6) ғимараттардың, құрылыстардың кенеттен опырылуы: көлік коммуникациялары элементтерінің, өндірістік ғимараттар мен құрылыстардың тұрғын, әлеуметтік-тұрмыстық және мәдени мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардың отырылуы; 7) электр энергетикалық жүйелердегі апаттар: барлық тұтынушыны электрмен жабдықтаудың ұзақмерзімді үзілістегі автономды электрстансыларындағы негізгі тұтынушыларды немесе кең аумақтарды электрмен жабдықтаудың ұзақмерзімді үзілістегі электр энергетикалық жүйелеріндегі апаттар; көліктік электр түйіспелі желілерінің істен шығуы; 8) тіршілікті қамтамасыз ететін коммуналдык жүйелердегі апаттар: ластаушы заттар жаппай шығарылатын кәріз жүйелеріндегі апаттар; жылдың суық мезгілінде жылу желілеріндегі (ыстық сумен жабдықтау жүйелеріндегі) апаттар, халықты ауызсумен қамтамасыз ету жүйелеріндегі апаттар; коммуналдық газ құбырларындағы апаттар; 9) тазарту құрылыстарындағы апаттар: ластаушы заттарды жаппай шығаратын өнеркәсіптік кесіпорындардың сарқынды суларының тазарту құрылыстарындағы апаттар; ластаушы заттарды жаппай шығаратын өнеркәсіптік газдардың тазарту құрылыстарындағы апаттар; 10) гидродинамикалық апаттар: серпіліс толқындарының түзілуінен және апатты су басулардан; серпінді су тасқыны пайда болудан; құнарлы топырақтың шайылуынан пайда болған бөгеттердің (дамбалардың, шлюздердің және т.б.) бұзылуы. 10) гидродинамикалық апаттар: серпіліс толқындарының түзілуінен және апатты су басулардан; серпінді су тасқыны пайда болудан; құнарлы топырақтың шайылуынан пайда болған бөгеттердің (дамбалардың, шлюздердің және т.б.) бұзылуы. Жарылыстық-өрт қаупі бар нысандар – белгілі бір жағдайда жануға немесе жарылысқа қабілетті болатын, жарылыс қаупі бар өнімдер немесе өнімдер өндірілетін, сақталатын, тасымалданатын кәсіпорындар. Жарылыстық өрт қаупі бар нысандарға химия, газ, мұнай өңдеу, целлюлоза-қағаз, тамақ, лак-бояу өнеркәсібі кәсіпорындары, шикізат немесе энергия тасымалдаушы ретінде газ және мұнай өнімдерін пайдаланатын кәсіпорындар, жарылыс және өрт қаупі бар заттарды тасымалдайтын көліктің барлық түрі, жанармай құю стансылары, газ және өнім желілер жатады. Зауыттық концентрацияланған өндіріс жағдайында қауіпті және жанбайтын болып есептелетін заттар болады. Мысалы, ағаш, көмір, шымтезек, алюминий, ұн және кант шаңдары жарылады және жанады.
Достарыңызбен бөлісу: |