2. ДӘріс тезистері


Гравиметриялық анализ кезіндегі есептеулер



бет6/33
Дата26.04.2023
өлшемі209.33 Kb.
#472809
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Д ріс та ырыбы ж не тезистер Са ат к лемі

Гравиметриялық анализ кезіндегі есептеулер.
Гравиметриялық анализде қолданылатын барлық әдістемелік талаптарды дәлме-дәл орындап қана қоймай, математикалық есептеулерді орындауға зер сала білу керек. Үлгі өлшендісінің массасын шамалап есептеу үшін талдау жасалатын заттың молекулалық массасын, тұну формалары мен гравиметриялық формаларды ескерген жөн, сонымен қатар, тұнбаны даярлау, бөліп алу және оны кептіру кезінде өтетін химиялық реакциялар теңдеулерінің барлығын да дұрыс құру қажет.
Тұнбаның пайда болуы, ерiгiштiк көбейтiндiсiнiң ережесiне сәйкес, тұнбаға түсетiн иондардың ерiгiштiк көбейтiндiсi, сол температурада тұнбаға түсетiн қосылыстың ерiгiштiк көбейтiндiсiнен жоғары болуы қажет, сол кезде тұнба толық түседi.
[Ме+] [Ан-] > ЕКМе Ан ;
Гравиметриялық талдау жасағанда шектеуді ескерген жөн. Егер реакция нәтижесінде кристалды тұнба түзілсе, гравиметриялық форманың массасы 0,2 - 0,3 г жеңіл тұнба үшін, ал ауыр тұнба үшін 0,5 г болуы керек. Аморфты тұнбаның гравиметриялық формасының оптималды массасы 0,1 – 0,15 г болғаны жөн. кристалды тұнба түзілсе: mгр.ф. = 0,2 - 0,3г жеңіл тұнба үшін;
mгр.ф. = 0,5г ауыр тұнба үшін;
аморфты тұнба түзілсе: mгр.ф. = 0,1 – 0,15г;
Өлшендіні аналитикалық таразыда үтірден соңғы төртінші таңбаға дейін (0,0002г) дәлдікпен алу керек. Өлшенді мен тұнбаға түсетін реактивті есептеу алдын ала есептеу болып саналады.


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

  1. Қандай жағдайда тұнба түзіледі?

  2. Индукция мерзімі деген

  3. Тұнбаның пайда болу жылдамдығы.

  4. Түнбаның түзілу шарты.

  5. Тұнбаның түрлері және түзілу шарттары.


Тест тапсырмалары
Тұнбаның толық түсуіне әсер ететін факторлар:
A) ерітіндінің рН;
B) тұндырғыштың мөлшері;
C) тұнбаның ерігіштігі;
D) қысым және температура;
E)&тұндырғыштың мөлшері, тұнбаның ерігіштігі, ерітіндінің рН;
*****
Барийді барий сульфаты түрінде анықтау үшін барий кристаллогидратының қандай массасын алу керек:
A) 0,1 г;
B)&0,5 г;
C) 1 – 1,5 г;
D) 2,5 г;
E) 5 г
*****
Тұнбаның толық түсуіне әсер ететін факторлар:
A) ерітіндінің рН;
B) тұндырғыштың мөлшері;
C) тұнбаның ерігіштігі;
D) қысым және температура;
E)&тұндырғыштың мөлшері, тұнбаның ерігіштігі, ерітіндінің рН;
*****
Гравиметриялық анализ үшін тұндырғыштың қандай мөлшерін алу керек:
A) эквивалентті мөлшерде;
B)&біржарым есе артық мөлшерін;
C) кез-келген мөлшерде;
D) үш есе артық мөлшерде;
E) бірдей көлемде;
*****
Рудадағы темірді есептеу үшін қандай гравиметриялық факторды пайдаланады, егер оны гидроксид ретінде тұндырса:
A)&
B)
C)
D)
E)
*****
15. Егер, барий сульфаты ретінде тұндырса, оның құрамындағы барийді есептеу үшін қандай гравиметриялық факторды пайдаланады:
A)
B)
C)&
D)
E)
*****
Ірі кристалды заттарды қалай алады:
A) суық қанық ерітіндіден;
B) суық сұйытылған ерітіндіден;
C)& ыстық сұйытылған ерітіндіден;
D) ыстық қанық ерітіндіден;
E) бөлметемпературасындағы ерітінді;
*****
Аморфты тұнба түзілу үшін:
A) ыстық концентрлі ерітіндіден баяу тұндыру керек;
B) суық концентрлі ерітіндіден баяу тұндыру керек;
C)& ыстық концентрлі ерітіндіден тез тұндыру керек;
D) суық концентрлі ерітіндіден тез тұндыру керек;
E) ыстық сұйытылған ерітіндіден тез тұндыру керек;
*****
Кристалды тұнба алу үшін:
A)& тұндырғышты тамшылатып қосады
B) тұндырғышты үлкен мөлешерде жылдам қосады
C) тұндырғышты тұнушы компоненттің ерітіндісіне толық қосады
D)тұндырғышты тұнушы компоненттің ерітіндісіне толық құймайды
E) ерітіндіге желатин қосады
*****
Аморфты тұнба алу үшін:
A) тұндырғышты біртіндеп қосады
B) тұндырғышты тұнушы компоненттің ерітіндісіне толық құйады
C) тұндырғышты тұнушы компоненттің ерітіндісіне толық құймайды
D)& тұндырғышты бірден қосады
E) ерітіндіге тұндырғыштың артық мөлшерін қосады
*****
Тез тұндырғанда түзілетін тұнба:
A) майда кристалды;
B) ірі кристалды;
C)& аморфты;
D) суспензия;
*****
Аморфты тұнбаны сүзуге арналған фильтр:
A) ақ лента;
B) қызыл лента;
C)& көк лента;
D) әйнек фильтр;
E) күлсіз
*****
Барий иондарын күкірт қышқылымен тұндыру үшін қажетті жағдай:
A) баяу суық концентрлі ерітіндіден;
B) баяу ыстық концентрлі ерітіндіден;
C) тез ыстық концентрлі ерітіндіден;
D)&баяу ыстық сұйытылған ерітіндіден тез араластыра отырып;
E) тез ыстық сұйытылған ерітіндіден;
*****
Тұнба түскеннен кейін неге тұндырып қойып қояды?
A)&тұнба пісу үшін;
B) тұнба толық түсу үшін;
C) қоса тұну үшін;
D) қоса тұнған бөлшектердің десорбциясы үшін;
E) тұнба еру үшін
*****
Тұндырғышқа қойылмайтын талап:
A) &тұндырғыш ұшқыш және спецификалық болуы тиіс;
B) тұндырғыш аз еритін тұнба түзуі тиіс
C) тұндырғыш аз мөлшерде болуы тиіс;
D) тұндырғыш ірі кристалды тұнба түзуі тиіс;
E) тұндырғыш майда кристалды тұнба түзуі тиіс;
*****
Ерітіндіден барий ионын барий сульфаты ретінде тұндыру үшін қажетті тұндырғыш:
A) натрий сульфаты;
B)& күкірт қышқылы;
C) аммоний сульфаты;
D) калий сульфаты;
E) кальций сульфаты;
*****




№ 4
дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет