2. ДӘріс тезистері


Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары)



бет6/15
Дата20.05.2022
өлшемі53.27 Kb.
#458414
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Лекция (1)

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Эпикалық тек түрлері

  2. Шағын көлемді эпикалық тек

  3. Орта көлемді және кең көлемді эпикалық тек, түрлері.

Дәрістің қысқаша мазмұны:
Эпикалық тектің немесе эпостың жанрлық түрлері сан алуан: аңыз, ертегі, мысал, очерк, әңгіме, новелла, батырлар жыры, дастандар, поэма, повесть, роман және роман-эпопея. Эпикалық туындылар көркем қарасөзбен де, өлеңмен де жазылады. Енді эпикалық шығармалардың негізгі жанрлық бірер түрлеріне тоқталайық. Академик З.Қабдолов өзінің “Сөз өнері” (2002) атты оқулығында эпикалық тектің үлгілерін шағын көлемді, орта көлемді, кең көлемді эпикалық түрлер деп үшке бөлген (1). Бұл классификация эпикалық шығармаларды тек көлемдік жағына ғана емес, ең бастысы өмір шындығын қамту мен адам мінезін тұлғалау мүмкіндігіне байланысты жасалған. Әңгіме – эпикалық жанрдың шағын түрі, сондықтан онда көбіне көп адам өмірінің жекелеген сәтін танытатын бірер оқиға ғана баяндалады. Осы мақсатына сай әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны да мейлінше шақтаулы болып келеді. Әңгімеде баяндалатын оқиғаның шағындығы, кейіпкер санының аздығы, құрылысының жинақылығы бұл жанрдың жеңілдігін емес, қиындығын көрсетеді. Автор уақыт жағынан мейлінше қысқа мерзім ішінде кейіпкерлер өміріндегі біреу де болса бірегей оқиғаны баяндау арқылы оқырманға оның адамдық болмыс-бітімін айқындап беруі керек. Айтылған жайлар әңгіменің шеберлікті, талғамды талап ететін қиын да кірпияз жанр екенін айғақтайды. Тегінде “шынында жазу өнеріне шағын әңгіме арқылы төселу керек, өйткені, шағын әңгіме авторды сөзді үнемдеп қолдануға, оқиғаны қою етіп көрсетуге үйретеді” деп Горький өте білікті айтқан. Горький пікірін У.Фолькнердің “Қысқа әңгімеде әр сөз өз орнымен, мейлінше нақты болуы керек. Романда басы артық сөз, детальдар бола береді, ал әңгімеде болмауы тиіс. Оның көлемінің өзі молсөзділікті көтере бермейді” деген тұжырымы толықтыра түседі. Бұған әйгілі А.П.Чеховтың “Қысқалық – таланттылық тәлімі” деген белгілі сөзін қоссақ, мұның бәрі әңгіме жанрының ерекшеліктерін айқындай түсетіні ақиқат.
А.П.Чеховтың “Хамелеон” әңгімесін мысалға алайық. Автор талап еткен қысқалық-нұсқалықты да, жанрдың басқа да ерекшеліктерін әңгімеден толық көруге болады. Сюжетке негіз болған жай – біреу, ол – Хрюкинді иттің қабуы мен күшік иесін анықтау оқиғасы. Осы елеусіз оқиға барысында надзиратель Очумеловтің құбылмалы мінезі қандай ғажап ашылған! Әуелде жәбірленушіні жақтап, итті де, оның белгісіз иесін де айыптай бастаған Очумелов әлдекімнің ит генералдікі болуы мүмкін деген болжамынан соң іле сөзі де, өзі де өзгеріп шыға келеді. Енді ол қаһарын жәбірленушіге төгеді. Хрюкин көпшілік алдында күлкіге қалады. Небәрі екі жарым бетке жетер-жетпес әңгімеде бір оқиға (дұрысы бір эпизод) арқылы өмір шындығының күрделі сыры, қоғам, адам болмысы осылай шебер кестеленген. Қазақ көркем қара сөзінің айтулы өкілі Б.Майлин қаламынан көптеген әсем, шынайы әңгімелер туғаны белгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет