2. Резеңке қоспаларын өндіру мен қайта өңдеудің жалпы кәсіптері


Резеңке техникалық бұйымдардың, резеңке аяқ киім мен



бет4/8
Дата17.07.2016
өлшемі2.32 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8
3. Резеңке техникалық бұйымдардың, резеңке аяқ киім мен

кеңінен тұтынылатын резеңке бұйымдарының өндірісі
Резеңке жіптерді дайындау аппаратшысы
96. Резеңке жіптерді дайындау аппаратшысы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті аппаратшының басшылығымен желім мен латекстен резеңке жіптердің дайындаудың технологиялық процесінің жекелеген операцияларын жүргізу. Ораушы құрылғыларда және машиналарда катушкаларға резеңке жіптерді орау. Катушкаларды шпулярникқа орау. Жіптерді жіп түтететін құрылғыға салу, жіптердің ұштарын бос катушкаға бекіту, орау кезінде жіптің үзілуін болдырмау. Жіптердің дұрыс тартылуын бақылау, оралған жіптерімен катушкаларды орау құрылғысынан алу және оларды одан әрі өңдеуге жіберу. Жабдықты тазарту.

Білуге тиіс: желім мен латекстен резеңке жіптердің дайындаудың технологиялық процесс негіздері, резеңке жіптердің қалыңдығы (калибр) жіптерді орау сапасына Мемлекеттік стандартпен қойылатын талаптар, жіптерге қойылатын техникалық талаптар, орау механизмдерінің және машиналардың құрылысы, жұмысы, оларды пайдалану ережесі.

97. Резеңке жіптерді дайындау аппаратшысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті аппаратшының басшылығымен желім мен латекстен резеңке жіптерді дайындаудың технологиялық процесінің жекелеген сатыларын жүргізу. Ағындық тармақтың жекелеген тораптарына қызмет көрсету. Шаю ванналарында жіптердің өтуін қадағалау: фильерді коаглюмнан тазарту, тасушы құрылғыда жіптерді реттеу және бөлу. Орайтын және төсейтін машиналардың жылдамдықтарын реттеу. Жіптерді жіпбағыттағыштарға, жіпкергіштерге салу, жіптерді созуды реттеу, жіптердің үзілуін жою, істелген катушкаларды алмастыру және оларды қораптарға салу. Жіп салушының жұмысын бақылау: жіптердің лентасын бағыттаушы шығыршыққа салу, қораптарды алмастыру. Шығарылатын жіптердің сапасын бақылау. Құбырларды және коммуникацияларды тазартуға қатысу.

Білуге тиіс: желім мен латекстен резеңке жіптердің дайындаудың технологиялық процесс негіздері, резеңке жіптердің қалыңдығы (калибр) жіптерді орау сапасына мемлекеттік стандартпен қойылатын талаптар, жіптерге қойылатын техникалық талаптар, орау механизмдерінің және машиналардың құрылысы, жұмысы, оларды пайдалану ережесі.

98. Резеңке жіптерді дайындау аппаратшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті аппаратшының басшылығымен желім мен латекстен резеңке жіптерді дайындаудың технологиялық процесін жүргізу. Жіптердің фильерге біркелкі шығуын, жіптердің кептіргіш және вулканизациялау секцияларында талькатор және каландр арқылы өтуін, каландрдың біліктерінің арасындағы тарақтағы жіптердің дұрыс таратылуын қадағалау. Каландрдың біліктерінің арасында қажетті саңылауды және біліктерге қысым мөлшерлерін орнату. Фильер үшін торларды пішу. Резеңке желімдегі қажеттілікті анықтау және оны көтергіш құрылғы көмегімен аппаратқа тиеу. Талькты аппараттың ұнтақ жағу құрылғысына жүктеу.

Білуге тиіс: ағындық тармақтарда және агрегаттарда желім мен латекстен резеңке жіптерді дайындаудың технологиялық процесі, оны реттеу тәсімдері мен ережелері, қолданылатын желімдердің, латекс пен көмекші материалдардың маркалары және физикалық- химиялық қасиеттері, дайын өнімнің сапасына қойылатын техникалық талаптар, ағындық тармақтың немесе агрегаттың құрылысы, қызмет көрсетілетін жабдықты пайдалану ережесі.

99. Резеңке жіптерді дайындау аппаратшысы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ағындық тармақтарда және агрегаттарда желім мен латекстен резеңке жіптерді дайындаудың технологиялық процесін жүргізу. Ағындық тармақтың немесе агрегаттың құрамына кіретін барлық жабдықты берілген калибрлі жіптерді шығаруға жөндеу және дайындау: сүзгілерді және арнайы торларды фильерге орнату, стрейнердің торларының алмастыру, бу қысымын, вулканизациялау камерасындағы, пеш секцияларындағы, стрейнердегі, каландрдағы, иіртүтік престегі температураны реттеу, ағындық тармақтың немесе агрегаттың барлық түйіндерінің және жабдықтың жұмыс жылдамдықтарын реттеу.

Бақылау- өлшеу аспаптары бойынша немесе көзбен технологиялық процестің барысын қадағалау және оны реттеу. Даярланатын жіптердің сапасы мен калибрлерін бақылау. Желім мен латекстен резеңке жіптерді дайындау бойынша ағындық тармақтарға және агрегаттарға қызмет көрсету бойынша жұмсшыларға және бригадаға бекітілген көмекші жабдыққа басшылық ету. Жабдықты жөндеуге тапсыруға дайындау және жабдықты жөндеуден қабылдауға қатысу. Алынған өнімді есепке алу.

Білуге тиіс: желім мен латекстен резеңке жіптерді дайындаудың технологиялық процесі, қолданылатын желімдерге, латекс қоспаларына, көмекші материалдара және дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар, жасалған технологиялық регламентке сәйкес ағындық тармақтың немесе агрегаттың құрамына кіретін барлық жабдықты және тораптарды жөндеу және реттеу ережесі.

Түтіктердің гофрлеушісі


100. Түтіктердің гофрлеушісі 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ауыл шаруашылық машиналарына арналған ұрық шашатын жолдардың резеңке түтіктерінің станоктарында гофрлеу. Гофрленген станоктың секцияларын ашу, киілген резеңке түтіктен дорнды станокқа салу, гофрленген станоктың секцияларын жабу, түтікті қысу (гофрлеу). Резеңке түтікті қысылған күйде ұстау, гофрленген станоктың секцияларын ашу, дорнды алу. Түтікті одан әрі өңдеуге беру.

Білуге тиіс: ұрық шашатын жолдардың түтіктерін гофрлеудің технологиялық процесі, бөлшектердің құрылымы, дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар, станоктың және пневматикалық құрылғылардың құрылысы.

101. Түтіктердің гофрлеушісі 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Газтұтқыш аспаптарға арналған резеңке- тоқымалы түтіктерді гофрлеу. Шприцтелген түтікті өлшеу, белгіленген ұзындықпен кесу, дайындамаларды қолмен дорндарға кигізу. Станокқа салу. Станоктың секциясын ашу. Гофрлерді орау және түтікті қысу. Дайын түтікті суырып алу және оны одан арғы өңдеуге жіберу. Түтікті трикотажбен желімдеу.

Білуге тиіс: түтікті гофрлеу технологиялық процесі, қолданылатын резеңкелер мен материалдардың маркалары, қасиеттері мен белгіленуі, бөлшектердің құрылымы, дайын өнімге сапасына қойылатын техникалық талаптар, станоктың және пневматикадық құрылғылардың құрылысы.

Металл бұйымдарының гуммирлеушісі
102. Металл бұйымдарының гуммирлеушісі 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Металл бұйымдарды гуммирлеу бойынша көмекші жұмыстарды орындау. Металл бетті резеңкелермен өңдеуге дайындау: резеңкелерді қолмен тазарту, майсыздандыру, кептіру, резеңке бетін жабыстыруға дайындау, өңдеу беттерін жазу. Анағұрлым жоғары білікті гуммирлеушінің басшылығымен жабысатын және майсыздандыратын ерітінділерді дайындау.

Білуге тиіс: металл бұйымдарын гуммирлеу бойынша көмекші жұмыстардың тәсілдері, резеңкелердің және желімдейтін заттардың негізгі қасиеттері, майсыздандыратын заттардың құрамы, гуммирлеу үшін металл бұйымдарын дайындауға қойылатын талаптар.

103. Металл бұйымдарының гуммирлеушісі 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қарапайым және ұсақ металл бұйымдарын қолмен немесе станоктарда гуммирлеу. Бұйымдарды тіреуге құру, бұйымдардың бетінің сапасын тексеру, бензинмен тазарту, сүрту, қабыршақтарды, жарылуларды бітеу және тағы басқа, желіммен жағу және кептіру. Резеңке дайындамаларды пішу және оларды қайталау, желіммен жағу, гуммирленетін металл бетке салу және доңғалақпен немесе айналдыру станогында айналдыру. Қолмен немесе станокта гуммирленген бұйымдарды бұрандама жасау. Вулканизацияға тапсыру.

Білуге тиіс: гуммирлеу технологиялық процесі, құрылымдары мен мөлшерлеріне байланысты бұйымдарды және бөлшектерді гуммирлеу тәсілдері, резеңкелердің маркалары мен қасиеттері, қабыршықтар мен жарылыстарды бітеу тәсілдері, дайындамалардың және өнімнің сапасына қойылатын техникалық талаптар, айналдыру станогының құрылысы.

Жұмыс үлгілері.

1) Тығындар, қол арбаларына арналған доңғалақтар, доңғалақтар, сальниктер және шкивтер – гуммирлеу және бұрандама жасау;

2) Доңғалақтар (автомобильдерді жөндеу) - шиналау;

3) Катушкалар - бұрау.

104. Металл бұйымдарының гуммирлеушісі 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 150 мм дейін диаметрімен металл біліктерді немесе қарапайым химиялық аппаратураны қолмен немесе станокта гуммирлеу. Гуммтрленген бұйымдардың станок люнетасына немесе тіреулерге көпірлік кранның көмегімен орнату. Металдың бетін тазалау сапасын тексеру. Бензинмен тазарту. Ақауларды эбонитпен бітеу (жарылуларды, қабыршақтарды). Желіммен жағу және кептіру. Резеңке пластиналарды берілген мөлшерлер бойынша пішу және қайталау. Металл бетке доңғалақпен домалатумен қолмен немесе айналдыру станогының көмегімен салу. Көпіршіктерді тесу, мөлшерлердің өлшеу, алу. Гуммирленген металл бұйымдарды бинтпен байлау.

Білуге тиіс: металл бұйымдарын гуммирлеудің технологиялық процесі, бұйымдардың құрылымы, резеңкелердің маркалары, дайындамалардың және өнімнің сапасына қойылатын техникалық талаптар, айналдыру және бинтпен байлау станоктарының құрылысы және жөндеу ережесі, бинтпен байлау тәсілдері.

Жұмыс үлгілері.

Ванналар, бачоктар, алынбайтын қақпақтар крышки - гуммирлеу.

105. Металл бұйымдарының гуммирлеушісі 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 150 мм артық диаметрімен металл біліктерді немесе орта күрделі химиялық аппаратураны қолмен немесе станокта гуммирлеу. Бұйымдардың әрбір мөлшері үшін арнайы тіреулерді, люнеттерді және тағы басқа іріктеу. Біліктердің габариттері мен конфигурациясына байланысты дайындамалардың қалыптары мен мөлшерлерін есептеу. Белгілі бір калибрлі резеңкелерді іріктеумен қажетті мөлшерді резеңке пластиналарды қолмен үстелдерде пішу және қайталау. Кранның көмегімен алу және таңып байлау мен вулканизацияға жіберу.

Білуге тиіс: металл біліктерді гуммирлеудің технологиялық процесі, дайындамалардың мөлшерлерін анықтау әдістері, қабаттар салу әдістері, пайдаланылатын материалдардың маркалары, түрлері мен қасиеттері, дайындамалардың және өнімнің сапасына қойылатын техникалық талаптар, құрылғылардың және арнайы айналдыру станоктарының құрылысы.

Жұмыс үлгілері.

Араластырғыштар, нутч-сүзгілер, алмалы- салмалы қақпақтар - гуммирлеу.

106. Металл бұйымдарының гуммирлеушісі 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ірі габаритті ыдыстар мен химиялық аппаратураның сыртқы және ішкі бетін гуммирлеу. Гуммирлеуге жататын металл бұйымдардың сызуларымен таныстыру. Металдың және резеңке дайындамалардың бетінің сапасын бақылау. Геометриялық пішіндерді салу арқылы резеңке дайындамалардың қажетті мөлшерін есептеу. Резеңке матада дайындамалардың конфигурациясын сызу. Дайындамаларды қолмен үстелдерде пішу және қайталау, резеңкелердің маркасына және металға бекіту жағдайларына байланысты оларға арнайы желімдер жағу. Шпонкалар, викельдер және басқа бөлшектерді жабыстыру. Вулканизациялауға дейін электр сынамамен сынаумен айнала қоршау сапасын тексеру. Табылған ақауларды жою. Бетін зімпара матамен тазарту және вулканизацияға жіберу.

Білуге тиіс: ыдыстар мен химаппаратураның гуммирлеудің технологиялық процесі, дайындамалардың конфигурациясы мен мөлшерін анықтау әдістері, дайындамалар мен өнімге қойылатын техникалық талаптар, электрсынамамен сынаулар жүргізу ережесі, жабдық пен құралдың құрылысы.

Жұмыс үлгілері.

1) Автоцистерналар, темір жол цистерналар және контейнерлер - гуммирлеу;

2) Химаппаратура: мұнаралар, вакуум-сүзгілер, центрифугалар - гуммирлеу.

107. Металл бұйымдарының гуммирлеушісі 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. 930 сериялы экструденді қолданумен 150 мм артық диаметрімен металл біліктердің резеңке бетін гуммирлеу. Гуммирлеуге тиісті металл бұйымдарының сызуларымен таныстыру. Жылжымалы көпір кранының көмегімен алдын ала тазартылған металл білікті люнеттерге орнату. Біліктік бетін бензинмен тазарту, желіммен жағу. Агрегатты дайындау және жұмысқа жөндеу (шприцмашинаны, білікті айналдыруға арналған станокты, температураны реттек блогын, жылдамдық реттеуішін). Желіммен жағылған айналмалы біліктің бетіне фетельдер салу. Салқын қуаттандыру экструдерінің аймақтары боынша температураны бақылау және реттеу, аспапта гуммирленген қабаттың қалыңдығын, қысатын доңғалақтың еңіс бұрышын, қысатын доңғалаққа қысымды, шприцталатын резеңке жолақтың енін анықтау, доңғалақтардың жүйесі арқылы білікке шприцталған лентаны салу. Сызуларға сәйкес шприцталған резеңке жолақты білікке салу. Гуммирленетін біліктердің сапасын бақылау. Шикізаттың қажетті мөлшерін есептеу. Агрегатқа қызмет көрсететін жұмысшыларды басқару.

Білуге тиіс: металл біліктердің гуммирлеудің технологиялық процесі, қолданылатын материалдардың маркалары, түрлері, қасиеттері, белгіленуі, жабдықтың құрылысы және оны пайдалануға қойылатын талаптар.

Жұмыс үлгілері.

Ірі габаритті металл біліктер- гуммирлеу.

108. Бинт дайындаушысы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Матаны бинт үзетін машинада бинттерге жыртып бөлу. Матамен доңғалақты штангада бекіту, тежеу дисктерін кигізу. Матаның ұштарын қажетті ені бойынша қолмен жырту. Кішкене біліктерге бинттарды салу. Матаның біркелкі созылуын және дұрыс жыртылуын қадағалау. Машинаның жылдамдығын реттеу. Оралған бинттармен доңғалақтарды алу. Бинт жыртатын машинаға күрделі емес жөндеу орындау. Бинт пен бауды жабыстыру жерлеріне апару.

Білуге тиіс: бинтты дайындау бойынша ұтымды тәсілдер, бинттердің мөлшерлері және олардың белгіленуі, бинт үзетін машинаның құрылысы.

Бинттерді қолмен дайындаған кезде - 1-разряд.

Резеңке бұйымдардың және бөлшектердің дайындаушысы


109. Резеңке бұйымдардың және бөлшектердің дайындаушысы 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Резеңке бөлшектерді немесе резеңкеленген және резеңкеленбеген тоқыма дайындамалардан бұйымдарды дайындау- тігу кезінде қарапайым жұмыстарды орындау. Шпульдарды есу, сөйлесу аппараттары үшін мата бөлшектерді тігу, әр түрлі маталардың ұштарын тігу, бинтті тігу. Резеңкеленген матадан тыстар мен қап ыдыс тігу. Арнайы киімді күрделі жөндеу.

Білуге тиіс: бөлшектерді немесе бұйымдарды тігу тәсілдері, дайындамаларға және дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар, тігін машинаның құрылысы.

110. Резеңке бұйымдардың және бөлшектердің дайындаушысы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Резеңке бөлшектерді немесе бұйымдарды тігу кезінде орта күрделі жұмыстарды орындау. Резеңке аяқ киімнің бөлшектерін дайындау- тігу, тілшігін қаптау және тігу, туфлялардың дайындамаларын тігу. Резеңкеленген матаның қисықтарын тігу, резеңкелердің ұштарын тігу. Ауада ұшатын және инженер мүліктің ұсақ қосалқы бөлшектерін тігу. Қолмен немесе арнайы киім машинасында тігу. Арнайы киімді күрделі жөндеу.

Білуге тиіс: резеңке бөлшектерді немесе бұйымдарды дайындау- тігудің тәсілдері, бөлшектердің немесе бұйымдардың құрылымы және олардың белгіленуі, дайындамаларға және дайын өнімдерге қойылатын техникалық талаптар, тігін машинасының құрылысы.

111. Резеңке бұйымдардың және бөлшектердің дайындаушысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Резеңке бөлшектерді және бұйымдарды тігу кезінде күрделі жұмыстарды орындау. Резеңке аяқ киімді дайындау- тігу: дайындамаларды тігу, клюштарды тігу, мүсінді сіріні тігу, қалыптық ачқ киімнің дайындамаларын тігу. Резеңке аяқ киімдер үшін шұлықтарды тігу, алдыңғы және артқы тігісті тігу, алдын тігу, ұлтарақты тігу, резеңке аяқ киімнің резеңкеленген тоқыма және мауыт бөлшектерді тігу. Өңдеу қыстырма жағаларды, бауларды, айылбастарды, тері шетін тігу. Резеңке аяқ киімнің резеңкеленген тоқыма бөлшектерін тігу. Инженерлік мүліктің көмекші бөлшектерін, аэростаттар мен газгольдерлер үшін мұнаралар мен цилиндрлер тігу.

Білуге тиіс: резеңке бұйымдарды және бөлшектерді тігудің технологиялық процесі, бөлшектердің және бұйымдардың құрылымы және белгіленуі, дайындамалардың және дайын өнімның сапасына қойылатын техникалық талаптар , тігін машинаның және құрылғылардың құрылысы және жөндеуі.

112. Резеңке бұйымдардың және бөлшектердің дайындаушысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Резеңке бөлшектерді және бұйымдарды тігу кезінде ерекше күрделі жұмыстарды орындау. Желдету құбырларын тігу. Инженерлік мүліктің негізгі бөлшектерін тігу. Шағын аэростаттар үшін цилиндрларға мұнаралар тігу.

Білуге тиіс: резеңке бұйымдарды және бөлшектерді тігудің технологиялық процесі, бөлшектердің құрылымы, түрлері мен белгіленуі, тораптар, өңделінетін материалдардың физикалық –химиялық қасиеттері, дайындамалардың және бұйымдардың сапасына қойылатын техникалық талаптар.

113. Резеңке бұйымдардың және бөлшектердің дайындаушысы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Күрделі конструкциялы резеңке бұйымдарды тігу кезінде ерекше күрделі жұмыстарды орындау. Ұшатын және инженерлік мүліктің жинақтау және соңғы тігістерін тігу. Мұнараларды үлкен аэростаттардың цилиндрларына тігу. Резеңке бұйымдардың және бөлшектерді тігуде жұмыс істейтін жұмысшыларға басшылық ету.

Білуге тиіс: резеңке бұйымдарды және бөлшектерді тігудің технологиялық процесі, сызуларды оқу ережесі, қолданылатын материалдардың қасиеттері, бөлшектердің және бұйымдардың құрылымы, түрлері мен белгіленуі, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімнің сапасына қойылатын технологиялық талаптар, тігін машиналарының және құрылғылардың құрылысы.

Инженерлік мүлік такелажының дайындаушысы
114. Инженерлік мүлік такелажының дайындаушысы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Инженерлік мүлік бұйымдары үшін қарапайым жіп такелажын дайындау. Жіптер мен түйіндерді байлау, өскіндерін дайындау, оларды желіммен жағу. Ұштары мен өскіндерін түю.

Білуге тиіс: қарапайым такелаж дайындау тәсілдері, материалдардың түрлері мен белгіленуі, қарапайым такелаждық жабдықтаудың сызбалары, такелаждық жабдықтаудың сапасына қойылатын техникалық талаптар.

Жұмыс үлгілері.

1) Костюмдарға такелаждық жабдықтау- дайындау және байлау;

2) Тыстарға такелаж - дайындау.

115. Инженерлік мүлік такелажының дайындаушысы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бұйымдарға байлаумен инженерлік мүліктің бұйымдарына орта күрделі жіп және арқан такелажын дайындау немесе бұйымдарға байлаусыз күрделі жіп және арқан такелажын дайындау. Материалдарды пішу, сызулар мен үлгілер бойынша такелаждық жабдықтау жіптері мен түйіндерін байлау. Дайын бұйымдарға қарапайыи жіп такелажын байлау.

Білуге тиіс: жіптерді, түйіндерді байлау және такелажды бұйымдарға жалғап байлау тәсілдері, такелаждық жабдықтау сызбалары, бұйымдардың түрлері, такелаждық жабдықтау сапасына қойылатын техникалық талаптар.

Жұмыс үлгілері.

1) Аэростаттар мен гагольдерлерге такелаждық жабдықтау- дайындау;

2) Қайықтарға такелаж - дайындау.

116. Инженерлік мүлік такелажының дайындаушысы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Бұйымдарға байлаумен инженерлік мүліктің бұйымдарына күрделі жіп және арқан такелажын дайындау. Шпагат пен өскіндердің қосылу жерлерін желіммен жағу. Такелажды үлкен мөлшерлі және күрделі құрылымды бұйымдарға байлау.

Білуге тиіс: инженерлік мүліктің бұйымдарына күрделі жіп және арқан такелажын дайындау және байлау тәсілдері, такелаждық жабдықтау мен бұйымдардың сызбалары мен сызулары, геометрия негіздері, бұйымдардың және қолданылатын материалдардың түрлері мен белгіленуі, такелаждық жабдықтаудың сапасына қойылатын техникалық талаптар.

Жұмыс үлгілері.

Аэростаттар мен гагольдерлерге такелаж - дайындау және жалғап байлау.

Батырылған бұйымдардың тегістеушісі
117. Батырылған бұйымдардың тегістеушісі 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Емізіктердің, тамызғыштардың, резеңке емізіктердің, ойыншықтардың ұшын және басқа жауапсыз тігіссіз бұйымдарды арнайы құрылғының көмегімен немесе қолмен айналдыру. Рамкадан қалыпты алу. Батырылған қабыршықтың сапасын және қабыршықтың ұзындығын шаблонның көмегімен көзбен бақылау. Қабыршықтың артық бөлігін және ақау қабыршыты алып тастау. Біркелкі қалыңдықты гүлдің тәжін жазу. Бұйымдармен қалыптарды вулканизациялауға беру.

Білуге тиіс: ұшын айналдыру тәсілдері, қабыршықтың және ұшын айналдырудың сапасына қойылатын техникалық талаптар, құрылғылардың құрылысы.

118. Батырылған бұйымдардың тегістеушісі 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Перчаткалардың, қақпақтардың ұшын және басқа жауапты тігіссіз бұйымдарды қолмен айналдыру. Шаблондардың көмегімен батырылған қабыршықтың жарамдылығы мен ұзындығын анықтау. Бірдей қалыңдықты ұшын мұқият айналдыру.

Білуге тиіс: ұшын айналдырудың технологиялық процесі, қабыршықты айналдырудың сапасына қойылатын техникалық талаптар, құрылғылардың құрылысы.

Батырылған бұйымдардың дайындаушысы
119. Батырылған бұйымдардың дайындаушысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Механикаландырылған ағындық тармақтарда және қол аппараттарында батыру әдісімен желімнен, латекстен және басқа компоненттерден тігіссіз бұйымдарды дайындау кезінде операцияларды орындау, ваннаны негізгі компонентпен және коагулянтпен толтыру, қоспа бетінен көпіршіктерді, қабыршақтарды және бөтен қосуларды жүйелі алып тастау, негізгі компонент консистенциясын бақылау, қалыптардың және кассеталардың жұмысқа жарамдылығын тексеру, қалыптар мен кассеталардың бетін негізгі компоненттің және коагулянттың қабыршағынан тазалау.

Қол аппараттарына қызмет көрсету кезінде - анағұрлым жоғары білікті батырылған бұйымдардың дайындаушысының басшылығымен батырудың технологиялық процесін жүргізу: қалыптармен рамкаларды ванналарға тиеу, оларды ұстаудан кейін түсіру және кейінгі өңдеуге тапсыру.

Механикаландырылған ағындық тармақтарға қызмет көрсету кезінде-механизмдердің жұмысын және қызмет көрсетуін қадағалау: қалыптармен кассеталарды конвейердің салпыншақтарынан ілу және алу, кассеталарды вагонеткаларға ауыстыру, көтеру, тасымалдау, тиеу және оларды одан түсіру, ауа және су синерезисы қондырғыларының, қалыптарды жылумен өңдеу агрегатының және аналитикалық жабдықтың жұмысын қадағалау.

Білуге тиіс: батырылған бұйымдарды әзірлеудің технологиялық процесі, аппараттар мен механикаландырылған ағындық тармақтарға қызмет көрсету кезінде операцияларды орындау тәсілдері, батырылған бұйымдарды әзірлеуде қолданылатын негізгі компоненттің түрлері, қасиеттері мен белгіленуі, қалыптардың сапасына, негізгі компонентке (желімге, латекске, пластизольге және басқалар) қойылатын талаптар, қызмет көрсетілетін жабдықтың және механизмдердің құрылысы, белгіленуі және пайдаланылуы.

120. Батырылған бұйымдардың дайындаушысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Механикаландырылған ағындық тармақтарда, автоматты, жартылай автоматты және қол аппараттарында батыру әдісімен желімнен, латекстен және басқа компоненттерден тігіссіз бұйымдарды дайындау кезінде технологиялық процесті жүргізу. Қалыптарды кассеталарды коагулянтты қоспаға батыру процесін жүргізу, коагулянтты қоспаның консистенциясы мен жиілігін, ауа температурасы мен ылғалдылығын қадағалау, коагулянтты қоспаны құю және араластыру.

Қол аппараттарына қызмет көрсету кезінде – ванна мен қалыптарды жұмысқа дайындау. Қалыптармен рамкаларды аппарат ваннасына батыру, оларды ваннадан алу, батырылған қабыршақты кептіру және технологиялық регламентке сәйкес қайта батыру. Қалыптармен рамкаларды үстелге орнату. Қол аппараттарына қызмет көрсететін жұмысшыларға және бұйымдарды айналдыруға жұмыс істейтін жұмысшыларға басшылық ету. Анағұрлым жоғары білікті батырылған бұйымдардың дайындаушысының басшылығымен батырудың технологиялық процесін жүргізу және «Гому» мен «Ширма» түрлі автоматты және жартылай автоматты аппараттарға қызмет көрсету. Жабдық пен қалыптарды тазалауға қатысу.

Білуге тиіс: батырылған бұйымдарды әзірлеудің технологиялық процесі, желімдердің, латекстердің және батырылған бұйымдарды әзірлеуде қолданылатын басқа компоненттердің түрлері, қасиеттері мен белгіленуі, қалыптар мен өнімнің сапасына қойылатын талаптар, қызмет көрсетілетін жабдықтың және механизмдердің құрылысы, белгіленуі және пайдалануы.

Жұмыс үлгілері.

Батыру әдісімен даярланған медициналық бұйымдар мен халық тұтынатын тауарлар: саусаққа киетіндер, балалар шарларына және спорттық камераларға арналған қабықтар, қолғаптар, тамызғыштар, презервативтар, резеңке емізіктер және ұқсас бұйымдар.

121. Батырылған бұйымдардың дайындаушысы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Механикаландырылған ағындық тармақтарда, автоматты және жартылай автоматты аппараттарда батыру әдісімен желімнен, латекстен және басқа компоненттерден тігіссіз бұйымдарды дайындау кезінде технологиялық процесті жүргізу.

Қалыптармен кассеталарды негізгі компоненттің (желімнің, латекстік немесе басқа қоспаның) қоспасына батыру процесін жүргізу. Бақылау- өлшеу аспаптары бойынша қадағалау және батырылған бұйымдарды дайындаудың барлық тармағында технологиялық процестің барысын реттеу: батыру ванналарында қоспаның температуралық параметрлерін, коагулянтты жылумен өңдеу және кептіру камераларын, конвейер пешінің қозғалыс жылдамдығын реттеу. Қалыптардың бетінің тазалығы мен сапасын көзбен қарау. Қалыптарды жуу және кептіру механизмдерінің, айналдыру құрылғыларының жұмысын, батыру ванналарында қоспаның деңгейін және қоспаның дер кезінде құйылуын қадағалау. Тармаққа түсетін қоспалардың шифрлары мен нөмірлерінің жазуларын дұрыс жүргізуді, дайындалған батырылған бұйымдардың сапасын бақылау, шикізаттың шығынының есебі мен өнімнің шығарылуының есебін жүргізу.

«Гому» мен «Ширма» түрлі автоматты және жартылай автоматты аппараттарға қызмет көрсету жән технологиялық процесті жүргізу кезінде - коагулянтты және негізгі қоспамен ванналарды толтыру, құрылғыда рамкаларды түсіру, рамкаларды коагулянтты қоспағаға, негізгі компоненттің қоспасына батыру. Коагулянтты қоспаны әлсін- әлсін араластыру және ерітіндінің бетінен қабыршақты және басқа қосылуларды алып тастау, негізі компонентті сүзу. Рамкаларды кептіру шкафына жүктеу және оларды түсіру. Жабдық пен қалыптарды тазалауға қатысу.

Білуге тиіс: батырылған бұйымдарды әзірлеудің технологиялық процесі, батыру және иондық ыдырату әдісімен батырылған бұйымдарды әзірлеу кезінде желімдердің, латекстердің және қолданылатын басқа компоненттердің түрлері, қасиеттері мен белгіленуі, материалдар мен дайын өнімге сапасына қойылатын талаптар, жабдықты, механизмдерді және - өлшеу аспаптарын жөндеу және пайдалану ережесі және бақылау.

Жұмыс үлгілері. Батыру әдісімен даярланған медициналық бұйымдар мен халық тұтынатын тауарлар: саусаққа киетіндер, балалар шарларына және спорттық камераларға арналған қабықтар, қолғаптар, тамызғыштар, презервативтар, резеңке емізіктер және ұқсас бұйымдар.

Молдингтер дайындаушысы


122. Молдингтер дайындаушысы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Резеңкемен және матамен қапталған молдингтердің дайындамаларын әр түрлі станоктарда шабу-кесу, шектегіштерді орнату, дайындамаларды станок пышағының астына беру, техникалық талаптарға сәйкес дайындамаларды шабу - кесу және салу. Іріктеу, майлау арқылы молдингтерді қоршауға арналған материалды дайындау, кесінділерді үздіксіз лентаға түйістіру.

Білуге тиіс: жұмыс тәсімдері, бұйымдардың белгіленуі және құрылымы, оларға қойылатын техникалық талаптар, дайындамаларды шабу-кесуге арналған станоктардың құрылысы.

123. Молдингтер дайындаушысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Молдингтерді дайындау кезінде қоршайтын агрегатқа қызмет көрсету бойынша жекелеген жұмыстарды орындау, сондай-ақ резеңкемен және матамен қапталған молдингтердің дайындамаларын арнайы машиналарда немесе қолмен қалыптау. Молдингтерді дайындау үшін лентаны жаншып қақтау және тесу. Қапталған лентаны катушкаға қабылдау немесе оны «сегіз тәрізді» жалғыз жинау, лентаны «сегіз тәрізді» салу кезінде тоғысу жерлерінде тальктеу.

Білуге тиіс: молдинтерді дайындау технологиялық процесінің мәнісі, шаблондар мен бұйымдардың белгіленуі және құрылымы, оларға техникалық талаптар, жабдықтың құрылысы.

124. Молдингтер дайындаушысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қаптай агрегатында молдингтерді (автошыны нығыздағыштарын) қоршау- қалыптау. Агрегаттың техникалық ақаусыздығын тексеру және оны жұмысқа дайындау. Шприцмашинаның бастиегінде шайбаны іріктеу және орнату. Қажет болған жағдайда жаншып қақтайтын қорапты шприцмашинаның алдында орнату. Лента қозғалысының жылдамдығын реттеу. Металл лентаны шприцмашина арқылы өткізу және оны қоршау агрегатына салу. Механизмдердің жұмысын, түкті материал лентасының машинаға біркелкі берілуін, қоршау мен қалыптау сапасын қадағалау. Қоршау агрегатына қойылған жұмысшыларға басшылық ету.

Білуге тиіс: молдингтер әзірлеудің технологиялық процесі, бұйымдардың белгіленуі және құрылымы, молдингтер әзірлеу үшін қолданылатын материалдардың түрлері, оларға қойылатын техникалық талаптар, қоршау агрегатының құрылысы.

Эбонит бұйымдарының желімдеп жапсырушысы
125. Эбонит бұйымдарының желімдеп жапсырушысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Эбонит акбактарды, көп сатылы шайбаларымен көп қабатты эбониттік оқшаулағыштарды және орта күрделі басқа арнайы бұйымдарды желімдеп жапсыру. Шикі резеңкелерден дайындамаларды кесу. Призмалар мен қалқаларды үлгінің арнайы тесіктеріне желімдеп жапсыру, жапсыру жерлерін доңғалақпен домалату. Резеңкелердің артық жерлерін кесіп тастау және желіммен жағу. Түбі мен қабырғаларын екі қабат етіп жапсыру және майлау және резеңкелердің артық жерлерін кесіп тастау. Үлгі бөлшектерінің екінші қабатын салу және домалату. Аккумулятор багының бөлшектерін жекелеген бөлшектерді жабыстыру үшін белгілеу. Амортизаторлар үшін дайындамаларды кесу. Амортизаторларды тұрқыға желімдеу. Оларды доңғалақпен домалату. Шаблон бойынша шеттерін кесіп тастау және аккумулятор батарын келесі операцияға жіберу.

Білуге тиіс: эбонит бұйымдарын жабыстырудың технологиялық процесі, қолданылатын материалдардың және резеңкелердің маркалары мен қасиеттері, бұйымдар мен бөлшектердің сызуларын оқу ережесі, өнімнің және жартылай фабрикаттардың сапасына қойылатын талаптар, аспаптарды және құрылғыларды пайдалану ережесі.

Күрделі эбонит бұйымдарын жабыстыру кезінде – 4 - разряд

126. Эбонит бұйымдарының желімдеп жапсырушысы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Үлкен аккумулятор бактары үшін қаптарды желімдеп жапсыру. Призмалардың шаблондары мен даяр үлгілері бойынша шикі каландрланған резеңкелердің дайындамаларын, қаптың құлыптарын және басқа бөлшектерді кесу, қаптарды үлгілерде желімдеп жапсыру, тігістерді жазу мен кесу, қаптың шеттерін шаблонмен кесу. Қапты үлкен аккумулятор бактарының камераларына желімдеп жапсыру.

Білуге тиіс: акбактар үшін қаптарды жапсырудың технологиялық процесі, қолданылатын резеңкелердің маркалары, қасиеттері, бұйымдар мен бөлшектердің сызуларын оқу ережесі, өнімнің сапасына техникалық талаптар, аспаптарды және құрылғыларды пайдалану ережесі.

127. Эбонит бұйымдарының желімдеп жапсырушысы 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Үлкен аккумулятор бактарын сызулар мен үлгілер бойынша желімдеу және резеңке қаптарды желімдеп жапсыру. Дайындамаларды призмаларға және қалқаларға кесу. Қалқаларды желімдеу, жазу, кесу. Пластиналарды бактың бірінші қабатына кесу. Желімдеу, жазу және бірінші және екінші қабаттардың артық резеңкелерін кесіп тастау, акумулятор багы мен амортизаторларды кесу, желімдеп жапсыру, жазу, өңдеу.

Білуге тиіс: аккумулятор бактарын желімдеп жапсырудың технологиялық процесі, бұйымдардың және бөлшектердің сызударын оқу ережесі, жартылай фабрикаттар мен материалдардың түрлері мен қасиеттері, өнімге техникалық талаптар, құрылғыларды пайдалану ережесі.

Есу майысқақ түтіктерін дайындау агрегатының машинисі
128. Есу майысқақ түтіктерін дайындау агрегатының машинисі 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары машинисің басшылығымен агрегатта қысымды майысқақ түтіктерді дайындау. Майысқақ түтіктер үшін камералар алу. Майысқақ түтіктер камерасымен кәрзеңкені кранбалканың көмегімен алаңшаға орнату. Камераны ауамен үрлеу. Оны есу планшайбасына құю. Майысқақ түтік камерасын есу әдісімен жіптермен қаптау. Майысқақ түтікті шприцмашинаға салу. Машинаға аралық резеңке қабатты салу. Майысқақ түтікті қаптай үшін екінші планшайбаға беру. Бірінші есу планшайбасын жіптермен салу. Жіптердің созылуын және есу қадамын тексеру. Шприцмашинаны майысқақ түтіктің берілген диаметріне және аралық қабат қабырғасының қалыңдығына икемдеу. Шприцмашинаны жөндеу. Есу планшайбасын жіптермен қайта зарядтау. Жіптердің үзілуін жою.

Білуге тиіс: есу құрылымының майысқақ түтіктерін әзірлеудің технологиялық процесі, жабдықтың құрылысы және жөндеу ережесі, өнімнің сапасына қойылатын техникалық талаптар, бақылау- өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі.

129. Есу майысқақ түтіктерін дайындау агрегатының машинисі 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Агрегатта қысымды майысқақ түтіктерді дайындау. Аралық резеңке қабатпен қапталған майысқақ түтіктің дайындамаларын есу планшайбасына салу, есу әдісімен жіптермен қаптау, шприцмашинаға салу, сыртқы резеңке қабатты салу, қапталған майысқақ түтікті транспортер бойынша жазу құрылғысының барабанына беру.

Шприцмашинаны майысқақ түтіктің берілген диметріне және сыртқықабаттың қабырға қалыңдығына баптау. Агрегаттың жұмысын басқару. Анағұрлым төмен біліктілікті жұмысшыларға басшылық ету.

Білуге тиіс: есу құрылымының майысқақ түтігін әзірлеудің технологиялық процесі, жабдықтың құрылысы, жұмыс істеу қағидасы және жөндеу ережесі, жартылай фабрикаттарға және дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар.

Өшіретін резеңке дайындау агрегатының машинисі


130. Өшіретін резеңке дайындау агрегатының машинисі 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өшіретін резеңке дайындау агрегатының механизмдері мен тораптарына қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау. Өшіретін резеңклерге, жинақтағышқа, тегістеу барабанына, іріктеу бункеріне вулканизацияланған табақтард кесу механизміне, буындар бойынша кесілген резеңкені бөлу механизміне, штампельдік және есептік- орау механизмдерін қызмет көрсету. Агрегатты вулканизацияланған резеңкенің табақтарымен қуаттандыру. Жинақтағыштың толтырылуын қадағалау. Тегістеу барабанын тиеу және резеңкелерді іріктеу бункеріне түсіру. Кесілген өшіретін резеңкелердің транспортер құрылғылары және буын- бөлгіштер бойынша өтуін, штемпельдеу құрылғысының жұмысын қадағалау. Буындардан дұрыс емес конфигурациялы және мөлшерлі резеңкелерді алып тастау. Штемпель жастықтарын жуу және салу. Штамптарды тазарту, оларды есептік механизмммен анықталған резеңке мөлшерімен толтырған кезде қораптарды ауыстыру.

Білуге тиіс: өшіретін резеңкелерді әзірлеудің технологиялық процесі, қолданылатын вулканизациялау резеңкелердің түрлері мен қасиеттері, өшіретін резеңкелердің сапасына қойылатын талаптар, оны өңдеу және орау, агрегаттың жекелеген буындарының құрылысы, жөндеу пен пайдалану.

Желімдік агрегаттың машинисі

131. Желімдік агрегаттың машинисі 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Желімдік агрегаттарда талшықты қабатты пайда болдырту мен желімдеп жапсыру технологиялық процесін жүргізу. Бақылау - өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша барлық операцияларда талшықтың қозғалатын торға біркелкі және үздіксіз берілуін, технологиялық процестің барысын қадағалау. Сіңдіру ваннасына ерітіндінің берілуін, кептіру камерасында термореттеуіштің температурасын, сіңдірілмеген және сіңдірілген матаның массасын реттеу. Агрегатты тазалау бойынша ұмысқа қатысу. Жабдықтың жұмысындағы олқылықтарды жою.

Білуге тиіс: түкті желімдеп жапсыру арқылы талшықты қабатты пайда болдыртудың технологиялық процесі, желімдік агрегаттың құрылысы, сіңдіретін ерітіндінің және дайын матаның сапасына қойылатын техникалық талаптар, жабдықтың құрылысы, жөндеу және жұмысындағы олқылықтарды жою тәсілдері.

Орап тоқу машинасының машинисі
132. Орап тоқу машинасының машинисі 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі құрылымды орап тоқу машиналарында резеңке бауды жіппен орап тоқу. Тоқыма жіпті бобинадан шпульдарға салу. Жіппен шпульды шпулярниктің шпиндельдеріне орнату. Жіптердің бумасын бағыттаушы кішкене тесікке салу. Жіптердің біркелкі берілуін және созылуын және резеңке өзекшенің орап тоқуын қадағалау. Бос шпульдарды ауыстыру және орап тоқу процесінде жіптердің үзілуін болдырмау. Анағұрлым жоғары білікті машинисің басшылығымен – шекқұбырларды жіппен және сыммен орап тоқу кезінде машиналарға қызмет көрсету бойынша операцияларды орындау, жіптер мен сымның үзілулерін жою, орап тоқылған майысқақ түтіктерді кесу, оларды қатарластырып жинау және тасымалдау.

Білуге тиіс: резеңке баулар мен шекқұбырлардың орап тоқудың технологиялық процесі, оларды орап тоқу тәртібі, өнімнің сапасына техникалық талаптар, машинаның және көмекші құрылғылардың құрылысы және жөндеу ережесі.

133. Орап тоқу машинасының машинисі 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шекқұбырларды сыммен немсе жіппен дорндық немесе дорнсыздық тәсілмен әр түрлі құрылымды тік немесе көлденең орап тоқу машиналарында орап тоқу. Берілген ассортиментке сәйкес машинаны дайындау және жөндеу. Дорнды қою, сымның созылуын реттеу және үзілулерін жою. Шпульдарды ауыстыру, ақау жерлерін белгілеу, тоқылған майысқақ түтікті кесу.

Білуге тиіс: шекқұбырларды орап тлқудың технологиялық процесі, бұйымдардың құрылымы, орап оқу машинасының және көмекші құрылғылардың құрылысы және жөндеу ережесі.

134. Орап тоқу машинасының машинисі 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сымды алдын ала тартусыз шекқұбыларды сыммен орап тоқу машиналарынла орап тоқу. Кассеталарды блоктарға жинау, машинаның кареткаларына сыммен салу, зонтты қалыптастыру. Шекқұбырларды 36- және 48- шпульдық машиналарда жіппен орап тоқу. Машинаны қайта зарядтау және жөндеу, орап тоқу қадамын технокартаға жән майысқақ түтіктің диаметріне сәйкес орнату, сымның немесе жіптің созылуын реттеу, үзілулерін жою. Әр түрлі құрылымды машиналарды авиациялық майысқақ түтіктердің камераларын орап тоқу.

Білуге тиіс: шекқұбырларды орап тоқудың технологиялық процесі, орап тоқу машиналарының және көмекші құрылғылардың құрылысы және жөндеу ережесі.

Алдын ала қалыптағыштың машинисі
135. Алдын ала қалыптағыштың машинисі 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары машинисің басшылығымен алдын ала қалыптағышта қалыпталған резеңке бөлшектері үшін дайындамаларды дайындау процесін жүргізу. Қоспаны алдын ала қалыптағыш бастиегіне тасымадау және жүктеу. Қоспаның сапасын, судың және қысылған ауаның түсуін бақылау. Термореттеуіштің көмегімен қажетті температураны орнату. Алдын ала қалыптағыштың бастиегіне және цилиндрға майды беру. Дайындамаларды жәшіктерге түсіру.

Білуге тиіс: алдын ала қалыптағыштарда дайындамаларды дайындау технологиялық процесінің мәнісі, жабдықтың жұмыс қағидасы, өңделінетін материалдардың макалары, қасиеттері, өнімнің сапасына қойылатын техникалық талаптар, қауіпсіз жұмыс тәсімдері.

136. Алдын ала қалыптағыштың машинисі 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Алдын ала қалыптағышта қалыпталған резеңке бөлшектері үшін дайындамаларды дайындау процесін жүргізу. Судың, қысылған ауаның берілуін реттеу, вакуумды, тұрақты қысымды жасау. Қозғалыс пышағын жұмысқа қосу, машинаны майлау және тазарту. Дайындамалардың түріне байланысты пышақтың саңылауы мен жылдамдығын орнату, баптау және реттеу. Плунжерді, есептеуішті реттеу және орнату. Жабдықтың жұмысындағы ұсақ олқылықтарды жою. Дайындамалардың сапасын көзбен анықтау. Анағұрлым төмен біліктілікті машинисердің жұмысына басшылық ету. Жабдықты жөндеуге дайындау, жөндеуден қабылдау.

Білуге тиіс: алдын ала қалыптағышта дайындамаларды әзірлеудің технологиялық процесі, алдын ала қалыптағыштың құрылысы және жөндеу ережесі, дайындамалардың ассортименті, мөлшерлері мен ерекшелігі, резеңке қоспалардың маркалары және оларды өңдеу ерекшеліктері, ақаулар, олардың туындау себептері және оларды жою тәсілдері, қауіпсіз жұмыс тәсімдері.

Тарқату машинасының машинисі
137. Тарқату машинасының машинисі 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тарқату машинасында ширатылған бұраулардан немесе басқа материалдардан қыл- қыбырлардың бухталарын тарқату процесін жүргізу. Бекіткішті бухталардан шешіп алу, бухталарды жақындату және оларды бабинұстағыштарға орнату. Бұрауларды машинаның арнайы құрылғыларда бекіту. Тарқату және қопсыту процесін қадағалау. Қажетіне қарай шикізат пен материалдарды тарқату машинасына беру жылдамдығын реттеу. Циклондар мен соратын құрылғыларға қызмет көрсету. Машинаны әлсін- әлсін тазарту.

Білуге тиіс: шикізат пен материалдарды тарқату және қопсыту технологиялық процесі, шикізаттың сапасына қойылатын техникалық талаптар, тарқату машинасының құрылысы, жұмыс істеу қағидасы және пайдалану ережесі.

Резеңке аяқ киімнің модельдеушісі
138. Резеңке аяқ киімнің модельдеушісі
Жұмыс сипаттамасы. Барлық бөлшектердің неғұрлым ұтымды конфигурациясымен, материалдарды барынша үнемдеумен және аяқ киімді жинау жағдайларын ескерумен берілген конструкцияға резеңке аяқ киімнің күрделі моделін әзірлеу. Шаблондардың конфигурациясын әзірлеу кезінде әр түрлі графикалық әдістерді қолдану. Әзірленген шаблондарды қалыпқа қиыстырып келтіру және құрастыру процесінде берілген нөмірлі әзірленген конфигурацияның және бөлшектердің жарамдылығын тексеру. Аяқ киімнің берілген нөмірінің бөлшектеріне тексерілген шаблондар бойынша фасонның барлық нөмірлері үшін шаблондарды есептеу және дайындау. Әзірленген шаблондарды қолмен немесе градир-машинада көшіру. Нұсқаулық карталарын құрастыру. Өндіріске бұйымдардың әзірленген құрыымын ендіру кезінде барлық өндірістік шектер бойынша цех персоналын қадағалау және нұсқама жүргізу.

Білуге тиіс: дайындау мен құрастырудың жұмыс тәсілдері, қалыпты геометриялық салу ережесі және қалыпты өлшеу әдістері, резеңке аяқ киімге мемлекеттік стандарттар, резеңке аяқ киімді әзірлеудің технологиялық процесі, резеңке аяқ киімнің барлық артикул - фасондық конфекциясы.

Қарапайым модельді резеңке аяқ киімді әзірлеу кезінде (галоштар және тағы басқа) - 3-разряд;

Орта күрделі резеңке аяқ киімді әзірлеу кезінде (етіктер, спорттық аяқ киім және тағы басқа) - 4-разряд;

Резеңке аяқ киімнің күрделі модельдерін әзірлеу кезінде (арнайы ақ киім, күрделі фасонды боттар мен бәтеңкелер) - 5-разряд.

Резеңке бұйымдар мен аяқ киімді өндіру жабдығының жөндеушісі


139. Резеңке бұйымдар мен аяқ киімді өндіру жабдығының жөндеушісі
Жұмыс сипаттамасы. Қызмет көрсетілетін учаскенің жабдығын және берілген ассортимент пен сапады өнімді шығаруға технологиялық процесті дайындау. Ағымдық тармақтардың және жабдықтың жұмыс ырғақтылығын қадағалау. Жұмысшыларды тікелей жұмыс орындарында жұмыстың тиімді тәсілдеріне оқыту және нұсқама жүргізу. Қажет болған жағдайда - жұмыстың берілген ырғағын қамтамасыз ету үшін артта қалушы жұмысшыларға көмек көрсету. Шикізатты, жартылай фабрикаттарды жұмсау үнемділігін, жабдықты дұрыс пайдалануды, өнімнің сапасын бақылау. Өнімнің тәжірибелі және сынақ үлгілерін дайындау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін учаскеде технологиялық процесі, операцияларды орындау реттілігі және оларды орындаудың ұтымды тәсімдері, қолданылатын жартылай фабрикаттардың түрлері, қасиеттері мен белгіленуі, жабдықтың, аспаптардың және құрылғылардың құрылысы және жөндеу ережесі.

Мынадай жұмыс шарты кезінде:

1) кішігірім күрделі кесу мен әрлеу учаскелерінде (шинкалар, велосаптар, шығыршықты аккумулятор бактары) - 3-разряд;

2) дайындамалар учаскелерінде – орта күрделі бұйымдарды желімдеп жапсыру, токарлық өңдеу және әрлеу (инженерлік мүліктің бөлшектері, резеңке аяқ киім, химқорғаныш бұйымдары) - 4-разряд;

3) резеңке аяқ киімнің резеңке қоспаларын лактау, шприцтау, вулканизациялау қоспаларын жаншып қақтау, сынақ жұмыстары мен күрделі бұйымдарды өңдеу учаскелерінде (белдіктер, транспортер ленталар, эбонит пластиналары, қалыптық бұйымдар) - 5-разряд;

4) күрделі және жауапты учаскелерде (шынжыр табан ленталарды, гуммирленген біліктерді, ұшатын мүлікті дайындау). Арнайы орта білім қажет- 6-разряд

Нормалаушы


140. Нормалаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жасанды кептіру әдісімен резеңке бөлшектердің салмағын берілген нормаға дейін жеткізу. Бөлшектерді спиртпен шаю. Оларды шүберекпен сүрту, бөлшектерді маркалау, өлшеу және оларды таза ыдысқа салу. Ыдыстарды арнайы маймен құю және оны нормалау үшін термостатқа орнату. Термостатта температураны қадағалау және бақылау. Белгіленген режимге сәйкес термостатта бөлшектерді ұстау. Бөлшектерді ұстау аяқталысымен термостатты түсіру, бөлшектерді майлаудан сүрту және аналитикалық таразыда өлшеу. Ісіну пайызын анықтау. Қажет болған жағдайда – оларды қайта өңдеу. Технологиялық картамен қарастырылған жағдайларда буларды кетіру үшін термостатты әлсін - әлсінашыңыз. Бөлшектерді және алынатын нәтижелерді өңдеу уақытын көрсетумен жазулар жүргізу.

Білуге тиіс: материалдардың түрлері мен қасиеттері, нормалау процесін жүргізу тәсілдері, бөлшектердің сапасына қойылатын талаптар, термостаттың, термографтың және аналитикалық таразының құрылысы.

Материалдарды латекспен өңдеушісі
141. Материалдарды латекспен өңдеушісі 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі материалдарды арнайы камераларда пульверлеу әдісімен өңдеу процесін жүргізу. Бүрку учаскесіне ауа беру, монжустарда ауа қысымын реттеу, электр қозғалтқышты қосу және өңдейтін ерітінділерді пульверизаторларға беру. Материалдың салмағын өңдеуден кейін реттеу. Бүріккіштің, транспортердің басын жүйелі тазарту. Өңделген бөлшектерді және материалдарды одан әрі өңдеуге жіберу үшін салу.

Білуге тиіс: бөлшектерді, материалдарды пульверлеу әдісімен өңдеудің технологиялық процесі, қолданылатын латексті ерітінділердің, қоспалардың сапасына және дайын бұйымдарға қойылатын техникалық талаптар, жабдық пен аспаптардың құрылысы мен жұмысы.

Резеңке бұйымдардың өңдеушісі
142. Резеңке бұйымдардың өңдеушісі 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Техникалық шарттарға сәйкес 0,5 мм артық дәлдікпен резеңке және эбонит бөлшектердің бетін өңдеу. Токарлық және токарлық- арматуралық станокта сыртқы және ішкі ойманы кесу бойынша операцияларды орындау. Бұрғылаудың үлкен дәлдігін қажет етпейтін резеңке және мата және дайын резеңкеленген және эбониттік бұйымдарда саңылауларды станокта бұрғылау. Қажетті диаметрлі бұрғыларды орнату. Дайындамаларды және бұйымдарды қолмен бұрғылауға беру, берілген дәлдікті сақтаумен саңылауларды бұрғылау. Станокты тазарту және баптау.

Білуге тиіс: бөлшектерді токарлық өңдеудің, шикі дайындамаларда саңылауларды және дайын бұйымдар мен резеңке бөлшектерді бұрғылаудың тәсілдері, бұйымдардың құрылымы мен түрлері, дайындамалардың сорттары мен түрлері, бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар, токарлық және бұрғылау станоктарының құрылысы және жөндеу.

Жұмыс үлгілері.

1) Ойыншықтар – тесіктерін бұрғылау;

2) Дөңбек ағаштар - тесіктерін бұрғылау.

143. Резеңке бұйымдардың өңдеушісі 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. 0,5 мм артық өңдеу дәлдігімен орта күрделі резеңке және эбонит бөлшектердің бетін өңдеу. 0,3 мм-ден 0,2 мм дейін өңдеу дәлдігімен қарапайым резеңке бұйымдарды өңдеу. Орта дәлдікті өңдеуді қажет ететін резеңке-техникалық және эбониттік бұйымдардың тесіктерін станокқа бұрғылау. Әр түрлі қадамды ойма кесу, бұйымдарды берілген мөлшерлермен және берілген дәлдікпен ұшын шығару және тегістеу бойынша жұмыстарды орындау, ортаға дәл келтіруді сақтаумен тесіктерді бұрғылау. Жоңқадан әр түрлі қадамды ішкі және сыртқы ойманы кесу және тазарту.

Білуге тиіс: станоктың құрылысы, бұрғылау, токарлық өңдеу тәсілдері, ақау түрлері және оны жою тәсілдері, өнімнің сапасына қойылатын техникалық талаптар.

Жұмыс үлгілері.

1) Моноблоктар - 0,3 мм-ден 0,2 мм дейін өңдеу дәлдігімен токарлық өңдеу;

2) Эбонит таяқшалар және түтіктер - 0,3 мм дейін дәлдікпен өңдеу.

144. Резеңке бұйымдардың өңдеушісі 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. 0,5 мм-ден 0,3 мм дейін өңдеу дәлдігімен күрделі резеңке және эбонит бөлшектердің бетін өңдеу. Эбонит бұйымдарын фрезерлеу. Үлкен дәлдікті өңдеуді қажет ететін резеңке бұйымдардың тесіктерін әр түрлі конструкциялы станокқа бұрғылау. Біліктерден ескі резеңкені кесу- сыдыру. Ойманы кесу, цилиндр, конустық және фасондық беттерін тегістеу. Белгіленген қадамды ортаға дәл келтіруді және берілген дәлдікті сақтаумен тесіктерді бұрғылау. Арнайы құрылғылардың және құралдардың көмегімен өңделінетін беттің сапасын анықтау, бұйымдарды кесілген жеріне салу. Құралдарды іріктеу, кескіштерді қайрау, бұрғылау.

Білуге тиіс: бұйымдардың беттердің өңдеу технологиялық процесі, станоктардың және құрылғылардың құрылысы, құралдардың түрлері мен белгіленуі, ақау түрлері оны жою тәсілі, өнімнің сапасына қойылатын техникалық талаптар.

Жұмыс үлгілері.

1) Медициналық мақсаттағы бұйымдар (сүт сорғыштар мен пульверизаторларға арналған боллондар, себу )- тесіктерін бұрғылау;

2) «Гудрич» подшипниктері, құбырлардың бөлшектері, аккумулятор бактарының бөлшектері, оймалық сынала, аккумулятор бактарына арналған фасондық қалқаншалар, көпсатылы цилиндр біліктері (бушенгтер), аккумулятор бактарына арналған мойындар, біліктерде ойманы кесу- токарлық өңдеу.

145. Резеңке бұйымдардың өңдеушісі 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. 0,2 мм-ден 0,1 мм дейін өңдеу дәлдігімен сынақтық немесе ерекше күрделі резеңке- техникалық бұйымдарды бетін өңдеу. Арнайы құрылғыларды пайдаланумен дірілі мен иілістері бар ұзын және жіңішке біліктерде ойманы кесу. Резеңкелермен гуммирленген біліктердің резеңке беттерін қайрау және тегістеу. Станокты дайындау. Құрылғыларды орнату. Үлгілерге, нобайлар мен сызуларға сәйкес бұйымдарды кесу, ұшын шығару және тегістеу бойынша операцияларды орындау. Ақауларын түзету.

Білуге тиіс: станоктың және құрылғылардың құрылысы және жөндеу ережесі, тасымалдау кезінде білікті ілмектеу ережесі, сызуды оқу ережесі, бұйымдарды өңдеу тәсілдері, ақау түрлері және оны жою тәсілдері, өнімнің сапасына қойылатын техникалық талаптар.

Жұмыс үлгілері.

1000 мм дейін ұзындықпен көп сатылы цилиндр біліктер ( мұнай өңдейтін өнеркәсіпке арналған бушенгтер), аккумуляторлық бактарға арналған мойындар, полиграфиялық өнеркәсіп біліктері, цилиндрлар, тарақтар - токарлық өңдеу.

146. Резеңке бұйымдардың өңдеушісі 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тир бойынша 40 бірл. дейін қаттылығымен жұмсақ резеңкелермен гуммирленген біліктердің және Тир бойынша 80 бірл. артық қоршау қаттылығымен жартылай эбонит және эбонит түрлі қатты резеңкелермен гуммирленген біліктердің резеңке бетін үшкірлеу және тегістеу, арнайы құрылғыларды қолданумен дірілі бар ұзын түтікті біліктерді үшкірлеу және тегістеу. Мойын қылталары мен шеттерін мүсінді өңдеумен біліктерді үшкірлеу, сондай-ақ 300 мм артық диаметрімен және 2000 мм артық ұзындығымен резеңке жабынның кез келген қаттылығы кезінде ірі габаритті біліктерді үшкірлеу. Көпір кранының көмегімен біліктерді орнату. Сызулар мен техникалық шартқа сәйкес біліктерді үшкірлеу және тегістеу. Өңделінетін беттің сапасын бақылау. Станокты дайындау. Құралды қайрау.

Білуге тиіс: станоктың және құрылғылардың құрылысы және жөндеу ережесі, бұйымдарды токарлық өңдеу тәсілдері, ақау түрлері және оны жою тәсілдері, өнімнің сапасына қойылатын техникалық талаптар.

Жұмыс үлгілері.

Қағаз және тоқыма өнеркәсібіне арналған біліктер- токарлық өңдеу.

Резеңке бұйымдардың әшекейлеушісі
147. Резеңке бұйымдардың әшекейлеушісі 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өңдеу мен дәлдіктің қажетті деңгейіне дейін бұйымдарды жеткізумен қолмен немесе станокта эбонит бұйымдардың шеттері мен жиектерін егеу. Аккумулятор бактарының шеттерін егеу. Қалыптарды және үлгілерді қолданумен түзету.

Білуге тиіс: эбонит бұйымдарды өңдеу тәсілдері, бұйымдардың құрылымы мен мөлшерлері, өңдеу сапасына қойылатын техникалық талаптар , жабдық пен құралдың құрылысы.

148. Резеңке бұйымдардың әшекейлеушісі 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жұмсақ резервуарлар мен аккумулятор бактарының эбонит бұйымдарын өңдеу. Эбонит бұйымдарын өңдеу кезінде - техникалық регламентпен бекітілген дәлдікпен бұйымдардың шеттерін егеу, қалайының қалдықтарын улап кетіру, бұйымдарды сүрту. Бензобактар мен жұмсақ резервуаларды желім мен керосиннің қалдықтарынан сүрту. Аккумулятор бактарын өңдеу кезінде – қабыршақтарды егеумен алу, оймасын тазарту, шеттерін қыздыру, шетін шаблонмен кесіп тастау, бакты түзету. Тесіктерін бұрғылау. Аккумулятор бактарын жинаққа жинау. Бактың сыртқы бетіндегі ақауларды қолмен егеумен тазарту.

Білуге тиіс: эбонит бұйымдары мен акбактарды өңдеу тәсілдері, бұйымдардың құрылымы мен мөлшерлері, өңдеу сапасына қойылатын техникалық талаптар, жабдық пен құралдың құрылысы.

Өңдеудің қосымша әдістерін қолданумен үлкен бактарды өңдеу кезінде - 4-разряд

Майысқақ түтіктердің престеуші - қорғасындаушысы

149. Майысқақ түтіктердің престеуші - қорғасындаушысы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Арнайы престе вулканизациялау алдында тоқыма орап тоқумен дорнсыз майысқақ түтіктерді қорғасынмен жабу. Майысқақ түтіктерді екі ине біліктерінің арасынан өткізу. Майысқақ түтіктердің ұштарын штуцерлермен түйістіру, ауамен үрлеу, қорғасынды қалыпқа құю. Кесекті суыту, кесекті қорғасындау пресінің қабылдағышына жүктеу, қорғасынды штемпельмен қабылдағыштан престеу. Технологиялық регламентке сәйкес бақылау - өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша преске қорғасын қабыршағын салу. Қорғасында басқа қосылыстар түспес үшін санитарлық- гигиеналық ережелерді қатаң сақтау. Қорғасын майысқақ түтіктерді темір барабандарға (катушкаларға) жазу. Преске қызмет көрсететін жұмысшыларға және майысқақ түтіктерді қорғасындау бойынша онымен байланысты жабдыққа басшылық ету.

Білуге тиіс: майысқақ түтіктерді қорғасындау технологиялық процесі, майысқақ түтіктердің құрылымы, түрлері мен белгіленуі, қорғасынның қасиеттері, қорғасынды балқытудың санитарлық-гигиеналық ережелері, майысқақ түтіктердің сапасына қойылатын техникалық талаптар, жабдықтың, бақылау- өлшеу аспаптарының және құралдардың құрылысы.

Анағұрлым жоғары білікті престеушінің басшылығымен майысқақ түтіктерді қорғасынмен жабу бойынша жұмыстарды орындау кезінде- 4-разряд.

Медициналық бұйымдарының күйдірушісі


150. Медициналық бұйымдарының күйдірушісі 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Катетерлерде, зондтарда, ұштары мен басқа бұйымдарда тесіктерді күйдіру-тесу. Бұйымдарда тесіктердің берілген мөлшерлері бойынша металл өзектерді іріктеу. Муфельді пешті қыздыру, оны белгілі бір температураға дейін қыздыру, пешке өзектерді қыздыру. Тесіктерді техникалық талаптарға дәл сәйкестікте күйдіру-тесу. Тесіктердің калибрлерін тексеру. Бұйымдарды партиялар бойынша жиынтықтау, паспортты қоса тігу және оны ақауға шығаруға жіберу. Өзектерді егеумен тазарту және оларды жұмысқа дайындау.

Білуге тиіс: тесіктерді күйдіру процесінің тәсілдері, пайдаланылатын материалдардың түрлері мен қасиеттері, өнімнің сапасына қойылатын техникалық талаптар, муфельді электр пешінің құрылысы.

Резеңке бұйымдардың алушысы
151. Резеңке бұйымдардың алушысы 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Вулканизациялаудан кейін қолмен қалыптардан күрделі емес тігіссіз бұйымдарды немесе құрылғылардың көмегімен резеңке бұйымдарды алу. Алынған бұйымдарды сыртқы және ішкі жағынан глицерин ерітіндісіне батырылған ысқышпен немесе матамен сүрту. Қажет болған жағдайда-бұйымдарға ұнтақ жағу. Бұйымдарды ыдысқа орау.

Білуге тиіс: бұйымдарды қалыптардан алу әдістері мен тәсілдері, бұйымдардың сапасына қойылатын техникалық талаптар.

Жұмыс үлгілері.

1) Дорбалар – қалыптардан алу;

2) Малынған резеңке емізіктер, емізіктер - алу.

152. Резеңке бұйымдардың алушысы 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жұқа қабырғалы бұйымдарды немесе химқорғау резеңке бөлшектерін қолмен немесе қысылған ауаның көмегімен қалыптардан алу. Бүрмелер пайда болмауы, қабыршақ жабысып қалмас үшін қауіпсіздік шараларын сақтаумен жұқа қабырғалы батырылған бұйымдарды алу және түзету. Резеңке батырылған қолғаптарды алу кезінде вулкандалған рамкаларымен рамкаларды жұмыс орнына жақындату. Бұйымдарды арнайы камерада немесе конвейердің жүрісімен ұнтақ жағу. Бұйымдарды қалыптардан алу. Алынған бұйымдарды түзету, айнадыру және ыдыстарға салу.

Білуге тиіс: бұйымдарды қалыптан алудың, бұйымдарға ұнтақ жағу және түзету тәсімдері мен әдістері, бұйымдардың сапасына қойылатын техникалық талаптар, жабдық пен құрылғылардың құрылысы және пайдалану ережесі.

Жұмыс үлгілері.

1) Химқорғаныш бөлшектері: гофрленген түтік, шығыршық, ниппельдер, аққыштар - алу;

2) Ойыншықтар – қалыптардан алу;

3) «КР» қақпақтар және қабыршақтар - алу;

4) Қолғаптар - қалыптардан алу;

5) Бала шарлары - қалыптардан алу.

153. Резеңке бұйымдардың алушысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жабыстырылған вулкандалған резеңке бұйымдарды дорндардан, болванкалардан және қалыптардан қолмен немесе тискінің, мотор жүкшығырының, стрипнинг-машинаның және басқа құрылғылардың көмегімен алу. Қалыптарды бөлшектеу, бұйымдарды қалыптан алу, пресқалыптарды жинау. Дайын бұйымдарды түрлері мен мөлшерлері бойынша іріктеу. Майысқақ түтіктерді алу кезінде – оларың бауын шешу және байламын шешу.

Білуге тиіс: бұйымдарды алудың технологиялық процесі, бұйымдардың түрлері мен мөлшерлері, өнімнің сапасына қойылатын техникалық талаптар, жабдық пен құралдың құрылысы.

Жұмыс үлгілері.

1) Галоштар, резеңке туфлялар, спорт аяқ киім – қалыптардан алу;

2) Жылқы маскалары – болванкалардан алу;

3) Сына тәрізді қайыстар – алмалы-салмалы пресқалыптардан алу;

4) 20 м дейін ұзындықпен әр түрлі конструкциялы майысқақ түтіктер- дорндардан алу;

5) Ойыншықтар, қолғаптар, бала шарлары - қалыптардан алу.

154. Резеңке бұйымдардың алушысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Мүсінді үстімен, тері сұқпамен жабысып тұратын мүсінді вулканизацияланған аяқ киімді механизмдердің көмегімен қалыптан алу немесе аяқ киіммен рамкаларды ұяшықтарға алдын ала орнатумен вагонда немесе арнайы үстелде бекітілген аяқ киімді қолмен алу. Құрылғылардың немесе жабдықтың көмегімен резеңкелердің және төсемнің әр түрлі конструкциялы беткі қабатын кесу. Машиналардың немесе басқа құрылғылардың көмегімен әр түрлі құрылымды конструкциялы майысқақ түтіктерді алу.

Білуге тиіс: резеңке аяқ киімнің және майысқақ түтіктердің құрылымы, бұйымдарды алудың тәсімдері мен әдістері, қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен пайдаланылуы, дайын өнімнің сапасына қойылатын техникалық талаптар.

Жұмыс үлгілері.

1) 20 м және одан артық ұзындықпен әр түрлі конструкциялы майысқақ түтіктер- дорндардан алу;

2) Мүсінде жабысып тұратын тері сұқпамен етіктер мен боттар- қалыптардан алу.

Майысқақ түтіктерден қорғасын қабыршағының алушысы

155. Майысқақ түтіктерден қорғасын қабыршағының алушысы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Арнайы сыдыратын станокта орап тоқитын конструкциялы дорнсыз майысқақ түтіктерден қорғасын қабыршағын алу. Барабанды тельфердің көмегімен жазу құрылғысына орнату. Майысқақ түтіктен қысқышты алу, қорғасын қабышағын екі жағынан қолмен кесу. Жазу құрылғысында майысқақ түтіктің ұшы мен біліктердің арасындағы қорғасын лентаны дайындау. Сыдырып алатын станокты басқару, қорғасынқабыршақты майысқақ түтіктен алу процесінің барысын қадағалау. Майысқақ түтіктермен барабанды жазу- домалату құрылғысынан алу.

Білуге тиіс: қорғасын қабыршақты майысқақ түтіктерден сыдырудың ұтымды тәсімдері, майысқақ түтіктердің түрлері мен белгіленуі, қорғасынның қасиеттері, өнімнің сапасына қойылатын техникалық талаптар, сыдырып алу станогының құрылысы.

Жабдықтар мен құрылғылардың тазартушысы
156. Жабдықтар мен құрылғылардың тазартушысы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Аяқ киім қалыптарын күйіктен, лактан, желімнен және вулканизациялаудан кейінгі басқа кірлеулерден механикалық тазарту. Күрделі емес конфигурациялы прес- қалыптарды және дорндарды дұрыстаумен механикалық және химиялық тазарту. Бу ваннасына салу, жуу, қазандыққа жүктеу, булау. Үстелде пышақпен, металл щеткамен, зімпарамен, қашаумен немесе арнайы станокта тазалау.

Білуге тиіс: тазалаудың әдімтері, ұтымды тәсілдері, жабдық пен құрылғылардың түрлері мен белгіленуі, қалыптарды тазалаудың сапасына қойылатын техникалық талаптар, құрылғылардың құрылысы.

157. Жабдықтар мен құрылғылардың тазартушысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Аяқ киім қалыптарын күйіктен химиялық тазалау және дұрыстау. Күрделі конфигурациялы прес- қалыптарды механикалық және химиялық тазарту, сондай-ақ жөндеу. Дорндарды тазалау- жөндеу. Ваннада сілті ерітіндіні дайындау, жабдықты ерітіндіге салу, булау, алу, қолмен немесе арнайы станокта тазалау. Дорндарды дорн- жөндейтін станокта немесе қолмен жөндеу. Дорндардың ұштарын желіммен жағу. Тазалау процесі аяқталысымен - жөндеу - іріктеу, жиынтықтау және өндіріске жөнелту.

Білуге тиіс: тазалау- жөндеу технологиялық процесі, тазалау- жөндеудің ұтымды тәсілдері, жабдық пен құрылғылардың түрлері мен белгіленуі, өңделінетін өнімнің сапасына қойылатын техникалық талаптар, дорн- жөндейтін станоктың және құрылғылардың құрылысы.

Резеңке аяқ киімнің штамптаушысы
158. Резеңке аяқ киімнің штамптаушысы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Штамп- агрегатта резеңке аяқ киімді дайындау кезінде жекелеген операцияларды орындау. Престерді қолмен алып тастау, галоштарды өзекшеден алу және өзекшені тазалау, галоштарды элеватордың штырьларынан алу және арнайы шайбада тегістеу, галоштарды машинкада бортта кесу, галошты қалыпқа кигізу.

Білуге тиіс: штамп - агрегатқа қызмет көрсету кезінде жұмыстарды орындаудың ұтымды тәсілдері, штампталған галоштың құрылымы, жекелеген бөлшектердің белгіленуі, галоштардың сапасына қойылатын техникалық талаптар, жабдықтың құрылысы.

159. Резеңке аяқ киімнің штамптаушысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Штамп-агрегатта резеңке аяқ киімді дайындау бойынша операцияларды орындау, қалыпта төсемді түзетумен және бекітумен тігілген шұлықты кигізу, сыртқы түрі бойынша галоштардың қалыпының сапасын тексеру, жарамды галоштарды элеватордың штырларына ілу.

Ақаулар табылған кезде - ақауға шығарылған галоштарды ақауларды: олқылықтарды, жарылған жерлерін және басқ. түзетуге немесе өз бетімен жоюға қайтару. Галоштарды соңғы өңдеу бойынша жұмыстарды орындау, өңдеу конвейерінің тізбегінде галоштарды бақылау- түзету.

Білуге тиіс: резеңке галоштарды штамптаудың технологиялық процесі, штампталған галоштың құрылымы, жекелеген бөлшектердің белгіленуі, бұйымдарға қойылатын техникалық талаптар, жабдықтың құрылысы.

160. Резеңке аяқ киімнің штамптаушысы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Көлденең- жабық пульстайтын конвейермен жабдықталған прес-автоматта резеңке галоштарды штамптау. Төсемді конвейерде берілген ритмде созу, резеңке салу және престі басқару.

Білуге тиіс: резеңке галоштарды штамптаудың технологиялық процесі, штампталған галоштың құрылымы, жекелеген бөлшектердің белгіленуі, бұйымдарға қойылатын техникалық талаптар және ақаудың алдын алу және түзету шаралары, штамп- агрегаттың құрылысы және жөндеу ережесі.

«Резеңке техникалық бұйымдардың, резеңке аяқ киім мен кеңінен тұтынылатын резеңке бұйымдарының өндірісі» бөлімінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың қолданыстағы БТБА 1986 жылғы шығарылымының атаулары көрсетілген тізбесі БТБА-ның (31-шығарылым) 3-қосымшасында келтірілген.


Каталог: sites -> default -> files
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
files -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Және әлеуметтік даму министрлігі
files -> Регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
files -> 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
files -> Қызылорда облысының 2015 жылғЫ Әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет