2 і-тарау. ХІ-ХІІ ғасырлардағы Хорезмнің саяси тарихы


Мемлекетте бір орталыққа бағынбаушылықтың белең алуы және Монғол шапқыншылығына ұшырауы



бет3/4
Дата22.02.2016
өлшемі346 Kb.
#1795
1   2   3   4

3.2. Мемлекетте бір орталыққа бағынбаушылықтың белең алуы және Монғол шапқыншылығына ұшырауы.

Монғол шапқыншылығы басталмастан бұрын хорезмшах мемлекетінің шекарасы Афганистан және Иран территорияларында жалғасын тауып кеңейу үстінде болатын. 1213 жылы Салгурлық Атабек Сад бин Зенгидің билігіндегі Кирман қаласы алынды. 1215 жылы Газне де хорезмшах мемлекетіне қарады. Мұхаммед бұл жердің билігін баласы Жалал ад-динге берді.

Сонымен ислам әлемінде хорезмшах Мұхаммедпен пара-пар түратын ешқандай билеуші қалмады. Бағдат Аббаси халифаты ан-Насырды (1180-1225) да қарамағына қарату және "Ұлы Салжұқ мемлекеті" сұлтандары сияқты халифты тек қана діни лидер ретінде қалдыру мақсатында қаншама күш салғанымен ешқандай жетістіктерге жете алмады. Өзінің мақсатын жүзеге асыру үшін Бағдатқа сенімді адамы Кади Омарды жіберді. Негізгі мақсаты халифтың өзіне "сұлтан" атағын беруін талап еткен болатын /83/. Халиф оның бұл ұсынысына келісім бермеді. Ол бұл талаптарды орындау үшін оның Бағдатқа сіңірген еңбегі және жергілікті тұрғындарға жасаған қызметі болуы тиіс деп келісімін бермеді. Хорезмшах Мұхаммедтің осыншама үлкен империя билеушісі бола тұрып өзінің астанасына көз салуына түсінбеушілігін білдірді, әрі оған қарсы ұлы Шихаб уд-дин Шухренердиді елші етіп Хорезмге жіберді. Алайда бұл келген елшіліктер ешқандай нәтиже шығара алмай араларындағы тартыс одан ары өрши түсті. Билігін, құдіретін арттыру жолында халиф қолынан келгенін істеп бақты. Халиф өзіне жат істермен араласып және Мекке әмірімен бірігіп, Бағдат қаласындағы хорезмшах елшілігін өлтірді /84/. Сонымен қатар халиф "шиилік" ағымға бойсұна бастады. Халифтің бұл ісін көрген "сунни" ғалымдар оны жек көре бастады. Халиф Насыр, Гур сұлтандарын өзімен бірлесуге шақырды. Осы жағдайларды естіген хорезмшах Мұхаммед қатты ашуланып қаланы Аббасидтардан тартып алуға тоқталды. Мұхаммед "сунни" жолдағы ғалымдармен ақылдаса отырып халифтың атын "құтбеде" оқытуға тиым салды. Оның орнына атақты Сейід Ала Термизді халиф етіп жариялады. Мұхаммедтің бұл істерді бұлай шешуі ғұлама заңгерлері арқылы істеген. Себебі: Олардың алдына мынадай сауал қойған болатын. "Егер билеуші өзінің өмір бойына өз атақ данқын, байлығын дінді сақтау жолына қиса, Алла жолына бас исе және ол дінсіздер құрбаны болғанын аңғарса, осыны қандай жолмен шешуі тиіс ? Ислам шекарасын қорғаса және осы үшін қасиетті ғазауат соғыс ашса, бұл күнә емес" деп заңға енгізулерін талап еткен болатын /85/.

Хорезмшах Мұхаммед осы жұмыстар барысында Бағдатқа қарсы әскери жорық жасаудың жолын тапты. Сұлтан әскер жинап ан-Насырға қарсы шығарылған үкімді орындау үшін ең алдымен Ирак-ы Ажемді басып алуға аттанды. Түріктің бір қолбасшысы Оғылмұш осы елдің сұлтанына сатылып, оған жағыну үшін өзінің бірнеше жасырын баскесерлерін қызметке берді. Халиф Насыр бұларды бұрын да Мекке билеушісінен бөлінгенде де қолданған болатын /86/. Оғылмұш өлгенен кейін оның есімі дұғалардан алынып тасталды. Оның орнын басуға шақырылған Фарс және Азербайжан билеушілері билік басына отыруға жанталасты. Осы жағдайдан кейін Мұхаммед өзінің Ирак жорығын бастады. Фарс атабегі Сад бин Зенги жеңіліске ұшырап тұтқындалды. Ол өзінің бостаңдығы үшін екі қорғанысын беруге және жыл сайын өзіне түскен пайдасының бір бөлігін беріп тұруға келісті. Ал Азербайжан атабегі Өзбекте жеңіліске ұшырап қашып кетеді. Сұлтан әскерлері оның артына түспекші болғанда, оларды сұлтан тоқтатып, бір жылда тұтқын болған екі ел басшысы бақыт әкелмейді деді. Өз еліне жеткен Өзбек оған елші жіберіп силықтар тарту етіп өзін өз қарамағына алуын сұрады /87/.

Ирак-ы Ажемді бағындырған сұлтан іле шала Бағдатқа соққы беруге дайындалды. Халиф Насыр өз жауымен бибіт келісімге келу мақсатында Шихаб уд-дин ІПухревердиді сұлтанға жіберді. Ол сұлтанды Хамадан лагерінен тауып кездесті. Ол Мұхаммедтің шатырына келгенде, Мұхаммед төсек үстінде қолайсыз киініп отырады, амандыққа жөндеп жауап бермейді, отыр депте айтпайды. Келген елші араб тілінде халиф Насырдың айтқан аманатын барынша түсіндіріп жеткізеді. Соңынан сұлтанға "Мұхаммед пайғамбардың" хадистерінің бірінде жазылғандай, бұл ұлы үрпақ өкілдеріне зиян тигізуге болмайтынын уағыздайды. Хорезмшах оның сөзін тыңдап болған соң "Халиф бұл айтылған ұлылар қатарына жатпайды. Мен Бағдатқа барысымен оның орнына бұл атақ шенге лайық адамды отырғызамын, ал бұл уағыздарда жазылған жағдайларға келсек және барлық Аббасид ұрпақтарына келер болсақ, олардың көбі түрмеде туылып, өмірінің соңына дейін соңда өткізген. Аббасид ұрпақтарына өз кесірін тигізушілердің көбі олардың өздерінің ішінен шыққан жаулары" деп жауап берді сұлтан /88/. Шейх өз жауабында, әрбір халиф өзін Алла жолында құрбандық етуді және алланың қалауымен қызмет етуге мойынсұнса, онда ол халықтың тыныштығы үшін біреулерді түрмеге жабу тиіс болса, онда мұндай қадам ешқандай Алла сөзіне қайшы келмейді деді. Бірақ Шейхтың сөздері хорезмшах Мұхаммедтің шешімінің өзгеруіне еш ықпал ете алмады. Нәтижесіз болған елшілік барсында халиф Насыр өз астанасын қорғап қалу үшін қорғаныс жұмыстарын жүргізе бастады.

1217 жылы күз айында хорезмшах Мұхаммед халиф Насырға жорыққа шықты. Алайда хорезмшах әскерлері Есед Абад тауларына жеткенде қалың қар жауып суыққа шыдамай қырылды және күрттердің тұтқиылдан жасаған шабуылына ұшырап көптеген шығынға ұшырады. Аздаған әскерімен кері қайтуға мәжбүр болды /89/. Бұл жорықгың нәтижесіз аяқталғанын барша мұсылман қауымы Алланың жіберген жазасы деп есептеді. Сонымен қатар сұлтан Мұхаммед оңай жаулап аламын деп ойлап, қайта оңбай саяси жағынан әлсіреуге әкеп соқгырды. Дегенімен хорезмшах Мұхаммед алған мақсатынан қайтпай халиф Насырға деген өшпенділік әрекеттерінен тынбай 1218 жылы Нишапурға келіп "құтбені" халиф атына оқытпады. Мерв,Серахс және Бұхара қалалрында да "құтбе" халиф атына оқытылмады.

Бұған керсінше Самарқанд, Герат қалаларында "құтбе" еш өзгерместен өз қалпында оқылуы және Хорезмде де ешқандай кедергісіз оқылуы Теркен Хатунның және оған бағынышты түрік хандарының, дін адамдарының арқасында болатын. Сұлтанмен шешесі Теркен Хатунның арасындағы саяси күресте осыдан белгілі /90/. Теркен Хатунның тағы бір рөлі хорезмшах Мұхаммед мұрагерін таңдарда белгілі болды. Теркен Хатунның ықпалымен ол ең кіші баласы Озлақты мұрагер етіп сайлады. Теркен Хатун немерелерінен бұны ерекше өзіне жақын тартты. Себебі: Озлақ Теркен Хатуның рулас қыздаң туған болатын. Теркен Хатун хорезмшах сұлтанның анасы емес, сонымен қатар өзі шыққан қыпшақ тайпаларының қолдаушысы болды. Хорезмшах Мұхаммед тұсында ықпалы қарыштап өсіп сұлтанның бұйрығына бағынбаушылыққа дейін әкелді. Қыпшақ тайпаларынан шыққан қолбасылар тек Теркен Хатунның бұйрығына ғана бағынды /91/. Жувейниде Теркен Хатунның шыққан тегі түрік тайпаларының ішіндегі қаңлы тайпасынан дейді /92/. Ажемилер (зұлымдар) деп аталған бұл адамдар өте қатал жан ашу дегенді білмейтіндер деп келтірген. Бұлар қай жерге барса да сол жерді бұзатын болғандықтан халық оларды көріп қашатын болған. Олардың халыққа жасаған зұлымдықгары және езушілік әрекеттері, хорезмшах мемлекетінің әлсіреуіне әкеп соқтырушылар болып табылады дейді /93/.

өлең арабша.

Бір қауым бар екен, бес уақыт намазын артығымен орындаған,

Бірақ та Харем-и Шерин-те қажылардың қанын төгуден еш

тайсалмаған.

Теркен Хатунның жеке сарайы және өзіне бағынатын адамдарына болған. Сонымен қатар сұлтанның қазынасындағы қаржыдан білгенінше алып жаратуға мүмкіндігі бар еді. Жаңа аймақтар жаулап алынғанда сол жердің билеушілері қолға түссе оларды тез арады өлтіртіп отырған. Ол осыларды жасағанда "Алланың" адам баласының жасаған іс әрекеттерінің жазасын тек бұл дүниеде ғана емес о дүниеде де жазаға тартатынынан хабары жоқ сияқты істейтін болған.

өлең.

Не істесеңде зұлымдық және кәпірлік, дүние әрқашан уақыт



өткізбестен сенің есебіңе жазады /94/.

Несеви жазбаларында бұл әйелдің бірнеше құдайға құлшылық ететінін, қаншама ғибадатханалар салдыртсада қан төгуден еш бас тартпайтыныны туралы айтылған. Өз туыстарының беделіне сүйенген бұл әйел патшайым орталық билікті өз қолына алуда аянбай күш салған. Сол заманнан қалған бір аңызға сүйенсек 1216 жылы шешесінің шейхы әрі сүйіктісі болған Мажд ад-дин Бағдатты, хорезмшах Мұхаммед біліп қойып ашу үстінде оны өлтіруге бүйрық береді. Міне содан бері ана мен бала арасындағы талас тартыс осыдан басталған дейді. 1218 жылы Нишапурда Низа ул Мүлікті парп алды деп уәзірліктен алғанымен шешесінің бұйрығымен қайта уәзірлікке келуі, мемлекет басында екі адамның отыруы және біріне бірі бағынбаушылықгың әсері еді.

Хорезмшах мемлекеті өз ішінде осындай бүлінушілікпен жүріп жатқанда жақын бір болашақта мемлекеттің астаң кестеңін шығаратын күш ортаға шыға бастаған болатын. Хорезмшах Мұхаммед Дешті қыпшақ территориясына талай жорықтар жасап отырған /95/. Осындай жорықтардың бірінде 1216 жылы Қадыр-ханға қарсы жорығы кезіңде Ырғызға дейін жетіп, онда торғай даласында монғолдардан қыпшақтар еліне қашқан меркіттерді куып келе жатқан Шыңғысхан әскерімен мүлдем күтпеген жерде қақтығысып қалды /96/. Жүзжанидің осы қақтығыс туралы келтірген деректемесіне сүйенсек хорезмшах "солтүстік полюстің маңына жеткен, бұл жерде ылғи қараңғылық негіз алған, ал шыққан күн нұры бүкіл түн бойы арайлап тұрған". Жазғы кештердің түнді алмастырып тұруы тек биік жерлерде және тек жаз айларында болған. Мүмкін хорезмшах әскерлері солтүстік полюске жете қоймаған шығар, бірақ мұндай жазғы кештің түнді алмастырып тұрған жағдайды алғаш көрген жауынгерлер қатты таңданған. Бұл күбылыстың тек қана солтүстік аймақга 48 /30 болатынын жақсы білеміз. 48 /30 кеңістігі ырғыз өзенінің географиялық ауданына жатады. Осы маңнан хорезмшах өз әскерлерін тоқгатады. Өйткені олар өзеннің мүз басқан екінші жағалауына өте алмайды /97/.

Н.Н.Бартольдтың айтуынша бұл оқиға көктем айларында мұздық салмақ көтере алмайтын еріген кездерінде болған. Хорезмшах өз әскерін тек сәуір айында өзен мұз құрсауынан босаған шақта алып өткен, солтүстікке қарай бағыт алады. Хорезмшах Мұхаммедтің монғол әскерімен қақгығысы жаз айларында болған деп тұжырымдайды /98/.

Ибнул Есеридің айтуынша Мұхаммед әскері осы аралықты төрт ай мезгілде жүріп өткен дейді.

Екі өзен арасындағы қақтығыс.

Тобол өзенінің батысындағы Ақгөбе және Орынбор облыстарының 52 градусында, оңтүстік батысындағы Орал тауларының етегін, Мұхаммед әскерінің көздеген жері болатын. Құмақ өзенінің солтүстігіне Жарлы өзені келіп қүұды. Осы айтылған екі өзен XIII ғасырда Жувйнидің айтқан Қимач, Қайлы өзендері болса керек /99/ Осы өзендер аралығында 1216 жылы жазда монғол әскерімен хорезмшах Мұхаммедтің алғашқы қақтғысы болған. Монғол әскерлерінің қолбасшылары Сүбетей мен Жебе болған (Осы жорық кезінде кейбір тарихшылар Сүбетейдің қасыңда Жебе емес Жошы болған дейді).- Қайлы, Қимач өзендерінің арасында монғолдар мемркіттерді талқандайды. Бұл жерге кешқұрым келген хорезмшах Мұхаммед жаралы меркіттен монғол әскерінің соғыс алаңынан жаңа ғана кеткенін естіп, олардың соңынан куа жөнелді. Монғол әскеріне хорезмшах әскері келесі күннің таң алдында жетеді. Сол кезде монғол әскербасылары хорезмшахқа адам жіберіп өздерінің соғысуға шамалары жетпейтінін айтады және өздері жаулап алған меркіттерден түскен қазынамен тұтқыңдарды береміз дейді. Хорезмшах Мұхаммед өз әскерінің саны жағынан да күші жағынан да күшті екеніне көзі жетіп, олардың бұл ұсынысын қабылдамайды. "Шыңғысхан саған менімен шайқаспауды бұйырса, маған менің құдайым тілдестерді жойып құрметке бөленуді бұйырады" деді. Монғол әскерімен хорезмшах әскерлері Жарлы маңында кездеседі. Юаньши бұл жөнінде екі әскер арасындағы қақтығыс Хуилиөзені бойында болған десе, М.Маркварт қақтығысты Қайлы өзені деп көрсетеді. Соғыс бір күн бойына толастамайды. Екі жақ әскерлері де беріспейді. Хорезмшах Мұхаммед монғол әскерінің өжеттігіне, батырлығына осы соғыста тәнті болады. Кешке қарай монғол әскерлері артқа шегініп өзен жағасына демалады. Екі әскер арасын кішкентай өзен бөліп тұрады. Бұл өзен кәзіргі Құмақ өзені болса керек /100/. Мұны Жүзжани да куаттайды. Бұл өзендер туралы Н.Ф.Минорский Ырғыз және Торғай десе, Маркварт бұл шайқас Ырғыз өзенінің оңтүстігінде болған дейді. Ал Г.Е. Грумм-Гржимайло Ырғыз жағалауы деп жазады. Н.Н.Бартольд осы соғыстың дәл қай жерде болғаны туралы ашық айтпаған, тек соғыс Торғай даласында болған деп тұжырымдайды.

Хорезмшах пен монғол әскерлерінің мүлдем күтпеген жерден кездесіп қалды дегені енді сәл артықтау сияқты. Себебі: Хорезмшах Мұхаммед алғашқыда осы территорияға монғолдардың келмегенін білмеуі әбден мүмкін. Бірақ ол осы жерде қырғынға ұшыраған меркіт жауынгерінен істің мән жайын білді және өзі монғол әскерінің артынан барды. Мұны тек мен ғана айтып отырған жоқпын. Тарихшылардың жазған деректерінде осылай келтірілген. Міне сондықтан бұл соғысты күтпеген жерден қақтығысып қалды деу артықтау. Қалай дегеңде бұл соғыс хорезмшах Мұхаммедке қатты әсер етті. Н.Н.Бартольдтың пікірінше 1219-1221 жылдары хорезмшахтың мемлекетін шапқан кезде оның монғолдармен ашық майданға неліктен шықпаған себептерінің бірі осы болған деп келтіреді /101/.Ал бүдан әрі Хорезм-монғол қатынастары барған сайын шиеленісе түсті.

Қазақстан мен Орта Азияға жорық жасауға Шыңғысхан зор мән берді. Соғысқа ұзақ уақыт және мұқият дайындалды. Мұсылман көпестерімен монғолдарға қызмет еткен қашқындардан қарақытай мемлекетінен және хорезмшах мемлекетінің ішкі жағдайымен әскери күштері туралы мағлұматтар алынып, солардың негізінде ойластырылған іс-қимыл жоспары жасалды.

Шыңғыс ханның жеткен жеңістері туралы хабар Орта Азияда алуан түрлі пікірлер туғызды. Жебе ноянның 20 000 әскермен 1218жылы Жетісуда Күшлік әскерін талқандаған соң, монғолдармен хорезмшах мемлекетінің шекаралары тұстас болып шықты. Хорезмшах Мұхаммед Шыңғыс ханның қаншалықты күшті екенін толық біле алмауынан және 1215 жылы монғолдардың Қытайға жасаған жорығы кезінде Пекин қаласының алынғанына шүбә келтіріп, жағдайдың анық қанығын білу мақсатында Сейід Бахеддин бастаған елшілікті Шыңғыс ханға жолдады. Елшілер Шыңғыс ханға жеткен шақта Пекин қаласының алынғаны жайында хабар келеді /102/. Шыңғысхан елшілерді жақсы ілтипатпен қарсы алып өзін шығыстың, хорезмшах Мұхаммедті батыстың қағаны ретінде танып, араларыңда татулық болуын қалайтындығын айтты. Екі ел арасында сауда қатынасының жақсы дамуына, саудагерлердің екі жақтан қарсылықсыз келіп кетуіне баса назар аударды. Шыңғысхан саудагерлердің өз елінде жан-жақты қарсылыққа тап болмауына сөз берді /103/. Бұған керсінше Ала ад-дин Мұхаммедтің түп мақсаты саудагерлердің екі ел арасындағы сауда жасауы емес, Шыңғыс ханның беделінің қаншалықты екенін білу болатын /104/.



Хорезм елшілері қайтқанда Шыңғысхан оларға Хорезмдік Махмудты, Бұхаралық Али Хожаны және Отрарлық Юсуп Кендті қосып жіберді. Елшілер Шыңғыс ханның сәлемімен силықтарын хорезмшахқа табыстады. Силықтар Орта Азияда жасалған күміс кұйма, нефрит кесектері, киім кешек және ақ жүннен тоқылған такул болатын. Елшілер монғол ханының сәлемін былай жеткізді. "мен саған өз сәлемімді жолдаймын, мен сенің күшіңе және күшті империяңа тәнтімін, сенің жер бетіндегі ең үлкен территорияға хандық ететінінді білемін. Мен сенімен тек достық қатынаста болғым келеді әрі өзімнің сүйікті ұлымдай қараймын. Менің Қытайды жаулап алып және түріктерді өзіме қаратқанымды білесің, менің елімнің құмырсқаның илеуіндей әскерге толы және жерімнің күміс қазынадай бай екенін білесің. Мен сенің екі елдің сауда жағдайын өзара жақсартуына қарсылық жасамайтыныңа сенемін" деген сәлемін жеткізді /105/. Хорезмшах Мұхаммед өзін Шыңғыс ханның ұлым дегеніне ашулансада монғол елшісінен оның қарамағына кіруін немесе баласының әкесіне деген, інісінің ағасына деген қызметін қалай атқаруды сұрады /106/. Сұлтан елшілердің ішіндегі мұсылшман Хорезмдік Махмудты түнде өзінің жанына алдырып, оған өзінің сенім білдіретінін айтып және қызметі үшін ақысын телейтінін айтады. Одан Шыңғыс ханның мақсаты туралы шындықты айтуын және келешекте өзіне қажетті мәліметтер беріп тұруын сұрады. Өз сөзінің кепілдігі ретінде саусағыңдағы бағалы сақинаның бірін алып берді. Шыңғыс ханның Қытай елін жаулап алғаны рас па? деп сұрады. "Бұл сенімсіздік білдіруге жатпайтын жағдайлардың бірі" деп жауап берді."- Хорезмшах Мұхаммед мақұл бірақ сендер менің басқарып отырған империямның зор екенін білесіндер ме? Мені өз баласына теңеген бұл қандай жан? Және оның әскерінің көптігі рас па? деп дейді. Хорезмшах Мұхаммедтің қатты ашуланғанын көрген елші "Шыңғысхан әскері сіздің әскеріңіздің жанында, қараңғыда көрінген болар болмас жарық сияқты" деп жауап береді /107/. Осы сөзден кейін сабасына түскен сұлтан екі ел арасындағы сауданың жақсы дамуына,. келісім шарт жасалады /108/. Шыңғысхан және туыстарының аттарын жамылған саудагерлер шығыс және батыста сауда жолының дамуына үлкен рөл атқарады. Келіп кеткен елшілердің барысында екі елдің қағандары жақын бір болашақта соғыстың болатынын сезетін еді /109/. Шыңғысхан бұл соғысқа қатты әзірліктер жасады. Бүған керсінше хорезмшах мемлекеті ешқандай дайындық жүргізбеді /110/. Хорезмшах мемлекетіне бағынышты саудагерлерден үш адам монғолдар жеріне жібек және қағаз, мата алып келді. Шыңғыс ханның алдына алып келген олардың бірі өзінің алып келген заттарына өте жоғары бағада ақы сұрады. Бұған ашуланған Шыңғысхан "Бұл бізді өмірімізде мұндай мата көрмеген деп тұр" деп оған өзінің бұл жөніндегі мол байлығын көрсетуді бұйырды. Хорезмдік саудагерлердің әкелген заттарын тонауға алды. Сонан соң оның қасындағы жолдастарын алдыртты. Оларға алдын ала өздерін қалай ұстау керектігін айтып қояды. Олар әкелген маталардың бағасын айтпайды. Тек бұл маталардың монғол ханына тарту үшін әкелгендігін айтады. Осы жауапқа риза болған Шыңғысхан олардың әкелеген маталарын және алғашқы жолдастарының заттары үшін де жақсылап ақысын беріп, бұлардың үшеуінде тамақтандырып, сый сияпат көрсетіп, бөлек үйге түскізді. Шыңғысхан өзінің нояндарымен әскербасшыларының адамдарын ақшамен қамтамассыз Орта Азиялық саудагерлерден Омар Хожа, Жамал Марағы басқарған 500 түиелі, монғол эансыздарын қоса есептегенде 450 адамнан тұратын үлкен керуенді хорезмшах мемлекетіне жібереді /111/. Рене Гроуссет бұл керуендегі адам санын 100 шақты деп келтіреді /112/.

Керуенде Шыңғыс ханның сұлтанға керуен жайыңда және жақсы тілектер айтқан хат жолдаған болатын. 1218 жылы Отрар каласына келген керуенді қыпшақ Қайырхан қабылдайды. К.д Оссон өз кітабында Қайырханды осы байлықтың барлығын өзім иемденсем деген арам ойға бой алдырып, керуендегілерді тұтқынға алады әрі хорезмшах Мұхаммедке бұларды Шыңғыс ханның жансыздары деп хабарлайды. Жувейни мен Ибнул Есирдің келтірген деректеріне сүйенсек ол кезде сұлтан Иракта болған. Қайырхан сұлтанға осы керуеннің тыңшылыққа келгенін хабарлайды. Хабарды алған хорезмшах олардың өлтірілуіне әмір береді /113/. Қайырхан әмірді орындап, қазыналарын сұлтанға жібереді. Алайда олардың ішінен біреуі қашып шығып болған бәрін Шыңғыс ханға хабарлайды. Сұлтан Ала ад-дин Мұхаммед жіберген елшілермен саудагерлер қай кезде келмесін тыңшылықпен келіп жүр деп тусінген және Отрардағы саудагерлердің өлтірілуіне әмір берген /114/. Шыңғысхан жаңадан тағы бір елшілік тобын құрып, хорезмшахқа жіберді. Бұл елшілікті Хорезмдік Ибн Кефрес Бұғрани және екі татар бастап келді. Шыңғысхан елшілікті жіберіп былай деді. Біз еліміздің ешқандай саудагерлеріне тиіспейміз деп келіскен едік, бұл іс өз қолыңмен істелмесе, қылмыстыны өз қолыма бер және керуендегі дүние мүлікті қайтар деп сәлем жібереді /115/. Хорезмшах Ала ад-дин Мұхаммед бұл талапты орындамағаны былай тұрсын, келген елшілерді де өлтіруге бұйрық береді. Бұл Шыңғыс ханның Хорезмге қарсы соғысына себеп болды.

М.Шахановтың Оңтүстік Қазақстан газетінде жариялаған "Отрар Қасыреті туралы жаңа дерек" атты мақаласында Отрардағы елшілердің өлтірілуіне Қайырхан және хорезмшах Мұхаммедтің ешқандай кіңәсі жоқ дейді. М.Шахановтың сүйеніп отырған дерегі 1842 жылы - Ресей армиясының бас штабында генерал-лейтенант профессор М.И. Инанин "Монғол-татарлардың және Орта Азия Халықтарының Шыңғысхан мен Темірлан кезіндегі соғыс өнері" деген тақырыпта баяндама жасаған. Бұл еңбек 33 жылдан кейін Санкт-Петербургкте тиісті орындар үшін 300 дана болып басып, құпия сақталған көрінеді. Осы баяндаманың жаңадан табылған қосымша бөлігінде, заманыңда Шыңғысхан қолданған тыңшылық барлау тәсілдеріне кең орын берілеген, осыған сүйене отырып академик Рустам Рахманалиевтің Москваның "Прогресс" басылымынан шығарған " түркілер империясы" атты 912 беттік еңбегі жарық көрді. «Н 1218 г. Чингисхан послал второй караван, роскошнее первого. Караван достиг границ Отрара и был уничтожен стражниками крепости. Возможно, необычайное долготерпение хана объясняется влияниеми его советника Елюй Чуцая, пытавшегося установить добрососедские отношение с Хорезма? Возможно. Однако по мнению военного историка генерел- лейтенента, профессора М.И.Иванина все обстоялоиным оброзом. И, прежде всего, долготерпение Чингисхана, объясняется хорошо продуманным провакационным ходам, дабы развязать войну с Мухаммедом Хорезмским. Что касается жестоких мер, предпринятых по отношению к дипломатичской мисси Чингисхана, то действительно при въезден Отрара, пограничным фортпост, весьимеющийся товар стражниками крепости был конфискован, а прочвивших неповиновение, н том числе Чингисхана подвергли уничтожению. Это каварная и жестокая расправа с караваном была запланирована и исполнена военной разведкой Чингисхана. Правитель Отрара Каирхан не совершал этого преступления. Летописцы характеризуют Каирхана как яркую, неординарную личность, спасобную зажечь собственным патриотизма народ»

Кейбір тарихшылар әскери барлау жұмыстарымен тыңшыларды пайдалануда және қарсыласына түрлі-түрлі арандату тәсілін қолдану шыңғысхан және Наполеон тұсыңда қатты дамығанын жазады. Тіпті өмірінің соңында өліміне жиналған мыңдаған тілектес адамдарды түгел қырғызып тастауға бұйрық берген. Шыңғыс ханның өз тапсырмасымен хорезмшах сұлтанына алтын, күміс, алуан түсті жібек маталар сыйға апара жатқан 450 саудагер бұйым болып па? Оларды әлгіндей жансыздары арқылы өлтірткізіп хорезмшах Мұхаммедке соғыс ашу үшін кінәнің барлығын Қайырханға жапқан деп келтіреді.

Шыңғысхан Бұғрани бастаған жүз елшімнің өшіне өш аламын, сарт ауылдардың сазайын тарттырамын деп жорыққа шықты /116/. Десекте Отрардағы саудагерлердің өлтірілуі сұлтан тарапынан болмай, Қайырханның өзі істегенде де оны Шыңғыс ханға бере алмайтын еді, хорезмшах Мұхаммед. Себебі: Қайырхан бұл орынға Теркен Хатунның ықпалымен отырған болатын. Сонымен қатар хорезмшах әскерінің қолбасшыларының көбісі Қайырханның тайпаластары болатын. Бұл қыпшақтар өз тайпаластарыы үшін жандарын беруге даяр болған. Оған дәлел келтіретін болсақ хорезмшах Текеш Қадыр Буке ханға жорық жасағанда, қол астындағы қыпшақ қолбасшылары өз тайпаластары жағына шығып кетіп, хорезмшах Текештің жеңілісімен аяқталған болатын. Міне сондықтн сұлтан хорезмшах Мұхаммед қалай болса да бұл талапты орындамаған болар еді. Ал бұан керсінше Абдулкерім Өзайдын осы істер барысында хорезмшах Мұхаммед тар түсінікте ойламағанда және Орардағы саудагерлердің өлтірілуіне байланысты, Шыңғыс ханның талабын орындағанда жағдай басқаша болар еді дейді /117/. Оның дәлелі Күшлікке қарсы күресін бтірмеген және Қытай, танғұгтарға жасалған жорығын бітірмеген Шыңғысхан, сырттан қарағанда өте куатты саналған хорезмшах мемлекетіне соғыс аша алмайтын еді дейді. Менімше бұл жорамал онша дәл келе бермейтін сияқты. Себебі: Шыңғысхан үш күн, үш түн аза тұтып бұл жорыққа қатты әзірлікпен кірісті.

Шыңғысхан хорезмшахпен соғысу үшін жинаған әскерінің санын ешкім дөп басып айта алмайды. Одақтастары Жетісу қарлұқтары және Шығыс Түркістан ұйғырларымен қосқанда 150 мың жауынгері болған /118/. Ислам тарихшыларының мәліметтеріне сүйенсек 150-200 мыңдай болған. Жорық 1219 жылдың қыркүйегінде Ертіс жағалауынан басталды. Сол кездегі деректерге сүйенсек, Шыңғысхан әскерін Ертістен Сырдарияға дейін бұрынғы жаулап алушылар жүрген жолмен Жетісу арқылы жүрген.



Хорезмшах әскерлері монғол әскерінен көп әрі куатты болған. Монғолдармен соғысу үшін жасалған мәжілісте баласы Жалал ад- динмен қолбасшылар Сырдария бойында монғолдарға ашық майдан жасау керек деген ұсыныс жасады /119/. Алайда хорезмшах Мұхаммед бұл ұсынысты қабылдамай соғысты Маураннахырда жүргізу керек деп шешті. Әскерін қалаларға бөліп-бөліп орналастырды. Өзі әскерінің басында тұруға жарамай Хорасанға кетті. Себебі: Шешесінің жанына жиналған түрік қолбасылардан қорыққан болатын. Осы жағдайлардың барлығы монғолдар үшін өте қолайлы болды. Қамалдарды бір-біріне қоспай жаулап алуға жеңілдік тудырды.

Шыңғысханның бірінші мақсаты осы соғысқа себепкер болған, Отрар қаласының билеушісі қыпшақ Қайырханды қолға түсіру болатын. Осы себептен 1219 жылы басталған монғолдар жорығы Ертістен басталып Жетісуды көктей отырып Отрар қаласын қоршады. Қаланы қоршаған әскер басылар Шыңғысханның балдары Шағатай мен Өгедей және әйгілі қолбасшылар Жебе, Сүбетей және Тонучарлар болатын. Қайырханда қаланы қорғауға өзінің 50 мың әскерін жұмылдырды. Қаража Қажып көмекке 10 мың әскермен келді. Әйгілі Парсы тарихшысы Жувейнидің "Жаханда жаулап алушының тарихы" атты кітабында, қала халқы бес ай бойы берілмей табандылықпен күрес жүргізіп, қалың жаумен айқасқан Отрар халқы ашаршылыққа ұшырады. Қайырхан бар күшімен күресті жүргізе берді. Қаража Қажып өз әскерімен "Солпыхан" қақпасынан шығып жау жағына шығып кетті. Өгедей мен Шағатай Қаража Қажыптан қала туралы мәліметтер алған соң, оны әскерімен бірге қырып салды. Монғолдар Қаража Қажыптың өз әміршісіне, халқына және отанына істеген опазыздығын ескеріп, ол бізге қалай опа бермек деп өлтірткен /120/. Монғол әскерлері қалаға осы қақпа арқылы кірген. Алайда монғолдар қалаға кірісімен Қайырхан бастаған 20 мың қорғаушыға тап болды. Отрардың алынуына тағы бір ай уақыт кетеді. Нәтижесінде Қайырхан тірідей ұсталып қала халқы қырылды және мал мүлікті талан таражға салып, қаланы жермен жексен етті. Аса аянышты жері Отрарда кітаптарымен бағалы ескерткіштерінің саны жағынан дүниеде екінші орын алған кітапхана өртеліп жіберілді /121/. Жошы бастаған әскер Сығанақ, Сауран, Баршылықкент, Жент, Үзкент қалаларын жаулап алды /122/. Сырдария бойындағы қалалардың алынуымен Маураннахыр территориясына жол ашылды. Маураннахырдың ең мықты қаласы Самарқандты жаулап алған Шыңғысхан әскерлерін бөліп хорезмшах мемлекетіне бағынышты қалаларды бағындыруға аттандырды. Балхта түрған сұлтан Ирактағы баласы Рукнед дин қасына барды. Алайда бұл жерде де ол монғол қуғынынан құтыла алмады. Содан соң Тус қаласына қашты. Монғол әскерлері әрбір аймақтарда жеңістерге жетіп, алға қарай ілгерлеуде болатын. Хорезмшах Мұхаммед Нишапур, Бистам жолымен Рейге келді. Хамадан аймағында Фаррезин қаласында 20 000 әскермен күтіп түрған баласы Рукнед динге қосылды. Мазасы кеткен сұлтан әскеріне жөндеп бұйрық та бере алмады. Девлетабад (Демавенд) аймағында монғолдармен болған соғыста жанын әзер құтқарып, Мазендран жолымен Каспии теңізінің оңтүстік шығысына жақын Абескун аралдарының біріне паналады. Осы жерде ауырып 1220 жылы осы аралда өлді /123/. Өлімінен аз күн бұрын хорезмшах Мұхаммед шешесі Теркен Хатунмен отбасының Илал қаласында тұтқынға түскенін естіген болатын. Сұлтан Мұхаммед өлместен бұрын Термез өзенінен өткеңде шешесінің және әйелдерінің Мазеңдран каласын паналауы үшін Хорезмге адамдарын жібереген болатын. Теркен Хатуын баласының бұрығын орындап сұлтанның әйелдерін алып әскерді хорезмге қалдырған болатын. Теркен Хатуын туысқандары мен немерелерін алып Уәзір Нассреддиннің көмегімен Дихистан жолымен Мазендранға жүрді. Мазендран қаласына келген сұлтан бұл жерде шешесінің және жақыңдарының өміріне қауіпті деп Ларижан және Илал қалаларына жіберді. Монғол қолбасшысы осы айтылған қалаларды қоршауға алды. Оның үстіне Илал қаласының үстінен әрқашан кетпей жаңбыр жауып қала тұрғындары судан таршылық көрмейтін еді. Алайда монғол әскерлері қаланы қоршағанда бір тамшы жаңбыр жаумады. Он бес күн қоршауда қалған Теркен Хатун сұлтанның әйелдері және Уәзір Насареддин су тапшылығынан амалсыздан қаладан шықты. Бұлар қаладан шыққан заматта аспанды бұлт торлап, найзағай ойнап жаңбыр жауа бастады.

өлең. Біз өлгенен кейін дүние теңіз болсын, не сағым болсын, біз үшін бәрібір /124/.



Монғол шапқыншылығы басталмастан бұрын Ала ад-дин Мұхаммед Теркен Хатунның және оның жақтастарының ықпалымен кіші баласы "Ебул Мұзаффар Кутб ад-дин" лақабын иемденген Ұзлақты тақ мұрагері тағайындаған болатын. Себебі: Ұзлақтың шешесі Теркен Хатунның руынан шықкан болатын. Теркен Хатуын Жалал ад-дин Менгубердиді жақтырмайтын еді. Хорезмшах Мұхаммед өлер алдыңда ең соңғы бұйрығын шығарды. Ол да тақ мұрагерлігіне байланысты болатын. Хорезмшах Мұхаммед мемлекетті қайта қалпына келтіре алатын және жаужүрек, ақылды деп санап баласы Жалал ад-динді тақ мұрагері етіп тағайындап, қалғандарының оған бағынышты болуын әмір етті /125/. Әкесінің өсиетімен монғолдар қарамағына өтпеген Хорезмге келгенде оның сұлтандығын танымады және монғол әскерлерінің жақындауы салдарынан, өзіне қарасты адамдарымен Хорасанға кетуге мәжбүр болды /126/. Артынан екі бауыры Ұзлақшахпен, Ақшақта Хорасанға келді. Ал Хорезмде қаңлы-қыпшақ тайпаларынан құрылған 90 000 мыңдық әскер Хумар Тегін деген қолбасшыны сұлтан деп жариялады /127/. Орта ғасырдағы атақты қалалардың бірі және Хорезмшах мемлекетінің астанасы болған Үргеніш төрт ай қоршалып 1221 жылы монғолдар қарамағына өтті. Үргеншггің монғолдар қарамағына өтуі өзін сұлтан деп жариялаған Хумар Тегін қақпаны ашып қаланы жау қолына тапсырды /128/. Ибнул Есирдің айтуынша монғоддар тоғанды ашып қалаға су жіберген. Бұдан ешкімде тірі құтыла алмаған және қаланың көрікті ғимараттарының барлығы қираған дейді. Осымен хорезмшах мемлекеті құлады. Ең соңғы хорезмшах сұлтаны Жалал ад-дин мемлекетті қалпына келтіру мақсатында монғолдарға қарсы ең соңғы тынысын алғанша соғысуға серт берді. Үргеніштің монғолдар қолына өтуімен Нишапурға келген хорезмшах Жалал ад-дин өзіне қарасты қолбасшыларға хабар жіберіп монғолдарға қарсы күресте жәрдем берулерін сұрады. Монғолдардың бұл аймаққа келуімен Жалал ад-дин Себзебарға жақын Кахире қаласына кетуге мәжбүр болды. Қаладағы қазынаның барлығын қоластындағыларға таратып берді. 1221 жылы Газне қаласына келді. Монғол әскерінің қолбасшылары Текежүқпен .Малхорды қырғынға ұшыратты. Бұны естіген Шыңғысхан Шики Құтлұқ ноян басшылығындағы әскерді хорезмшах Жалал ад-динге қарсы жіберді. Осы соғыста хорезмшахтың жеңісімен аяқталды. Алайда соғыс барысыңда түскен олжаны бөлу кезінде әскербасылар арасында түсініспеушіліктер пайда болды. Осы араздықты дер кезінде пайдаланған Шыңғысхан әскерімен Жалал ад-динге қарсы аттанды. Бұдан құтылу мақсатыңда хорезмшах Жалал ад-дин Синд өзенінен өтіп Үндістан жағына шығып кетпекші болатын. Алайда монғол әскерлері қуып жетіп 26 қарашада 1221 жылы қоршауға алды. Хорезмшах Жалал ад-дин әскерінің аздығына қарамай Шыңғысхан әскернің қақ ортасына шабуыл жасап монғол әскерлерін жусатып салды. Соғыстың Жалал ад-дин пайдасына шешілі бастағанын көрген Шыңғысхан өзіне арнайы бағынатын қуатты 10 000 әскерін соғысқа кіргізді /129/. Хорезмшах Жалал ад-дин шұғыл түрде шешесін және отбасын соғыс майданынан ұзақтатып өзіде әскерімен соғыс даласын тастап шықты. Шыңғысхан хорезмшах Жалал ад-динді қолға түсіру мақсатында Шағатайды Үндістанға жіберді. Дегенімен Шағатай хорезмшахты қолға түсіре алмады. Үндістан территориясында хорезмшах Жалал ад-динге Рана Шатра басқаруындағы үнді әскерлері шабуыл жасады. Соғыс нәтижесіңде Рана Шатра өлтірілді. Бұдан кейін Жалал ад-дин Девдата Усакун билеушісі Қабажаның қызымен саяси тұрғыда үйленді. Дели сұлтаны Шемс ед-дин Ұлтұтмышқа елші жіберіп өзіне қолайлы жер беруін сұрады. Хорезмшахтың бұл ұсынысын Шемс ед-дин қабыл алды. Осыдан кейін хорезмшах Жалал ад-дин Рай Кокар Санжиге елші жіберіп қызын әйелдікке сұрады. Рай бұл ұсынысты қабыл алып және баласын әскермен қамтамассыз етіп сұлтан хорезмшахқа жіберді. Бірақ Шемс ед-дин Ұлтұтмыш, Қабажа және Үндістан билеушілерімен келісім жасап, Жалал ад-динге қарсы әрекеттер жасай бастады /130/. Сұлтан Жалал ад-дин орнына Жихан Пехлеванды қалдырып 1224 жылы Үндістан территориясынан шығып кетті. Жихан Пехливан бірнеше жыл Шемс ед-дин және оның одақтастарымен күрестер жүргізуге тура келді. Алайда күрестен ешқандай нәтиже шықпаған соң 1230-31 жылдары Үндістанды тастап Ирак-ы Ажемге оралды. Жалал ад-дин Кирманға келгенде жергілікті билеуші Барақ Хажиб бағыныштылығын білдірді. Осы тұста бауыры Гияс ед-дин Пиршах Азербайжаңда, Арран, Ирак-ы Ажемде Салгурлық Сад бин Зенги билік жүргізіп түрған болатын. Жалал ад-дин Сад бин Зенгимен саяси келісім жасап оның қызымен үйленді. Гияс ед-дин Пиршахпен күрестер жүргізіп Акута аймағында ойсырата жеңді. Осы жеңілістен кейін Пиршах ағасына бағыныштылығын білдірді. Осыңдай жетістіктерге жеткен Жалал ад-дин осы жерде болған құрылтайда хорезмшах тағына отырды /131/. Иран территориясын түгелдей өзіне каратқан Жалал ад-дин Азербайжан территорияларына көз тікті. Азербайжан жорығы кезінде Мерага қаласы соғыспай берілді. 1225 жылы шілде айында Тебриз қаласын жаулап алды. Азербайжанды бағындырған хорезмшах енді Грузия территориясына жорыққа аттанды. Жалал ад-дин Грузия жерінде соғысып жатқан кезінде Тебриз билеушісі Низам ед-дин және бауыры Шемс ед-дин Туғрай көтерілістер жасады. Осыны естіген хорезмшах Тебризге оралып Низам ед-динді өлтірді. Бұдан кейін хорезмшах Хорасан уәзірі Орхаңды әскерімен Генже каласына аттаңдырды. Орхан Генже, Байлакан, Бердия Шенкир және Шизиді жаулап алды. Арран билеушісі Жемал ед-дин Кумми өз еркімен бағынды. Одан ары Грузия хандығын жаулап алу жолына түсті. Алғашқыда дипломатиялық түрде жүрді. Біраз уақыттан кейін тікелей өзіне бағынсын деп хорезмшах Желал ад-дин елші жіберді. Бұл ұсынысты Грузиялықтар қабылдамай тастады. Нәтижесінде 1225 жылы тамыз айында Кербиде болған соғыста Грузия хандығы ойсырай жеңілді. 1226 жылы Грузия жорығын жалғастырып Тибилиси қаласын жаулап алды. Осыдан кейін сұлтан хорезмшах Кирман каласына кетті. Қайтар жолында 1227 жылы тамыз айында Ани каласын қоршады. Әскерінің бір бөлігі Карс қаласын қоршады. Алайда Карс қаласын қоршаудан ешқандай нәтижелер әкелмеді. 1229 жылы хорезмшах Жалал ад-дин лори қаласын өзіне бағындырды. Грузия хандығының Армиян, Алан, Сабар, Лаз және қыпшақтардан құралған 40 000 мың әскер жинағанын естіді. Екі жақтың әскерлері Бетак көлі аймағында кездесті. Қыпшақ тайпасынан құралған әскерлер соғыс даласын тастап шықты. Сұлтан Жалал ад-динмен болған Грузия хандығы арасындағы соғыстың барысы, Грузия хандығын ауыр жеңіліске ұшыратты. Желал ад-дин хорезмшах 1224 жылы Аббаси халифы Насыр Лидин иллахтың қарамағына қарасты Хузистанға барып, қысты сол жерде жерде өткізді. Хорезмшах, Зия үл-мүлікті халиф Насырға елші етіп жіберді. Елші халифқа өздеріне жәрдем берулерін сұрады. Алайда халиф Насыр Жалал ад-диннің ниетін білетін болғандықтан бұл ұсынысты қабыл алмады. Осыдан кейін хорезмшах Тустер қаласын қоршауға алды. Бевазит каласы өз еркімен берілді. Халиф Насыр Жалал ад-динді Ирактан шығару мақсатында Куш Тимурға 20 000 атты әскер беріп оған қарсы аттандырды. Алайда Куш Тимур әскері жеңілді, хорезмшах Жалал ад-дин Бағдатқа дейінгі жерлерге ойран салды. Осы кезендерді Артықоғылдары салжұқтар қоластынан шығып Мысыр Еюби мемлекетіне қараған болатын. Силван билеушісі ел Меликүл-Ешреф Мұса да салжұқ мемлекетімен арадағы қатынасын үзген болатын. Хорезмшахтың күшейуінен түркия салжұқ сұлтаны I Ала ад-дин Кейкубат үшін қауіпті бола бастады. Осының салдарынан Кейкубат, Мысыр Еюби мемлекетімен достық қарым-қатынастар орнатуға тырысты. 1225 жылы тамыз айында Жалал ад-дин хорезмшах азербайжан территориясындағы маңызды қаланың бірі Мерагиді өзіне қаратты. I Ала ад-дин Кейкубат және хорезмшах Жалал ад-дин екеуі бірігіп монғол шапқыншылығына қарсы одақ құруға бір-біріне хат жолдап отырғанымен, бұл достық ұзаққа созылмады. I Ала ад-дин Кейкубат Жалал ад-диннің монғолдарға қарсы тұра алмайтынына көз жеткізіп, достығын бұзды. Керісінше бұған хорезмшах Түркия салжұқ мемлекетін жойып, Анадолыны өзіне қаратпақшы болды. Осылайша 1230 жылы Ахлат қаласына жорық жасады. Бұған қарсылық ретінде I Ала ад-дин де Тибилиси қаласына жорық жасамауына және өзінің монғолдармен бірлескені жөнінде хат жолдайды. Егер бұл үсынысты қабылдамасаң саған қарсы әрекеттер жасаймын деді. Хорезмшах бұл талапқа құлақ аспай елшілерді куып жіберді. Нәтижеде Кейкубат Еюби мемлекетімен келісім жасап, хорезмшах жалал ад-динді Шығыс Анадолы территориясынан қуып шығаруға одақгасты. I Ала ад-дин және ел-Мүлікүл Ешрефтің өзіне қарсы бірлескенін естіген Жалал ад-дин Ерзурумнан, синасқа аттанды. Екі жақ әскерлері Яссышимен деген жерде кездесті. Соғыс басталған уақытта одақгастар әскерінің басым екенін аңғарған Жалал ад-дин соғыс даласын тастап шықгы. Алайда хорезмшах әскерлері көп шығынға ұшырады. Жалал ад-диннің бағалы киімдерімен қатар қазыналары салжұқтардың қолына өтті (1230 жылы, тамыз). Бүдан кейін хорезмшах монғоддардың өзіне қарсы шыққднын естіп Генже қаласына кетті. Бұл жерде жанын қүтқара алмайтынына кез жеткізіп ел-Жазира (Алжир) аймағына кетуге шешім қабылдады.

Арас, Елешкирт, Малазгирт, Хани жолымен Амид маңына 1231 жылы келіп тоқгады. Баргири-Ахлат жолымен келген монғолдар Дижле көпірі маңында хорезмшах Жалал ад-динге түтқиылдан шабуыл жасады. Әскері қырғынға ұшыраған хорезмшах Меяфаркын аумағына қашты. Сұлтан Жалал ад-диннің қалаи. өлгені жайыңда ешкім дөп басып айта алмайды. Сол кездегі аңыздардың біріне сүйенсек монғол әскерлері қуғанда тауға өрмелеп кеткен сұлтанды қашқындар (бұлікшілер) өлтірген десе, екінші бір аңыз Жалал ад-дин Амид тауына барып кешті өткізбек үшін күрке қүрады. Тау адамдары сұлтанның киімін алу үшін оны пышақтап өлтірген дейді. Алайда халық арасында сұлтанның сол кезде өлмегені, тірі екені әрі өмір сүріп жатыр деп сенеді. Халық арасындағы аңызды естіген монғолдар жылдар бойы хорезмшах Жалал ад-динді іздеп әуре сарсаңға түскен. Сұлтанның өлімінен кейін қолбасшылар Түркия салжұқ мемлекетіне, қалған бөлігі Сирия, Алжир аумақгарына бытырап кетті.

Қай заманда болмасын түрік мемлекеттері жалғасын тауып, мемлекеттігін құра алады деп ойлап, хорезмшах Жалал ад-дин өзін "Ұлы Салжұқ мемлекетінің" мирасқоры етіп қабылдаған. Жалал ад-дин түрік-ислам тарихындағы батыр және бахадүр сұлтандардың бірі болып табылады. Грузия және монғолдарға қарсы күресте, ислам әлемінде, исламды қорғаушы бір қаһарман ержүрек батыр болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет