2. Мақсаты, міндеттері: Озат педагогикалық тәжірибе ұғымымен танысу, ғылымда алатын орнын білу, оны оқып үйрену әдістерін, озат тәжірибені тарату жолдарын, озат тәжірибеге қойылатын талаптарды талқылау



бет2/3
Дата13.12.2023
өлшемі61 Kb.
#486380
түріСабақ
1   2   3
3.1 Озат пед тәжірибесі

Озат тәжірибе — бұл мұғалімнің биік шеберлігі, яғни жоғары педагогикалық нәтиже беретін тәжірибе. Мұғалім тәжірибесінде жаңа, оригиналды ештеңе болмауы да мүмкін, бірақ ғылыммен белгіленген әйгілі принциптер мен қолдану негізінде, ол педагогикалық шеберлікке қол жеткізбеген мұғалімдер үшін жақсы үлгі болары сөзсіз.
Озат тәжірибеге жету үшін оқытудың мазмұн, мақсат, әдіс, құрал, жағдай сияқты негізгі салалары бойынша көп тәжірибе жинақтау керек. Оның екі жолы бар: бірі-өзгелердің озат тәжірибесін зерттеп-үйреніп, күнделікті тәжірибеде қолдану, екіншісі-эксперимент жолымен өзіндік жұмыс стилін қалыптастырып, өз тәжірибеңді жинақтау. Көп жағдайда бірінші жолды белгілі бір дәрежеде игеріп барып қана, екінші жолға түсуге болады деп есептеледі.
Тәжірибенің түрі көп екені белгілі: оң тәжірибе, эксперименттік тәжірибе, озат тәжірибе және жаңашылдық тәжірибе.
Ұстаздан жоғары кәсіби және әдістемелік шеберлікті қажет ететін, жаңа нормативтік талаптарға негізделген тәжірибе оң тәжірибе, ал қарапайым мектептегі қатардағы мұғалімнің, көпшіліктің сұранысын қанағаттандыратындай дәрежедегі,  тиімді жолмен қол жеткізген керемет жетістігіне негізделген тәжірибе озат тәжірибе деп аталады. Осылардың ішінде тек озат тәжірибе ғана оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыруға бағытталған күшті құрал бола алады. Қалған тәжірибелер озат тәжірибенің құрамдас бөліктері болып табылады.
Озат педагогикалық тәжірибені оқып үйрену әдістері

  • Бақылау жүргізу;

  • Сауалнама өткізу;

  • Әңгімелесу;

  • Мектеп және оқушы құжаттарын зерделеу;

  • Эксперимент жүргізу.

Педагогикалық тәжірибені зерттеуге қойылатын талаптар:
- мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтауы,
- педагогикалық еңбек шеберлерінің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау;
- бір педагогикалық тақырып бойынша бірнеше мұғалімдердің іс-тәжірибелерін зерттеу және жинақтау,
- жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибесін тарату және оны оқу-тәрбие процесіне енгізу,
- педагогикалық ғылыми-зерттеу институттарының басшылығымен оқу және тәрбие салаларында орын алып отырған мәселелерді тауып, оны шешуге ат салысу.
Озат тәжірибенің белгілері:

  1. қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озат

мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.

  1. педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық

«өнім» - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелігінің деңгейі.

  1. оқыту, тәрбие, дамуда тұрақты, жақсы нәтижелерге жету үшін мұғалімдер

мен оқушылардың өз күштері және құралдарын орнымен жұмсауы. Оқушыларға шамадан тыс қосымша тапсырмалар беріп, басқа пәндерді меңгеруге зиян келтіріп, білім сапасын көтеретін тәжірибе озат тәжірибе деп есептелмейді.

  1. Жаңалық.Әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін,

белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, олардың ұсынбаларын өз ісінде шеберлікпен пайдаланғаны жөн.
Озат тәжірибеге қойылатын талаптар:

  • ұзақ уақыт бойы жоғары нәтиже көрсетуі;

  • мұғалiмнiң «өзiндiк жаңалығы» болуы;

  • оқу-тәрбие жұмысының сапасын жақсартып, педагогика ғылымы жетістіктеріне сай жұмыс

істеуі;

арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткiзуі;

  • мұғалімнің бағдары, тұжырымдамасы, оқыту жүйесi, оқыту мазмұны, оқыту құралы,

материалдық базасының отандық стандартқа сай келуi;

негiздерiн ұтымды пайдалануы; 

  • сабақ мақсатын игеру, үйде дамыту, қосымша әдебиеттермен жұмыс, дарынды балалар мен

үлгерiмi төмен балаларды теңестiру жұмыстары, тиiмдi көрнекiлiктердi табу;

  • оқушы - мұғалiм арасындағы педагогикалық ынтымақтастыққа халық педагогикасы

тұрғысынан тиiмдi ықпал ету, табиғаттану, тарихтану, өнер, салт-дәстүр, әдебиеттану, ой дамыту, руханият әлемiн кеңейтуі;

  • қоғамның дамуына ілесе білуі;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет