2-деңгей Амбулаториялық жағдайда пациентті бастапқы қабылдау кезінде жалпы тәжірибе дәрігерінің әрекетінің алгоритмін жазыңыз


) вакциналарды сақтауға қойылатын тиісті талаптар сақталмаған жағдайда ашылған құтылардағы вакциналарды пайдалануға жол берілмейді



бет58/61
Дата30.01.2024
өлшемі157.72 Kb.
#490247
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
ВОП 2

3) вакциналарды сақтауға қойылатын тиісті талаптар сақталмаған жағдайда ашылған құтылардағы вакциналарды пайдалануға жол берілмейді.
19. Лиофилизацияланған вакциналарды (қызылшаға, паротитке, қызамыққа, гемофильдік инфекцияға, туберкулезге қарсы) асептика қағидаларын қатаң сақтай отырып вакцинаға қоса берілетін стандартты еріткішпен ерітеді.
20. ПӘИБП-ны еріту кезінде еріткіштің температурасы ПӘИБП-ның температурасына сәйкес келеді. Еріткіш мұздатылуға жатпайды.
21. Халыққа вакциналарды және басқа да ПӘИБП-ны енгізудің қауіпсіздігі мақсатында:
1) ПӘИБП-ты енгізу орнын өңдеу, егер вакцинаға қоса берілетін нұсқаулықтарда басқа нұсқаулар болмаса, 70 % спиртпен жүргізіледі;
2) ПӘИБП-ны енгізу үшін стерильді өздігінен блокталатын және өздігінен бұзылатын шприцтерді, скарификаторды пайдалану; қаптаманың бүтіндігі бұзылған, сақтау мерзімі аяқталған, көрінетін ластану белгілері бар шприцтер мен инелер жойылады;
1) туған кезінде вакцинацияланбаған алты жасқа дейінгі балалар - егулердің арасы екі ай аралықпен 0-2-4;
2) бұрын вакцинацияланбаған алты жастан асқан балалар мен ересектер – бірінші мен екінші егулердің арасы бір ай, екінші мен үшіншінің арасы бес ай аралықпен 0-1-6.
25. Дифтерияға, сіреспеге және көкжөтелге қарсы иммундау құрамында АКДС бар және АбКДС бар вакциналармен, сондай-ақ АДС-М жүргізіледі.
Көкжөтел ко
мпонентіне қарсы көрсетілімдер бар болған кезде иммундау АДС-М-мен жүргізіледі:
1) егер реакция құрамында АбКДС бар вакцинамен бірінші вакцинациялауға дамыса, онда АДС-М-мен екінші егуді 3 айдан ерте жүзеге асырмайды;
2) егер реакция құрамында АбКДС бар вакцинамен екінші вакцинациялауға дамыса, онда дифтерия мен сіреспеге қарсы вакцинациялау курсы аяқталған болып саналады. Екі жағдайда да АДС-М-мен бірінші ревакцинациялауды 12 айдан кейін жүргізеді;
3) егер реакция құрамында АбКДС бар вакцинамен үшінші вакцинациялауға дамыса, АДС-М-мен бірінші ревакцинациялауды 12-18 айдан кейін жүргізеді.
26. Құрамында АбКДС бар вакциналармен алғашқы вакциналық кешен кеш аяқталған жағдайда бірінші ревакцинациялау кемінде 1 жыл аралықпен жүргізіледі, құрамындағы дифтерия анатоксині жоғары құрамында АбКДС бар құрамдастырылған вакциналар 7 жастан асқан балаларға қолданылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет