2. Топырақ бонитетін анықтау әдістері мен тәсілдері



бет2/4
Дата13.06.2016
өлшемі0.87 Mb.
#131539
1   2   3   4

Б = 3н/3м * 100; (І)
Мұнда Б-топырақ баллы; 3н-әрбір белгінің нақтылы көрсеткіші (Гумус қоры, гумус қабатының қалыңдығы, механикалық құрам және т.б.); 3м-белгінің максимальды немесе оптимальды көрсеткіші, 100 баллға теңелген.

Бұл жағдайда 100 баллға облыстағы, өлкедегі өнімділік пен топырақ белгісі және қасиеті жағына ең жақсы топырақ көрсеткіші алынады.

Сонымен қатар облыс бойынша өнімділіктің бонитет шкаласы жасалынады. Ол үшін әрбір шаруашылықтағы, сорт бақылау, ғылыми зерттеу мекемелеріндегі әрбір топырақ түршелеріне жылдық есеп кітапшасынан негізгі ауылшаруашылық дақылдарының соңғы 10 жылдық өнімділігінің көрсеткішін жинақтайды.

Одан кейін ауылшаруашылық дақылдарының көпжылдық өнімділігінің орташа өлшемін есептеп, оны әрбір топырақ түршесіне сай салыстырмалы түрде орташа өнімділікті анықтайды. Облыстық шкаладан республикалық шкалаға көшу үшін,100 баллға шартты түрде қабылдайды, шаруашылықтарда дәнді дақылдардың өнімділігі үшін 15 ц/га, ал мемлекеттік тұқым шаруашылықтары мен алдыңғы қатардағы шаруашылықтар үшін 30ц/га теңеп алады.

Топырақтың жеке белгілері мен қасиеттері бойынша алынған бонитет боллдарын бір-бірімен және осы топырақтағы өнімділікпен салыстырып,одан кейін топырақ бонитетінің диагностикасы ретінде тек өнімділікпен тұрақты коррелятивті байланысы бар топырақ белгілері мен қасиеттерін іріктеп алады.

Іріктеп алынған топырақ қасиеттері бойынша облыс пен өлкенің осы өнімділіктің бонитет шкаласы жасалынады. Осы екі шкалалары бір-бірімен салыстыра байланыстырып, алдын-ала облыс пен өлкенің бонитеттеу (бағалау) шкаласын дайындайды.



Далалық кезеңде топырақ бонитетінің жүргізілуін, алдын –ала тәжірибе жасалған облыстың топырақ бонитет шкаласының дұрыстығын тексереді, шкалаға енгізілген түзету коэффициентінің құжаттарын жинап, оны тексеріп және оның сәйкестігін, одан басқа аз көлемде кездесетін топырақ бонитеттерін жасап, оның өнімділіктерін анықтайды. Ол үшін шаруашылықта кездесетін әртүрлі деңгейдегі батпақталған, кебірленген, тұздалған, шайылған, әртүрлі тереңдікте тұзданған ыза сулары бар топырақтағы ауыл шаруашылық дақылдары мен табиғи жем шөп өнімдерінің көрсеткіштерін жинақтайды. Осы жер бөлімшелерінде топырақ кескінін салып, одан топырақ үлгісін алып, оның агрофизикалық, агрохимиялық қасиеттерін зерттеп, өнімділікпен байланысын анықтайды. Далалық кезеңде тікелей зерттеу мен анықтау арқылы шабындықтар мен жайылымдардың өнімділігін анықтап, сол арқылы табиғи шаруашылықта игерілген жерлердің һөнімділігінің бонитет шкаласын жасайды. Бұл кезде өнімділікті 1 га центнер немесе 1 гектардағы жемдік бірлік өлшеммен белгілейді; 100 баллға соңғы табиғи шабындық пен жайлымдағы орташа өнімділік алынады.

Соңғы камералды-аналитикалық кезеңде топырақ бонитеті жұмысына далалық және лабораториялық топырақ пен өнімділік зерттеу нәтижесі мағлұматтарына баға беріп, сол арқылы бонитет шкаласының соңғы нұсқасын, ауылшаруашылық өнімділігімен тығыз коррелятивті байланысы бар топырақ белгілерінің тізімін жасап, сонымен қатар зерттелген территориядағы топырақ бонитетін жүргізу тәсілінің қысқаша нұсқасын береді.

Қазақстанда топырақ жамылғысы мен оның диогностикалық белгілерінің әртүрлі болуына байланысты, топырақ бонитет шкаласын жасау әртүрлі, соған байланысты топырақ бонитетінің әртүрлі тәсілдері мен шкалалары қолданылады.

Топырақ бонитетінің мысалы ретінде орманды дала аймағында Н.Ф.Тюменцев тәсілі (Томск облыс топырағына жасалған), дала мен құрғақ дала аймағында Ф.Я.Гаврилюк тәсілі (Дон мен Солтүстік Кавказ топырағына жасалған) алынды.

Бонитет шкаласын жасау үшін топырақтардың физикалық-химиялық және басқа да қасиеттерін анықтайтын сапалы топырақтық, топырақтық мелиоративті, топырақтың эрозиялық зерттеу жұмыстары нәтижелерін толық қолдану керек.

Аналитикалық мағлұматтарға егістік пен басқа да жерге салынған кескін деректерін пайдаланады. Кейбір аналитикалық мағлұматтардың нәтижесін тексеру үшін, оны Стьюденттің 95% сенім деңгейіндегі статистикалық өңдеуден өткізіп барып сұрыптау керек.

Топырақ сапа деңгейін бағалайтын көрсеткіштерге:

а) 0-50 см қабаттағы гумустың пайызбен берілген мөлшері;

б) 0-50 см қабаттағы сіңірілген натрийдің жалпы сіңген негіздердің пайызымен есептелген орта өлшемдік мөлшері;

в) 0-50 см қабаттағы сіңірілген магнийдің, жалпы сіңген негіздері пайызымен есептелген орта өлшемдік мөлшері;

г) 0-50 см қабаттағы орта өлшемдік тұздану типі және орта өлшемдік пайызымен берілген тұздар мөлшері;

д) қиыршықтастылық;

с) тастылығы;

ж) гидроморфтылық деңгейлер жатады.

Әрбір топырақ түршесінің негізгі балл бонитетін жартымерлік топырақ қабатындағы гумустың пайыз мөлшерімен, ал басқа қасиеттерін түзету коэффициентін қолдану арқылы шығырады.

Топырақтың жарты метрлік қабатындағы гумус мөлшерін есептеу үшін график тәсілін қолданады, ал ол үшін миллиметрлік қағазға график құрады, онда ординат бойында үлгі алу тереңдігі, ал абсциссада гумустың пайыздық мөлшері аналитикалық жолмен анықталып, үлгі алу ортанғы тереңдікке сәйкес келтіріледі.

Мысалы, лабороториялық талдаулар бойынша гумустың мөлшері төмендегідей болды делік, яғни:


Тереңдік, см гумус,%
0-10 3,23

10-20 2,74

20-30 2,15
График сызуға және гумустың 0-50 см қабатындағы орта пайыздық мөлшерін есептеу үшін гумустың эксперименттік жолмен алынған мағлұматтарын үлгі алудың ортаңғы дәрежесіне келтіреміз, соның нәтижесінде мынандай мағлұмат аламыз:
тереңдік,см гумус,%
5 3,23

15 2,74


25 2,15
Осы мағлұматтар бойынша график сызамыз, графиктегі белгіленген нүктелерді сызықпен қосамыз.11111

Осындай түсірілімнің арқасында біз қисық сызық аламыз, соның негізінде топырақ қабатындағы гумустың мөлшерін есептейміз.

Біздің жағдайда, топырақтың үлгі алу тереңдігі 35 см шектелген, ал есептеу үшін 50 см қалыңдық керек. Қисық сызықты эксперимент мағлұматынан ары қарай жалғастыру үшін тереңдіктегі гумустың мөлшері белгіленген қалыпты дағдайда нөлге тең нүктені алып, оны эксперименттің мағлұматтарымен қосамыз, сонда алынған шектелген көп бұрыш сызығы арқылы, кескіннің кез келген нүктесіндегі гумустың мөлшерін график арқылы тауып аламыз.

Көп жағдайда нөл нүктесі үшін топырақ кескінінің төменгі шекарасын алады. Бұл жерде нөл нүктесі белгілі мөлшерде шартты түрде алынатынын атап өткен жөн, себебі көптеген әдебиеттік мағлұматтар бойынша аналық жыныстың өзінде де белгілі мөлшерде гумус кездеседі және ол әр түрлі тереңдікте орналасқан.

Жоғарыда келтірілген график көрсеткіштері бойынша 0-50 см қабаттағы орта арифметикалық гумус мөлшерін анықтаймыз.
Г0-50=а12345/5=z. (ІІ)
Мұнда, а1- әрбір 10 см қабаттағы гумустың көрсеткіші,%;

5 – жалпы алынған қабат саны;

z – гумустың орташа мөлшері, %.

шкаласын жасайды. жайылымдардың өнімділігін анықтап, сол арқылы табиғи шаруашыл



2.1 Топырақ бонитеті Мемлекеттік жер кадастрының маңызды бөлігі
Еліміздің топырақ қоры - халық байлығы. Оны дұрыс пайдалану, санды-сапалы ғылыми негізде жүргізу санақсыз мүмкін емес. Бұған жер кадастрын жасау мен жүргізуге арналған жұмыстар жатады. Бұған Кадастр француз тілінде cadastre – регистрация, тіркеу деген ұғым. Жер кадастры-жердің табиғаттық, шаруашылық және құқықтық жағдайлары туралы нақтылы және керек мәліметтер жинағы. «Мемлекеттік жер кадастрының деректері жерді тиімді пайдалануға және оны қорғауға, халық шаруашылығын жоспарлауға, ауылшаруашылық өндірісін орналастру мен мамандандыруға, жерді мелиорациялауға және ауылшаруашылығын (бей) химияландыруға, тағы басқа халық шаруашылық шараларын іске асыруға керек» (қара-Республикалық жер заңы негіздерін).

Ең бірінші топырақ санағы біздің дәуірден 300 жыл бұрын Египетте жүргізілген. XVIII-XIX ғасырларда жер кадастры Франция, Италия, Германия және Еуропаның басқа елдерінде жасалған. Ресейде топырақтардың санды және сапалы санағы XV ғасырда бағынышты елдерден салық жию үшін жасалған. Топырақтану ғылымы дамуына орай санақ әдістері-де жаңғырып отырған. XIX ғасырда В. Докучаев Нижегород (Төменқала) губерниясының топырақ жамылғысын зерттей келе, алғашқы топырақты сапалы санақ жүргізу әдісінің негізін салған. 1917 жылға дейін Ресейде, басқа Еуропа мемлекеттеріндегідей,жер санағы жүргізудің ең басты мақсаты салық салуға және топырақ сапасына қарай әдеттегідей жердің өлшемдік бөлігінен алатын таза пайданы шығаруға арналған. Топырақтар санағының негізгі түрін көрсететін құжат-ірі масштабы топырақ картасы, картограммасы және оларды сипаттайтын қолжазбалар мен химиялық мәліметтер.

Топырақтарды сапалы бағалаудағы ең басты жұмыстарға топырақтарды агроөндірістік топтау және оларды бонитеттеу (бағалау) жатады. Қазіргі нарықтық экономика жағдайында топырақтарды санды-сапалы санау ауылшаруашылығына-жеке шаруашылықтардан бастап бригадаларға дейін-өте қажетті материал.

Агроөндірістік топтау деп топырақтарды бірыңғай агрономиялық қасиеттері мен экологиялық жағдайлары жақын, құнарлық деңгейі мен сапалық ерекшеліктері ұқсас, сондай-ақ бір типті өңдеуге қажет агротехникалық және мелиорациялық шаралары жақын топырақ түрлері мен түршелерін агроөндірістік топтарға біріктіруді айтады. Бұл жұмыс материалдары әдеттегіде топырақ қорын санауға және жерді бағалауға пайдаланылады; ауылшаруашылық дақылдарды дұрыс орналастыру мен ауыспалы егістерді мамандандыруға, агротехникалық және мелиоративті шараларды белгілеуге қажет.

Агроөндірістік топырақ топтауының жалпы біріккен одақтық, аймақтық және шаруашылықтық түрлері болады.

Жалпы біріккен одақтық топырақ топтарын құрғанда құрлықтағы топырақтардың сапалық және сандық есебін алған, агрономиялық топырақ қасиеттерінің ұқсастығын және ерекшелігін қалыптастыратын аймақтық және өлкелік (провинциялық) табиғи жағдайларын ескерген. Алынған есептік деректер, көлемі бүкіл елдік ауылшаруашылық қоныстар есебіне кіреді. Бұрынғы КСРО топтары 350 санды топтарға, ал олар механикалық құрамына қарай өз алдына кіші топшаларға бөлінген. Аймақтық кешенді агроөндірістік топырақ топтары да (республикалық, аймақтық, облыстық) аталған принциптерде құрылады. Жалпы біріккен одақтық есептегі топырақ топтары қатал түрде сақталып қалған мен, оларға аймақтық ауылшаруашылық ерекшеліктері жайында қосымша кіші бөлімдер ескере енгізіледі. Арнаулы аймақтық топтардың ауылшаруашылық өндірісіне үлкен маңызы бар, өйткені, оларға және бонитеттеу материалдарына сүйене отырып дақылдарды дұрыс орналаструға, ауыспалы егістікті құруға және тыңайтқыштарды қажетті бөлуге болады. Шаруашылық агроөндірістік топырақтар топтары агрономиялық дәлелденудің формасына және шаруашылық территориясындағы ірі масштабы топырақ зерттеулерінің нақтылы қортындысына жатады, бұлар кешенді және мамандандырылған түрлеріне бөлінеді. Шаруашылықтағы кешенді агроөндірістік топырақ топтары ауылшаруашылық дақылдарының біркелкілігіне және агромелиоративтік шаралар бір тұтастығына қарай бөлінеді.

Топырақтарды топтарға бөлгенде мынандай критериялық принциптерге сүйенеді; топырақтардың тектік негізімен агрономиялық қасиеттерінің ұқсастығы; топырақтарды пайдаланудағы жер бедерінің біртұтастығы; топырақтар жамылғысы құрамының біркелкілігі.

Топырақтар белгілерін ұқсас біріктіргенде мына көрсеткіштерді есепке алады: ылғал-ауалық, жел-жылылық қасиеттері мен механикалық құрамына негізделген гумустық қабаттың қалыңдығына; геоморфологиялық, гидрогеологиялық жағдайлардың біркелкілігі; топырақтың ұқсас қоректік құбылымына сүйене отырып, тыңайтқыштарды тиімді қолдану-азот, фосфор мен калийдің жылжымалы түрлерінің жеткіліктігі; топырақ гумустілігі, ортасының қолайлы реакциясы және ондағы микроэлементтер мөлшері; топырақтардың өңдеу ерекшеліктері мен түрлері ара қатынасының бірқалыптылығы (топырақтың иеленгіштігі, байланыстылығы мен қабыршақтанулығы және өңдеуге «пісіп» жетілу мезгілі, жырту қабатын тереңдету мүмкіндігі). Аталған қасиеттер біркелкілігін ең алдымен топырақтың механикалық құрамына, құрлысына, гумустік жиек қалыңдығына, кебірлігіне және эрозияға ұшырау дәрежесіне қарай анықтайды; қажетті мелиоративтік шараларды белгілегенде ең алдымен топырақтың механикалық құрамын, батпақтану дәрежесін, кебірлігін және кебір құрылысын ( жиек қалыңдығы, карбонаттар мен ғаныш жатқан тереңдік), сортандылығы жәнеортаның реакциясы негізге алынады. Осылармен қатар жердің гидрогеологиялық тәртібі, ызаның тереңдігі мен сапасы және топырақ құрамындағы өсімдікке зиянды заттар мөлшері (сортаңдылығы, саздылығы) ескеріледі; эрозиясының түрі мен қарқыны анықталады.

Келтірілген белгілер мен қасиеттер негізінде шаруашылық территориясында бөлінген агроөндірістік топырақ топтары жалпы одақтық және өңірлік топтаудағы санды топырақ топтарын әр қашан қайталамайды, себебі аймақтық топырақ типшелері мен типтерінің шекарасы, агроклиматтық жағдайлары ұқсас болғандықтан, бірінен-біріне өтіп тұрады және оларға жақындау агрономиялық сипаттама тән. Қазіргі уақытта шаруашылық ішіндегі агроөндірістік топырақтар топтауы әр шаруашынықтағы ірі масштабты топырақ ізденістері материалдарын жалпылаудағы соңғы кезең болып саналады.

Топтауды құрғанда-топырақтарды бөлуде мына ретте басшылыққа алуға болады:

Бірінші этапта (рет) топырақтарды 2 топқа бөледі: арнаулы агротехникалық және мелиоративтік шараларды тілемейтін, осы аймаққа сәйкес дақылдарды, нормативті аймақтық агротехника қолданып, өсіруге болатын топырақтар: арнаулы агротехникалық және мелиоративтік шараларды тілейтін (тастақ, кебір, бұзылған, батпақты, сортаңдагған) топырақтар.

Екінші ретте бірінші топтаы топырақтарды механикалық құрамына қарай екі бөлшекке-балшықты мен құмбалшықты және құмайт пен құмды топырақтарға айырады, себебі агрономиялық қасиеттері мен пайдалану жағдайлары тұрғысынан олардың үлкен айырмашылығы бар.

Үшінші ретте, арнаулы агротехникалық және мелиоративтік шараларды тілемейтін топырақтардыт топтағанда, олардың аймақтық ерекшеліктері ескеріледі, мысалы, қара топырақтарды топтағанда олардың күлгіндену, сілтісіздену дәрежесі, нағыз және кәдімгі типшелері негіз болады.

Соңғы реттегі бөлу топырақтардың түрлік айырмашылығына, тектік жиектердің қарашірінділігіне, кебір үстіндегі қабық қалыңдығына, олардың химиялық ерекшелігіне (жылжымалы азот, фосфор, калий т.с.) негізделеді.

Арнаулы агротехникалық және мелиоративтік шараларды тілейтін топырақтарды топтағанда әдеттегіде оларды кескін құрлысына, шаралар қарқыны (интенсивтік) және қаржылық шығын көлеміне байланысты келесі 4 топқа біріктіру орынды: шаралар қарқынына және оларды жүргізу үшін арнаулы агротехника арқылы жақсартылатын; жеңіл (ғаныштау, әктеу т. б.) және ауыр мелиорациялар (топрырақты, құрғату, тұшылау, кебірсіздендіру, тастарды жию, т.б.) арқылы жақсартылатын және практикада жақсартуға келмейтін топырақтар. Бір агроөндірістік топқа біріктірілген топырақтардың ауылшаруашылығында пайдалану бағыты (мысалы көкөністік ауыспалы егіс және басқа үдемелі дақылдарға ) ауылшаруашылық дақылдарын өсіру технологиясы (жасыл тыңайту, әктеу), эрозияға қарсы немесе мелиоративтік шаралар кешенін қолдану жолы бір болады.

Агрономиялық жұмыстар практикасында жеке топырақтарды бағалауда өндірістік учаскелердегі топырақ жамылғысының алалығын (комплекстігін) ескерген өте қажет, ол топырақ жамылғысының құрылымын (ТЖҚ) талдау негізінде жүргізіледі. ТЖҚ-на агрономиялық баға беру бір жағынан көрсеткіштер кешенінің, кескін құрылысы мен құрамын, қасиеттерін, құбылымын,екінші жағынан алалық тобын талдай (комбинация түрлері, арасалмағы, элементарлық топырақ алаңы) бағалауға негізделген. Осындай бағалау жұмыстары агрономиялық тұрғысынан топырақтардың біртектілігі мен үйлесімділігі туралы мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Агрономиялық көзқарастар бойынша топырақтар жамылғысы құрылымының негізгі үш типін боледі: агрономиялық біртекті типтес учаскелерде (ауыспалы егіс танаптары, т.б.) осы ТЖҚ-ң комбинациясына кіретін топырақты, біркелкі агротехникалық және мелиоративтік әдістер қолданып, егіс егу мен өнім жинау жұмыстарын бір оптималды мезгілде жүргізіп, жақын мөлшерде өнім алуға болады; агрономиялық бір тектес ТЖҚ әрқашан бір танап құрамына жатқызылады. Бұндай құрылым түрлі варияциялар, алаңдар мен дақтардан тұрады; агрономиялық үйлесімді, бірақ біртекті емес құрылымға, пайдаланғанда аз ғана агромелиоративтік шаралар (жалпы бір типті) тілейтін территориялар жатады. Бұнда далалық жұмыстар мезгілі жақындау болса да, алынатын өнімде аздап айырмашылық болуы мүмкін. Осында»й ТЖҚ-ы бір өндірістік массивке, мысалы, дақты және кешенді ала құрылымды шайылмаған немесе сәл шайылған, топырақтар жатады. Агрономиялық үйлесімсіз ТЖҚ-ы сапалы түрлі агротехникалық және мелиоративтік шараларды тілейді және де онда далалық жұмыстарды бір мезгілде жүргізбейді. Мұндай жерлерді біртұтас танапқа кіргізбей, бөлшектеп арнаулы ауыспалы егістік және т.б.(қопыраққорғайтын, мал жайылымы т.б.) жерлерге жатқызады. Топырақты тиімді пайдалану үшін, агроөндірістік топтаумен қатар жерді кластарға бөлу жұмыстарын жүргізеді (Федорин 1976, 1981). Жерге белгілі территорияның топырағы мен табиғи жағдайлар кешені жатады.



Жерлерді жіктеу деп, оларды ауылшаруашылығына жарамдылығы тұрғысынан бөлуді айтады.Ол үшін жерлерді кешенді зерттеу яғни жер бедерін, топыраққұраушы жыныстарды, топырақтық құрамы мен ылғалдану жағдайын білу керек. Жиналған мәліметтерге сүйеніп жерлерді категориялар мен кластарға бөледі. Жер класына табиғи және шаруашылық қасиеттері бір-біріне жақын, біркелкі өңдеуді тілейтін және топырақты бұзылудан қорғау талабы бір жерлер (алаң, талап) тобы жатады.

Жалпы жерлер төмендегі сипатталған 7 категория мен 37 класқа бөлінеді. I категория – егістікке жарамды, 14 класқа бөлінген топырағы мәдениеленген жерлер; 2-дренделген-су (ағынды) айрықтар мен сәл білінген беткейлі жерлер (20 градусқа дейін), карбонатсыз құмбалшық және жеңіл құмбалшық топырақты; 3-дренделген –су ағынды айрықтар мен сәл айқындалған беткейлер, топырағы құмбалшықты және жеңіл құмбалшықты карбонатты; 4-дренделген су айрықпен сәл ылдыйлау беткейдің (20-ке дейінгі) топырағы құмды және құмайтты; 5-дренді су аймақтармен сәл ылдыйлау беткейлердегі топырағы балшықты және тұтасқан; 6-дренді су айрықтармен сәл айқындалған беткейлердің қатты жыныстары мен қойтасы, малта тасты салындылары бар, құмбалшық топырақты, 7-сәл дренді қысқа мезгіл мол ылғалданатын балшықты, құмбалшықты, карбонатсыз топырақты; 8-солар, бірақ карбонат топырақты; 9-сәл дренді қысқа мезгіл мол ылғалданатын балшықтар мен құмбалшықты, құмайтты және құмды топырақты; 10-сәл эрозиялық қауіпті ылдыйлы (2-50) беткейлердің қопсынды жыныстарында қалыптасқан балшықты және құмбалшықты, аздап шайылған, топырақты; 11-сол топырақтар, тек құмдақ түрше топырағы бар; 12-эрозиялық қауыпты ылдый (5-100) беткейлердің балшықты, құмбалшықты, қопсынды жыныстарда қалыптасып шайылған топырақты; 12-солар тек құмайт түршелі топырағы бар; 14-эрозиялық көтеріңкі қауіпті, тік ылдый (2-100) беткейлерде, қатты жыныстарда қалыптасып шайылған топырақты;

II категория- басым шабындыққа жарамды жерлер 4 класқа бөлінген: 1-жайылмалық шабынды-балшықты және құмбалшықты топырақты; 2-сондай, бірақ құмайт және құм топырақты; 3- жайылмадан тыс шабынды-балшық және құмбалшық топырақты; 4-солар, бірақ құмайт және құм топырақты.

III категория- жайылымдық, бірақ жақсарту арқылы басқа ауылшаруашылық қоныстарға пайдалануға болатын жерлер, оның кластары: 1-батпақтанған, мол ылғалданған топырақты; 2-кебір және тұтасқан автоморфты топырақты, оның жамылғысы-орташа және тым алаланған; 3-кебір және тұтасқан жартылай гидроморфты топырағы бар, оның жамылғысы орташа және көп алаланған; 4-кебір және гидроморфты топырағы бар, жамылғысы орташа және көп алаланған; 5-эрозиялық аса қауіпті тік беткейде (100) орналасқан, топырағы шайылған; 6-жұқа қабатты топырағы бар, тым тасты және қиыршықтасты; 7-шымданған құмдар.

IY категория- ауылшаруашылығына күрделі жақсартудан кейін жарамды жерлер -6кластан тұрады: 1-ойпанды (низинное) және өтпелі (переходное) шымтезекті батпақтар; 2-ойпанды және өтпелі минералдық батпақтар; 3-күшті және тым сортанданған жерлер; 4-тақырлар; 5-сай-жыралы алаланған жерлер; 6-өсімдіксіз (жылжымалы) құмдар.

Y категория – ауылшаруашылығына шамалы жарамды қоныстағы жерлер екі класқа бөлінеді : 1- жоғары (верховое) батпақтар; 2-малта тасты, шашыранды, қырлы тасты жерлер.

YI категория- ауылшаруашылығына жарамсыз тік, тас жынысты жерлер.

YII категория- бұзылған жерлер: екі класқа бөлінеді: шымтезекті (торф) және тау-кен өндірісі дамыған және терриконды (сатылы төбелі) жерлер. Сонымен жерлерді жіктеу нақтылы табиғи – ауылшаруашылықтық аудандау болып саналады.

ТМД мемлекеттерінде жер қорларын тиімді пайдалану үшін жер кадастры жүргізіледі, оған әрбір мемлекеттік жер иеленушілердің өз жерін тіркеуі, жердің сандық есебін,сапалық бағасын, жерді бонитеттеу және жерге экономикалық баға беру жұмыстары жатады.

Мемлекеттік жер иеленушілердің жерлерін тіркеуді, ауылшаруашылық министрлігі мен департаментіне қарайтын жерге орналастру мекемелері атқарады, онда жерді пайдалану құқығы заң жүзінде тіркеліп, арнайы құжаттармен қамтамасыз етіледі.

Жердің сандық есебінде жерді пайдаланушылар мен жерді иеленушілердің жер көлемі есебі мен жіктеуін қарастырады. Бұл мағлұматтар шаруашылық пен әкімшіліктің (ұжым шаруашылығы, аудан) жерді – есептеп тіркеу құжатына жазылады.

Жердің сапалық есебінде пайдаланатын жерлердің түрлерін (егістік, тыңайған жер, шабындық, жайылым, көп жылдық ағаштар) қамтиды. Мұнда ерекше суғару жүйесі дұрыс немесе жөндеуді керек ететін суармалы жерлерді бөледі. Жердің сапалық бағасында оның өндірістік маңызын анықтайтын белгілеріне, яғни топырақ жамылғысына, өсімдігіне, бедеріне, эрозияға бейімділігіне, нұсқасына, батпақтануына және т.б. қасиеттеріне сипаттама береді. Бұл жер кадастрының маңызды құрылымдары мемлекеттік жерге орналастыру мекемесінің тіркеуінен өтеді.

Топырақты бонитеттеу жер кадастрының маңызды бір бөлігі болып саналады және өсімдіктер өмір сүретін орта ретінде топыраққа салыстырмалы түрде сапалық баға береді. Бұл жұмыс топырақтанушылар арқылы агроном мен экономистердің қатысуымен жерге орналастыру мекемелері арқылы жүргізіледі.

Жерге экономикалық баға беру дегеніміз ол жерді ауылшаруашылық өндіріс құралы ретінде бағалау болып саналады. Оны топырақтардың қасиеттері (бонитеті бойынша) мен экономикалық көрсеткіштері арқылы жүргізеді. Экономикалық бағалау жердің пайдалану деңгейі анықталып, абсолютті (теңгемен) немесе салыстырмалы (балмен) көрсеткіштермен белгіленеді. Экономикалық бағалауда сапалық жағынан әртүрлі жер бөлімшелеріндегі негізгі қорлардың тиімділігін және нақтылы жоспарлауға ауылшаруашылық өндірісінің шаруашылық ұйымдастыру мен талдау мағлұматтарын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл көрсеткіш арқылы талғамды нарық пен рентілі өтем және ауылшаруашылық өнімдерінің талғамды сатып алу құнына пайдалануға болады.

Жер кадастрының негізгі құжаты болып жерді иеленуге құқық беретін акт, яғни кадастрлы жер картасы мен кадастрлы қатталған жер кітапшасы саналады.Кадастрлы жер картасы – жер бөлімшесінің негізгі жоспары – картографиялық құжаты, мұнда жер кадастры туралы жерді пайдалану шекарасы, гидрографиясы, бедері, топырағы, ауылшаруашылығына пайдаланатын жерлері, ел мекендері, жол тораптары мағлұматтары жинақталған. Кадастрлы қатталған жер кітапшасында пайдаланып жатқан жердің барлық жазбалары, яғни жалпы және әрбір игерілген жер көлемі, одан басқа әрбір ауылшаруашылық жерлерінің сапасы туралы анықтамалар беріледі.

2.2 Топырақ бонитетінің критерилері мен негізгі принциптері
Топырақ бонитеті деп топырақ құнарлылығының үйлесімді агротехникалық деңгейі мен қарқынды егіншіліктегі салыстырмалы бағасын айтамыз. Топырақ бонитетінде сандық көрсеткіштер бағасы-баллмен есептелінеді, олар нақтылы мағлұматтар-топырақтың қасиеті, осы топырақтағы өскен дақылдардың көп жылдық өнімі (жыртылған жерлер үшін) немесе биологиялық өнімділігі беріледі (жем-шөп пен орманға пайдаланатын жерлер үшін). Міне сондықтан бонитеттеу кезінде топырақтың салыстырмалы құндылығы, оның табиғи және тиімді құнарлығы бағаланады.

Бонитеттеудің негізгі принциптерін В.В.Докучаев қалаған, мұнда әр уақытта және топырақтың кейбір жан-жақты қасиеттері мен көпжылдық өнімі немесе биологиялық өнімділігі алынады, олар бір-бірімен коррелятивті байланысты болуы керек. Топырақ бонитировкасында екі параллельді бонитеттеу шекарасын балл бойынша салыстыру керек, яғни топырақ қасиеті (негізгі шкала) және ауылшаруашылық дақылдарының салыстырмалы өнімі, одан кейін жалпы шкала анықталған баллдармен тексеріліп келтірілген.

Негізгі шкалаға пайдаланатын топырақтың диагностикалық белгілері, табиғат аймағына байланысты әр түрлі болады, ол міндетті түрде ауылшаруашылық дақылдар өнімі мен биологиялық өнімділікпен коррелятивті байланыста болуы керек. Келісілген көрсеткіштер егіншіліктің құрғақшылық аймақтарда (орманды-дала, дала, құрғақ дала, шөлейт), топырақтың негізгі бонитеті көрсеткіштері болып: жыртылған қабаттағы гумус мөлшері, гумус қабатындағы жалпы гумус пен азот қоры (т/га) және 0-20,0-50,0-100см қабаттардың механикалық құрамы, сіңіру сиымдылығы, кейбір жағдайларда шайылу және кебірлену деңгейі, жалпы фосфор мен калий мөлшері келтіріледі. Бұл көрсеткіштерді негізгі бонитет шкаласына енгізу үшін түзету коэффициенті беріледі. Одан басқа климаттық көрсеткіштер: ылғалдану коэффициенті, оң температура жиынтығы, аязсыз күндер саны т.б. қолданылады.

Орташа көп жылдық өнім шаруашылықтағы өнімділіктің және тәжірибе станциясы мен тұқымды шаруашылықтарының біртектес топырақ түрлерінің арнайы өнімді есептейтін алаңдарында жүргізіледі. Ең соңында қарқынды егіншіліктің үш деңгейі бойынша бұл мағлұматтар топталып, одан кейін математикалық өңдеуден өтіп, өнімділік бойынша бонитет баллы есептелінеді.

Бағалау шкаласы екі вариантта құрылады: ашық (жайылған) және жабық (тұйық) шкала түрінде. Ашық шкалада ең кең тараған орта топыраққа 100 немесе 50 балл беріледі, ал қалған топырақтар өздерінің сапасы жағынан жоғары немесе төмен бағалануы мүмкін, бұл жағдайда бағалау шкаласы 1-5 тен 180-700 балл аралығында ауытқиды. Жабық шкалада 100 балл ең жақсы топыраққа беріледі, қалған топырақтар көрсеткіші бұдан төмен, мұнда бағалау шкаласы 1-5 тен 100 балл аралығында болады.

Табиғи жағдайлар мен топырақ жамылғының ТМД жерінде әртүрлі болуына байланысты бонитет шкаласы мен бағалау кестесінің әртүрлі аймақтар үшін бірнеше түрлері жасалған.

Негізгі критерилер тобына жататындар: қарашірінді мен азот қоры, негіздер жұтылусыйымы және бір пайызбен шектелген қарашірінділік жиектің қалыңдығы.

Қосымша критерилердің негізгілерден айырмасы топырақтық аймақтар мен аймақшаларға сәйкес заңды таралмауы. Сондықтан олардың параметрлері (тұрақты мөлшері) типшелер ішінде анық бөлшектенеді (диференділенген). Топырақтар таксондық (жүйелеу) біріншілігіне тәуелділігіне қарай туысқа, түрге және түршеге жатқызылады.Қосымша белгілер топырақтың деңгейін дұрыс анықтауға қажет. Сондай-ақ олар аздап қоршаған ортаның күйі мен жайын білдіреді. Мұндай критерилерге механикалық (түйірлік) құрам, кебірлік, сортаңдылық, бұзулылық, тасты жыныстар жатқан тереңдік, қыйыршық тастылық, т.б. жатқызылған. Түгел алғанда мұндай топырақтық қасиеттер ауылшаруашылық дақылдар өніктілігін шектейтін болғандықтан, тәртіпті бағалаулық шкалада түзетулік коэффициент түрінде немесе бонитеттің орташа баллына түзету сапасында қатысады .

Қазіргі көзқарастарға сәйкес топырақтарды бағалау критерилері топырақ – географиялық аймақтарға және соларға сәйкес топырақтар типтеріне қарай анық бөлшектенеді. Қара және қарақоңыр топырақты далалық аймақта бонитеттеу белгілері көп және кәзіргі уақытта олардың тобы мыс, Қазақстанда анық анықталған.

Бонитеттің негізгі принципі - ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігіне байланысы топырақ қасиеттеріне балл беру. Сондықтан топырақ бонтетін жасау үшін өнімділік пен байланысы бар топырақ қасиеттерін таңдау және осы қасиеттерді нақтылы сипаттайтын объективті мағлұматтарды жинау керек. Анықтаулар бойынша әртүрлі аймақтарда, әртүрлі топырақ типтерінде өнімділік пен топырақтың кешенді қасиеттері бір-біріне сәйкес келе бермейді екен.

Ылғалмен қамтамасыз етілген егіншілікке бұл қасиетке топырақтың жыртылған қабатындағы гумус, физикалық балшық пен тұнба фракциялар мөлшері, рН тұзды ертіндісі, гидролитикалық қышқылдық, сіңірілген негіздер жиынтығы, негіздермен қанаыққан деңгейі жатады.

Ылғал жетіспейтін аймақтарда (орманды дала, дала, құрғақ дала,шөлейт) ауылшаруашылық өнімдері мен топырақтың мына қасиеттері яғни:жыртылма қабаттағы гумус мөлшері, гумус қоры (т/га), гумус қабатының қалыңдығы, физикалық балшық пен тұнба фракциялар мөлшері, сіңіру сиымдылығы жатады. Кейбір топырақтар үшін сіңірілген натрий, ал сор топырақтарда- жеңіл еритін тұздар мөлшері тығыз коррелятивті байланыста болады.

Топырақ құнарлылығын анықтайтын басқа қасиеттері (батпақтану деңгейі, шайлғандығы, эрозияға ұшырағандағы, тастылығы және т.б.) топырақты бонитеттеу кезеңде түзету коэффициенттері арқылы ескеріліп топырақтардың өнімділігінен алынып тасталынады.

Топырақ типтерінің бонитеттеуіне керек нақтылы жоғарыда келтірілген көрсеткіштер, топырақ зерттеу құжаттарында – топырақ есеп кітапшасы, топырақ картасы мен картограммасында беріледі. Әрбір территориядағы топырақтың орта өлшемдік баллын есептеген кезде (ұжым шаруашылығы және қожалық, акционерлік қоғам) сол топырақтардың ауданын білу керек. Бұл мағлұматтарды топырақ зерттеу құжаттарынан алуға болады.

Нақты топырақтарды ауылшаруашылық дақылдарының көпжылдық өнімділігін және шабындықтар мен жайылымдардың табиғи биологиялық шығымдылығын топырақ бонитетін есептеген кезде топырақ зерттеу құжаттарының маңызы өте зор. Әрбір шаруашылық пайдаланбақшы топырақ жамылғысын білмейінше, бұл мәселені шешуге болмайды. Міне, сондықтан топырақты бонитеттеу үшін топырақ зерттеу жұмыстары жүргізу міндетті түрде қажет.
ҚР-ң Ауылшаруашылық Министрлігі бекіткен, б. «Казпирозем» жобалау институты дайындаған « Уақытша әдістемелік нұсқауларға (1984)» бойынша:

1) барлық топырақтық параметрлер (тұрақты көрсеткіштер) 0-50 см-ік қабатқа есептелінді;

2) негізгі көрсеткіш болып осы қабаттағы қарашірінді мөлшері саналады;

3) этолон – үлгі (100 балл) ретінде қарашірінді мөлшері 7 пайызға тең сапа алынады;

4)шығырылған бағалау баллдары сутектік және қыйыршық тастылық қасиеттерге түзетулік коэффициенттер арқылы дәлелденеді;

5) Бонитеттік шкала бастапқы гумустік баллды осы топыраққа тән түзетулік санға көбейтіліп құрастырылады.(В.Бобров).

Топырақ жамылғысы шөлдік топырақ құралу типіне келетін суармалы аймақта негізгі критерийлік сапаға майда түйірлі топырақ қабатының қалыңдығы мен механикалық құрамы алынады.(Ли В., 1989).

ІІ. Климаттық факторға ауаның 100 С – ан жоғары тиімді (әсерлі) оң температура жыйынтығы, орташа жылдық немесе тіршілік (вегетация) кезіндегі - өніктілік анықтайтын атмосфералық түсім мөлшері (мм-6 кесте) кіреді (Дюкарев А., Карманов И., 1990); сондай-ақ Г.Селяниновше ылғалжылулық (гидротермикалық) коэффициентте пайдаланылады, себебі ол ауаның >100 температурасы мен жауын-шашын мөлшері (Смеян Н., 1986), Ивановше ызғарлылығы (Карманов И., 1990) есепке алынып шығарылады.

4 кест- Климат пен топырақ құнарлығы және дәнді дақылдар өнімі


Топырақтар (Т.)

Атмосфералық түсім, мм

Баллдар

Дәнді өнім, ц/ге

1

2

3

4

Күңгірт қарақоңыр құмбалшықты-Т.

425

86

21,0

Орташа құмбалшықты-Т.

490

79

15,5

Сол жеңіл құмбалшықты-Т.

485

62

21,6

Тегістіктегі кәдімгі қара ауыр құмбалшықты-Т.

340

55

13,7

Сол орташа құмбалшықты-Т.

300

48

12,1

Оңтүстік қара ауыр құмбалшықты.

400

52

13,1

Күңгірт қарақоңыр ауыр құмбалшықты-Т.

310

49

12,4

Сол жеңіл-Т.

260

39

9,7

Қарақоңыр-Т

250

17

4,3

Ашық қарақоңыр орташа құмбалшықты-Т.

215

17

4,3

Тауалды күңгірт құба ауыр құмбалшықты-Т.

460

43

10,7

Нағыз құба құмбалшықты-Т.

355

30

7,6

Түсіндірме: 4 кесте деректері дәнді дақылдар өнімі жылдық жауын-шашын мөлшеріне, топырақтар сапасына (балл құнарлығы) және механикалық құрамына тәуелді екенін көрсетті.


Экономикалық факторлар тұқым себу – егін ору науқанының ауылшаруашылық техникасы және еңбектік құралдар (ресурсы) мен қамтамасыз етілгендігін сыйпаттайды. Олардың ықпалы екі – тура және жанамалы бағытта көрінеді.

Тура ықпал тікелей өнік мөлшерінде байқалады. Ал ол болса топырақтық жағдайлар мен анықталады. Мыс., құрғақ дала аймағы топырағына (фосформен қамтамасыздану деңгейі төмен) берілген фосфор тыңайтқышының шамалы үлесі (дозасы) айтарлықтай нәтиже (эффект) бермейді.

Жанамалы ықпал бір жағдайдың қалғандарға қатынас көрсеткішінің айқындалуына байланысты.

Бұл жай басқа өндірістік-шаруашылық жағдайларға қатынас ең аз заңдылықты (закон минимума) қолдануға мәжбүр етеді. Ал жағдайлар болса жериеленушілердің аймақтық орналасуына қарай айқын бөлшектенеді. Айталық, қара және қарақоңыр топырақты дала аймағында фосфорлық тыңайтқыштар, тиімді ылғал жеткілікті жағдайда, ең нәтижелі келеді.

Ауылшаруашылық дақылдары өніктілігінің үлгісін (модель) жасауда жиі басқа-да экономикалық факторлар пайдаланылады, яғни 100 гектар егістікке келетін жұмысшылар саны 1 гектар егістікке келетін өсімдік шаруашылығының негізгі фондының (құрал) бағасы.

Жалпы алғанда бағалаулық жұмыстарды экономикалық факторлар егіншіліктің дақылдану деңгейі арқылы есептеледі, оған ғылым жетістігі немесе ауылшаруашылық дақылдарының салыстырмалы өніктілігі үлгісі пайдаланылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет