2 I. Негізгі бөлім


Ас қорыту мүшелерінің гагиенасы



бет15/16
Дата19.01.2023
өлшемі322.32 Kb.
#468545
түріҚұрамы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Ас орыту физиологиясы

Ас қорыту мүшелерінің гагиенасы. Сәби баланың тұрақты тістері бірнеше жылдар бойы сүт тістерінің астында болатындықтан мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың ауыз қуысы мен тістеріне ерекше көңіл аударуы қажет. Дүниежүзілік денсаулық сақтау мекемесінің мөліметі бойынша қазіргі кезде балалардың ХО-90 %-ның тістері үнемі емдеп жүруді қажет ететін корінеді. Балаларда, әсіресе тіс к а р и е с і жиі байқалады. Мұның себебі қышқылдар тістің эмал қабығының және тіс ұлпасы дентиннің минерал тұздары н ерітеді. Әсіресе комірсуының ашығанынан пайда болатын сүт қышқылы гіске көп зиян келтіреді. Одан әрі эмалі бүлінген тіске микробтар әсер ете бастайды. Сөйтіп тістің органикалық заттары ыдырайды. Кариестің пайда болуына тамақтың құрамындағы В және Д топтарындағы витаминдердің, кальций, фосфор, фтордың жетіспеуінің де ықпалы бар. Мұны ң бәрі организмдегі минералдар мен белоктың алмасуына, соның ішінде тіске де әсер етеді. Кариестің майда болуына ауыз қуысындағы микроорганизмдердің осері мол, сондықтан баланың күніне екі рет (таңертең гүрған соң және кешке жатарда) тістерін арнайы пасталармен тазартып отыруы және тамақтан соң ауызын іиымшым температуралы сумен шайып отыруының маңызы зор. Кариесті болдырмау үшін тамақтың құрамындағы кальций, фосфор мен фтор және витаминдердің мөлшерін геңестіруге көңіл бөлу қажет. Қазіргі кезде ауыз суын фторлау, арнайы тіс пасталарын жасау сияқты аурудың алдын алу жұмыс тары кең жолға қойылған. Сонымен қатар, балалардың тістерін мезгіл-мезгіл маман дәрігерге корсетіп, тексеру қажет. Маман дорігерлер ауру тістерді емдеп, пайда болған тесіктерін бүтіндеуі тісті мүлде бүзылудан сақтайды

Қорытынды

Ас ауызға түскеннен кейін бірнеше секундтен соң, сілекей шығару күшейе бастайды. Мұндай сілекейдің тез бөлінуі рефлекторлы түрде, жүйке жүйесінің қатысуымен реттелетінін білдіреді. Ауыз қуысындағы ас тілде, үртта, еріннің ішкі жағында орналасқан дәм сезгіш, ауырсыну, жылу сезгіш терморецепторлар мен қысымды, механикалық жанасуды сезетін барорецепторларды тітіркендіреді. Олардың үштарында қозу пайда болады. Бұл қозу орталыққа тепкіш, яғни кезеген, тіл-жұтқыншақ және бет нервтерінің афференттік талшықтары арқылы сопақша мидағы сілекей шығару орталығына келеді. Бұл жерге келген қозу талданып, талқыланып жауап қозу туады. Ол симпатикалық және парасимпатикалық орталықтан тепкіш, яғни эфференттік нервтер арқылы сілекей бездеріне барады да, шартсыз сілекей шығару рефлексі іске асады.


Мұндай нәтижені сілекей бездерінің гормондары к а л и к р е и н мен брадикинин де тудырады. Симпатикалық нервтендіру жүйесі қоректендіру (трофикалық) қызметін қоздырады, сілекей ферменттерін ондіруді реттейді. Симпатикалық нерв талшығын тітіркендіргенде аздаған мөлшерде сілекей шығады, бірақ ол ферменттер мен муцинге мейлінше бай болады.
Сілекей тамақты көргенде, оның иісін сезгенде, астың атын айтып әңгімелескенде де шығады. Бұл — И. П. Павлов шартты рефлекс деп атаған сілекейдің шартты түрде бөлінуі. Бұл рефлекс Бұрын көрген, жеген, иісін сезген, аты аталған тамақты қабылдағанда пайда болады. Мысалы, Бұрын лимон жеп көрмеген адамда лимонның түрін көріп тұрған мен немесе оны сөз қылғаннан сілекей бөлінбейді..
Күшті тітіркендіргішке 1,5-2 секундте, ал әлсіз тітіркендіргішке 15-20 секундта сілекей бөліне бастайды.
Ауыз қуысындағы сезгіш рецепторлардың тамақ түйіршігінің немесе сілекейдің өсерінен тітіркенуі сопақша мидағы жүтыну орталығын қоздырады. Жүтыну оралығындағы қозу импульстері үшкіл, тіласты, кезеген және тіл-жұтқыншақ нервтерінің эфференттік жолымен жұтқыншақ пен көмейдің бұлшық еттеріне келеді. Олардың жиырылып, босауының нәтижесінде ас қоймалжыңы өңешке өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет