Тұнбаныңерiгiштiгiнебөгдеэлектролиттердiңәсерi(тұздық эффект)
Тұнба – ерітінді жүйесіне басқа күшті элеткролитті қосса осы жүйедегі нашар еритін тұздардың ерігіштігі артады (ерігіштігінің артуын тұздық эффект дейді). Түрлi күштi электролит ерiтiндiлер кейде тұнбаның ерiгiштiгiн арттырады. Мысалы, PbSO4 ерiгiштiгi нитраттар (NаNO3, КNO3) қатысында артады. Қорғасын сульфатының қанық ерітіндісіне NаNO3, КNO3 ерітіндісін қосса сульфаттың ерітігішітігі артады және қосылған тұздың конц. ұлғайған сайын ерігішітігі арта түсетінін И.В.Тананаев және И.Б.Мизецкая анықтаған.
Сол сияқты таллий хлоридіне К2SO4 н/е КNO3 ерітіндісін қосса таллий хлоридінің ерігіштігі артады. Ал AgSO4-ң ерігішітігі NaCI н/е НNO3 қосқанда қатты артады екен. Mg(NO3)2 қосқанда одан азырақ, ал КNO3 қосса одан да азырақ ериді екен.
Ерiтiндiдегi бөгде электролиттiң әсерiнен (басқа тұздың) тұнбадағы заттың ерiгiштiгiнiң өсуiн – тұздық эффект дейдi.
Тұздық эффекті ЕК тұрғысынан түсіндіруге болмайды, бірақ оны ерітіндінің иондық күші және ионның активтілігімен түсіндіруге болады.
Температураның және ерітіңдінің табиғатының ерігіштікке әсері.
Тұнбаның толық түсуі 1-ші кезекте ЕК байланысты, егер t өзгерсе, тұнбаның ЕК де өзгереді. ЕК мен t–ң арасындағы байланыс Вант-Гофф теңдеуімен жазылады.
∂ ln EK / ∂T = ∆H / RT2
Ерітіндіде аз еритін заттар үшін реакция энтальпиясы ΔΗ барлық уақытта оң, АВ(қатты) ↔ А+ + В- температура өскен сайын ЕК және ерігіштгі артады.
Егер тұздардың сулы ерітіндісіне, суда араласатын электрoлит емес зат қоссақ (ацетон, спирт т.с.с.), тұздардың ерігіштігі азаяды, мұны былай түсіндіруге болады: электролит емес зат молекуласы гидраттанса иондардың гидраттанған қауызы (оболочка) бұзылады да тұз тұнбаға түседі. Сонымен қатар кейбір тұздар органикалық ерітіндіде ериді. Бұл мынандай жағдайда болу мүмкін, тұздардың атомаралық әрекеттесу күші аз болса және органикалық ерітіндінің сольваттану энергиясы аз болған жағдайда болады басқаша айтқанда қатты заттардың иондары оңай сольваттанады.
Достарыңызбен бөлісу: |