2. СҒЗЖ: Сүт және сүт өнімдерін лабораториялық зерттеу


Жеке патологиялық физиология



бет7/9
Дата13.03.2024
өлшемі61.71 Kb.
#495322
1   2   3   4   5   6   7   8   9
сүтті зерттеу

2.7 Жеке патологиялық физиология

Жеке патологиялық физиология жалпы биологиялық тұрғыдан теориялық мағлұматтарды, клиникалық материалдарды жан-жақты қорыта отырып, малдәрігерлік проблемалық заңдылықты, жануарларға жедел деректерді тәжірибе жүргізу арқылы шешеді. Студенттердің ой-өрісінің бағытын тәжірибе жүргізу кезінде алынған мағлұматтардың, дәріс және лабораториялық сабақтардың материалдарына талдау жасау арқылы дамытылған. Кафедраның ғылыми жұмыстарына қатысып, оның мағлұматтарымен танысу арқылы профессионалдық мамандығын қалыптастыруға ықпал жасайды.


Патологиялық жағдайда қан құрамы, оның морфологиясы, биохимиялық және физико-химиялық қасиеттері бұзылатындығы байқалады. Мұның өзі қан функциясын бұзып, бүкіл организм қызметіне әсер етеді.
Ауыл шаруашылық малдарында қалыпты жағдайда қанның жалпы массасы дене массасының 5-9 процентін құрайды. Соның ішінде 55-60 проценті сұйық бөлігіне (плазма), 40-45 проценті формалы элементтерге (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) жатады
Плазманың жалпы көлеміне формалық элементтердің проценттік мөлшерінің қатынасын гематокрит көрсеткіші деп атайды.
Бұл көрсеткіш қалыпты жағдайда 35-48 процент аралығында ауытқиды. Бұл қатынасты нормоволемия деп атайды.
Әр түрлі патология жағдайында айналыстағы қан мөлшері және эритроциттер мен плазма арасындағы қатынас түрліше өзгереді. Мұндайда жалпы қан көлемі мынадай формада өзгеретіндігі байқалады: гиперволемия және гиповолемия
а)Жалпы қан мөлшерінің көбеюін гиперволемия деп атайды. Гиперволемияның үш түрі бар.
Қарапайым гиперволемия - формалық элементтер мен плазманың біркелкі көбеюі. Бұл денеге көп мөлшерде қан құйғанда, қарқынды дене жұмысы кезінде тамыр арнасына қан мен ткань сұйығы көптеп келгенде уақытша байқалатын сирек құбылыс.
Олигоцитемиялық гиперволемия - жалпы қан мөлшерінің ондағы сұйық есебінен көбеюі, ал формалық элементтердің азаюы. Сол себептен гематокрит көрсеткіші кемиді.
Мұндай күй бүйректің кейбір ауруларында, ісіну қайтқанда, физиологиялык ерітінді және қан алмастыратын сұйық құйғаннан кейін, улануда, қан құрайтын органдар ауруларында т.б. пайда болады.
Полицитемиялық гиперволемия - эритроциттер есебінен қан көлемінің көбеюі. Эритроциттердің көбеюі қан құрайтын органдарда қатерлі ісіктің зардабынан, ал биік таулы жағдайда компенсаторлық сипатта болуы мүмкін. Мұндайда гематокрит көрсеткіші ұлғаяды.
Патологиялык физиология 3 бөлімнен құрастырылған.
1.Нозология, немесе ауру жөнінде жалпы ұғым, – ауруға анализ жасағанда дәрігердің алдында 2 сұраққа жауап береді: неге ауру дамыды және оның дамуының механизмі қандай (этиология және патогенез).
2.Типтік патологиялық үрдістер – көп аурулардың негізін құрайтын үрдістерді зерттейді (қабыну, кызба, ісіктер, гипоксия).
3.Жеке патологиялық физиология – жеке ағзалар мен жүйелердегі бұзылыстарды қарастырады.Патофизиологияны зерттеу объекті ауру болып табылады, оны зерттеудің негізгі әдісі жануарларда жасалатын патофизиологиялық эксперимент.Эксперимент көптеген ғылымдарда пайдаланады (қалыпты физиология, фармакология және т.б. ). Патологиялық физиологиядағы тәжірибенің мағынасы жануарларда ауруды жасанды түрде шақырып, оны зерттеп, алынған мәліметтерді клиникада қолдану болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет