтықта оқылатындай етіп жасалады.

4. Жабдықты қолмен басқару органдары оларды пайдалану ыңғайлы болатындай, қолдың қысылып қалуына және өзге басқару органдары мен бөлшектеріне, осы органдарға кездейсоқ әсер ету жағдайынан басқа, қағып кетуіне әкелмейтіндей етіп орындалады.

5. Барлық құрал-саймандардың түрлері (кондукторлар, патрондар, планшайбалар, магниттік шайбалар, жақтаулар мен басқалары) МСТ 12.2.029 «Станок құрал-саймандары. Жалпы қауіпсіздік талаптарына» сәйкес болады.

Қорғағыш қоршаулар МСТ 12.2.062 «Өндірістік жабдық. Қорғағыш қоршауларға» сәйкес болады.

Ақауы бар жабдықта, ақауы бар немесе бекітілмеген қоршаулармен жұмыс істеуге болмайды.

6. Электр сызбасын бөлшектемей және май, бу, ауа, су және тағы басқаларын беретін вентильдерді жаппай жабдықты жөндеуге және жұмыс органдарын (табандарды, араларды, түрпілі шеңберлерді және басқаларын) ауыстыруға болмайды.

7. Тасымал ток қабылдағыштарды электр желілеріне қосатын орындарда желі кернеуі мен токтың түрін көрсететін жазулар орналастырылады.

8. Желі кернеуіне сәйкес келмейтін штепсель розеткаларын мен айырларын орнатуға болмайды.

9. Ашық түрдегі немесе тұтқалар мен табандарға арналған қаптамасында тіліктері бар ажыратқыштарды пайдалануға болмайды.

10. Жабдықтың ток өткізу бөліктері оқшауланады немесе қоршалады немесе адамдардың қолы жетпейтін орындарға орналастырылады. Кернеудің әсер етуі мүмкін жабдықтың металл бөлшектері электр қондырғыларын орнату талаптарына сәйкес жерге қосылады (нөлденеді).

11. Жылжымалы шеберханаларда фургон шанағымен металл түрде қосылады, электр қондырғыларын қоректендіретін қорғағыш жерге қосқышқа қосылады.

12. Жабдықтың корпустарынан тыс орналасқан және адамдардың жарақат алу қаупі бар (белдікті, шынжырлы, тісті және басқа да) берілістердің оларды ыңғайлы және қауіпсіз ашу, алу, орнын ауыстыру және орнату үшін құрылғылары (тұтқалары, қапсырмалар және басқалары) бар қоршаулары болады.

13. Белдіктерді реттеу, ауыстыру және басқалары үшін мерзімді өтуге ыңғайлы жабдықтың қозғалмалы элементтерін (мысалы, шестернялар, шкивтер) жабатын қоршауларда есіктердің ішкі беті сары сигнал түсіне боялады.

Егер көрсетілген қозғалмалы элементтер алмалы-салмалы қорғағыш қоршаулармен (қақпақтармен, қаптамалармен) жабылатын болса, онда бет сары түске толығымен немесе қозғалмалы элементтерге қатысты кейбір бөлшектері жартылай боялады.

Қоршаулардың сыртқы жағынан ҚР СТ МСТ 12.4.026 – 2002 «Сигнал түстері және қауіпсіздік белгілері» бойынша (ұшы жоғары қараған, қара түспен жиектелген және ортасында қара түстік леп белгісі бар тең қабырғалы сары түстік үшбұрыш) ескертетін қауіпсіздік белгісі қойылады.

Белгінің астынғы жағынан көрсетілген МСТ бойынша «Жабдық іске қосылып тұрғанда ашуға болмайды!» деген түсініктеме жазуы бар кесте орнатылады.

Жарақат алу қаупі жоғары болған кезде қорғағыш қоршауларының (ашылатын және алмалы-салмалы) станок ашылған кезде оны автоматты бұғаттағышы болады. Бұл ретте көрсетілген беттерді сары сигнал түсіне бояу және сыртқы жағынан ескерту белгісін қою туралы талаптар сақталады.

14. Жабдық өндірістің қауіпті факторларының әсер етуіне жақын маңдағы персоналды қорғайтын құрылғылармен (экрандармен) қамтамасыз етіледі.

Техникалық шарттар бойынша қорғағыш құрылғыларды мүмкін болмаған жағдайда қорғағыш құралдарды пайдаланған жөн.

15. Ауысымда 1 реттен жиі алынатын қоршаулардың 6 кг аспайтын салмағы және кілттер мен бұрауыштарды пайдаланбайтын бекіткіштері болады. Қозғалыс белгіленген жағдайда ашылатын түрдегі қоршаулар 40 Н аспайтын күшпен орналастырылады.

16. Қоршаулар жабдықтың технологиялық мүмкіндіктерін шектемейді және жұмыс істеген, жинаған, реттеген кезде ыңғайсыздық келтірмейді, майлау-салқындатушы сұйықтықтардың ластануын болдырмайды, ашуға, жабуға, алып-салуға, орнын ауыстыруға және орнатуға ыңғайлы болу үшін тұтқалармен, қапсырмалармен жарақталады.

Қоршаулардың бекіткіші өздігінен ашылу жағдайын болдырмайды. Қоршауды ашық күйде ашып тұратын құрылғылар оны осы күйде ұстап тұрады.

17. Жұмыс істеу кезінде аспақтар арасындағы қашықтық 30 мм аспайтын ағаш торлы төсемде болады. Жұмысты орындауға болатын жағдайда жұмыс орны МСТ 12.2.032 «Жұмысты отырып орындау кезіндегі жұмыс орны. Жалпы эргономикалық талаптарға» сәйкес болады.

18. Технологиялық регламенттерде жұмысты қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ететін негізгі және қосалқы құрал-саймандар мен аспаптар, қорғағыш құрылғылар, көлік және жүк көтеру құралдары көрсетіледі.

19. Жабдық салмағы 8 кг аспайтын өнім дайындауды, салмағы 20 кг астам аспаптар мен құрал-саймандарды, тораптарды орнату үшін жеке көтергіш құрылғысымен жарақталады. Көтергіш құрылғы жүкті кез жағдайда, энергия, май, ауа беру тоқтаған кезде ұстап тұрады. Салмағы 25 кг астам элементтерді орнату үшін жалпы көтергіш құрылғылар қолданылады.

20. Станоктарда өңделетін дайындамалар немесе бөлшектер берік бекітіледі.

21. Жабдық электр энергиясын беру тоқтаған жағдайда, тораптарды, бөлшектерді бекіту немесе орнату кезінде, тазарту және майлау, жинау және жұмыста кідіріс болған кезде қызмет көрсету үшін қауіпсіз және ыңғайлы орында орналасқан қолмен басқарылатын алғашқы ажыратқышпен қоректендіру көзінен ажыратылады.

22. Жүргінші жолдар мен өту жолдарының ені, жабдық пен ғимараттардың элементтері арасындағы қашықтық пайдаланылатын жабдыққа, көлік құралдарына, өңделетін өнімдер мен материалдарға байланысты белгіленеді.

23. Жұмыс орны таза күйде ұсталады және үймелеуге болмайды.

Жұмыс орындарында жабдықтарды, материалдарды, дайындамаларды, жартылай дайын өнімдерді, дайын бөлшектер мен өндіріс қалдықтарын орналастыру үшін стеллаждар, ыдыстар, үстелдер мен өзге де құрылғылар орналасатын алаң қарастырылады.

24. Жұмыс орнындағы жарық беру деңгейі ҚР ҚНжәнеЕ 2.04-05-2002 «Табиғи және жасанды жарық беру» талаптарына сәйкес болады.

25. Металл жоңқаларын алу ілмектермен, щеткалармен жүргізіледі. Жоңқаларды қолмен алуға болмайды.

26. Жабдық қажетті жағдайда шамдарды орнатып, жұмыс аймағын жергілікті жарықтандырумен жарақталады.

Қыздыру лампалары бар жергілікті жарықтандыруды қоректендіру үшін кернеу 42 Вольттан аспайды.

Шамдардың кездейсоқ жанасу үшін қол жетімді ток өткізу бөлшектері болмаған жағдайда кернеуі 127 немесе 220 Вольт қоректендіргішті қолдануға болады.

27. Өндірістік ыдыс МСТ 12.3.010 «Өндірістік ыдыс. Пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарына» сәйкес болады.

28. Ыдыс желілермен белгіленген немесе қоршалған алаңдарда орнатылады.

29. Ыдысты орналастыруға арналған механикаландыру құралдары МСТ 14.308 «Ыдыспен даналанған жүктерді орналастыру үдерістерін механикаландыру және автоматтандыру құралдарын таңдау ережесіне» сәйкес таңдап алынады.

Ыдысты айырлы немесе телескопиялық қармауышы бар машиналармен орналастыру кезінде ол жүгі бір жағына қарай артық болмайтындай етіп, жүк қарпу құрылғыларын орналастырылады.

Ыдысты қармауыштың тірек қабатының ұзындығынан тыс жылжыту ыдыстың тірек қабатының ұзындығынан 1/3 аспайды.

Ыдыс бруттосының салмағы қармауыштағы ыдыстың ауырлық ортасында орналасуын ескере отырып, көтергіш тетіктің жүк көтергіштігінен аспайды.

Салынған жүк ыдыс ернеуінің деңгейінен 10 см төмен болады.

Ыдыста оның мақсаты, инвентарлық нөмірі, тиесілігі, брутто салмағы көрсетіледі.

30. Брутто массасы 50 кг артық ыдыс оны пайдалану алдында әрбір 6 ай сайын және жөндеуден кейін мерзімді тексеруге (техникалық куәландыруға) жатады.

31. Қазақстан Республикасы мемлекеттік тау – кен техникалық бақылау бұйрығымен 1994 жылы 21 сәуірде бекітілген Жүк көтергіш крандарды орнату және қауіпсіз пайдалану талабына қолданылатын, жүк көтергіш машиналарымен және тетіктерімен орналастырылатын ыдыс айына кемінде 1 рет мерзімді тексеруге жатады.

32. Мерзімді тексеру кезінде ыдыс МСТ 19822 «Өндірістік ыдыс. Техникалық шарттарға» сәйкестікке, жүк асатын арқанға ілу үшін қармауыш құрылғыларда сызаттардың, тозу мен майысулардың болмауын; ыдыстың бекіту және ілмек құрылғыларының жарамдылығын; ыдыста таңбалаудың болуын тексереді.

33. Мерзімді тексеру нәтижелері «Ыдысты техникалық куәландыру журналына» енгізіледі (1 қосымша).

2 параграф. Ағаш өңдеу жабдығына қойылатын жалпы талаптар
34. Ағаш өңдеу станоктарының кесетін аспаптарының (аралардың, фрезалардың, пышақ бастары мен басқаларының) жұмыс бөлігі биіктігі мен ені бойынша өңделетін материалдың габариттеріне сәйкес тек соның ғана өтуі үшін өңделетін материалдың немесе аспаптың өтуі кезінде ашылатын қоршаумен автоматты түрде жабылады.

Жылжымайтын қоршауларды кішкентай станоктың ретке келтірілген кесу аспабына жанасу мүмкіндігі болмаған кезде қолдануға болады.

35. Егер станоктың құрылымында кесетін аспапты толық қоршау қарастырылмаған болса, онда жұмыс істемейтін бөлігі қоршалады.

Кесетін аспаптың жұмыс істемейтін бөлігінің қоршауын құрылғылардағы қалдықтарды ұстау және оларды жою үшін жіберу бұйымы ретінде пайдалануға болады.

Аспаптарды ауыстыру және түзету үшін ашылатын немесе алынатын кесу аспаптарының қоршаулары іске қосу және тежеуіш құрылғылары бұғатталады.

Шынжырлы, белдікті, тісті және фрикциялық берілістердің, шынжырлы транспортерлердің өткізуші және жетекші бастарының ашылатын немесе оңай алынатын қоршаулары іске қосу құрылғыларымен бұғатталады.

Бұғаттау құрылғысы қоршаулар жабылмаған немесе алынған кезде жабдықтың іске қосылу мүмкіндігін болдырмайды, қоршаулар немесе олардың бөлшектері ашылған жағдайда жетек қозғалтқыштарының толығымен тоқтауын қамтамасыз етеді немесе жұмыс кезінде қоршаулардың ашылу мүмкіндігін болдырмайды.

Жұмыс қалпындағы қоршау қондырғысы станоктың өздігінен іске қосылуын болдырмайды; станокты қосу тек басқару органынан жүзеге асырылады.

37. Ағаш өңдеу станоктарынан ағаш қалдықтарын алу барысы механикаландырылған.

Ылғалдылығы 20 % аспайтын ағашты өңдеу кезінде үгінділерді, жоңқаларды және тозаңды жою үшін пневмокөлік қондырғылары қолданылады.

38. Станоктар мен жұмыс орындарының материалдары, дайындамалары мен бұйымдары биіктігі еденнен 1700 мм аспайтын бумаға (қатарға, пакеттерге) төселеді.

Жұмыс үстелдерінің беті еден деңгейінен 800 мм жоғары орналасады.

39. Ұзындығы 2 м астам дайындамаларды өңдеу кезінде станоктың алдынан және артынан дайын материалды беру және жинау үшін тұғырық немесе шығыршықтары үстел ретінде тіректер орнатылады.

40. Қалдықтарды станоктардың тікелей кесу аймағынан сорып алу үшін құрылғыларды пайдалану мүмкін болмаған жағдайда жұмыс кезінде көзді үгіндінің түсуінен қорғау үшін қорғағыш көзілдіріктер қолданылады.

41. Сызаттары, кетіктері мен қиғаш қабаттары бар материалды өңдеу кезінде беріліс жылдамдығы төмендейді. Материалды автоматты түрде беру кезінде қолды берілетін білікшелердің аймағына жақындатуға болмайды.

3 параграф. Металл өңдеу үшін токарь тобының станоктары
42. Диаметрі 630 мм дейін қоса алғандағы дайындамаларды өңдеуге арналған әмбебап станоктарда өңдеу аймағы қорғағыш құрылғымен (экранмен) қоршалады. Жұмыс орнына қарама-қарсы жақтан, осы аймақта сонымен қатар экран орнатылады.

43. Әмбебап токарлық және токарлық-револьвер станоктардың қысқыш патрондарының станоктардың технологиялық мүмкіндіктерін шектемейтін дайындамаларын орнату және алу үшін оңай бөлінетін қоршауы болады.

44. Токарлық-карусель станоктардағы планшайбаның оларға қызмет көрсетуге кедергі келтірмейтін қоршауы болады.

Планшайба еденнен 700 мм астам биіктікте жоғарғы жазықтықта орналасқан кезде оның осы жазықтықтың деңгейінен 50-100 мм жоғары тұтас орны ауыстырылған қоршауы және биіктігі 400-500 мм қосымша алмалы-салмалы қалқандары болады.

Планшайба жазықтығы еденнен 700 мм кем биіктікте орналасқан кезде оның шеңбер түріндегі тұрақты қоршауы болады. Оның басы одан кемінде 100 мм қашықтықта планшайбаның Т-тәріздес кертпелерінің табанының деңгейінде орналасады. Қоршауда Г-тәріздес түрдегі алмалы-салмалы қалқандар орнатылады, оның көлденең сөресі (саңылауы бар) планшайбаның шетіне дейін, ал тік сөресі еденге дейін жеткізіледі. Планшайбаның шетінің төменгі жиегі еденнен 200 мм жоғары орналасқан кезде Г-тәріздес қалқаншаларды орнатпауға болады. Биіктігі 1000 мм және одан астам қоршауларды (шынжырды қолдануға болады) қоршауды пайдалануға болады. Бұл ретте станок жұмыс істеп тұрған кезде қоршауды ыңғайлы орналастыру (дайындамаларды тиеу және түсіру кезінде) және берік бекіту қарастырылады.

45. Токарлық-карусель станоктарының планшайбаларында бекітілетін өңделетін бөлшекті қысатын құрылғылардың корпустары қатты тіректердің және қосымша бекіту бұрандаларымен жасалатын үйкеліс күшінің көмегімен планшайбаларда ұсталады.

46. Карусель станоктардың планшайбаларында айналып тұрған планшайбалардан қысқыш құрылғылардың құлауын болдырмайтын шектегіштер қарастырылады.

47. Шыбықты токарлық автоматтар мен шыбықты револьвер станоктардың шыбықтардың ұзындығы бойымен шуылды басатын құрылғымен жарақталған қоршаулары болады. Шыбықтармен бірге айналатын, бағыттаушы құбырлар түріндегі қоршаулар пайдаланылған кезде немесе артқы жағынан шыбықтары шығып тұрған кезде шыбықтар орны жоғарғы жағынан кемінде 180° дөңесте шыбықтардың ұзындығының бойымен қорғағыш құрылғымен қоршалады.

48. Шыбықтарды беру үшін станоктың сыртынан орнатылған құрылғының оған қол жеткізуге мүмкіндік бермейтін қоршауы болады.

49. Әмбебап станоктар олардың бетінде шыбықпен жұмыс істеген жағдайда шпиндельдің артқы жағынан шыбықты қоршап тұратын құрылғымен жабдықталады. Қоршалған құрылғыдан шығып тұратын шыбықпен жұмыс істеуге болмайды.

50. Станоктарда өңдеу үшін берілетін шыбық материалының қиғаш жері болмайды.

51. Бөлшекті жұдырықша патронда бекіткен немесе планшайбаларды пайдалану кезінде мүмкіндігінше ең үлкен ұзындықта жұдырықшалармен қысылады. Бөлшектер бекітілгеннен кейін жұдырықшалар олардың сыртқы диаметрінің шегінен тыс патроннан немесе планшайбадан шығарылмайды. Егер жұдырықшалар шығып тұрса, патронды ауыстыру немесе қоршау орнату қажет.

52. Патронды немесе планшайбаны шпиндельге орнату кезінде олардың астынан станокқа патрон (планшайба) түріндегі ойығы ағаш төсемдер төселеді.

53. Патронды (планшайбаны) шпинделдің кенет тежеуішімен бұрауға болмайды. Патронды (планшайбаны) тұғырыққа жұдырықша соққыларымен оны қолмен айналдырған кезде ғана бұрауға болады; бұл жағдайда ұзын тұтқасы бар тұғырықтар қолданылады.

54. Жұдырықша патронда соңғы тұғыр орталығымен тірексіз ұзындығы екі диаметрден аспайтын тек қысқа біркелкі бөлшектерді ғана бекітуге болады; тірек болған жағдайда соңғы тұғыр қолданылады.

55. Орталықтарда ұзындығы 12 диаметрге тең және одан астам бөлшектерді өңдеу кезінде, ұзындығы 8 диаметрге тең және одан астам бөлшектерді жылдамдықпен және күшпен кесу кезінде қосымша тіректер (люнеттер) пайдаланылады.

56. Ортасына деталь өңдеу кезінде бірінші соңғы тұғыр пайдаланылады, деталдар орнатылғаннан кейін ортасы майланады. Жұмыс үрдісі кезінде артқы ортаны майлап отырылады, ұзын деталдарды ұштаған кезде дің қысқышы тексеріледі.

57. Кескіштер кескіш ұстағыштан минималды өлшеммен шығарылып (кескіш ұстағыштан шығатын шеті кескіш ұстағыш биіктігінен 1,5 артық емес) және кем дегенде екі болтпен бекітіледі.

Суппортқа бекіту және орталық діңге дұрыс орнату үшін кескіш ұстағыштың тірегіш бөлігінің өлшеміне сәйкес келетін тегістелген төсемелер қолданылады.

58. Планшайбаны шпинделдің ұшына кигізу кезінде оны жоңқа мен қоқыстан тазарту қажет.

59. Араластырылатын таспалы жоңқаны беретін тұтқыр металдарды (болаттарды) өңдеу кезінде орлары, қосымша жоңқа ажыратқыштары немесе жоңқа жинағыштары бар кескіштер қолданылады. Нәзік металдарды (шойын, қола және басқа да) өңдеу және ұсақ ұнтақталған болат жоңқаларды түзу кезінде қорғағыш құрылғылар: жоңқа өткізгіштер, мөлдір экрандар немесе жеке қалқандар (бетті қорғау үшін) қолданылады.

60. Станокта жұмыс істеген кезде:

1) егер жұдырықшалардың жұмыс беті тозған болса, қысқыш патрондарды пайдалануға;

2) соңғы тұғырдың айналмайтын орталығымен жылдамдықпен кесу кезінде жұмыс істеуге;

3) іске қосылған немесе толтырылған орталықпен жұмыс істеуге;

4) реверс кезінде патронды өздігінен бұралуын болдырмайтын біліктермен бекітпей жұмыс істеуге;

5) станоктың немесе бөлшектің айналып тұрған бөлігіне қолмен басып, шпинделдің айналуын тежеуге;

6) осы бөлшекті өңдеу кезінде пайдаланылмайтын аспапты револьвер басында қалдыруға;

7) станокқа бөлшекті орнату кезінде бөлшек пен станок арасында болуға;

8) кесілетін ауыр бөлшектің немесе дайындаманың ұшын қолмен ұстауға;

9) станоктың станинасына және алдыңғы тұғырдың қақпағына бөлшектерді, аспапты және басқа да заттарды қоюға;

10) станок қосылып тұрған кезде шпинделге өңделген байламаны қолмен қоюға және беруге;

11) станок тоқтағанға, суппорт пен револьвер басын қауіпсіз қашықтыққа бөлгенге дейін өңделген бөлшекті (тұтқамен, калибрмен, масштабты сызғышпен, штангенциркульмен, микрометрмен, және басқаларымен) өлшеуге;

12) тиісті қаптамасы жоқ қысқа кескіштерді қайрауға болмайды.

61. Суппортты ауыстыру, бөлшек пен аспапты орнату және алу кезінде, бөлшекті қолмен өңдеу (тазарту, тегістеу), револьвер басының соғуын қалпына келтіру кезінде суппорт пен аспап қауіпсіз қашықтыққа шығарылады. Станоктағы бұйымдарды қабықшамен немесе ұнтақпен тазарту кезінде қыспа қалыптар қолданылады.

4 параграф. Металл өңдеуге арналған фрезерлік топтың станоктары
62. Ені 320 мм және одан астам консольді және айқастырма үстелі бар әмбебап фрезерлік станоктарда, бағдарламамен басқарылатын барлық фрезерлік станоктарда аспапты бекіту операциясы механикаландырылады. Аспапты бекітуге арналған жетекті басқару органдары ыңғайлы етіп орналастырылады.

63. Биіктігі 2,5 м аспайтын көлденең-фрезерлік станоктар мен тік-фрезерлік станоктарда шпинделдің артқы бөлігі фрезерлік қаптамадан шығып тұрған аспапты бекіту үшін біліктің шығыңқы ұшымен бірге тез алынып-салынатын қаптамамен қоршалады.

64. Ені 630 мм және одан астам консольді және айқастырма үстелі бар әмбебап фрезерлік станоктарда шпинделдің (аспапсыз) тоқтау уақыты оны ажыратқаннан кейін 6 секундтан аспайды.

65. Жылдамдықпен фрезерлеу кезінде жоңқаларды ұстап қалу және жою үшін (жоңқаны жоңқа жинағышқа ұстайтын және бөліп жіберетін арнайы жоңқа бөлгіштер) қоршаулар мен құрал-саймандар, мөлдір экрандар немесе жеке қорғану құралдары (көзілдіріктер, қалқаншалар) қолданылады.

66. Тік-фрезерлік станоктарда фрезаларды бекіту үшін механикалық құрал-саймандар (сүмбілер, штревелдер және басқалары) қолданылады. Осы станоктардың құрылымдарында аспапты ауыстыру кезінде көрсетілген құрал-саймандарға ыңғайлы және қауіпсіз қол жеткізуді қамтамасыз ететін құрылғылар қарастырылады.

67. Көшірме бұрғылау-фрезерлік және фрезерлік станоктардың белгіленген орындарда фрезерлік және бұрғылау күймелерін ажырату үшін соңынан ажыратқыштары болады.

68. Кесетін фрезерлік станоктардың тұғырларына қосылатын жетек қоршалады.

69. Жиынтық фрезалардың құрылымы жұмыс істеп тұрған кезде олардың құлауын болдырмайтын фреза корпусында қатты балқымадан жасалған тістердің немесе табақтардың берік бекітілуін қарастырады. Фрезаны орнату кезінде табақтардың тұтас және дұрыс қайралуы тексеріледі.

Үгітілген жерлері, сызаттары, күйіктері бар табақтарды, жиектері мұқалған кесетін аспапты пайдалануға болмайды.

70. Станокқа фрезаны орнату және ауыстыру кезінде қолды кесіп жібермейтін аспаптар қолданылады.

71. Өңделетін бөлшектер мен негізгі және бекіткіш қабаттармен жанасатын аспаптар станокқа орнату алдында дұрыс орнату мен берік бекітуді қамтамасыз ету үшін жоңқа мен майдан тазартылады.

72. Шпинделдің тесігі, қаптаманың немесе фрезаның сағасы, жылжымалы тығынның беті шпинделге орнату алдында тазартылады және сүртіледі, жапырылған жерлері қалпына келтіріледі. Аспаптың сағасын шпинделдің тесігіне орнату кезінде ол люфтасыз тығыз орнатылады.

73. Бөлшек өңделетін қабатқа жақынырақ орындарда бекітіледі. Бөлшекті өңделмеген қабатқа бекіту кезінде қысқыштар мен қысатын бастарында қарпығышы бар аспаптар қолданылады.

74. Бөлшектерді бекіту үшін пневматикалық, гидравликалық және электр магниттік аспаптарды пайдалану кезінде ауа немесе сұйықтық беретін құбыр, электр өткізгіш механикалық зақымданудан қорғалады.

75. Фрезаны орнатқаннан және бекіткеннен кейін 0,1 мм аспайтын радиал және тік соққы тексеріледі.

76. Өңделетін бөлшекті ауыстыру немесе оны өлшеу кезінде станок тоқтатылып, кесетін аспап қауіпсіз қашықтыққа шығарылады.

77. Фрезаны қаптамаға орнату кезінде олардың тістері шахматтық тәртіппен орнатылады.

78. Станокта жұмыс істеу фреза қоршалған кезде жүргізіледі. Жұмыс аймағының қоршауы болмаған жағдайда жұмыс қорғағыш көзілдірікті, қалқаншаларды пайдаланып жүргізіледі.

79. Станок жұмыс істеп тұрған кезде жоңқаны станокта және қаптамада жинауға болмайды. Айналып тұрған фрезадан жоңқаны тұтқасының ұзындығы кемінде 250 мм шоқшамен алынып тасталады.

80. Фрезаны шпинделден алып қағып-соққан кезде оны ұстап тұру үшін икемді төсемдер қолданылады. Қолды қорғамай фрезаны ұстап тұруға болмайды.

81. Фрезерлік қаптама немесе фреза шпинделдің бұрылуын болдырмас үшін жылдамдық қорабы қосылғаннан кейін шпинделде тек кілтпен бекітіледі. Электр қозғалтқышты қосу арқылы фрезаны қаптамада кілтпен қысуға және басуға болмайды.

Фрезаны немесе қаптаманы орнатқаннан кейін бекітілген бұранданың басында кілтті қалдыруға болмайды.



5 параграф. Металл өңдеуге арналған жонғыш, қашау және созылмалы топтардың станоктары
82. Үстелдің лақтырылуын болдырмас үшін бойлық-жонғыш станоктардың тежеуіш, амортизаторлы немесе шектегіш ұрылғылары болады.

83. Бойлық-жонғыш және сырғыма тиекті жүрісті қашау станоктары 200 мм астам, бойлық-жонғыш станоктар бос жүріс кезінде кескішті ұстағышты автоматты бөлу құрылғыларымен жарақталады.

84. Бойлық-жонғыш станоктар жоңқа жинағышпен және жоңқалардың жоңқа жинағыштан тыс шашылуын болдырмайтын экранмен жарақталады.

85. Қашау станоктарында станок сөндірілгеннен кейін сырғыма тиектің өздігінен түсуін болдырмайтын құрылғы қарастырылады.

86. Сырғыма тиектің механикалық (кулисті) жетегі бар қашау станоктары станок жұмыс істеп тұрған кезде қашаудың (кескіштің) жылдамдығын ауыстыруға мүмкіндік бермейтін бұғаттағышпен жабдықталады.

87. Сырғыма тиектің жүрісі 100-200 мм станоктардан басқа, қашау станоктарында бос жүріс кезінде қашау көпшігін көтергіш автоматтандырылады.

88. Іштен тартуға арналған тігінен керу станоктарының жұмысшыларды кері тетіктің патронынан керме құлаған жағдайда жарақат алуын болдырмайтын қоршауы болады.

89. Керменің көлденең керу станоктарындағы дайындамадан шығару аймағының үстінен жұмысшыларды ол жарылған жағдайда ұшатын жоңқалардан және керменің бөліктерінен ықтимал жарақат алуынан қорғайтын байқау терезесі бар қайтармалы экраны болады.

90. Салмағы 8 кг астам кермелермен жұмыс істейтін көлденең-бойлық станоктарда керменің дайындамаға кіру және одан шығу жолында оларды ұстап тұратын тіректер қарастырылады. Станоктарда жұмыс жүрісінен кейін керменің бастапты қалпына механикалық түрде келуін қамтамасыз ететін аспабы қарастырылады.

91. Станокқа өңделетін бөлшекті орнату және оның үстелін алу кезінде сырғыма тиек суппорттан ең үлкен қашықтыққа бөлінеді.

92. Дайындаманы станокқа орнату кезінде оны мен бекіту құрылғыларының бетін сүрту қажет, кескішті ұстағыштың басының ақаусыздығы тексеріледі.

93. Орнатылған дайындама тіректерді немесе станок жұмыс істеп тұрған кезде суппортты жанамайды. Аса үлкен емес станоктарға бөлшектерді орнатудың дұрыстығы үстелді немесе сырғыма тиектерді қолмен ауыстыру арқылы, ал ірі станоктарда масштабтық сызғыштың (егер қолмен мүмкін болмаса) көмегімен тексеріледі.

94. Өңделетін бөлшектер бекіту бөлшектерімен (бұрандалармен, қысқыш аспақтармен, тіректермен) бекітіледі. Тіректер кесу қарқынын қабылдайды.

95. Станок жұмыс істеп тұрған кезде кескіштің өткірлігін және ақаусыздығын қолмен тексеруге болмайды.

96. Станоктың бос (кері) жүрісі кезінде кескішті қолмен ашуға болмайды.

97. Орнатылатын кескіштер дұрыстап қайралады және сызаттары мен сынықтары болмайды.

98. Тірекке қаққан кезде кескіш пен жоңқа үшін жеткілікті жол қалдырылады.

99. Жүрісті шектегіштің жұдырықшаларын реттеу және бекіту станокты сөндіргеннен және оның бөлшектерінің қозғалысын тоқтатқаннан кейін жүргізіледі.

100. Станок жұмыс істеп тұрған кезде кесетін аспапты, құрал-саймандар мен өңделетін бөлшектерді тазалауға және түзетуге болмайды.

101. Көлденең-керме станоктарда ұзын кермелермен жұмыс істеген кезде қозғалмалы люнеттер қолданылады.

102. Қос бағанды тік керме станокта екі жұмысшының жұмыс істеуіне жол берілмейді. Бөлшекті бағанның біріне орнату кезінде екіншісінде болуға болмайды.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет