Мәтін түрлері
Тұтас мәтін
|
Тұтас емес мәтін
|
Сипаттау
Түсіндірме (мазмұндау)
Аргументативті (комментарий, ғылыми негіздеу)
Нұсқау (жұмысты орындауға нұсқау, ереже)
|
Схема
Сурет
График
Диаграмма
Кесте
Карта
|
Оқылым түрлері
Оқылымның бірнеше түрі бар.
Көз жүгіртіп оқу – таңдамалы оқу. Мақсаты – мәтіннің мазмұны, тақырыбы және онда қарастырылатын мәселелер шеңбері туралы жалпы түсінік алу. Осы ақпаратқа сүйене отырып, оқырман мәтіннің қажеттілігін анықтайды. Оны алу үшін тақырыптар мен субтитрлерді, жеке абзацтарды, тіпті сөйлемдерді оқу жеткілікті (мысалы, сабақ тақырыбын анықтаған кезде).
Шолып оқу – мәтіндегі ең маңызды ақпаратты түсіну мақсатында мазмұнды жалпы қамту арқылы оқу. Оқырман оқу материалын (мысалы, оқулықтың абзацын) толық қарастырады. Мәтін толықтай орташа қарқынмен (мысалы, жаңа терминдерді жазып алу үшін) оқылады.
Түсініп оқу – оқу мақсатын түсіну және мақсатқа байланысты оқылым түрін таңдау, қажет ақпарат, негізгі және қосымша ақпаратты алу, әртүрлі стильдегі мәтіндерді қабылдауда еркін бағдарлау (мысалы, жүргізілген зерттеудің ақиқатын анықтау).
Мұғалімдер оқу процесінде туындайтын бірқатар мәселелерді анықтады:
оқушылардың оқу жылдамдығы төмен;
оқушылар оқыған материалдың мағынасын түсінбегендіктен оқу кезінде қателіктер жібереді;
оқушылар ұсынылған мәтіннен қажетті ақпаратты ала алмайды, негізгі ақпаратты анықтай алмайды;
оқушыларға оқығанын қысқаша мазмұндау қиынға соғады;
оқушылар өзіндік жұмысты, әртүрлі деңгейдегі тесттерді орындаған кезде тапсырманың тұжырымдамасын түсінбеуі салдарынан қателіктер жібереді;
оқушылар танымдық сипаттағы мәтіндермен сирек жұмыс істейді.
Түсініп оқу жаратылыстану цикліндегі пәндерді оқытуда ерекше маңызды, себебі түсініп оқу танымдық іс-әрекетсіз іске аспайды. Түсініп оқу үшін оқушылар мәтіннің мағынасын дәл және толық түсініп, ұғымдар мен терминдер жүйесін құрып, ақпаратты түсінуі, яғни танымдық іс-әрекетті жүзеге асыруы керек.
Түсініп оқу дағдыларын дамытуға ықпал ететін танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың көптеген жолы бар.
Достарыңызбен бөлісу: |