2. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын талаптар



бет1/5
Дата19.06.2016
өлшемі0.51 Mb.
#147802
  1   2   3   4   5
2. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын талаптар

      6. Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыру осы Қағидалардың 3-бөліміне сәйкес ұйымдастырылады.

      7. Орта білім беру ұйымының әкімшілігі білім алушыларды тиімді тамақтандыруды, дұрыс тамақтанудың принциптері мен санитариялық-гигиеналық негіздерді қамтамасыз етуге, білім алушылардың ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) консультациялық және түсіндірме жұмыстарын жүргізуге бағытталған ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдерді қабылдауды қамтамасыз етеді.

      8. Білім алушыларды тамақтандыру бекітілген ас мәзіріне сәйкес орта білім беру ұйымдарының асханалары мен буфеттерінде жүзеге асырылады.

      9. Білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастырудың тәсілдері:
      ас әзірлейтін бөлікте тамақ өнімдерінің сақтауды, өңдеуді және дайын тамақтар мен аспаздық өнімдерді, оны өндіретін жерден сатуды ескере отырып, азық-түлік шикізатымен жұмыс істейтін асханада білім алушыларды тамақтандыру;

      кремі бар кондитерлік бұйымдарды қоспағанда дайын тамақтарды, аспаздық және кондитерлік бұйымдарды сатуды жүзеге асыратын буфеттерде білім алушыларды тамақтандыру;


      мектептік тамақтандырудың базалық ұйымдарымен салқындатылған немесе мұздатылған әзірлігі жоғары деңгейлі аспаздық жартылай фабрикаттарды, дайын өнімдерді өнеркәсіптік өндіруді көздейтін білім алушыларды индустриалды тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады.
      10. Өнім беруші білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету процесінде орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызмет берушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырманы орындайды.

      11. Білім алушылар үшін әзірленетін тағамдар мен аспаздық бұйымдар, оның ішінде білім алушыларды тамақтандыру кезінде пайдаланатын шикізат пен тамақ өнімдері, оларды жеткізу жағдайлары, өндіріс технологиясы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық пен гигиеналық нормативтер саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес келеді.


      12. Білім беру ұйымдарының асханалары мен буфеттеріне тағамдарды мектептік тамақтандырудың базалық ұйымдарынан жеткізілген жағдайда тиісті температураны сақтауды қамтамасыз ететін арнайы ыдыстар (термоконтейнерлер) қолданылады.

      13. Білім алушыларды тамақтандыру тәртібі орта білім беру ұйымының басшысымен бекітіледі.


      Тамақты қабылдау уақыты белгіленген санитариялық нормаларға сәйкес белгіленеді. Оқу күні режимінде тамақтандыруға ұзақтығы 30 минут бір үзіліс немесе 20 минуттан екі үзіліс қарастырылады.
      14. Орта білім беру ұйымдарында тамақтандыруға жауапты, сынып жетекшілердің, педагогтардың оқушыларды асхана бөлмесіне алып жүруін қамтамасыз етеді.

      15. Дайын аспаздық өнімдерді және тамақ өнімдерін сату асхана және (немесе) буфеттің жұмыс уақыты ішінде жүзеге асырылады және оқу процессінің соңына кемінде бір сағат қалған уақытта аяқталады.

      Тамақ өнімдерін сатып алу білім алушылардың тамақ рационына сәйкес және оны сақтау (жарамдылық) мерзімін ескере отырып жүзеге асырылады.

      16. Органдар және орта білім беру ұйымдары интернет ресурсында «Мектептік тамақтандыру» айдарын ашады және білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша ақпаратты жүйелі орналастыруды қамтамасыз етеді.

      17. Көрсетілетін қызмет беруші орта білім беру ұйымының басшысына ай сайын тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, білім алушылар үшін пайдаланатын тамақ өнімдерінің тізбесі туралы мәліметтерді ұсынады.

      Көрсетілетін қызмет беруші болмаған жағдайда, білім алушыларды тамақтандыруға жауапты білім беру ұйымының қызметкері орта білім беру ұйымының басшысына ай сайын тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, білім алушылар үшін пайдаланатын тамақ өнімдерінің тізбесі туралы мәліметтерді ұсынады.

      18. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10275 тіркелген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 179 бұйрығына сәйкес білім беру органы маусымдықты, білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып бірыңғай перспективалы мәзір әзірлейді және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келіседі.

      Білім алушылардың мәзірі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес жасалады.

      19. Санитариялық қағидаларға сәйкес әлеуетті өнім беруші шығарылатын өнімнің ассортимент тізбесін санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органда бекітеді. Көрсетілетін қызмет беруші болмаған жағдайда шығарылатын өнімнің ассортименттік тізбесін орта білім беру ұйымы келісуді жүргізеді.

      20. Орта білім беру ұйымының басшысы перспективалы мәзірге сәйкес күн сайын алдағы күнге мәзірді бекітеді және оны асхана мен білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері үшін қолжетімді жерде орналастырады.

      21. Күн сайынғы мәзірді көрсетілетін қызмет беруші күнін, жекелеген тамақты қабылдаудың атауын, тамақ және аспаздық бұйымдардың тізбесін, жас ерекшелігіне және басқа мәліметтерге байланысты дайын тамақ порциясының көлемі туралы мәліметтерді көрсете отырып әзірлейді.

      Көрсетілетін қызмет беруші болмаған жағдайда, мәзірді аталған талаптарды ескере отырып, орта білім беру ұйымының медициналық қызметкері және (немесе) білім алушыларды тамақтандыруға жауапты қызметкер әзірлейді.

      Тамақтанудың іс жүзіндегі рационы бекітілген перспективалы мәзірге сәйкес келуі тиіс. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес, ерекше жағдайларда бір өнімді, тағамды және аспаздық бұйымдарды басқаларымен ауыстыруға жол беріледі.

      Жекелеген оқушыларға жеңіл (емдәм) тамақтандыру ұйымдастырылады.


      22. Көрсетілетін қызмет беруші тағамды дайындау технологиясын және дайын тағамдарды калориялығына сәйкестігін сақтау мақсатында картотеканың бар болуын қамтамасыз етеді.
      Технологиялық карталарда азық-түліктерді таратып салу, тағамдардың түсімі, әр тағамның құрамы туралы және оның тағамдық құндылығы (ақуыздың, майлардың, көмірсулардың, витаминдердің болуы) және әр тағамның (аспаздық бұйымның) энергетикалық құндылығы (калориялығы) мен әр тамақты қабылдау жиынтығы туралы толық ақпарат көрсетіледі.
      23. Асхананың ас әзірлейтін бөлігінде тағамдарды және аспаздық өнімдерді дайындаудың технологиялық процесін қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыруды өндіріс меңгерушісі қамтамасыз етеді.

      24. Асханада және білім алушылар үшін қолжетімді жерлерде ауыз суы бар ыдыстарды орнату есебінен ауыз су режимі ұйымдастырылады. Пайдаланатын ауыз су органолептикалық, микробиологиялық, физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес болуы тиіс.

      Ауыз су ұйымдастырылған жерде қажетті мөлшерде бір рет қолданатын стакандар қарастырылады. Көп мәртелік таза стакандарды пайдаланған жағдайда таза және лас ыдыстарға арналған екі таңбаланған подностардың бар болуы міндетті.

      25. Орта білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес қажетті технологиялық, тоңазытатын жабдықтар, санитариялық-техникалық жабдықтар мен мүкәммәлмен, сондай-ақ асханалық жабдықтармен, тиісті жиһаздар және ыдыстармен жарақтандырылған шикізатты сақтауға, тағамдарды әзірлеуге арналған өндірістік бөлмелер қарастырылады.


      Хабарландыруда конкурсты ұйымдастырушының толық пошталық мекенжайы, бөлме нөмірі, конкурстық құжаттаманы қабылдауға және тіркеуге жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, өтінім берудің күні және соңғы мерзімі, сондай-ақ конверттерді ашу күні, уақыты мен жері көрсетіледі.

      40. Конкурсқа қатысуға құқықтық қабілеті бар, төлеуге қабілетті болып табылатын, банкроттық не жою рәсімдеріне жатпайтын және материалдық, еңбек ресурстары бар әлеуетті өнім беруші үміткер болады.

   41. Әлеуетті өнім беруші немесе сенімхат бойынша оның өкілі конкурсты ұйымдастырушының пошталық мекенжайына немесе қолма-қол тігілген және нөмірленген, басшының қолы қойылып, мөрімен бекітілген құжаттар пакетін, оны ұсынудың соңғы мерзімі аяқталуына дейін жолдайды, онда келесі құжаттар қамтылады:



      1) осы Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3, 4-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған және әлеуетті өнім берушінің қолы қойылып, мөрімен куәландырылған өтінім;
      2) құқықтық қабілетін және қабілеттілігін растайтын құжаттар:


      заңды тұлғалар үшін:

      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама;
      заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғы көшірмесі;

      жеке тұлғалар үшін:

      жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі;

      жеке куәлік көшірмесі;

     конкурсқа қатысуға өтінім беруге, қол қоюға, комиссия отырысына қатысуға құқық беретін оның мүдделерін білдіретін адамға сенімхат;

      3) «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысымен (бұдан әрі – ҚР ҮҚ № 1301) бекітілген нысан бойынша берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы.



      Әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының банктің (банк филиалының) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының қолы қойылып, банк мөрі бар әлеуетті өнім берушінің банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан көп созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші бірнеше екінші деңгейдегі банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтаманың қолдану мерзімі кемінде конкурстық өтінімдері бар конверттер ашылатын күннің алдындағы бір ай;

      4) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5446 т тіркелген «Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша салық төлеушінің салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерінің жоқ екені туралы анықтама.

      Конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірмей алынған үш айдан астам салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және жинақтаушы зейнетақы қорларына әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) «Салық төлеуші кабинеті», электрондық үкімет порталы, «Электрондық мемлекеттік сатып алулар» ақпараттық жүйе арқылы электронды түрде немесе салық органы басшысының не орынбасарының қолы қойылып, мөрімен бекітіліп алынған салық төлеушінің салық берешегі, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерінің жоқ екені туралы анықтама. Анықтаманың электрондық нұсқасы нотариалды куәландырылмайды;
      5) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) көзделген құжаттардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1238 қаулысымен бекітілген нысандар бойынша қосылған құн салығы бойынша есепке алу туралы куәліктің көшірмесі;

      6) № 1301 ҚР ҮҚ бекітілген нысан бойынша конкурсқа қатысуға банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақшалай жарна түрінде өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы;


      7) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес оқушыларды тиімді тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін талап етілетін перспективалық мәзір қоса беріле отырып, техникалық тапсырма;

      8) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға нысан бойынша қызметкерлердің біліктілігі туралы мәліметтер.

      42. Қатысуға өтінімді және тиісті құжаттарды әлеуетті өнім беруші конкурсты ұйымдастырушыға тігілген, парақтары нөмірленген түзетусіз түрінде ұсынады. Өтінімнің соңғы парағына бірінші басшының қолы қойылады және мөрімен бекітіледі.

      Егер конкурс лоттар бойынша бөлінген жағдайда, әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға құжаттарды әр лотқа бөлек ұсынады.

      43. Әлеуетті өнім беруші конкурсты ұйымдастырушының банк шотына банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақша жарнасы түрінде конкурсқа бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді.

      Қамтамасыз етуі жоқ конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық комиссия кері қайтарады.

«Бекітемін»

Бәйдібек ауданды әкімдігінің «Бәйдібек

аудандық білім бөлімі» мемлекеттік

мекемесінің басшысы: ______________

М. Нахипбеков

Бұйрық №_32_ «_29_»_қаңтар_2016жыл

Орта білім беру ұйымдарында 


білім алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру қағидаларына  
1- қосымша нысан

       


Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні таңдау
жөніндегі конкурстық құжаттама
Бәйдібек аудандық білім бөліміне қарасты мектептердегі жағдайы төмен отбасы балаларын бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз ету _

Конкурсты ұйымдастырушы_ Бәйдібек ауданы Әкімдігінің «Бәйдібек аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі ОҚО, Бәйдібек ауданы Шаян ауылы Тасболатұлы көшесі № 1 үй. БСН 060240013257. Бәйдібек аудандық Қазынашылық басқармасы БСК KKMFRZ2A. Тел. 8 725 48 2 15 72. Электрондық мекенжай 4877310@mail.ru _


1. Жалпы ережелер

      1. Орта білім беру ұйымында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) алушылардың жалпы саны __919___ білім алушыны құрайды. оның ішінде жекелеген санаттағы білім алушылар __________919__________,


                                               

      Білім алушыларды тегін тамақтандыруды ұйымдастыруға бюджет қаражаты есебінен бөлінетін сома ____ теңгені құрайды.

      Бір білім алушыны тамақтандыру құны_263_теңгені құрайды.

_ Бәйдібек ауданы Әкімдігінің «Бәйдібек аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі_

білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қызметі орта білім беру ұйымында білім алу уақытында 2016 жыл 29 желтоқсанға дейін білім алушыларға тамақтандыруды ұсынуды көздейді.

      2. Осы конкурстық құжаттама мыналарды:

      1) осы конкурстық құжаттамаға _1_- қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтерді алушылар санаттарының тізбесін;

      2) осы конкурстық құжаттамаға __2__- қосымшаға сәйкес техникалық тапсырманы;

      3) осы конкурстық құжаттамаға _3,4_- қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімді;

      4) осы конкурстық құжаттамаға _5_- қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді толтыру үшін нысанды;

      5) осы конкурстық құжаттамаға _6_- қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау критерийлерінің тізбесін;

      6) осы конкурстық құжаттамаға _8_- қосымшаға сәйкес банктің немесе банк филиалының берешектің жоқтығы туралы анықтама нысанын қамтиды.

      конкурста осы конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік нысанында немесе конкурсты ұйымдастырушының мынадай банк шотында: Бәйдібек ауданы әкімдігінің «Бәйдібек аудандық білім бөлімі» ММ. БСН 060240013257 БИК KKMFKZ2A. ИИК KZ520705034643748001. Бәйдібек аудандық Қазынашылық басқармасы.__

      «Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Қазынашылық комитеті» ММ ИИК KZ520705034643748001, БСК KKMFKZ2A орналастырылған ақшаның кепілдік берілген ақша жарнасы.


      Қағидалардың 43-тармағына сәйкес құжаттар пакетін 2016 жыл 18 ақпан сағат 18-00 ге дейін әлеуетті өнім беруші немесе оның сенімхат бойынша өкілі конкурсты ұйымдастырушының Бәйдібек ауданы Әкімдігінің «Бәйдібек аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі Индекс 160200 ОҚО, Бәйдібек ауданы Шаян ауылы Тасболатұлы көшесі № 1 үй. мекенжайында орналасқан почталық мекенжайына жібереді немесе комиссияның хатшысына (кабинет №_8_) қолма-қол береді.

      Құжаттарды әлеуетті өнім беруші конкурсты ұйымдастырушыға тігілген, парақтары нөмірленген түзетусіз түрінде ұсынады. Өтінімнің соңғы парағына бірінші басшының қолы қойылады және мөрімен бекітіледі.

      Конкурсты ұйымдастырушы белгіленген мерзім өткеннен кейін ұсынылған құжаттар тіркелуге жатпайды және әлеуетті өнім берушілерге қайтарылады.

Орта білім беру ұйымдарында  


білім алушыларды тамақтандыруды
ұйымдастыру бойынша көрсетілетін
қызметтерді берушіні таңдау 
жөніндегі конкурстық 
құжаттамаға 1- қосымша  нысан
Көрсетілетін қызметті алушылар санатының тізбесі

      Бәйдібек ауданы Әкімдігінің «Бәйдібек аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша конкурс (конкурсты ұйымдастырушының толық атауын көрсету)





Конкурсты ұйымдастырушының атауы

Білім беру ұйымындағы бюджет қаражаты есебінен тегін тамақтандыру мен қамтамасыз етілетін білім алушылар

Қызметті көрсету күні

Қызметті көрсету мерзімдері 2016 жыл (айлары)

Қызметті көрсету орны

Білім алушыларды тегін тамақтандыруды қамтамасыз етуге бюджет қаражаты есебінен бөлінген сома

1

2

3

4

5

6

7

1

«Бәйдібек ауданы әкімдігінің Бәйдібек аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

35

155

Наурыз-мамыр: қыркүйек-желтоқсан

Абай атын жом

1 426 775

2

15

155

Наурыз-мамыр: қыркүйек-желтоқсан

Актас жом

611 475

3

26

155

Наурыз-мамыр: қыркүйек-желтоқсан

Алмалы жом

1 059 890

4

18

155

Наурыз-мамыр: қыркүйек-желтоқсан

Арапов атын жом

733 770

5

53

155

Наурыз-мамыр: қыркүйек-желтоқсан

Ауезов атын жом

2 160 545

6

28

155

Наурыз-мамыр: қыркүйек-желтоқсан

Байменов атын жом

1 141 420

7

31

155

Наурыз-мамыр: қыркүйек-желтоқсан

Бөген жом

1 263 715

8

25

155

Наурыз-мамыр: қыркүйек-желтоқсан

Боралдай жом

1 019 125

9

«Бәйдібек ауданы әкімдігінің Бәйдібек аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

10

155

Наурыз-мамыр: қыркүйек-желтоқсан

Борлысай жом

407 650

10

10

155

Наурыз-мамыр: қыркүйек-желтоқсан

Домалақ ана атын жом

407 650

11

43

155

Наурыз-мамыр: қыркүйек-желтоқсан

Ерубаев атын жом

1 752 895

12

29

155

Наурыз-мамыр: қыркүйек-желтоқсан

Есіркеп батыр атын жом

1 182 185

13

36

155

Наурыз-мамыр: қыркүйек-желтоқсан

Жамбыл атын жом

1 467 540

14

15

155

Наурыз-мамыр: қыркүйек-желтоқсан

Жиенқұм жом

611 475

15

20

155

Наурыз-мамыр: қыркүйек-желтоқсан

Жүзімдік жом

815 300

16

«Бәйдібек ауданы әкімдігінің Бәйдібек аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

15

155

Наурыз-мамыр: қыркүйек-желтоқсан

Қазақбаев атын жом

611 475

17

25

155

Наурыз-мамыр: қыркүйек-желтоқсан

Қайнар жом

1 019 125

18

10

155

Наурыз-мамыр: қыркүйек-желтоқсан

Кеңсай жом

407 650

19

10

155

Наурыз-мамыр: қыркүйек-желтоқсан

Комсомол жом

407 650

20

10

155

Наурыз-мамыр: қыркүйек-желтоқсан

Қосбұлақ ном

407 650

21

20

155

Наурыз-мамыр: қыркүйек-желтоқсан

Майбұлақ жом

815 300

22

55

155

Наурыз-мамыр: қыркүйек-желтоқсан

Мұратбаев атын жом

2 242 075

23

15

155

Наурыз-мамыр: қыркүйек-желтоқсан

Нысанов атын ном

611 475

24

10

155

Наурыз-мамыр: қыркүйек-желтоқсан

Орманов атын ном

407 650

25

15

155

Наурыз-мамыр: қыркүйек-желтоқсан

Өтемісұлы атын ном

611 475

26

«Бәйдібек ауданы әкімдігінің Бәйдібек аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

25

155

Наурыз-мамыр: қыркүйек-желтоқсан

Сарыбұлақ жом

1 019 125

27

25

155

Наурыз-мамыр: қыркүйек-желтоқсан

Сатбаев атын жом

1 019 125

28

25

155

Наурыз-мамыр: қыркүйек-желтоқсан

Сыпатаев атын жом

1 019 125

29

25

155

Наурыз-мамыр: қыркүйек-желтоқсан

Тайманов атын жом

1 019 125

30

13

155

Наурыз-мамыр: қыркүйек-желтоқсан

Тасқұдық ном

529 945

31

15

155

Наурыз-мамыр: қыркүйек-желтоқсан

Теректі ном

611 475

32

28

155

Наурыз-мамыр: қыркүйек-желтоқсан

Тұрмыс -1 жом

1 141 420

33

33

155

Наурыз-мамыр: қыркүйек-желтоқсан

Уалиханов атын жом

1 345 245

34

90

155

Наурыз-мамыр: қыркүйек-желтоқсан

№1 мектеп интернат

3 668 850

35

61

155

Наурыз-мамыр: қыркүйек-желтоқсан

Шаян лицей жом

2 486 665




Жиыны:

919










37 463 035


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет