Жоспар: 1. Күшейткіштер.
Күшейткіштерді топтастыру.
Күшейткіштердің сипаттамалары және олардың параметрлері.
Күшейткіш деп кіріс сигналының қуатын арттыруға (күшейтуге) арналған құрылғыны атайды. Күшейту, энергияны қорек көзінен тұтыну есебінен активті элементтердің көмегімен жүзеге асырылады. Күшейткіштерде активті элементтер көбінесе транзисторлар болып келеді және мұндай күшейткіштерді жартылай өткізгіштік немесе транзисторлық деп атайды. Кез келген күшейткіште кіріс сигналы қорек көзінен жүктемеге берілетін энергияны басқарады.
Күшейткіштің негізі болып екі элемент табылады: кедергі R және басқаратын активті элемент АЭ (1 сурет), кедергі Uвх кіріс сигналының әсерінен өзгереді. Активті элементтің кедергісінің өзгеруінен қорек көзінен Еп кернеуімен R-дан және АЭ тізбегінен өтетін ток өзгереді. Нәтижесінде схеманың элементтеріндегі кернеу өзгереді, сонымен бірге Uвых шығыс кернеуі де өзгереді. Дұрыс жобаланған күшейткіште Uвых > Uвх кернеу алу қиын емес.
1 сурет – Кедергі мен басқаратын активті элементтен тұратын күшейткіш
2 суретте күшейткіш кірісі және шығысы үшін жалпы шинасы бар активті төртұшты түрінде келтірілген. Кіріс сигналының көзі Rг ішкі кедергісі бар Ег кернеу генераторы ретінде көрсетілген. Күшейткіштің шығысында жүктеменің Rн кедергісі қосылған. Генератор мен жүктеме күшейткіш каскадтың бөлігі болып табылмайды, бірақ оның жұмысында маңызды роль атқарады. Суреттегі күшейткіштің кіріс Rвх және шығыс Rвых кедергілері бар.
2 сурет – Күшейткіш каскадтың құрылымдық схемасы
Күшейту шамасына байланысты кернеуді, токты және қуатты күшейткіш деп бөледі. Барлық күшейткіштер қуатты күшейтеді, бірақ кернеуді күшейткіш ең бастысы кернеуді күшейтеді, ал токты күшейткіште ең алдымен ток күшейеді.
Күшейткіш каскадтарды Rвх және Rг шамаларының қатынасы бойынша бөлу ыңғайлы. Егер күшейткіште Rвх >> Rг болса, онда оның потенциалды кірісі бар және ол кернеуді күшейткіш болып табылады. Токты күшейткіште Rвх << Rг , яғни ол жердегі кіріс токтікі болады. Қуатты күшейткіште Rвх ≈ Rг, яғни кіріс, кіріс сигналының қорегімен дәл келеді.
Сонымен қатар Rвых және Rн бойынша да кернеуді күшейткіштер (Rвых << Rн), токты күшейткіштер (Rвых >>Rн) және қуатты күшейткіштер (Rвых ≈ Rн) деп бөлуге болады.
Күшейтетін сигналдарының түріне байланысты күшейткіштерді гармоникалық сигналдарды күшейткіштер және импульстік сигналдарды күшейткіштер деп бөледі. Гармоникалық немесе квазигармоникалық сигналдарды күшейту процесі олардың жиілік спектрінің өзгермеуімен, сонымен қатар барлық гармоникалық құраушыларының амплитудалық қатынастарымен анықталады. Гармоникалық сигналдарды күшейткіштерге жазу және сигналдарды шығару құрылғыларының, микрофондық және т.б. құрылғыларының күшейткіштері жатады.
Импульстік күшейткіштер әртүрлі формадағы импульстерді күшейту болып табылады.
Күшейтетін сигналдың уақыт бойынша өзгеруі бойынша тұрақты ток және айнымалы ток күшейткіштері болып бөлінеді.
Күшейткіштердің негізгі көрсеткіштері
Транзисторлық күшейткіштің күшейткіштік қасиеті оның сапалы сипаттамаларымен бағаланады, оларға: кіріс және шығыс кедергісі, күшейу коэффициенті және П.Ә.К, динамикалық диапазон, жиіліктік, фазалық және ауыспалы сипаттамалар жатады.
Күшейткіштің негізгі параметрлерінің бірі оның күшейту коэффициенті, кернеу бойынша , ток бойынша және қуат бойынша . Күшейткіштер үшін күшейту коэффициенті әртүрлі болуы мүмкін, бірақ әрқашан . Көп каскадты күшейткіштің жалпы күшейту коэффициенті жекелеген каскадтардың күшейту коэффициенттерінің көбейтіндісіне тең: K=K1*K2*K3…KN. Күшейтуді көбінесе логарифмдік бірлік децибелмен (дБ) береді.
Орта және жоғарғы қуатты күшейткіштер үшін маңызды көрсеткіш П.Ә.К.:
мұндағы, Рн – күшейткіштің жүктемесіне бөлінетін қуат; Ро – қорек көзінен күшейткіш тұтынатын қуат.
|
7
|
№ 7 дәріс. Транзистор - күшейткіш элемент
|
Достарыңызбен бөлісу: |