Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
Тест тапсырмалары
1. Қышқылдық-негіздік титрлеу әдісінде титрлеу қисығы деп нені айтады?
A) рН мәнінің құйылған титрант көлеміне тәуелділігін көрсететін қисық;
B) Сн+мәнінің Ститрант мәніне тәуелділігін көрсететін қисық;
C) Скышкылмәнінің Снегізмәніне тәуелділігін көрсететін қисық;
D) Скышкылмәнінің негіздің көлеміне тәуелділігін көрсететін қисық;
E) рН мәнінің Ститрантмәніне тәуелділігін көрсететін қисық.
*****
3. Ацидиметрия әдісінің титранты:
A) KOH, HCl
B) NaOH, Ba(OH)2
C) CH3COOH, NaOH
D)HCІ,H2SO4
E) HNO2,NH4OH
*****
4. Cілтілік ортадан қышқылдық ортаға өткенде метилоранж индикаторы өзінің түсін өзгертеді:
A) қызылдан сарыға
B) қызылдан көкке
C) түссізден малина қызылға
D) сарыдан қызылға
E) сарыдан күлгінге
*****
5. Эквиваленттік нүкте мен бейтараптық нүкте сәйкес келетін жағдай:
A) күшті қышқылды әлсіз негізбен титрлегенде;
B) әлсіз қышқылды күшті негізбен титрлегене;
C) күшті қышқылмен күшті негізді титрлегенде;
D) әлсіз қышқылды әлсіз негізбен титрлегенде;
E) сұйық ерітінділерді титрлегенде;
*****
6. Қышқылдық-негіздік титрлеуде титрлеудің күрт өзгерісі деп нені айтады?
A) Сн+ мәнінің қателік мүмкін аралықта өзгеруі;
B) Сн+ мәнінің бейтараптық нүктеге жақын аймақта өзгеруі;
C) рН мөнінің эквивалентах нүктеге жақын жерде күрт өзгеруі;
D) қышқыл концентрациясының қателік мүмкін аралықта өзгеруі;
E) рН мәнінің титрант көлеміне байланысты өзгеруі.
*****
7. Қышқыл-негізді титрлеуде титрлеу қисығының күрт өзгеру шамасы мен оның орнына қандай факторлар әсер етеді?
A) қышқылдың диссоциациялану константасы;
B) қышқыл мен негіздің диссоциациялану константалары;
C) титрленетін ерітіндінің келемі;
D) қышқылдың, негіздің диссоциациялану константалары және ерітінді концентрациясы;
E) титрлеу жылдамдығы.
*****
Достарыңызбен бөлісу: |