Дәріс бойынша ағымдық бақылау сұрақтары:
Философия тарихындағы еркіндік ұғымына шолу.
Адам еркiндiгiнен туындайтын құндылықтарға нелер жатады?
Еркіндік пен адамгершілік-құқықтық құндылықтардың арақатынасы қандай?
Философиядағы ерік және оның еркіндігі мәселесі қалай шешіледі?
Саяси еркіндік және оның қамтамасыздық шарттары қандай?
Дәріс бойынша тест тапсырмалары:
Конфуцийдің пікірінше, асыл адам қорқатын нәрселер:
А) Аспан әмірі
В) Табиғаттың дүлей күштері
С) Өмірдің шектеулілігі
Д) Рейнкарнация
Е) О дүниелік өмірден
F) Өмірдің мәнсіздігі
G) Найзағай
Н) Қоғамның қатаң иерархияға бөлінуі
Ф. Ницшенің философиясындағы идеялар:
А) Нигилизм
В) Білім беру
С) Билікке ерік
Д) Даналыққа деген махаббат
Е) Асқан адам
F) Жеңіске жету
3. Платонның ойынша адам жаны үш бөліктен тұрады:
А) Этикалық
В) Рационалды
С) Ерік
Д) Қанағаттандыру
Е) Ми, сана
Ғ) Жүрек
G) Физикалық
Н) Сезімтал
4. «Бунтующий человек» шығармасының авторы:
А) К. Ясперс
В) И. Кант
С) Л. Фейербах
Д) А. Камю
Е) К. Поппер
5. А. Яссауи тақуалығының мәні:
А) өз өмірін ғибрат ету
В) адамдар күнәсін қабылдау
С) азап шегуден құтылу үшін
Д) өнертапқыштық қасиеті
Е) қалай адам өз еркін меңгеруі керек деген өнеге
Ғ) Қытайлық зиялы қауымға ғақлия-дастан арнаған
6. Альбер Камю экзистенциалистік философиясында қолданған:
А) «абсурд» ұғымын
В) «монада» ұғымын
С) «субстанция» ұғымын
Д) «мен» ұғымын
Е) «бүлік» ұғымын
Дәріс бойынша қорытынды сұрақтары:
Философия тарихындағы еркіндік мәселесі: діни, этикалық, заңдық, тарихи тұрғыда.
Б.Спиноза еңбектеріндегі адам және оның еркіндігі мәселесі.
Еркіндік пен жауапкершілік (Ж.-П.Сартр). Еркіндік және абсурд (А.Камю).
Философия мен психология ауқымындағы ерік мәселесі.
Ерік еркіндігі мәселесін зерделеу және түсіндіру.
Алаш қайраткерлерінің философиясындағы еркіндік және тәуелсіздік идеялары.
|