2 "Қоғамдық орындардағы тәртіптің ережелері" тақырыбындағы сабақ



бет1/3
Дата09.07.2016
өлшемі323 Kb.
#187117
  1   2   3
МАЗМҰНЫ
1. Кіріспе.......................................................................................................................3-4

I-тарау. Мәдени мінез-құлықты қалыптастырудың негізі.....................................5-10

1.2. Мәдени мінез-құлқының негізгі көрінісі - адамгершілік қатынас...............11-15

1.3. Мәдени мінез-құлық ережелері.......................................................................16-18


ІІ-тарау. Бала мінезін тәрбиелеудің жолдары........................................................19-30

2.1. Балалардың мінез-құлқын қалыптастырудағы халықтық


педагогиканың алатын орны……………………………………………………....31-37

2.2. Балалардың мінез-құлқын қалыптастыруда ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың мәні…………………………………………………………………….38-42

2.3."Қоғамдық орындардағы тәртіптің ережелері" тақырыбындағы сабақ........43-45

Қорытынды...............................................................................................................46-47


Пайдаланған әдебиеттер..........................................................................................48-51

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: қоғамның материалдық-техникалық базасының дамуы әр уақытта қоғам мүшелерінің білімділігіне, саналылығына байланысты. Біздің елімізде жарқын бейненің кейбір көріністері өмір тіршілігіміздің әрбір саласында байқалып жүргендігі баршағы аян. Дегенмен, жасөспірімдерді елімізге лайық тәрбиелей отырып, өміріміздің өскелең талаптарына сай келетін азамат етуіміз ең абзал да жауапты міндет.

Жаңа адам әр уақытта жеке басының мүддесін қоғам мүддесіне бағындырады. Басқа психикалық процестер сияқты мінез де объективтік дүниедегі заттар мен құбылыстардың әсер етуі нәтижесінде қалыптасады.

Қазақтың ұлы ойшылдары мен ағартушылары Әл-Фараби, А.Құнанбаевтың, Ы.Алтынсариннің еңбектері мен философиялық, психологиялық, ой-талғам толғаныстарынан, өлеңдері мен қара сөздерінің жалпы адамзаттық қадір-қасиет пен адамгершілік тәрбиесінің өзекті мәселелеріне көп көңіл бөлген.

Қазіргі уақытта М.Жұмабаев, Қ.Жарықбаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, Шәкәрім Құдайбердиевтің дана ойлары халықтың адамгершілік тәрбиесі мен балалардың тәрбиесіне үлес қосатын таптырмас қазына-мұра.

Оқушылардың мәдени мінез-құлқы мен адамгершілік тәрбие беру мәселелерін ұлы педагогтар Н.Крупская, А.С.Макаренко, А.В.Луначарский, Я.А.Коменский, О.С.Богданова қарастырған.

Әрбір адам өзінің өмір жолында «абыройым төгілмесін» деген әрбір адам мына бір аса қажет ақиқатты-көңіліне берік түйіп алғаны жөн. Ол

- адамгершілік мінез-құлықтан бастау алатын әдептілік нормаларын әрқашанда да ықтиятты болу.

Әл-Фараби бабамыз білім мен тәрбиенің бір еместігін айта отырып, тәрбиесіз берілген білім адамға таяқ болып тиеді деген тұжырым жасайды.

Мұның өзі көпқырлы, терең сырлы дүние, оның мәнін, табиғатын тануға арғы-бергі замандарда әр елден шыққан талай-талай данышпандар аз көңіл бөлмеген. Бұл жұмыста адамзаттың кісілік жаратылысын сипаттайтын нәзік те келісті әрі күрделі құбылыстың тұңғиық терең табиғатын, мәнін, жалпы адамзаттық және ұлттық сипаттарын, алуан тұрлі көріністерін, олардың озық үлгілерін ата мұраға адал осы замандық жас ұрпақтың бойына дарыту жолдарын ғылыми тұрғыдан жан-жақты қарастыруды, сол арқылы мәдени мінез-құлықты қалыптастыратын мұғалімдер мен ата-аналарға көмектесу мақсатын көздейді.

Зерттеудің мақсаты: оқушылардың бойында мәдени мінез-құлықты қалыптастыру, адамгершілік ұғымдар мен сенімдерді, жоғары моральдық сезімдерді қалыптастыру, мінез-құлықтың берік әдет-дағдыларын бойға сіңіру, мінездегі ерік белгілерін қалыптастырып, теріс әдет-ғұрыптарды жою.

Зерттеудің нысанасы: Мектеп оқушыларының мәдени мінез-құлқының қалыптастырудың жолдары.

Зерттеудің пәні: Мектеп оқушыларының психологиялық-педагогикалық диагностикасы.

Зерттеудің әдісі: Психологиялық-педагогикалық талдау, балаларда мәдени мінез-құлықты қалыптастырудың әдіс-тәсілдерді іріктеп алу және оларды қолданудың жолдарын анықтау.



І-тарау. МӘДЕНИ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ

Мінез-құлық мәдениетінің әдеттері мен дағдыларын тәрбиелеу жөніндегі бағытты, жүйелі жұмыс балалардың мектепке келісімен басталады. Бастауыш сыныптарда мұқияттылық пен жинақтылықтың, сыпайылылықтың, дәлдіктің негіздері қаланады. Жақсы мінез, өзін мектепте, үйде, көшеде және қоғамдық орындарда мәдениетті ұстай білу әдеттері бойға сіңеді. Егерде мәдениетті мінез-құлық нормалары балаларға өте жас кезінде үйретілмеген болса, кейініректее оның орнын толтыру үшін әлдеқайда күрделі жұмыс атқаруға тура келеді, теріс әдет дағдыларға ие болған баланы қайта тәрбиелеу керек болады. Балалардың бойында бұл саладағы ең қарапайым деген әдет-дағдылардың болмауы мәдени мінез-құлықтың әдептілік, сыпайыгершілік, еркіндік, қимыл әсемдігі сияқты күрделі көріністерін тәрбиелеуді мейілінше қиынға түсіреді.

Мінез-құлық мәдениеті адамның ішкі мәдениетімен, эстетикалық талаптарымен, жалпыға ортақ бағыттармен және дәстүрлермен тығыз байланасты. Ішкі мәдениет көп ретте адамның сыртқы тәртібін анықтайды, алайда сыртқы мінез-құлық та ішкі мәдениетке әсер етіп, адамды ұстамды, іштей жинақы болып өзіне-өзі ие бола білуге бастайды.

Оқушылармен жұмыс кезінде алдымен мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін игеруге назар аудару керек. Ал бұған оқушыларды тиісті ережелерді тұрақты тұрде орындатқызып отыру арқылы қол жетеді.

Мінез деп адамның жеке басындағы қоғамдық ортаның, тәрбиенің әсерімен қалыптасып, оның ерік күшінен, өзіне және қоршаған өмірге қатынасынан байқалатын күрделі психикалық процесті айтамыз.

Адамның мінезі оның барлық қимыл-әрекетіне, қызметіне әсер етеді. Оның сырын терең талдай отырып, адамныц өмір тіршілігіндегі қиын қыстау жағдайлардағы күресетін, жолдарын іздеу ерте дүниедегі ғалымдардың зерттеулерінде де бар болатын.

Мінездің қалыптасуына ең негізгі әсер ететін объективтік факторлар - қоғамдық орта, тәрбиелеу, оқыту.

Мінез басқа психикалық процестер сияқты объективтік дүниедегі заттар мен құбылыстардың адамның сезім мүшелеріне әсер етуі нәтижесінде қалыптасады. Мұнда ең негізгі шешуші факторлар - тәрбие, оқыту, қоғамдық орта.

Мінездің физиологиялық негізіне жоғары нерв қызметінің тума қасиеттер мен өмір жағдайларының әсер етуі нәтижесінде қалыптасқан мидағы уақытша нерв байланыстары жатады.

Бірақ мінез ерекшеліктерінің қалыптасуында биологиялық факторлардан гөрі тәрбиенің ролі күшті. Бұл жөнінде академик И.П.Павлов: «адамның мінез-құлқының бейнесі нерв жүйесінің туа біткен қасиеттеріне ғана байланысты болып қоймайды. Сонымен бірге организмнің жеке өмір сүру барысында болатын ықпалдарға да байланысты, демек, кең мағынасында айтқанда, үнемі тәрбиелеу немесе үйрету жұмыстарына да байланысты болады».

И.П.Павлов өзінің жоғары нерв қызметі туралы ілімінде адамның мінез ерекшеліктері оның өмірлік әсерін, ой-түйінін білдіретін жоғары нерв қызметінің типтік ерекшеліктері мен уақытша нерв байланыстары жүйесінің «құйындысы» деп түсіндірген болатын.

Жоғары нерв қызметінің типтік ерекшеліктері мен динамикалық стереотип әр уақытта бір бірімен байланысты болып, бірін-бірі толықтырып тұрады. Өйткені: 1) динамикалық стереотиптің жылдамдығы тұрақтылығы жоғары нерв қызметінің тума типтік ерекшеліктеріне байланысты; 2) өмір тәжірибесінің нәтижесінде қалыптасқан динамикалык стереотип жоғары нерв қызметінің типтік ерекшеліктеріндегі кемістіктерін жөндеуге жәрдем етеді.

И.П.Павловтың айтуы бойынша динамикалық стереотиптің қалыптасуы өмірдегі заттар мен құбылыстардың күшіне, маңыздылығына, жаңалығына және адам нерв жүйесінің жеке типтік ерекшелігіне, адамның хал-жағдайына байланысты. Мидағы уақытша нерв байланыстарының оңай немесе қиын тұрде қалыптасуы адам нерв жүйесінің типіне байланысты.

Сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың әсерімен пайда болған мидағы уақытша нерв байланыстары, олардың күрделі жүйелі тұрде қалыптасуы - дикамикалық стереотип және нерв жүйесінің типтік ерекшеліктері мінез-құлықтың физиологиялық негізі болады.

Ерте дүниедегі ойшылдардың айтуы бойынша қалыптасқан мінез - адам мөрі. Шынында да адам мінезі қандай болса, оның өмірдегі іс-әрекеті де сондай болады. Мінез негізінде адамның өмір тәжірибесінен алған әсерлі нәтижесінде қалыптасатындығын бұрын да айтқан болатынбыз. Бірақ адам барлық нәрсеге бірдей жауап бере алмайды. Өзіне керекті, кажетті нәрселерге айырықша қызыға қарап, олардың мазмұнын, мәнін терең қабылдайды. Ал өзіне керексіз нәрселерге мән бермейді. Демек, адамдағы өмір тәжірибесінің қалыптасуы оның мұрат-мақсатына, арман-тілегіне, ниетіне байланысты екендігі айқын. Осыған орай адамның мінез ерекшеліктерін зерттеуде ең алдымен оның мақсатына байланысты туған қызығуын, қажеттілігін анықтап алған жөн.

Ал мінез құрамына нелер жатады. Мінез құрамына адамның сенімі, қажеттілігі, қызығуы, ақылы, ерік күші, сезімі, темпераменті жатады. Сенім деп адамның өмір мектебі және тәрбие әсерімен белгілі жағдайдағы қалыптасқан берік көзқарасын айтамыз.

Сенімнің күштілігі, тұрақтылығы адамның түсінігіне, ой-өрісіне, бір мақсаттылығына байланысты. Адамның өз әрекетіне сенімділігі оның сол әрекетінің орындалу негізіндегі тындырымдылығын, принциптілігін, тиянақтылығын байқатады. Күшті сенім адам әрекетінде алдына қойған мақсатына жету үшін батыл шешім қабылдауға, кездескен қиыншылықтарды жеңуге мүмкіндік туғызады.

Сенімнің мықты, тұрақты болуы адамның дене және ақыл-ой әрекетінің жемісті аяқталуына негіз бола алады.

Адам мінезінің ерекшеліктерін анықтауда оның неге қызығатынын, қандай нәрселерге айрықша назар аударып қарайтындығын байқау қажет. Әрине, қызығу адамның қажеттілігіне, арман-тілегіне, мақсатына байланысты мазмұны жағынан әртұрлі болып келеді. Адам қоғам талаптарына сай келетін ізгі ниетімен, талап тілегімен өз бойындағы қызығудың терең, тиянақты болуына мүмкіндік жасайды. Танымдық қызығудың саналылығы адам мінезінің байсалды, салмақты болуына әсерін тигізеді.

Эстетикалық қызығулар мінездің сынық, сыпайы, жібектей болуына өз үлесін қосатындығын байқауға болады.

Адамның қызығуы оның қажеттілігі мен тығыз байланысты болады. Қажеттілік негізінде материалдлқ және рухани болып екіге бөлінеді. Қажеттіліктің тууы, өсуі және қалыптасуы қоғамнын тарихи дамуына, Қоғамдық қатынастардың әсер етуіне, адамыың жеке талап-тілектеріне байланысты. Қоғамда адамдар қажеттілігі қоғамдық, ұжымдық, талаптарға сай келіп, мазмұны жағынан қоғамдағы негізгі жеке адамның мақсатына сай келетін эгоистік қажеттіліктен бүтіндей басқаша.

Еліміздің адамдарының материалдық және рухани қажеттілігі халық шаруашылығының қарқындап дамуына байланысты ойдағыдай Қанағаттандырылып, мазмұны жағынан байи түсуде.

Адамның ақыл-парасаты да мінез ерекшеліктерінің қалыптасуына өз үлесін қосады. Кейбір адамдар қиын-қыстау жағдайда ақылдылығына байланысты сары уайымға салынбастан, жол тауып қапастан шыға алады. Ал ақылы кем топас-надандар қиыншылықтан құтылу былай тұрсын, басқаларды да өз арқасына ертіп, олардың қолын байлайды. Адам өз алдына қойған мақсатына жету үшін аса тапқырлықпен ұтымды шешім қабылдау немесе шешімнің орындалуына ой-ерісінің ұшқырлығын, тиянақтылығын байқатса парасатты екендігін білдіретіні сөзсіз. Сол үшін мінездің ақыл-парасат бітістеріне адамның байқағыштығы, тапқырлығы, зейінділгі, езіндік ой-пікірінің болуы, ойшылдығы, сыншылдығы жатады.

Адамның еріктік сапалары жағымды мінездің жотасы деп аталады. Адамда күшті жігер-қайрат болса, өзінің көздеген мақсатына жету үшін батылдылығы, шыдамдылығын, тәртіптілігін байқытады. Жігерсіз, ерік күші жоқ адамды нашар мінезді адам екен деп те атайды. Ондай адам тіпті: білімді, қабілетті болса да іс-әрекетінде өз мүмкіншіліктерін толық пайдалана алмайтындығы белгілі.

Ал адамда ерік күші жоқ болса өзіндік әрекет болмай, кім көрінгеннің жетегінде кетеді. Оның үстіне жігерсіз, қайратсыз адам кездескен қиыншылықты жеңу үшін әрекет жасаудың орнына сары уайымға салынып, бар мүмкіншілігінен айырылады.

Мінездің еріктік сапалары адамның өз ісіне сенімділігін арттырып, ©те хауіпті жағдайда да ақыл-естен танбауға, тіпті өліммен күресуге де мүмкіндік тудырады.

Екінші дүниежүзілік соғыста екі аяғынан, екі қолынан айырылып, кеудесі қалған Австрияның солдаты Та Рама аса күшті ерік күшімен аман қалды. Соғыс майданында сондай мүшкіл халде жатқан Та Рама тастап кетіп бара жатқан медсестраларға жалынып, өзін емдетеді. кезінде қандай ауыр қиыншылық болса да шыдап өзіне өзі «Мен өлмеуім керек, мен тірі қалуым керек» деп айтып жатады. Оның мұндай сөзі өзіне қатты әсері етіп, қанына сіңеді. Ең ақырында жазылып, тісімен жазу дағдысын меңгереді. Кейінірек барып өз басынан өткендерді кітап етіп те жазады. Міне, осындай ерік күшін адам мінезінің нағыз тиянақты да осерлі кұрамы деп айтуға болады.

Адамның мінез бітістерінің қалыптасуында оның өзіне әсер еткен ,аттар мен құбылыстарға қатынасы да, көңіл күйі де үлкен роль атқарады. Әрине, адамның көңіл күйі, жалпы айтқанда сезімі оның қажеттілігіне, қызығуына, алдына қойған мақсатына байланысты екендігі мәлім. Бірақ сезімнің өзі мінез бітістерінің қалыптасуына арқау бола алады. Адамдағы күшті-моральдық сезімдер адамның адамшершілік қасиетін, отан илдындағы борышын ақтаудағы шынайы қатынасын білдіреді.

Интеллектілік сезім адам мінезіндегі тындырымдылықты, ұқыптылықты, байымдылықты білдіретіні сөзсіз.

Ал эстетикалық сезім болса, адам мінезіндегі жібектей жұмсақ катынастың нәтижесінде қалыптасқан бауырмашылдықты, сұлулықтың, көркемдіктің терең сырын анықтаудағы талғампаздықты дамытады.

Мінез ерекшеліктері адам темпераментінің табиғатына да тікелей тәуелді болады. Адам темпераменті жоғары нерв қызметінің типтік ерекшіліктеріне байланысты төрт тұрге бөлінеді:

1) Сангвиник - қимыл-әрекеті тез, көңіл күйі тез-тез өзгеріп тұратын, ақ көңілді, ақжарқын адам. Сангвинктің ішкі сыртқы көрінісінен: мимикасынан, пантомимикасынан анық байқалады. Сангвиник бала тиісті тәрбие әсерлерін алмаса, бір жұмысты бастап, аяғына дейін орындауға шыдамы жетпей, басқа жұмысқа ауысып кететін тұрақсыз, ұшқалық болып өседі. Жақсы тәрбиелеу нәтижесінде сангвиник бала кеңіліне кір сақтамайтын ақпейілді, шыншыл адам болып өседі.



  1. Холерик - қимыл әрекеті тез, төзімді, сыртқы тітіркендіргіштерге
    жылдам реакция бере алатын, жүйесінің ерекшілігіне қараганда
    тежеуден қозуы басым ұстамсыз типтегі адам. Холерик темпераментіндегі
    бала тәрбиеленбей, өз бетінше өссе, мінез ерекшелігінде өркөкіректік,
    менмендік, шыдамсыздық, жеңілдік сияқты жарамсыз қылықтар
    байқалады. Тиісті тәрбие беру нәтижесінде холерик өте алғыр, іс-
    әрекетінде өз мақсатына жету үшін шапшаң шешім қабылдай алатын, ойы
    ұшқыр, таусылмас күші иесі болып қалыптасады.

  2. Флегматик - қимыл-әрекеті баяу, кездескен қиыншылыққа
    төзімді, көпшілік ішінде ұстамдылығын байқата алатын сабырлы,
    байсалды адам. Әрине, тиісті тәрбие берілмесе флегматик бала өзбетінше
    дербес әрекет етуге батылы бармайтын, тәуекелінен гөрі уайымы басым,
    іс-әркетінде сылбырлықты байқататын адам болып өседі. Жақсы тәрбиелеу
    нәтижесінде флегматик бала бастаған жұмысын ыждаһаттықпен
    аяқтайтын, шыдамды, сабырлы адам болып өседі.

  3. Меланхолик - сыртқы көрінісінен көңіл күйін білдіре
    қоймайтын, қимыл-әрекеті баяу, байсалды, шыдамды адам. Тиімді тәрбие
    берілмесе, меланхолик темпераментіндегі бала жалқау, уайымшыл, өмірге
    бейімсіз болып өседі. Ал тиісті тәрбие төзіне салуға байланысты
    меланхолик бала өте сабырлы, төзімід мінез көрсетеді.

Демек, мінез бітістерінің қалыптасуы адамға әсер ететін барлық нәрселерге байланысты екендігін олардың күрделі құрамынан байқадық.

Мәденн мінез-құлқының негізгі көрінісі - адамгершілік қатынас

Балалардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мәселесі сонау алғашқы заманда-ақ басталған еді. Бірақ таптық қоғамның пайда болуына байланысты кісіні кісі қанау арқылы қанаушы таптың моралі адамгершілік қасиеттерге қайшы келе берді. Қаналушы таптағы қарапайым абзал жандар шынжыр балақ шұбар төсердің зорлығына шыдай алмай адамгершілік арды аңсап, әр уақытта күреске шығып тұрды. Бірақ қанаушылар адамгершілік арды аякқа басып, адал ниетті адамдардың ащы терінен шыққан жемістерін жыландай сорып, күйедей жалады. Міне, мұндай жағдайда екі тұрлі мораль пайда болды: 1) қанаушы таптың мүддесін қорғайтын зорлық-зомбылық моралі; 2) азатыққа ұмтылған нағыз шындықты, адамдықты қаналушы таптың моралі.

Баланың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына объективтік және субъективтік факторлар әсер етеді. Объективтік факторларға қоғамның тарихи дамуы, оқыту, тәрбиелеу, өмір сүру ортасы және уақыты жатады. Бұл факторлардың барлығы бір-бірімен тығыз байланыста болып, бірі екіншісінің дамуына әсер етеді. Субъектвтік факторларға адамның сенімі, дүниеге көзқарасы, қабілеті, мінезі, типологиялық ерекшеліктері, қызығуы, арман-тілегі жатады. Мұндай субъективтік факторлардың барлығы да объективтік факторлардың әсер етуі арқылы қалыптасады. Демек, объективтік факторлар адамының адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуында ең күшті материалистік негіз болып саналады.

Баланың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына айрықша әсер ететін объективтік факторлардың бірі - қоғамның тарихи дамуы. Тарих сырларына үңіліп қарасаңыз қоғамдағы ең негізгі күші - еңбек құралдарының дамуына байланысты адамдардың қатынасы да өзгере бастайды. Баланың адамгершілік қасиеті оның жеке басының қамы үшін жасалған әрекетінде емес, қоғамдық қатынасында, қоғам үшін күресінде байқалады. Сондай-ақ баланың адамгершілік қасиеті оның алдына қойған мақсатынан да айқын белгілі мақсат қоғам мүддесіне, талабына сай болып келсе, адамның жан дүниесіне, талабына сай болып келсе, адамның жан дүниесін байтады. К.Маркстен «адамдардағы сіздің ең артық бағалайтын қасиетіңіз не?» деп сұрағанда - кішіпейілділік деп жауап берген. Демек кішіпейілділік баланың бір-бірімен қатынасындағы ең негізгі абзал қасиет. Абзал жандардың адал ісі - жастардың адамгершілік қасиетін қалыптастыруға зор әсер етеді. Адамгершілік қасиеттің көрінісін кешегі ¥лы Отан соғысы кезінде әке-шешесі соғысқа кетіп баспанасыз қалған он екі баланы өз баласындай етіп тәрбиеленген Шахмет Шамахмудовтың жанұясынан толық байқауға болады. Біздің елімізде жанұяда тату тәтті өмір сүріп, жастарға үлгі болып жүрген кісілер аз емес. Бірақ сырт көрінісінен қарағанда тұрмыста, мәдениетті көрінген кейбір кісілердің ішкі дүниесінде жарамсыз қылықтар кездеседі. Мұндай жарамсыз қылықтар тұрақсыз, принципсіз адамдарға тез әсер етіп, оларды ез шырмауына алады. Сол үшін адамның адамгершілік қасиетін, оның сыртқы бейнесін емес, ішкі жан дүиесінен іздеу керек.

Адамгершілік қасиеттің неғізгі ерекшеліктерін адамның қарым-Қатынастарынан байқауға болады. Шын мәніндегі шынайы қатынас адалдық пен шындықты талап етеді. Адал адам жұмыста болсын, үйде болсын өз ойын, сезімін білдіргенде қоғамның алдына қойған моральдық нормаларын бүзбастан, мәдениеттілік пен әдептіліктің сәнді сипаттарын байқатады. Бірақ сырт көрінісінде адалдықтың белгілері байқалмайтын қулардың кейбір қатынастарын шын- көңілді білдіретін шынайы деп қате қабылдау кезеңдері де кездеседі. Әрине, мұндай қателіктер адамның тәжірибесінің аздығын, кісі қарым-қатынасын терең талдай алмайтындығын білдіреді. Сырт көрінісінен жағымпазданып күле сөйлеп, сырт айнала күңкілдей жамандайтын адамсымақтардың қатынастарын жалған қатынас дейміз. Осындай жалған қатынастардың келіп шығуына қандай жағдайлар әсер етеді? Мұндай қатынастың қалыптасуына негізгі себепші болатын жағдай - жанұя мүшелерінің бірін бірі сыйламауынан, тиімді тәрбие алмауынан болады. Мысалы, нәресте дүниеге келгенде әке мен шеше шілдехана тойын өткізіп, қуанышты сезімге бөленеді. Бұл кеште нәрестенің келешекте жақсы адам болып, бақытты болуына жақсы тілектер айтылады. Әрине, сол айтылған тілектер ата-анасының жүрегінен орын алып, баласының келешегі үшін оларды қуанышты сезімге бөлейді. Бұл сезім әке мен шешенің ынтымақ достығына да, қарым-қатынасына да, тұрмыс жағдайына да, іс-әрекетіне де айтарлықтай үлес-қоса алатып тұрақты сезім. Бұл сезім кездейсоқ кездесетін кейбір қиыншылықтарды жеңуге жәрдемін тигізе алатын рухани азық. Демек бала қуанышы балдан тәтті болып, адамнын өмір сүруіне бағыт беретін қайырымды жағдай екен. Бірақ бала тәрбиесінде ағаттық жіберіп, бастапқы қуанышты сезімнің орныны қайғы-қасіретке жолығып, екі көзіне ғана әлі жететін, өз қателігін түсініп, бармаған кайта-қайта шайнап жүрген әке-шеше де табылады. Демек өз уақытысында баланы тәрбие төріне салмау адамның адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы жіберілетн олқылықтардың бірі екенін түсіну қиын емес. Адамның адамгершілік қасиеті өте жас көзінен бастап-ақ қалыптаса бастайды. Адамгершіліктің негізгі бір тұрі әділеттілік, шыншылдық болса, бұл жанұя мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынасына, ата-апаның балаға қойған талабына байланысты. А.С.Макаренко балаларда моральдық қасиетті қай уақыттан бастап тәрбиелеу керек деген сұраққа: мүмкіндігінше неғұрлым ертерек бастау керек» - деген болатын. Бала тәрбиелеу уақыт күттірмейтін негізгі мәселе болғандықтан, оны жүйелі, саналы тұрде белгілі жоспармен орындап отырған жөн. Бала тәрбиесі -күрделі процесс. Баланы тәрбиелеуден бұрын тәрбиелеушінің өзі тәрбиеленген болу керек.

Баланың адамгершілік қасиетінің қалыптасуына негізгі үлгі боларлық жағдай - әке мен шешенің бір-бірімен шынайы, адал қатынаста болуы. Осындай қатынасты қабылдап жүрген жас бала да адал, шыншыл болады. Керісінше, жанұяда ерлі-зайыптылар арасында ұрыс-жанжалдар болып, бірін-бірі балағаттау әдетке айналған болса, мұны естіп отырған бала да оны бұлжытпай қабылдап алып, өз айналасына тартады. Осындай жәйттің бірі - бұрынғы бай-феодалдық қатынастың шіріген әдет-ғұрыптары. Өйткені ғасырлар бойы адам санасына сіңген улы қылықтар мен әрекеттер бірден кете қоймайды. Мысалы, әйел теңдігін аяққа басып, оны қорлау немесе жас жанды сүймесе де, шырылдатып алып қашу сияқты, ескіліктің сарқыншақтары әлі де табылады. Ондай зиянды әдеттермен уланған адамдардың қылықтары мен әрекеттері өзінен кейінгі жастарды да жолдан тайдыруы мүмкін. Адамгершілік арын сатып жас жанның бақсы, балгерше арбайтын пасық, топас жандар да бар. Оларға адам деген ат коюға да аузың бармайды. Өйткені М.Горкийдің айтуы бойынша «Адам деген зор атақ». Адам деген атаққа ие болу үшін, оған тән қасиеттерді бойына сіңіру керек.

Жақсы мұғалім өз оқушысына өмірлік жолдас болады, өз ақылымен оның келешегіне тура жол салады. Қошқардың қылығы ұлы Абайдың «Жаман дос көлеңке: «басыңды бұлт алса іздеп таба алмайсың, күн шалса қашып құтыла алмайсың» - деген нақыл сөзін еске түсіреді.

Атақты математик Н.И.Лобачевский: «Өмірдің тасқынына надандық қана бөгет жасайды, надандық тура жолмен өмірді бесіктен көрге сүйрейді, топас сезімді адам өмірдің қызығын кере алмайды. Ондай адамға табиғат - өлі зат. Оған поэзияның әдемілігі, архитектураның жат болады қасиетті кезінде өмірді қадірлей білейік. Өмір сүру дегеніміз - өмірдің қызығын көре білу, әрқашан жаңалықты сезіп отыру деген сөз» - деген болатын.

¥лы жазушы М.Горький : «Тіпті адам өзінің кішкене кемістігің жеңе білсе, күшті болады» - дейді. Өмірдің қиын қыстау жолдарында кездескен қиыншылықтармен белдесіп күресе білу шыдамдылықтың белгісі. Ал бірінші кездескен қиыншылықтан қорқып, қол көтеру - әлсіздіктің, тұрақсыздықтың, шыдамсыздықтың белгісі.

Шыдамды болу адамның алдындағы мақсатының орындалуына оның өзінің көзі жетіп, тұрақты сенімінің қалыптасуына байланысты. Бірақ сенім әр тұрлі болады.

Сенім - қиыншылықты жеңудің нағыз тиімді құралы болып, адамның аңсаған арманына жетіуіне мүмкіндік туғызады.

Баланың адамгершілік қасиетінің қалыптасуына жанұя мен мектеп тәрбиесінен басқа өмір мектебі де үлкен әсер етеді. Бала жанұядағы алған тәлім-тәрбиесін, мектептен ұққан өнер-білімін өмір мектебінде сынап көреді.

Кейбір кезеңдерде жанұя тәрбиесі нашар болған жағдайда өмір мектебінің өзі-ақ адамды тезге салады. Қазақтың «қызың өссе қызы жақсымен ауылдас бол, ұлың өссе ұлы жақсымен ауылдас бол» деуі өмір мектебіне жолдаған жалдамасының бір көрінісі. Өмір мектебі деген ұғым мазмұны жағынан өте кең, шалғайлы ұғым. Бұған адамның төңірегіндегі ортаның да, атқаратын қызметі де, қоғамдық қатынастырдың ісері де жатады. Әрине, ел болғансын кемістіксіз жағдайлар болмай қоймайды. Баланың адамгершілік сезіміне қайшы келетін жэйттерді де өмір мектебінен кездестіреміз. Бұндай жағдайда баланы жарамсыз жағдайлардын аулақ ұстаған жөн болады. Баланың адамгершілік қатынастыар тума қасиеттке ие болмастан, объективтік дүниедегі заттар мен құбылыстардың әсерінен қалыптасады. Шынайы, ізгі қасиеттер жанұя мен мектеп тәрбиесінің дұрыс жолға қойылуына, өмір мектебінің тиімді әсер етуіне байланысты туады. Керісінше, жалған, әдепсіз қатынастар өз уақытысында бала тәрбиесін естен шығарып, ал ересек болғаннан кейін қайта тәрбиелеуге әрекет еткенмен де оған шамасы келмей., қиындыққа душар болатын жағдайларды кезедесетіндігі байқалады.

Бала мінезінде кездесетін үлкендерді сыйлау, дәрменсіздерге жәрдем беру сияқты адамгершілік қатынастарды қалыптастыру қазіргі таңның абзал міндеттерінің бірі екенін естен шығармаған жөн.



Мәдени мінез-құлықтың ережелері

1. Жеке бастың гигиена, жинақылық пен тазалық ережелері.

Күн сайын бір мерзімде тұрып бөлмеңді желдетіп ал және ертеңгілік дене шынықтыру жаттығуларын жаса.

Ертеңгілік жуыну, тісті тазалау, құлақ пен мойындарын жуу керек.

Ұйықтар алдында жуынып, бөлмені желдетіп алу керек.

Тамақ ішер алдында, жұмыстан соң және дәретке барғаннан кейін қолынды жу.

Бет орамалды пайдалан, мұрныңның әр кез таза болуын қадағала.

Түкіргенде және жөтелгенде ауызыңды бет орамалмен жауып, теріс қара.

Шашыңды тәртіпті ұста: ол әр қашан жақсы қырқылған, таралған және өрілген болуы керек.

Төсекті әдемілеп жинау, ақ жаға тігу, оны жуып үтіктеп, алу, түйме қадау, бәтеңке тазалау сияқты жұмыстарды үйрен, мұны әрқашан өзің істейтін бол.

Стол жасауды, стол басында дұрыс отыруды, құралды пайдаланып, мәдениетті тамақтануды үйрен.

Әр кез жинақты, таза киініп жүр. Киім таза, үтіктелулі болуы тиіс.

Мектепте мектеп формасын, үйге арналған киімді кию керек.

Қонаққа барганда ерекше жинақы, мерекедегідей, әдемі киінеді.

Үйден шығарда айнаға қарап ал: Бәрі орнында ма екен?

Өз киімін мен аяқ киіміне ұқыпты бол, олардың тазалығын өзің қадағалап жүр.

Киімді әдемі киюге үйрен, киімің қыспайтын болсын, таза және үтіктеулі болсын.

Өзіңнің үйіңдегі және мектепке апаратын заттарыңды дұрыста.

Өзіңнің жұмыс істейтін бұрышыңды таза ұста: шаңын сүртіп отыр, кітаптарын мен дәптерлеріңді сабақтан кейін ылғи да бір орынға қойып жүр.

Алған барлық заттарыңды: қайшыны, инені, тарақат, кітапті өзінің тұрақты орнына қойып үйрен.

Сырт киіміңді стол үстінде тастай салмай, өз ілгішіңе іліп қой. Үйге киетін киімің әр қашан өз орнына жатуға немесе форманың үстіне ілінуге тиіс.

Ойыншықтарыңды да ретті ұста. Ойнап болған соң олардың бәрінде орны орнына қой.

2. Сыпайылық пен сөйлеу мәдениетінің ережелері

Сыпайылылық арқылы өзінің басқа адамдарға қатынасын біледі. Сыпайы адам басқаларға ыңғайсыздық жасап өкпелетпейді.

Сыпайы адам ылғи да сәлемдесіп қоштасып жүреді. Сәлем жауап бермеу әдепсіздікке жатады.

Сен отырған бөлмеге үлкен кісі кірсе, оған сәлем беру үшін орныңнан тұр.

Үлкен кісіге бірінші болып сәлемдесу керек, бірақ бірінші болып қол ұсыну дұрыс емес. Егерде үлкен кісі қол ұсынса, сенде қолыңды бер. Сәлем бергенде амандасқан адамның бетіне тура қарап тұру керек.

Үлкен кісі саған қарап сөйлесе отырған орныңнан тұр да тұрегеп тұрып сөйлес.

Өз жолдастарыңмен сыпайы бол оларға ат қойып, айдар тақпа, айқаламай сөйлес, «Сыйқырлы сөздерді» («Рақмет», «рақым ет») айтуды ұмытпа. Дөрекі болма, айқалама. Жолдастарыңмен ұсақ-түйекке дауласпа, ұрысып-керіспе, жұмыс, ойын үстінде тату болуға тиіс. Өсек айтпа. Досың қателік жасаса, бірден өзіне айт. Сыпайы адам дөрекілікке дөрекілікпен жауап бермейді.

Сыпайы адам басқаларымен жылы шырайлы, ілтипатты болады. Егер одан басқа біреу бір жайды сұраса немесе әлде қандай көмек беруін (бірдеңе әкелу, әперу, біреуге көмектесу т.б.) өтінсе, ол мұны құлшына орындайды.

3. Дәлдік пен міндеттілік ережелері.

Сен бұл жарық дүниеде жалгыз емессің, адамдар арасындасың. Сондықтан сенің қылықтарың біреулерді қуаттанып біреулерді ренжітіп жатуы мүмкін.

Онсыз өмір сүру қиынға түсетін, жалпыға ортақ ережелерді әр адам орындауға тиіс.

Жұмыс, ойын, ойын сауық көп ретте ұйымдасқан тұрде болады. Мұндайда жалпы тәрбие табыс әр адамға байланысты, сондықтан да жолдастары жерге қаратпау үшін ортақ ережелерді міндетті тұрде орындау керек. Өз уақытыңды және басқа үлкендер мен жолдастарыңның уақытын бағалай біл.

Кез келген істі бастай отырып уақытыңды дұрыс есептей біл, сабаққа дайындалуға, үйірмелер жұмысына, ата-аналарыңа көмектесуге, саяхатқа, жолдастарыңмен ойнауға, кітап оқуға, теледидар хабарларын көруге қанша уақыт кететінін біліп ал.

Күн тәртібін орындауға тырыс. Дер уақытында ұйықтап, орныңнан тұр. Оқу-оқуға бір мезгілде отыратын бол, саяхатқа шығатын, ойын сауық пен спортпен айналысатын уақытты біл.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет