Цифрлық білім беру ресурстарының түрлері және жіктемесі.
Сабаққа дайындалу, сабақ үстінде және түрлі шығармашылық жұмыстарды орындау барысында, сыныптан тыс әрекеттерде оқушылар мен мұғалімдер үшін компьютердің орасан зор, баға жетпес маңыздылығы туралы айтылып және жазылып жатқандығы аз емес.
1986 жылдан бастап компьютерлер ең алғаш мектепке келе бастады, содан бері 20 жыл өтсе де оқу үдерісінде сандық техниканы пайдаланудың бірнеше тұжырымдамалары байырғы түрі ретінде бір-бірін алмастырып отырды. Байырғы түрін дәл осы сандық техника мен оның бағдарламалық қамтамасыз етілуі жиынтығы алмастырды. Дәстүрлі «электрондық оқулықтардан» басқа «CD-ROM»-дардың орнына сандық білім беру ресурстарын (СББР) жасау және пайдалану ұсынылып отыр. СББР білім беруші бағдарламалық өнім ретінде бізге не ұсынады? Бұрында пайдаланып жүрген білім беру бағдарламаларымен салыстырғанда қандай құндылықтары бар?
СББР қысқармасы «сандық білім беру ресурсы» деп шифрленеді. Яғни, білім беру мақсаттарына арналған және сандық, электрондық, «компьютерлік» түрде ұсынылған мағыналы оқшауланған объект.
Егер бұл атауды жоғарыда көрсетілген мағынаға сәйкес түсіндірсе, онда «СББР» ретінде компьютерде сол күйінде және бөлек файл немесе өзара байланысқан файлдар тобы түрінде ұсынылған кез-келген аудиовизуалды ақпарат үзіндісі деп есептеуге болады. СББР ретінде кез-келген мәтіннің үзіндісін, формула жазбасын, электрондық кестені, сурет, фотосурет, анимация, аудио немесе бейненің үзіндісін, презентация немесе мәліметтер қорын, тест, интербелсенді үлгі (сонымен қатар үлгілік орта аясында ұсынылған үлгілік объектілермен емін-еркін әрекет жасауға мүмкіндік беретін «виртуалдық зертхананы») және т.б. қарастыруға болады. Бұған қоса СББР-ның мұндай анықтамасы оның мақсаты (одан басқа, ол білім беруші болып табылатынын), оқу материалы мазмұнының толықтығы, бұл объект жасалынды ма әлде жай ғана сканерлеу немесе сандық әдістердің басқа жолдарымен сандық түрге қайта айналдырылғаны туралы ештеңе айтпайды.
Білім беру мақсатындағы бағдарламалық құралдарды жасау үшін түрлі гранттық бағдарламалар мен тендерлерді ұйымдастырудағы КДҰҚ (кадрларды дайындаудың ұлттық қоры) құжаттарында қабылданған «ресми» терминологияның бұндай бос түсіндірмеден ерекшелігі бұл атауды түсінудің аса тар және қатты жағын қарастырады. Осы терминологияға байланысты қазіргі таңда оқу үдерісінде жасауға және пайдалануға арналған осындай бағдарламалық құралдардың үш дәрежесі ұсынылады:
- СББР-ы сәйкес пән бойынша нақты оқулықпен қатаң байланысқан және сәйкес әдістемелік қолдау жасайтын сәйкес оқу тақырыбының қандай да бір нақты үзіндісін меңгеруді қолдайтын жеке «сандық мазмұндық модуль» ретінде;
- Инновациялық оқу-әдістемелік кешендер – талап етілген (оқу материалдарын ұсынудан бастап алынған білімді бақылауға дейінгі барлық қызметтерді дамытатын, оқушылардың жас кезеңдеріне сәйкес келетін базалық оқу бағдарламалары аясында меңгерілетін тақырыптармен барлық шоғырларды қаптайтын және оқу үдерісін байырғы тәсілмен іске асыруға мүмкіндік беретін «инновациялық» потенциалдан құралған) электрондық компонент жиынтығы және «қағаз» түріндегі әдістемелік қолдама ретінде;
- Күрделі құрылымдардың ақпарат көздері - «түрлі» айдарының аналогы, оған қорлық стандарт тақырыптарының бір бөлігін ғана қамтитын, оларды дамытатын, кешенді және интербелсенді сипатқа ие және оқулықтарға байланысы міндетті емес қосымша және анықтамалық материал сынды түрлі ақпараттық объектілер жатады.
Ақпараттық-телекоммуникациялық сүйемелдеудегі ақпараттық мазмұндық қамтамасыз ету құрамына СББР-дың екі тобы кіреді
1) Ақпарат көздері:
- тұрақты оқулықтарды қайталамайтын түпнұсқалық мәтіндер (хрестоматиялар, арнайы сөздіктер мен энциклопедиялардағы мәтіндер; ғылыми, ғылыми-кең таралған, оқу, көркем әдебиеттер мен публицистикалар...)
- статикалық бейнелер (пәндік аумаққа сәйкес ғалымдар кескінінің галереясы; меңгерілген объектілер мен үдерісьердің бейнелері – «плакаттар» және т.б.);
- динамикалық бейнелер (кеңістік-уақытша үздіксіздіктегі меңгерілген үдерістер мен құбылыстыр – кино және видео үзінділер, CD, DVD – дегі анимациялық үлгілері);
- мультимедиа орталары (ақпараттық-анықтамалық көздер, практикумдар (виртуалды құрылымдаушылар), жаттықтырушы және тестілік жүйелер, бағдарламалық оқу құралдары («электрондық оқулықтар», виртуалды экскурсиялар және т.б.)
2) Ақпараттық құрал-саймандар – бұл ақпарат көздерімен жұмыс істеуді қамтамасыз ететін ақпараттық құралдар.
Ереже бойынша, ақпарат көздерінің құрамына бөліну мүмкіндігі болғанда АМҚ аясында өз бетінше қолданыла беретін бөлек ақпараттық объектілер (қарапайым ақпараттық объектілер) кіреді.
Қарапайым ақпараттық объектілерді келесі түрде қарастыруға болады:
- дәстүрлі мүмкіндіктерді алмастырмайтын, керісінше толықтыратын және кеңейтетін дәстүрлі оқу үдерісінің негізгі компоненті, білім беру сапасы мен тиімділігін арттыратын әдістемелі мақсатқа сәйкес оқу құралдар ретінде;
- оқу үдерісінде ақпараттық-телекоммуникациялық сүйемелдеу пайдаланудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін құрал-саймандарды пайдалана отырып педагогикалық дизайн жасау аясындағы оқу- ақпараттық ортаны жобалау объектісі ретінде.
Толық біткен ақпарат көздері – барлық оқу курсы мен бөлімді (тақырыпты) жабатын соңғы сандық өнімдерің негізгі қызметін анықтайтын Ақпараттық-телекоммуникациялық сүйемелдеу мазмұндық компоненті ретінде қарастырылады.
Ақпараттық-білім беруші ақырғы сандық өнімі (тұрақты оқулықтарды қайталамайтын түпнұсқалық мәтіндер) негізгіге қосымша ретінде қарастырылады.
Оқу- әдістемелік қызметі бойынша СББР түрлері.
1) Электрондық оқулықтар:
Дәстүрлі оқулықтардың прототипі; түпнұсқалы электронды оқулықтар; пәндік білім беру орталары.
2) Электрондық оқу құралдары:
Үйретуші; жаттықтырушы; оқытушы; оқытушы – бақылаушы; ойын; интербелсенді; пәндік топтамалар; анықтамалар мен сөздіктер; тәжірибелік және зертханалық.
3) Электрондық оқу-әдістемелік кешендер (ЭОӘК)
Пәндік әлемдер; бағдарламалық- әдістемелік кешендер; пәндік оқу- әдістемелік орталар, инновациялық ОӘК.
4) Бақылаудың электрондық басылымы:
Тесттер; тестілік тапсырмалар; тестілеу бойынша әдістемелік нұсқаулар; құрал- сайманды әдістер.
Ақпарат түрі бойынша СББР жіктелуі:
1) Мәтіндік ақпаратты СББРР:
Оқулықтар мен оқу құралдары; түпдеректер мен хрестоматиялар; оқуға арналған оқулықтар; тапсырмалар мен тесттер; сөздітер; анықтамалар; энциклопедиялар; мерзімді басылымдар; нормативті- құқықтық құжаттар; сандық мәліметтер; бағдарламалық және оқу- әдістемелік материалдар.
2) Визуалды ақпаратты СББР:
а. Топтамалар: суреттемелер; фотосуеттер; суреттер; үдерістер мен құбылыстардың видео үзінділері; тәжірибелерді көрсету; видеоэкскурс;
b. Үлгілер: 2-3 – өлшемді статикалық және динамикалық; виртуалды ақиқат объектілері; интербелсенді үлгілер.
с. Символдық объектілер: сызбалар; диаграммалар; формулалар.
d. пәндік аумақтарға арналған карталар.
3) Біріктірілген ақпаратты СББР
Оқулықтар; оқу құралдары; түпдеректер мен хрестоматиялар оқуға арналған оқулықтар; тапсырмалар; энциклопедиялар; сөздіктер; мерзімді басылымдар
4) Аудио ақпаратты СББР:
Қимылдардың дыбыс жазбалары: музыкалық шығармалардың дыбыс жазбалары; тірі табиғаттың дыбыс жазбалары; өлі табиғаттың дыбыс жазбалары; бір мезгілдегі аудио объектілер.
5) Аудио және видео ақпаратты СББР:
Тірі және өлі табиғаттың аудио- видео объектілері; пәндік экскурсиялар; энциклопедиялар.
6) Интербелсенді үлгілер:
Пәндік зертханалық практикумдар; пәндік виртуалды зертханалар.
7) Күрделі құрылымды ЦБР:
Оқулықтар; оқу құралдары; түпдеректер мен хрестоматиялар, энциклопедиялар.
- Электрондық кітапхана – электрондық құжаттардың (әдебиеттер туындыларынан тұратын электрондық басылымдар, анықтамалар және т.б.) әркелкі топтамаларын сенімді және тиімді сақтауға мүмкіндік беретін белгілі бір ақпараттық жүйе.
- электрондық көрнекі оқу құралдарының кітапханасы – мазмұны берілген пәндік аумақтағы объектілер, үдерістер мен құбылыстарды бейнелейтін мультимедиа компоненттерін таңдау көмегімен берілетін оқу құралы
- Электрондық энциклопедия – белгілі бір ғылым саласын қамтитын түрлі бағыттар бойынша көп мөлшерде ақпараттан тұратын оқу құралы. Басылымдар мол суреттемелермен, видео және аудио үзінділермен, анимациялар мен үш өлшемді үлгілермен жабдықталған
- Үйретушілер, жаттықтырушылар, тәжірибелер – бұл сабақтарға, емтихандарға өзбетінше дайындалуға, өз білімін бағалауға мүмкіндік беретін оқу- әдістемелік кешендер.
- Мультимедиялық оқулықтар – бұл өз бетінше немесе оқытушы қатысуымен оқу курсын немесе оның үлкен бөлімін компьютер көмегімен меңгеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін бағдарламалық- әдістемелік кешен.
- Виртуалды зертханалар – бұл оқу кешені, мектеп жағдайында қиындатылған, қосымша құралдарды қажет ететін немесе өте қымбат тұратын пәндік зерттеулерді іске асыруға мүмкіндік жасайды.
1
|
№7 дәріс
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |