2-деңгей Амбулаториялық жағдайда пациентті бастапқы қабылдау кезінде жалпы тәжірибе дәрігерінің әрекетінің алгоритмін жазыңыз


Техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда амбулаториялық пациенттің медициналық картасы қағаз түрінде ресімделеді, кейін ақпараттық жүйеге енгізіледі



бет6/61
Дата30.01.2024
өлшемі157.72 Kb.
#490247
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
ВОП 2

Техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда амбулаториялық пациенттің медициналық картасы қағаз түрінде ресімделеді, кейін ақпараттық жүйеге енгізіледі.
МСАК ұйымы бастапқы есепке алу медициналық құжаттың, оның ішінде электрондық түрде сақталуын қамтамасыз етеді.
13. Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес адамдар МСАК ұйымдарына өтініштердің себептері бойынша жүгінеді.
Пациент жіті ауруына (жай-күйі) немесе созылмалы ауруының асқынуына байланысты жүгінген жағдайда МСАК ұйымдарының мамандары клиникалық хаттамаларға сәйкес диагностика және емдеу әдістерін айқындайды.
Пациент жіті ауруына (жай-күйі) немесе созылмалы ауруының асқынуына байланысты МСАК ұйымдарына жүгінген жағдайда регистратура маманы немесе медицина қызметкері (учаскелік мейіргер (жалпы практика мейіргері), фельдшер, акушер) пациентті дәрігерге дейінгі кабинетке (сүзгі) жібереді.
Дәрігерге дейінгі кабинетте (сүзгі) медицина қызметкері (учаскелік мейіргер (жалпы практика мейіргері), фельдшер, акушер) пациентті қарап болған соң қажетті дәрігерге дейінгі көмекті көрсетеді.
Білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсету жағдайларында медицина қызметкері кезекші дәрігерді немесе учаскелік дәрігерді шақыртады. Көрсетілімі болған жағдайда медицина қызметкері жедел жәрдем бригадасын шақыруды және шұғыл түрде бейін бойынша тәуліктік стационарға жіберуді қамтамасыз етеді.
Шұғыл емдеуге жатқызуды талап етпейтін жағдайларда пациентті одан әрі байқау амбулаториялық деңгейде жүзеге асырылады.
COVID-19-бен ауыратын және COVID-19 күдігі бар науқастарға мамандандырылған медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда бейінді мамандардың қашықтықтан консультациясы ұйымдастырылады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.07.2020 № ҚР ДСМ-76/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
14. МСАК ұйымдарының мамандары пациентті күндізгі немесе тәуліктік стационарға жоспарлы түрде Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы жібереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет