2 Сабақ түрлері бойынша пәннің мазмұны мен сағаттарын бөлу



Дата10.06.2016
өлшемі142.5 Kb.
#126450

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙДІҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейлі СМЖ құжат


ПОӘК



ПОӘК

«Абайтану»пәнінің студентке арналған жұмыс бағдарламасы



№ 2 басылым

«_09_» _09____ 2014жыл

ПОӘК 042-18-29-1.18/02-2014






ПӘННІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Абайтану»

5 В 011700: -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


СТУДЕНТТЕР ҮШІН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей


2014
Алғы сөз
1 ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН

Құрастырушы:———— «02» 09 2014 ж. Сабырбаева Р.Қ., ф.ғ.к., доцент

«Қазақ әдебиеті» кафедрасы

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ


2.1 «Қазақ әдебиеті» кафедрасының мәжілісінде
Хаттама №__1_ «__ ____09_____2014жыл.
Кафедра меңгерушісі _______________ Ақтанова А.С.

2.2 Филология факультетінің оқу- әдістемелік бюросының отырысында


қарастырылды
Хаттама №__1_ «__10_» _09__2014 ж.
Төраға _________________Сәмекбаева Э.М.
3 БЕКІТІЛГЕН
Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралып, баспаға ұсынылды
Хаттама №__1_ «__11_» _____09______20 14ж.

Төраға _________________Искакова Г.К.


4  №2 баспа «__02__» ____09______ 2013ж. ОРНЫНА

Мазмұны

1 Жалпы ережелер

2 Сабақ түрлері бойынша пәннің мазмұны мен сағаттарын бөлу

3 Пәнді оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар

4 Пәннің форматы

5 Пәннің саясаты

6 Баға қою саясаты

7 Әдебиет

1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 Оқытушы мен пән туралы жалпы мәлімет

Сабырбаева Р.Қ. ф.ғ.к., доцент м.а.,

Кафедра «Қазақ әдебиеті»

Кафедраның мекен-жайы: оқу ғимараты № 8, 221 кабинет

Ақпараттық қатынас: телефон:

Кафедрада болатын уақыты: дүйсенбі, сейсенбі,бейсенбі: 11.00-17.00

Сабақ өтетін орын: 227, 216 аудитория

Кредит саны: 3
1.2 Пәннің мазмұнының қысқаша сипаты:
Абайдың көркем ой-танымы, шығармашылық мұрасы - ұлттық әдебиетіміздегі дәстүр мен жаңашылдықтың, әдеби дамудың зор белесі. Абайдың ақындық шалқарын, тарихи - философиялық мұраларын бірлікте алып қарастыру арқылы арман - мұратын анық танып алмай Абайдың өмірі мен шығармашылығын, ақындық дәстүрін өз биігінде межелей алмаймыз. «Абайтану» жоғары оқу орындарында арнайы курс ретінде енгізілуі біртуар ақынның шығармашылық еңбегінің өміршеңдігі мен өз шығармашылығында шығыс пен батыс ақындарының дәстүрімен жарастыра білуінде. Аталмыш пән Абай шығармаларынын рухани қуатын зерделей отырып бүкіл бір ұлттың болмысын, көркемдік дүниетанымын саралауға жол ашуымен құнды. Абайдың шығармашылық мұрасын зерттеу, талдау жасауда ғалымдардың пікірлерін үнемі дәйектеуден гөрі студенттің ой-тұжырымдар жасауы өзіндік ғылыми құндылық болып табылмақ. Бұл орайда студенттерге қойылар талап Абайтану турасындағы әр алуан пікірлерді бір жүйеге келтіріп, бүгінгі ұлттық мүдде тұрғысынан қарастыру маңызды. Абайтану ғылымына арналған бақылау - пысықтау тапсырмаларының тақырыптық мазмұнын ашуда студенттер көрсетілген әдебиеттер тізімімен ғана шектелмей, қосымша деректер мен ақпарат көздерін ұтымды пайдаланған жағдайда ғылыми құндылығы артады.

1.3 Пәнді оқытудың мақсаты:

Арнаулы курс Абайдың даналық ғаламаты мен ақындық айналасын, олардың шығармашылық қуатын, сол арқылы бүкіл бір халықтың әдеби өміріне жаңа өрнек, тың леп әкелгендігін үйретуді алғы мақсаты етіп қояды. Абайдан кейінгі қазақ поәзиясының ұлы ақын салған дәстүрмен дамуы әдебиетіміздегі шын мағынасындағы ақындық мектептің қалыптасқандығын айқындайды. Әсіресе, бұл ерекшелік Семей өңірі ақындарына тән әдеби құбылыс. Абайдың ақын шәкірттері Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия, Көкбай, Әріп, Уәйіс, Әрхам, Кәкітай сынды ақындардың өмірі мен шығармашылығын танып білу - ұлы Абайдың даналығын түсінуге алып барар бірден - бір жол.




1.4 Пәнді оқытудың міндеттері:

Абайдың қазақ әдебиетіндегі орнын айқындау;

Ұлттық сөз өнеріне қосылған Абай шығармаларын талдаудың ғылыми принциптеріне теориялық тұрғыдан дәйекті дәлелдеу;

Абайдың шығармашылық мұрасын зерттеу, талдау жасауда қоғамдық ой-санамен қабаттастыра зерделеу;

Студенттердің рухани жетілуіне және оның қоғамдық-саяси, әлеуметгік көзқарасын қалыптастыруға Абай мұрасының әсерін пайымдауға үйрету көзделеді.

1.5 Оқытудың нәтижелері:

Пәнді оқу нәтижесінде білімалушы міндетті:


  • Абайтану ғылымының қалыптасу, даму кезеңдері жайлы мағлұмат алады;

  • Абай шығармашылығының өзіндік ерекшеліктері туралы терең білім алады;

  • Абай шығармаларының мәтінімен танысып, олардың идеялық-әстетикалық құндылықтары туралы өзіндік пікір қалыптастырады;

  • Теориялық білімді практикада қолдана білуді үйренеді;

  • Зерттеу жұмысына икем-дағдысы қалыптасады;

  • Кәсіби қарым-қатынас жағдайларын меңгереді.



1.6 Пән пререквизиттері:

1.6.1 Әдебиеттануға кіріспе;

1.6.2 Халық ауыз әдебиеті;

1.6.3 Ежелгі дәуір әдебиеті;

1.6.4 Әлем әдебиетінің тарихы

1.7 Пән постреквизиті:

1.7.1 Әдебиет теориясы;

1.7.2 Қазақ әдебиетінің сынының тарихы

2 ПӘН МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫҢ РЕТТЕЛУІ

1 кесте



Тақырып атауы

Сағат саны




Дәріс

Семинар

ОЖСӨЖ

СӨЖ

Әдебиеттер

1

2

3

4

5

6

1. Абайдың өмірі мен шығармашылығы.

3

1

2,5

7,5

7.1.3

7.1.11


7.1.4

2.Абайдың шығармашылық өмірбаяны: зерттелу, жүйелену мәселелері.

4

2

2,5

7,5

7.1.6

7.1.2


7.1.10

7.2.4


3. Абай өлеңдеріндегі оқу-ағарту және ғылым тақырыбы.

3

2

2,5

7,5

7.1.6

7.2.3


4.Абайдың эстетикалық тағылымы.

3

2

2,5

7,5

7.1.8

7.1.3


5.Сатиралық лирикасы.

3

1

2,5

7,5

7.1.11

6. Табиғат лирикасы

3

2

2,5

7,5

7.2.3

7.Абай поэмаларының тарихи, көркемдік негіздері.

4

2

2,5

7,5

7.1.8

7.1.3


8.Қарасөздері.

3

2

2,5

7,5

7.1.11

7.1.3


7.1.9

9. Абай шығармалары замана айнасы.

4

1

2,5

7,5

7.1.8

7.2.5



Барлығы

30

15

22,5

67,5






3 ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАР

Абайдың шығармашылық мұрасын зерттеу, талдау жасауда ғалымдардың пікірлерін үнемі дәйектеуден гөрі студенттің ой-тұжырымдар жасауы өзіндік ғылыми құндылық болып табылмақ. Бұл орайда студенттерге қойылар талап абайтану турасындағы әр алуан пікірлерді бір жүйеге келтіріп, бүгінгі ұлттық мүдде тұрғысынан қарастыру маңызды. Абайтану ғылымына арналған бақылау - пысықтау тапсырмаларының тақырыптық мазмұнын ашуда студенттер көрсетілген әдебиеттер тізімімен ғана шектелмей, қосымша деректер мен ақпарат көздерін ұтымды пайдаланған жағдайда ғылыми құндылығы артады.

Абайтануға арналған тапсырмаларды орындауда ғылыми әдебиеттерден, мерзімді баспасөздерден үзінді келтірген жағдайда сілтеме көрсету міндетті. Тапсырманы орындауда студент есте тұтар дүние негізсіз ой шұбалыңқылығына ұрыну, көп сөзділікке салыну жұмыстың ғылымилығына нұқсан келтіреді.

Абайтану курсының ғылыми мәнін ашу үшін әдеби -тарихи жағдайларға тоқталудың маңызы зор. Әрбір әдебиет маманы Абай шығармаларының сыр -сипатын, табиғатын саналы түрде түсініп алмай, шын мағынасындағы білікті әдебиетші болуы мүмкін емес. Ойшыл ақынның өзі айтқандай әрбір сөздің құндылығын сын көзбен қарап, ой таразысына салмақтамай, ақынның жан сөзін ұғынуға қол жеткізем деу ұшқары түсінік болмақ.

Орындауға ұсынылатын жұмыс тақырыптары бүгінгі қазақ әдебиеті тарихындағы әдеби - ғылыми мәні ауқымды мәселелерді қарастыра отырып, теориялық және әдеби сын зерттеулермен шұғылданудың алғы шарты іспеттес.

4 ПӘННІҢ ТҮРІ (ФОРМАТЫ)

Курсты оқу барысында алынған барлық ұпайлар жинақталып, бір-біріне қосылады. Осы курстан алған ақтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырма мен аралық және қорытынды бақылаудан алынған баға және емтихан бағаларының қорытындысы бойынша орташа ұпай есептеледі. Барлық тапсырмаларды көрсетілген уақытында өткізу қажет. Барлық тапсырмаларды қабылдап алу екінші аттестацияға дейін аяқталады. Барлық тапсырманы өткізбеген студенттер емтиханға кіргізілмейді. Жұмысты кеш тапсырсаңыз: қосымша тапсырма беру арқылы жұмыс көлемі ұлғайтылады. Тапсырмалар оқытушы тағайындаған уақытта қабылданады. Емтиханға келмесеңіз, орынды себеп болса, бұрынғы орындалған жұмыстарыңыз есепке алынады; орынсыз себеп болса, тапсырманы орындауыңыз қажет және осы мәселеге қатысты университет саясаты есепке алынады. Әрбір тақырыпты қайталау және өтеу міндетті.Өтілген материалды меңгеру деңгейі тест арқылы тексеріледі. Тест алдын ала ескертілмей өткізіледі. Аудиториялық сабақтарды босатпау,кешікпеу міндетті. Себепсіз сабақтан қалсаңыз: қосымша шығармашылылық жұмыс беріледі (реферат, көркем мәтінге талдау,эссе т.б.);Сабаққа екі рет кешігу бір рет сабақ босатылғанға теңгеріледі.Оқу үрдісіне белсенді түрде қатысу қажет.



5 ПӘН САЯСАТЫ
«Абайтану» пәні бойынша 15 аптаға бөлінген дәріс, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ тапсырмаларының ұпай саны берілген. Әр аптада қойылған ұпайлар бойынша 7-15 апталарда межелік бақылау тапсырмаларының қорытындысы қойылады. 7-15 апталарда ең жоғарғы көрсеткіші – 270 ұпайдан жинау шарт. Курсты оқу барысында алынған ұпай жинақталып, жалпы саны шығарылады. Жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырма, сабаққа қатысуы, БӨЖ, БОӨЖ тапсырмаларын, тиісті жаттығу жұмыстарын орындағаны жөніндегі ұпай жиынтығы, кезеңдік, қорытынды бақылау нәтижелері т.б. түгел ескеріледі. Берілген тапсырманы уақытында орындау қажет. Тиісті тапсырмалар сессияның соңғы аптасына дейін өткізілуі тиіс. Орташа ұпай жинақтай алмаған студент емтиханға жіберілмейді. Әрбір тақырыпты өтеу міндеті, өтілген материалды меңгеру деңгейі тест, жатқа жазу, бақылау түрінде тексеріледі. Себепсіз сағат босатсаңыз, қосымша шығармашылық жұмыс беріледі. Сабақтан екі рет кешігу бір рет сабақ босатқанға теңгеріледі.

6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ
Апта және бақылау түрлері бойынша ұпайлардың реттелуі кестеде келтірілген.
Кесте -2
«Абайтану» пәні бойынша ұпайлардың реттелуі



Апта

Бақылау түрі

Жалпы ұпай

Ескерту

1

2

3

4




1-аптадан 7-апта аралығында дәрісханалық сабақтарға қатысу

30




1

Семинар

БӨЖ








2

Семинар

БӨЖ








3

Семинар

БӨЖ






4

Семинар

БӨЖ


50

40





5

Семинар

БӨЖ








6

Семинар

БӨЖ


50

40






7

Межелік бақылау 1

90




1-7 апта аралығындағы оқу нәтижесі бойынша жалпы ұпай

300







8-15 апта аралығында дәрісханалық сабақтарға қатысу

30




8

Семинар

БӨЖ








9

Семинар

БӨЖ








10

Семинар

БӨЖ







11

Семинар

БӨЖ


50

40





12

Семинар

БӨЖ








13

Семинар

БӨЖ








14

Семинар

БӨЖ


50

40





15

Межелік бақылау 2

90




8-15 апта оқу нәтижесі бойынша жалпы ұпай

300




Емтихан үшін жалпы ұпай

400




Академиялық кезең бойынша жалпы ұпай

1000





7 ӘДЕБИЕТТЕР

7.1 Негізгі әдебиет


7.1.2.Абай шығармаларының академиялық басылымдары.(1945,1954,1957,1977 және 1995 ж.ж толық жинағы)

7.1.3 . Абай энциклопедиясы. – Алматы. Атамұра, 1995.-720 б.

7.1.4 Абайдың өмірі мен творчествосы.Жинақ.-Алматы, 1954.

7.1.5 Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі-Алматы:Ана тілі,1995.-272 б.

7.1.6 Әуезов М. Абай Құнанбаев. Монографиялық зерттеу, мақалалар 20 томдық.- Алматы: Жазушы,1987.

7.1.7 Әуезов М. Абайды білмек парыз ойлы жасқа.-Алматы: Санат,1997.- 416 б.

7.1.8 Әуезов М. Абайтану дәрістерінің дерек көздері.- Алматы: Санат,1997. – 448 б.

7.1.8.Әуезов М. Шығармаларының елу томдық жинағы. - Алматы, 1997- 2004.

7.1.9 Сүйіншәлиев Х. Абайдың қара сөздері.- Алматы:ҚМКӘБ, 1956-151 б

7.1.10.Мұхаметханов Қ.Абайдың ақын шәкірттері. – Алматы: Дәуір, 1993-224 б.

7.1.11.Мырзахметов М. Абайтану тарихы. - Алматы: Ана тілі, 1994.-132 б.

7.1.12. Мырзахметов М. Абайтану. Библиограф. көрсеткіш .- Алматы: Ғылым, 1988.

7.2 Қосымша әдебиеттер

7.2.1 Әлімқұлов Т.Жұмбақ жан.-Алматы:Жазушы , 1993-223 б.

7.2.2.Байғалиев Б. Абай өмірбаяны архив деректерінде. Алматы:Арыс,2001.

7.2.3 Базарбаев М.Өлең- сөздің патшасы,сөз сарасы.- Алматы.

Жазушы, 1973-254 б

7.2.4 Байтұрсынов А. Қазақтың бас ақыны



7.2.5.Картаева А. Абай мұрасы “Абай жолы” роман-эпопеясында. Алматы, 2005.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет