Модуль – Visual Basic тілінде жазылған ішкі программалар. Егер Access-тің стандартты құралдары қажетті талапты қанағаттандыра алмаса, онда бағдарламалаушы ішкі программалар көмегімен жүйенің мүмкіндігін кеңейте алады.
Беттер - әр түрлі типтегі Web-құжатты құруға мүмкіндік береді. Келісілген типтегі Web-құжатты құру үшін HTML тілінің нұсқалары (шаблондары) қолданылады.
ДҚ терезесінің оң жағында үш командалық батырма (2.3-сурет) орналасқан:
1) Ашу – таңдалған объектіні ашады. Егер объект кесте болса, оны көріп шығуға, жаңа жазба қосуға және кесте берілгендерін өзгертуге болады;
2) Конструктор – таңдалған объект құрылымын ашып, оны түзету және оны өзгертуге мүмкіндік береді. Егер объект кесте болса, онда оған жаңа өрістер енгізуге немесе ондағы бар өрістердің қасиеттерін өзгертуге болады. Яғни, бұл режим ДҚ-рын құрастырушылар үшін қажет;
3) Құру – жаңа объектілерді құру үшін керек.
MS Access программасында құрылған ДҚ-ның кеңейтілмесі .mdb болып келеді.
3. Кестелер және оларды құру.
Кесте- жазбалар мен өрістерден тұратын ДҚ-ның негізгі объектісі. Кестелерде берілгендер сақталады. ДҚ жасау алғашқы кестені құрудан басталады. Ал кестеде оның өрістері және сол өрістердің типтері мен қасиеттері анықталады.
Кесте (Таблица) объектісін шерткенде - кестені Конструктор, Шебер немесе Деректерді енгізу тәсілінің бірімен құру ұсынылады (4-сурет).
4-сурет. Кесте объектісін құру тәсілдері.
Кестені Деректерді енгізу (Создание таблицы путем ввода данных) режимінде құрғанда – қажетті өріс аттарын өзіміз енгіземіз. Ол үшін Поле1 өріс тақырыбына тышқан нұсқағышын алып барып, сол жақ батырмасын үздіксіз екі рет шертеміз. Сонда үнсіздік бойынша берілген өріс аты ерекшеленеді (5-сурет). Delete пернесінің көмегімен бастапқы өріс атын жойып өзімізге қажетті өріс атауларын пернетақтадан енгіземіз.
5-сурет. Деректерді енгізу (Создание таблицы путем ввода данных) режимі.
Мұндағы:
- N – нөмірлі жазбаға өту, мұндағы нөмір пернетақтадан енгізіледі;
- ең бірінші жазбаға өту; - ең соңғы жазбаға өту;
- курсор алдындағы жазбаға өту; - курсордан кейінгі жазбаға өту;
- жаңа жазбаға өту.
Достарыңызбен бөлісу: |