2. Қолдарыңызды сабынмен мұқият әрі жиі жуып тұрыңыз



Дата07.07.2016
өлшемі29.5 Kb.
#182054

Егер тұмау тисе...


Қазір халықтың көпшілігі тұмаумен жиі ауырады. Алайда адамдар арасында өзін жайсыз сезініп, түшкіріп жүрсе де, оған мән бермейтіндер бар.

«Елемеген ауру жаман, ескермеген дау жаман» демекші, осындай салғырттықтың салдарынан түрлі ауруға душар болып жататындар да аз емес. Сол үшін бүгінгі айдарымызда оқырмандарға тұмауға қарсы жалпы профилактикалық шараларды ұсынғанды жөн көрдік.

1. Аурушаң көрінетін адамдармен, сондай-ақ, температурасы жоғары және жөтелі бар адамдармен жақын қарым-қатынас жасаудан аулақ болыңыз.

2. Қолдарыңызды сабынмен мұқият әрі жиі жуып тұрыңыз.

3. Салауатты өмір салтын ұстаныңыз және тиісті мөлшерде ұйықтаңыз, тағам ретінде нәрлі азық-түлікті пайдаланыңыз, сонымен бірге үнемі дене белсенділігін қамтамасыз етіп отырыңыз.

4. Егер үйде науқас адам болса, оған бөлек бөлмені беруге тырысыңыз. Ал бұл мүмкін болмаса, оның басқа адамдардан кем дегенде бір метр қашықтықта отыруын қадағалаңыз. Науқасқа күтім жасау барысында аузыңызды және мұрныңызды жауып жүріңіз. Оған таза ауа ағынының жақсы жеткізілуін қамтамасыз етіңіз. Далада таза жел соғып тұрған кезде есік-терезелерді ашып, бөлмені желдетіңіз.

5. Қолда бар тұрмыстық жуғыш заттарды және тазартқыш заттарды пайдалану арқылы бөлмедегі тазалықты сақтап отырыңыз.

6. Өзіңіздің бойыңызда сырқаттың нышандарын сезінген сәтте, температураңыз жоғары немесе жөтеліп, тамағыңыз ауырған жағдайда үйден шықпаңыз. Мүмкіндігінше жұмысқа, мектепке, я болмаса халық көп жиналатын орындарға бармаңыз. Тынығыңыз, көп мөлшерде сұйықтық ішіңіз.

7. Жөтелген кезде және түшкірген сәтте аузыңызды, мұрныңызды бір рет қана қолданылатын қолорамалмен жауып тұрыңыз, бұдан соң оны тиісті жолмен лақтырып тастаңыз.

8. Отбасыңыздың мүшелерін және жолдастарыңыздыө зіңіздің ауруыңыз туралы хабардар етіңіз және басқа адамдармен қарым-қатынас жасауды қажет ететін үй шаруашылығы жұмыстарына байланысты олардан көмек сұраңыз.



9. Егер сізге дәрігерлік көмек қажет болған жағдайда өзіңіздің дәрігеріңізбен не болмаса, медициналық қызмет көрсететін тұлғамен оған бармас бұрын хабарласыңыз да, өзіңіздің бойыңыздағы сырқаттың нышандарын айтып беріңіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет