78-жұмыс
1. 5 секундта жауап бер. 863421 және 542392 сандарының қосындысы қандай цифрмен
аяқталады?
1 ұпай
2. Таразының бір жағында кесе, стакан, құмыра, ал екіншісінде кесе, кесе, құмыра.
Таразы тепе-теңдікте орналасқан. Кесе салмағы 100 г, ал құмыра 200 г. Стакан
салмағы кандай?
5 ұпай
3. Егер үш күн бұрын бейсенбі болса, онда келесі күндер қандай апта күні болады?
1) 14 күннен кейін?
2) 21 күннен кейін?
3) 23 күннен кейін?
4) 28 күннен кейін?
5 ұпай
4. Есептеу жүргізбей салыстыр және >, <, немесе = белгіні қой.
31 + 33 + 35 + 35 + 37 + 39 ... 32 + 34 + 36 + 34 + 36 + 38
4 ұпай
5. Белгісіз сандарды тап.
1) ФФ – 57 = Э
2) 70 – АС = С
3) 62 – ЧЯ = Я
5 ұпай
Ұпай саны
Достарыңызбен бөлісу: