2-сабақ Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылықты бағалау тәсілдері


Функционалдық сауаттылықтың компоненттері



бет30/54
Дата31.01.2024
өлшемі1.59 Mb.
#490321
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   54
ббжм

Функционалдық сауаттылықтың компоненттері 

Пәндік сауаттылықты дамытпай, функционалдық сауаттылықты қалыптастыра алмаймыз. Пәндік дағдыларды дамытатын оқу тапсырмаларын берудегі түпкі мақсат – ол функционалды сауатты тұлғаны тәрбиелеу процесін жеделдетіп, межеге жақындатады. Ал оқу мақсаттары – жеке тұлғаны дамытудың пәндік бағыты болатын векторлар. 

Функционалдық сауаттылық оқу, математикалық, жаратылыстанушылық-ғылыми, қаржылық сауаттылықты, жаһандық құзыреттілікті, креативті ойлауды және проблеманы коллаборативті түрде шешуді құзыреттерін біріктіреді. Басқаша айтқанда, алған білім мен дағдыларды күнделікті өмірде қолдануды білдіреді. 

Функционалдық сауаттылық компоненттерінің сипаттамасы


Функционалдық сауаттылық компоненттерінің сипаттамасы 

Оқу сауаттылығы 

Жазбаша мәтіндерді түсіну және қолдану, мәтін туралы ойлану және мақсатқа жету, білім мен мүмкіндіктер аясын кеңейту, қоғамдық өмірге араласу үшін оқу қабілеті. Оқытудың маңызды метапәндік нәтижесі. 

Математикалық сауаттылық 

Математиканы әртүрлі контексте тұжырымдау, қолдану және интерпретациялау қабілеті. Құбылыстарды сипаттау, түсіндіру және болжау үшін математикалық ұғымдарды, рәсімдерді, фактілер мен құралдарды, математикалық пайымдауды қолдануды қамтиды. 

Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылық 

Жаратылыстану ғылымдарына қатысты сұрақтар бойынша белсенді азаматтық ұстанымды ұстану және жаратылыстанушылық-ғылыми идеяларға қызығушылық танытуға дайын болу қабілеті. Бұл құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіру, ғылыми зерттеуді бағалау және жобалау, деректерді интерпретациялау және қорытынды жасау үшін ғылыми дәлелдерді қолдануды білдіреді. 

Қаржылық сауаттылық 

Қаржылық ұғымдар мен қаржылық тәуекелдерді білу, сондай-ақ жеке және қоғамдық әл-ауқатты жақсартуға ықпал ететін әртүрлі қаржылық жағдайларда тиімді шешім қабылдау дағдылары. 

Жаһандық құзыреттілік 

Ғаламдық мәселелерді шешу үшін оқушының алған білімін өз бетінше немесе топ ішінде қолдана алуы. Құбылыстар, оқиғалар мен табиғи салдарлар арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды табу. Жағдайға талдау жасау, сондай-ақ демография, экономика, экология және басқа да салалардағы әлемдік деңгейдегі сұрақтарды негіздеу мүмкіндігі. 

Проблеманы коллаборативті түрде шешу 

Басқа қатысушылармен бірлесіп, ұсынылған жаңа жүйелер мен модельдерді зерттеу, ынтымақтастық және қарым-қатынас орнату қабілеті. 

Креативті ойлау 

Өз идеяларын ұсыну және басқалардың идеясын жақсарту, тиімді шешімдер ұсыну, қиялдау мен елестету қабілетін пайдалану мүмкіндігі. Ұсыныстарды сыни тұрғыдан талдау идеялардың күшті және әлсіз жақтарын көруге көмектеседі. 

Білім беру жүйесінің халықаралық сапа рейтингілері PIRLS, TIMSS және PISA зерттеулерінің деректеріне негізделген. Бұл зерттеулер білім беру нәтижелерін бағалау тәсілдерімен ерекшеленеді: PIRLS және TIMSS зерттеулерінде оқу, математика және жаратылыстану саласындағы академиялық сауаттылық бағаланады, ал PISA зерттеуінде функционалдық сауаттылықтың қалыптасу деңгейі бағаланады және оқу, математикалық, жаратылыстанушылық-ғылыми бағыттар қамтылады. Функционалдық сауаттылықтың жоғары және базалық деңгейіндегі көрсеткіштерге қол жеткізген оқушылардың нәтижелері – мектептегі білім берудің бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын, әлемдегі ең жиі талқыланатын индикатор. 
Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жоспарланған пәндік, метапәндік және жеке нәтижелерге қол жеткізу арқылы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын сәтті іске асыру негізінде қамтамасыз етілуі мүмкін. 
Жаратылыстанушылық-ғылыми сауаттылыққа келсек, ол өз ішінде физика, химия, биология, география пәндерінің циклінен тұратындықтан, оқушылардың олардың әрқайсысынан алатын білімін көрсететін пәндік сауаттылықтың маңызды екені анық. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет