3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) абилитация – мүгедектігі бар адамдардың бойында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіптік қызметке қабілеттілікті қалыптастыруға және дамытуға бағытталған шаралар кешені;
2) біліктілік
3) емдеуші дәрігер
4) еңбек ету қабілетінен айырылу
5) еңбек қабілеті
6) "Еңбек нарығы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Еңбек нарығы" ААЖ) – әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының, еңбек ресурстарын дамыту және ведомствоаралық өзара іс-қимыл орталығының қызметін автоматтандыруға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
7) кәсіптік ауру
8) кәсіптік еңбек ету қабілеті
9) кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі (бұдан әрі – КЕА дәрежесі) – қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау қабілеті төмендеуінің деңгейі;
10) куәландыру – оңалту әлеуеті мен болжамын белгілей және ескере отырып, МӘС жүргізу;
11) куәландырылатын адам – өзіне қатысты МӘС жүргізілетін адам;
12) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Е-Собес" ААЖ) – материалдық және заттай мәнде әлеуметтік көмек, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің бизнес-процестерін автоматтандыруға, жергілікті атқарушы органдар жүргізетін іс-шаралардың дерекқорын қалыптастыруға, жүргізуге және пайдалануға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
13) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті (бұдан әрі – Комитет) - еңбек саласында, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі мен халықты әлеуметтік қорғау саласындағы іске асырушылық және бақылау функцияларын өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның ведомствосы;
14) МӘС – мүгедектікті және (немесе) еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілей отырып (белгілемей), организм функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған куәландырылатын адамның тіршілік-тынысының шектелуін бағалау, сондай-ақ оның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттіліктерін айқындау;
15) МӘС әдіснама және бақылау бөлімі – аумақтық бөлімшенің МӘС мәселелері бойынша әдіснаманы және бақылауды, бақылау жүргізу бойынша қайта куәландыру, МӘС бөлімдерінің сараптамалық қорытындысына шағымдарды қарауды жүзеге асыратын бөлімі;
Достарыңызбен бөлісу: |