СИ жүйесіне екі қосымша бірліктері еңгізілген – радиан және стерадиан.
- радиан (халықаралық белгілеуі rad, орысша - рад) – жазық бұрышын өлшеу бірлігі, шеңбердің екі радиусы арасындағы ішкі бұрышы, олардың арасындағы доға ұзындығы радиусына тең;
- стерадиан (халықаралық белгілеуі sr, орысша - ср) – денелік бұрыштың бірлігі. Стерадиан – төбесі сфераның ортасындағы денелік бұрыш. Сфераның бетінде кесіп алатын аудан, қабырғасы радиусқа тең квадраттың ауданына тең.
СИ жүйесі когерентті (келісілген) болып табылады. Егер байланыс теңдеуіндегі сандық коэффициент 1 ден басқа болса, онда туынды бірлігін когерентті жасау үшін теңдеудің оң жағына қойылатын СИ бірліктері бар шамалардың мәндері коэффициентке көбейтілгеннен кейін 1-ге тең жалпы сандық мәнін беру керек.
ХI ӨСГК Халықаралық бірліктер жүйесін қабылдағанымен бірге 12 ондық еселік және бөліктік сөз алды қосымшаларын қабылдады, кейін оларға жаңалары қосылды. Бірлікке біріккен сөз алды қосымшасы – бұл бірлік тұтас деңгейіндегі онға қөбейтілді деп саналады. Жаңа бірлік еселік немесе бөліктік деп аталады. СИ жүйесінде пайдаланатын 20 сөз алды қосымшалары келтірілген.
Өте үлкен немесе кіші сандық мәндерінен қашу үшін сөз алды қосымшалары пайдаланылады, бірак бөліктік және еселік бірліктер когерентті СИ бірліктері болып табылмайтынын ескеру керек. Тек когерентті бірліктерін пайдалану үшін, есептеу процесінде барлық шамаларды СИ бірліктерінде көрсету керек, ал еселік және бөліктік бірліктерін тек қана соңгы нәтижесіне қойу керек. Сөз алды қосымшалар көмегімен түрлілік еселік және бөліктік бірліктердің арасынан таңдалатын бірлік тәжірибелікке жарайтын сандық мәнін алуға мүмкіндік береді. Еселік және бөліктік сөз алды қосымшаларын таңдаған кезде шамалардың сандық мәндері 0,1-1000 диапазонында жату керек. Басқа сөз алды қосымшыларын қолдануға ыңғайсыз болғанда, «гeкто», «деци», «дека», «санти» сөз алды қосымшылары пайдалануы керек. Бірліктердің аттарына екі және одан көп сөз алды қосымшыларын қатарынан қосуға рұқсат берілмейді. Мысалы микромикрофарад бірлік атының орнына пикофарад деп жазылғаны дұрыс. Килограмм деген – негізгі бірліктің атында «кило» сөз алды қосымшасы бар болғанына байланысты, массаның еселік және бөліктік бірліктерін құру үшін грамм бөліктік бірлігі пайдаланылады. Сондықтан, сөз алды қосымшыларын «гpaмм» сөзіне қосу қәжет: мысалы, миллиграмм (мг) микрокилограммның (мккг) орнына. Грамм деген - массаның бөліктік бірлігіне сөз алды қосымшасын қоспай қолдануға рұқсат беріледі. СИ бірліктері ғылым мен техниканың тәжірибелік барлық салаларын қамтиды. Бірақ ӨСГК кейбір жүйеден тыс бірліктерін, олардың тәжірибелік маңыздылығына байланысты, СИ бірліктерімен бірге пайдалануын мақұлдады. СИ бірліктерімен бірге қолдануға рұқсат берілген, кейбір бірліктер 1.1 кестеде келтірілген. Егер сөз алды қосымшасы қосылған бірлік, бірліктердің көбейтіндісі немесе қатынасы болып табылған болса, онда сөз алды қосымшасын бірінші бірліктің атына қосады. Мысалы, паскаль-секунд метрге (Па·с/м) бірлігін былай дұрыс жазылады: килопаскаль-секунд метрге (кПа с/М) – және дұрыс емесі: паскаль-килосекунд метрге (Па·кс/м).
1 кесте - СИ бірліктерімен бірге қолдануға рұқсат берілген жүйеден тыс бірліктер
Шама аталуы
|
Бірлік
|
Аталуы
|
Белгіленуі
|
СИ бірлігімен арақатынасы
|
Халықаралық
|
Орысша
|
Уақыт
|
Минут,
сағат,
күн
|
Min
h
d
|
Мин
Час
Сутки
|
1 min = 60 s
1 h = 60 min = 3600 s
1 d = 24 h = 86 400 s
|
Жазық бұрыш
|
Градус,
минут,
секунд
|
o
/
//
|
o
/
//
|
1 = ( /180) rad
l' = (1/60) = ( /10 800)
1" = (1/60)' = ( /648 000)
|
Көлем
|
Литр
|
L
|
л
|
1 L =1 dmЗ = 10 3 m3
|
Масса
|
Тонна
|
T
|
т
|
1 t = 103 kg
|
Денгей
|
Непербел
|
Np
B
|
Нп
Б
|
1 Np = 1
1 В = (1/2)ln 10 Np
|
СИ бірліктердің туындыларын құру кезінде, әдеттегідей, құрылған бірліктердің аталуы негізгі бірліктер аталуынан тұрады, мысалы: метр секундте (м/с), метр секунд квадратына (м/с2). Тәжірибелік түсінігі бойынша кейбір туынды бірліктеріне ғалымдардың аттарына сәйкес арнайы атаулар және белгілеулер қойылған. Мұндай бірліктердің қыскаша аталуы бас әріптен басталады, мысалы: бір ампер – 1 А. Бірліктердің көбейтіндісінен тұратын туынды бірліктердің тек соңғы аталуын және соған тиісті сын есімін өзгертеді, мысалы: килограмм-метр квадратына, ньютон-секундасы және т. б. Мәтінде бірліктің белгілеуін шаманың сандық мәнін көрсетпей беруге болмайды. Мысалы, «Есептеулер % жүргізіледі» деген сөйлем дұрыс емес; дұрысы: «Есептеулер пайызда жүргізіледі».
Достарыңызбен бөлісу: |