3. Топырақ бонитетінің баллдарын шығару тәсілдері
Бонитет баллдарын есептеуде В.Докучаевтің кезінен бері екі жол бар. Біреуінде бонитет баллдары топырақтық критерилер арқылы шығарылса, екіншісінде топырақтық түршелер немесе агроөндірістік топтардағы ауылшаруашылық дақылдарының орташа көпжылдық өніктік көрсеткіштеріне сүйенеді. Бірінші тәсілше топырақтардың бонитеттік баллдарын пропорциялық (сәйкестілік) әдіспен шығарады. Оның негізіне эталонды (үлгілі) топырақ қасиеттерінің көрсеткіштері салынады. Қасиеттер 100 баллмен яғни эталон кең тараған және құнарлы топырақ бағаланады. Ал басқа топырақтардың қасиеттерін бағалау эталондық көрсеткіштердің пайызын құрайды. Бонитеттік баллдар мына формула (тұрпат) мен шығарылады:
а) (ІІІ)
Мұндағы Б-топырақ балл; Мк- топырақ белгісінің (гумус, N,P,K, т.б.) қоры немесе пайызы – кәдімгі маңызы; Мм – ең жоғары (максималды) немесе оңтайлы (күрделі тәуелділіктегі) осы белгінің маңызы; ол топырақтағы 100 баллға (эталон) жатқызылатын көрсеткіш.
Қарашірінді және NPK қоры келесі формула арқылы анықталады:
б) (ІV)
Қ- қарашірінді қоры, м/ге
М- тектік жиектің қалыңдығы,м;
В- осы түйірлік құрамды жиектің көлемдік массасы;
Р- қарашірінді мөлшері, %,
Ал жылжымалы қоректік заттар (NPK) қоры үшінші формуламен
в) Н = М. 10000 анықталады, мұнда В*А
Н-NPK қорлары, кг/ге;
М- тектік жиек қалыңдығы, м;
В- осы қабаттың көлемдік массасы;
А- NPK мөлшері, мг/кг топырақта.
Есептеп шығарылған жеке белгілердің бонитеттік баллдары өзара салыстырылып, қайсылары бір-бірімен және өніктілікпен кореляциялық (тура немесе теріс) байланыста және қайсысы шеттетілген екендігін табады. Сонан соң топырақтар қасиеттерінің бонитеттік орташа баллдары есептеліп, солар бойынша облыстық (аудандық) бонитет шкаласын құрады.
Ю. Федорин (1977) оңтүстік-шығыс Қазақстан (Жетісу өңірі) топырақтарының сапасы (бонитет) мен дәнді дақылдар өніктілігі арасындағы кореляциялық байланысын тапқан (7-кесте). Топырақ қасиеттерінен өнікке ықпал ететін көрсеткіштердің 0-50 см тереңдіктегі қарашірінді мен жалпы азот қорын 0-20см-ік жыртылатын қабаттағы фосфор қорын алған. Солардың әр қайсысының өнік пен тура кореляциясын (байланысын-ч) есептеген, ол гумустікі =0,97, жалпы азоттікі =0,76, фосфор қорынікі =0,59.
Бұлардың бірлескен өнікке тура ықпалы –R-0,98 болған.
5 кест- Оңтүстік-шығыс Қазақстан (Жетісу) топырақтарының сапасы (балл) мен дәнді дақылдар өнігі арасындағы байланыс –(кореляция-Федорин Ю,1977)
Топырақ
(Т.)
|
өнік, ц/ге
|
0-50см-гі жалпы саны, м/ге
|
0-20см-гі фосфор қоры, м/ге
|
Орташа өлшем- R, балл
|
қара
шірінді
|
Жалпы азот
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
Нағыз қаратопырақ
|
-
|
375
|
24,6
|
3,6
|
100
|
Аз гумусті қаратопырақ
|
21
|
270
|
19,5
|
3,25
|
86
|
Күңгірт қаратопырақ Т.
|
17
|
178
|
11,0
|
4,9
|
66
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
Ашық қаратопырақ Т.
|
14
|
110
|
7,7
|
4,6
|
50
|
Кәдімгі құба Т.
|
14
|
84
|
5,6
|
3,2
|
34
|
Ашық құба құмбалшықты Т.
|
13
|
83
|
4,5
|
3,6
|
30
|
Ашық құба құмайтТ.
|
9
|
44
|
4,1
|
2,8
|
24
|
Кореляциялық баллдардың коэфициенті -r
|
-
|
0,97
|
0,76
|
0,59
|
0,98
|
Қазақстан Республикасы топырағының бонитеттікшкаласы бонитет баллдарын жоғарғы жарты метрлік қабаттағы гумус мөлшеріне қарай есептеуді көздейді (В,1987; 1990; Нечаев Л,1990).
Қарағанды облысы жыртылатын күңгірт қарақоңыр топырақтарының бонитеттік шкаласын шығырғанда жалпы қарашірінді мен азот мөлшерін, жыртылатын (0...30см) қабаттағы сіңірілген негіздер сыйымы мен гумустік жиектің қалыңдығы ( 1%-тік гумус шегарасына дейін) есепке алынған (Дәуләтшини,1989)
Топырақтардың негізгі бонитеттік шкаласы, тәртіпті түрде қосымша шкалалармен түзетіледі. Олар топырақтың карбонаттылығына, кебірлігіне, сортаңдығына, механикалық құрамына, майда топырақтың қалыңдығына, аса ылғалдылығына қолданылатын түзету (+ -) коэфициенттері болып саналады (қара 6-кесте).
6 кест- Іле Алатауының топырақ-климаттық жағдайлары мен ауылшаруашылық дақылдары өніктілігінің кореляциялық байланысы (Тазабеков, 1983)
Дақылдар
|
өніктің ауытқуы, ц/га
|
Топырақ (Т.) және есептелген өнік жағдайларының саны
|
Кореляция коэффициенттері
|
|
Қос-r
|
Қасиеттер жиынтығы-R
|
|
Физикалық қасиеттері; қоректік заттар
|
Атмосфераның су ғылу тәртібі
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
Күздік бидай
|
20-48
|
Шабындық құба,7
|
0,55
|
0,66
|
0,87
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
|
Жаздық арпа
|
6-41
|
Күңгірт қарақоңыр, 9
|
-
|
0,18
|
0,87
|
|
Жүгері дәнді
|
4-119
|
Ашық қарақоңыр,7
|
0,57
|
0,47
|
0,82
|
|
Қанттық қызылша ауыспалы егісте
|
300-680
|
Шабындық құба,8
|
0,55
|
0,32
|
0,69
|
|
Сол дақыл тұрақты
|
394-593
|
Шабындық құба, 6
|
0,50
|
0,65
|
0,78
|
|
Картоп суармалы
|
84-269
|
Күңгірт құба,6
|
0,67
|
0,14
|
0,78
|
|
Сол дақыл тәлімі жерде
|
110-319
|
Қаратопырақ,11
|
0,64
|
0,26
|
0,80
|
|
Жоңышқа, пішенді
|
18-163
|
Күңгірт қарақоңыр,9
|
0,58
|
-
|
0,93
|
|
Алма ағаш (кг жеміс 1 ағашта)
|
29-76
|
Сол топырақтар,8
|
0,61
|
0,11
|
0,76
|
|
Аталған топырақ қасиеттерінің қосымша шкалалары, тәртіпті түрде ауылшаруашылығы дақылдар өнігін шектейтін факторға жатады.
Соларға қоса, орташа баллдарды алу үшін, критерилер мен қатар кейбір климаттық көрсеткіштерде пайдаланылады. Олар- топырақтың жоғарғы бір метрлік қабатындағы белсенді (тиімді) ылғал аумағы (диапазоны) және температура (> +100С) жыйындығы (Дюкарев А 1990).
РФ-сы Владимир облысы 1992 ауылшаруашылығының топырақ қасиеттерін бонитеттеу мақсатпен баллдар алудың түрлі әдістеріне салыстырмалы талдау (Зинченко А, Тапкин В, 1986) жасалған.
Критерилер сапасына мына көрсеткіштер алынған : гумус мөлшері-х1; қарашірінділік жиектің қалыңдығы-х2; сіңірілген негіздер жиынтығы-х3; негіздерімен қанығу дәрежесіне көбейтілген РН саны-х4; жылжымалы фосфор мөлшері-х5; жұту сыйымы-х6; күздіктілер (у1) мен дәнді дақылдар (у2) өніктілігі және орташа 1971-1981 ж-ғы өнік (у3).
Топырақ қасиеттері (х) мен дақылдар өніктілігі (у) арасындағы байланыстың қос коэфициенттері (ч) 0,52 ден 0,82-ге дейін ауытқыған. Сондай коэфициенттерді және қасиеттер жыйынтығының коэфициентін (R) шығарылған (8-кесте).
Ауылшаруашылық дақылдарының өнігі қалай ауытқысы қос кореляциялық коэфициентте (r) 0,50 (қанттық қызылша) 0,67-ге (суармалы картоп) дейін өзгереді. Бірінші дақыл (0,65) және күздік бидайынан (0,66) басқаларына атмосфералық жағдайлар ықпал етпеген (r=0,11/0,47).
Топырақ – климаттық қасиеттер жиынтығы барлық дақылдар өнігіне оңтайлы келген – R=0,69 (қанттық қызылша) /0,93 (жоңышқа).
Сондай-ақ суармалы жағдайда өніктің топырақ қасиеттері мен тығыз байланысты енкі байқалады, ал оны атмосфералық жағдайларға айтуға болмайды.
Қазақтың ғылыми-зерттеу егіншілік институтінің зерттеулер (1982) ауыспалы егістегі дәнді дақылдар өніміне ( тәлімі құба топырақта) ұзақ ықпал ететін біраз жағдайларды (ылғал қоры, гумус, жауын-шашын мөлшері, нитраттар, тамыр қалдықтары, биологиялық белсенділік, т.б.) көрсетеді. Айталық, екі танапты дәнді-сүрлі ауыспалы егісте күздік бидай өнігі жауын-шашын (r=0,858), топырақтағы нитраттар (r=0,865) және қарашірінді (r=0,856) мен тығыз байланысты (биік кореляцияда) екен.
Бес танапты дәнді-сүрлі ауыспалы егісте күздік бидай өнімі тәлімі құба топырақтарда 8 ден 19 ц/ге дейін ауытқып, жауын-шашын (r=729) және топырақтағы тиімді ылғал қоры мен кореляцияда болған .
Топырақты ылғал қоры көктемде танаптарда аз, гумус қоры көтеріңкі болсада, күздік бидай өнімі болған (әсіресе тұрақты егісте).
Далалық, әсіресе құрғақ далалық, егіншілікте топырақтардың бонитеттік баллдары мен дақылдарының көпжылдық өнімділігі өзара байланысты екені көрсетіледі (Дәуләтшин И.,1988).
А. Бүкіл Одақтық (бұрынғы), тек топырақ критерилеріне негізделген, біртұтас бонитеттік шкаланы (санқатарын) құру сәтсіздікке ұшырады. Себебі, көп жағдайда, топырақ қасиеттерімен сырт белгілерінің өзгерісі және тәлімі ауылшаруашылығы дақылдар өніктілігі, табиғи жемшөптік қоныстар мен көпжылдық екпе ағаштар өнімділігі, арасында байланыс (кореляция) болмайды. Дегенмен «топырақ-өсімдік» жүйесінде байланыс бар, әсіресе оның тығыздылығы табиғи ауылшаруашылық және топырақ-географиялық аудандар шегарасында анық байқалып, бөлшектенеді.
Б. Карманов И. Жасаған (1990) топырақ-экологиялық бағалау шкаласында кешенді критерилер (агроклиматтық көрсеткіштер мен топырақтық және агрохимиялық қасиеттер) пайдаланған. Автор топырақ-экологиялық индекс деп аталатын (ТЭИ көрсеткішті) есептеу формуласын ұсынған:
г) ТЭИ = 12,5*2(2-V)*П*ДС (V)
Мұнда V – топырақтың көлемдік массасы, г/см3 (орташа 1 м қабаттық) ; П-топырақтың «пайдалы» аумағы (1м-к қабаттағы); ДС-топырақтың t0>100 – орташа жылдық > 100 температура жиынтығы; Қуылғандау коэфициенті; Р-коэфициентке түзету; Кк-ауа ызғарлығының (континенталдығы) коэфициенті; А-агрохимиялық көрсеткіштер жиынтығы. Эталон (үлгі) ретінде Краснодар өлкесінің (орталық) қаратопырағы алынған, оның ТЭИ=100. Мұнда формула қосындыларының маңызы мынадай: V=1,20; П=1,00; =3500; ку=162; П-топырақтың пайдалы аумағы механикалық құрамына тәуелді. Мысалы құрғақ дала жағдайларында күңгірт қарақоңыр топырақтардың түйірлік құрамына (түршелеріне) қарай мына коэфициенттер белгіленген: балшықтығы-0,91, ауыр-орташа – және жеңіл құмбалшықтыларға-сәйкес 0,95; 0,99; 0,95; құмайттығы-0,71; және құмдығы-0,46.
Қосымша есептелетін қасиеттерге топырақтың қыйыршықтылығы (тастылық), шайылғандығы, ұшырылғандығы, сутектілігі, кебірлігі, сортандылығы жатқызылған.
Агрохимиялық көрсеткіштер жыйнағы топырақтың жылжымалы элементтермен (NРК) қамтамасыздану дәрежелері бойынша оңтүстік қара және күнгірт қарақоңыр топырақтар фосфор мен калийден – сәйкес, 1,03 пен 1,02; 1,06 мен 1,04; және эталонды жаранды-қаратопырақты белдеудің К=1; қарақоңыр топырақты белдеудікі =1,5 болған. Сондай-ақ топырақтың түйірлік құрамына-да түзетулік коэфициенттер құрастырылған, мыс, құмбалшықты құба топырақтыкі =1;құмайтысының=1,44.
Суармалы топырақтарға ТЭИ-ін есептеу әдісі тағыда И.Карманов формуласына негізделген. Суармалы егістікке арналған ҚУ-р мөлшері (ылғалдану коэфициенті түзетілуі мен)=1,10 қабылданған; ал суармалы жайылмалық (көбінесе көкөністік дақылдар өсірілетін) топырақтарға оның мөлшері 1,20-ны құрайды. Солнымен бірге суару нәтижесінде өзгерген топырақ қасиеттеріне түзету енгізіледі: ол құмды топыраққа =1; құмайтыларға=0,99, түйіртпектелген жеңіл құмбалшыққа =0,97; ауыр құмбалшыққа = 0,93; орташа құмбалшыққа =0,95 және балшыққа =0,89; түйіртпексіз топырақтарға сәйкес:0,96;0,93; 0,89 және 0,84 саны есептелген. Мыс., суармалы жағдайда, ауыр құмбалшықты қаратопырақтың белгілі бір агрохимиялық көрсеткіштердегі ТЭИ-і =84,5 болса, суарусыз жағдайда оның баллы әжептәуір төмендеген (52.9).
Қазақстанның тегістігі шегінде келешектегі суармалы аудандардың топырақ қорын бағалау, ҚР АШМ-гі Топырақтану институты суарусыз топырақтарға Ақтөбе облысының бонитеттік шкаласы бойынша өтелген. (Антропов В., Қаражанов К.,1987) Есептеулерде суару коэфициенттері пайдаланған. Олар кәдімгі қаратопырақта-3,19, оңтүстік қаратопырақта-5, күнгірт,кәдімгі қарақоңыр топырақтарда-6,6, ашық қарақоңыр топырақта -11,5-ғы тең болған.
В.Қазақстан баушаруашылығы жерлерінің табиғи күшін (потенциалын) бағалау жұмыстарының бірінші кезеңінде статистикалық (сандық есеп) талдауға аймақтық бұзылмаған (эрозияланбаған) автоморфты топырақтың учаскелердегі алма ағаш пен жүзімнің орташа көпжылдық өнімділігімен байланысты факторлар бөліп алынған.
Алма ағаш тіршілігіне жетекші жағдайлар тобына +100-тан жоғары әрекеттік температура жиынтығы мен топырақтың 0-100 см-ік қабатындағы қарашірінді қоры, ал жүзім ағашына <+100 температура мен жиынтығы қайталанатын көктемгі үсіктер мезгілі алынған. Осы факторлар бойынша бөлек баулар мен жүзімдіктерге арналған жерлердің табиғи потенциалын сипаттайтын жалпы баллдар есептелген (Ценер Г., 1981).
Екінші кезеңдегі жұмыстарда түзетулік коэфициенттері жиынтығы мен жемістік өсімдіктердің өнімділігіне теріс ықпал ететін факторлар, мыс., топырақ пен бедердің мынадай ерекшеліктері: 1) борпыл салындылардың қалындығы, тығыз жыныстар жатқан тереңдік; 2) беткейлер тіктілігі және олар үстінің бөлшектену тереңдігі; 3) топырақтардың сортандануы мен сілтілену дәрежесі, т.б.есепке алынады.
Г. Көпжылдық екпе ағаштарына кәдімгі егістікке ұсынылған әдіс бойынша, қосымша топырақкоэфициенттерді пайдалану арқылы есептеледі; олар тауарды шөлді дала мен шөлдің тегістіктегі орманды дала, құрғақ дала және шөлді дала топырақтарға 161-ге тең. (Карманов И. 1990). Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан жерлерінің (топырақтар) жалпы табиғи потенциалын И.Ценер (1987). Климаттық критерилер >+100 температура жиынтығы мен жүзімнің бүршік берер фазасында үсіктердің қайталану (%) қарқыны 1...2 үсік арқылы анықталған. 100 баллаға >100 температура жыйынтығы =4100/44000, үсіктер қайталануы =<12% болатын жерлер бағаланған. Келешекте жерлерді бағалау негізгі баллды және түзету коэфициенттерін қой тастар және ыза жатқан тереңдік, сортаңдылық қасиеттер мен күрделі теңестіруге арналған сандарға көбейту арқылы шығарылады.
Д. Тегістік Қазақстандағы келешекте суаруға жарамды аудандардың жемшөптік қоныстар өнімділігін бағалағанда хабар-ойлар (информациялық-логикалық) талдау қолданылған (Антропов В., Қаражанов к., 1987). Критерилер сапасында шөптер өніктілігі (жем- протеиндік сан) мен гумустік жиектегі алынған. Есептік қабатына гумустік жиек негіз болғаны- ондағы табиғи өсімдіктер тамыр массасының онда шоғырлануы; бұл жиектің қасиеттері биоценоздардың түрлік құрамы мен өнімділігін анықтайды. Осы негізде құрастырылған бағалаулық шкала табиғи жемшөптік қоныстардың шөлдалалық және шөлдік 130 топырақтар түршелерін қамтыған. Келешекте суаруға жарамды жерлердің (Торғай өңірі, Ақтөбе, Қызылорда облыстары) орташа өлшемдік бонитеттік баллдарын 4,3 тен 29-ға, ал өнімділік (жемдікпротеиндік) сан 0,4 тен 2,3 ц/ге дейін ауытқыған.
Е. Шабындық қоныстар мен жайылымдарды бағалауда 1 гектар шабындықтар мен жайылым топырақтарының өнімділігін 1 гектар егістік топырақтар бағасы 100 балл өніктілігі мен салыстыру негізінде береді. Егерде 1ц пішенде орташа 0,5 ц жемшөптік біріншілік (жб) болса, 1гектар 100 баллды егістіктің өнімділігі = 25 ц жб құрайды. Шабындық пен жайылымдар өнігіне қарай олардың бонитетін мына формула мен анықтайды:
Д) Бш=Өш: 0,25 жб, мұнда Бш-шабындық пен жайылымдар баллы; Өш-олардың өнімділігі (жб) ; 0,25-100 балды егістіктің 1 баллының бағасы. Мыс, шабындық өнімділігі =4,15 ц/жб болса, онда өнімділігі (4,5:0,25) 18 баллға тең.
Дәнді дақылдардың бонитеттік баллдары (Батыс Сібірмен Қазақстан өңірінде) 7-кесте
Топырақтар
|
деңгейлері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
биік
|
төменгі
|
өнім өсуі,есе
|
Сұр ормандық
|
43
|
40
|
2,6
|
Сілтісізденген қара
|
47
|
46
|
2,3
|
Кәдімгі қара
|
38
|
35
|
2,2
|
Оңтүстік қара
|
33
|
28
|
2,0
|
Күңгірт қара қоңыр
|
30
|
22
|
1,8
|
3.1 Бұрынғы Одақтағы және Қазақстандағы алғашқы жерді бағалаудың принциптеріне қысқаша шолу
Бұрынғы Одақтағы жер туралы заңның шығуына байланысты (1968ж) одан кейінгі әрбір одақтас республикаларда да жер туралы заңдар шықты. Қазақстанда мұндай заң 1971 жылы шыққан болатын. Бұл заңда жер кадастры негіздері мақұлданып, оны жүргізу бүкіл одақтық, әрбір респубдикаларда міндеттелінген болатын. Міне осы жағдайларға байланысты 1970 жылдардан бастап кеңбайтақ Одағымыздың көптеген аймақтарында бұл жұмыстармен мол айналыса бастады. Топырақты бағалау (бонитеттеу) жұмыстары Ресейдің көптеген аймақтарында (Мәскеу төңірегі, Батыс Сібір, Башкирия), Украина, Беларуссияда және Қазақстан мен Қырғызстанда т.б. аумақтарда өріс алып, одақ тарағанға дейін жалғасты. Одақ тарағаннан кейінгі кезеңдерде бұл жұмыстардың біршама тоқтап қалғанын мойындауымыз керек. Тәуелсіздік алған әр республикалар жер туралы заңдарын өздерінше қайта жасап, нарықтық экономикаға сәйкестендіріп пысықтау үстінде. Ескеретін жағдай, жерді бағалау жұмыстарының бастамасы, ол туралы әдістеме кезіндегі еліміздің топырақтану ғылымының бас штабы одақ ғылым акадкмиясының В.В.Докучаев атындағы топырақтану институтының С.С.Соболев бастаған ғалымдарымен 1950 жылдардың басында-ақ жасалғаны белгілі. Міне осыған сәйкес 1960 жылдардың өзінде еліміздің кейбір аймақтарында жерді бағалау жұмыстары басталған болатын. Мәселен, Мәскеу облысының жерлерін экономикалық бағалау, бүкілодақтық мемлекеттік жер қорлары институты ғалымдарымен (Черемушкин, Клапатовский, Крючков), Белоруссия жерлерін бағалау жұмыстары республика топырақтанушыларымен (Медведов,Чернявский), ал Ленинград облысының жерлерін бағалау профессор Н.Л. Блоговидовтің басшылығымен жүргізілгені белгілі.
1970-1980 жылдары бұл жұмыстар бүкіл еліміз бойынша өрістеді.Дегенмен айта кететін бір мәселе, кейінгі жылдары бұл саладағы жүргізілген жұмыстардың бағыт, мазмұндарымен танысу, кеңбайтақ елімізде жүргізілген жерді бағалау жұмыстары барлық аймақтарда бір жұйеге түскен арна, әдістермен жүргізіліп жатыр деуге болмайды.
Бұл жағдайда түсінуге де болатын сияқты. Біріншіден жерді Кеңестік заманда бағалау жұмыстары көп кешігіп басталған жаңа бағыттағы жұмыстар. Екіншіден соншалықты кең көлемді, әлемнің алтыдан бір бөлігін алып жатқан, табиғэкономикалық жағдайлары әр түрлі аймақтарды қамтитын елде, жерді бағалау жұмыстарын оның барлық аймақтарында бір өлшеммен жүргізу мүмкін де емес. Сондықтан бұл мәселені заңды құбылыс деп санауға болады. Бірақта еліміздің барлық жерлерін бағалау жұмыстарында, әсіресе топырақты сапалығы жөнінен бонитеттеуде, барлық жерлерімізге ортақ нәрселер, әдістемелер де жоқ емес. Дәлірек айтсақ, топырақты бағалаудағы (бонитеттердегі) негізгі ғылыми әдіс – Докучаев пен Сибирцевтермен қалаған әдіс.
Еліміздегі топырақты бонитеттеу жұмыстарында қолданылатын негізгі әдістеме, В.В.Докучаев негізін қалаған әдіс – топырақты бонитеттеудің алғы негізі болып топырақтың өзінің табиғи қасиеттері алынады.
Жалпы өсімдіктер үшін топырақтың қасиеттері өздерінің маңызы жөнінен әр қилы болады. Олардың бірі ең негізгісі бола тұрып, топырақтың басқа қасиеттеріне де әсер етеді, тіпті топырақтың морфологиялық пішінін де анықтайды. Сөйтіп топырақтың басқа қасиеттерімен үйлесімді болады.Осындай ең негізгі қасиет болып топырақтың қарашірінді (гумусты) қабатының қалыңдығы мен оның мөлшері, қоры өте үлкен маңыз атқарады. Жалпы топырақ құнарын бағалауда қарашірінді топырақтың көп қасиеттерін байланыстырушы (интегралды) көрсеткіш болып табылады.
Қазақстанда топырақты бонитеттеу жұмыстарының алғашқы бастаушысы болған профессор И.Д.Дәулетшиннің (15) мәліметтері бойынша Республикамыздың жыртылған топырақтарын бонитеттеу көрсеткіштері екі топқа бөлінеді: негізгілері және қосымшалары. Негізгі көрсеткіш қасиеттері болып топырақ- географиялық зоналар мен зонашалар көрсеткіштері және егістік өнімдерінің түсімділігіне тікелей әсер ететін көрсеткіштер жатады.Ондай көрсеткіштер қатарына: қарашірінді қоры, жалпы азот, сіңірілген негіздер қосындысы, 1 пайыз мөлшерімен шектелетін топырақтың гумусты қабаты жатады. Ал қосымша көрсеткіштер қатарына зоналық және зонашалық заңды өзгертуге шамасы жоқ көрсеткіштер жатады. Олардың өзгеру деңгейлерін топырақ туыстасы, түрлері аралығында ғана болады. Дегенмен бұл көрсеткіштер де топырақ құнарлығы деңгейін біршама анықтай түсуге көмектеседі. Бұл көрсеткіштер кей жағдайларда топырақ орын алған жерлердің экологиялық жағдайларын анықтай түседі. Мұндай қосымша көрсеткіштер қатарына топырақтың механикалық құрамы, сортандану деңгейі эрозияға шалдығуы, сорлануы, топырақ қабаттарының қалындығы, тастылығы т.б. жатады. Жалпы бұл көрсеткіштердің егістік өнімдеріне әсер ететіндігі топырақтың бағалау бонитетіне жөндеу коэффициенттері арқылы енгізіледі. Қазіргі еліміздегі қалыптасқан көзқарас бойынша топырақты бонитеттеу көрсеткіштері топырақтың зоналық жағдайларына байланысты жүйеленеді. Мәселен, жақсы ылғалданған зоналарда (күлгінді,шымды-күлгінді) топырақ бонитеттеу көрсеткіштері болып топырақтың гумус қоры, механикалық құрамы, оның ішіндегі балшық мөлшері, топырақ ортасының реакциясы (РН), сіңірілген катиондар құрамы енгізіледі. Ал ылғалмен қамтамасыз етілуі аса жоғары емес дала және ылғалмен қамтамасыз етілуі шамалы құрғақ дала зоналарындағы қара топырақтармен қара-қоңыр топырақтарды бонитеттеу көрсеткіштері болып, қарашірінді қабаттарының қалыңдығы, гумус қоры, азот мөлшері, сіңірілген катиондар қосындысы және өсімдіктерге сіңімді ылғал қорлары қарастырылады.
Қарағанды облысының құрғақ далалы зонасының жыртылған топырақтарын (оңтүстік, гумусты қара топырақтар және күнгірт қара-қоңыр топырақтар) бонитеттеу кезінде ғылым академиясының топырақтану институтының ғылыми қызметкерлері топырақтың бонитет шкаласын жасау үшін гумус қорын, жалпы азотты, сіңірілген негіздер қосындысын пайдаланды. Ал есепке топырақтың жыртылған қабаты (0-30 см) мен гумус мөлшерінің 1 пайызбен шектелетін қабаты алынған. Міне осы көрсеткіштер арқылы жасалған топырақтың бонитет шкаласын топырақтың қосымша көрсеткіштеріне байланысты (механикалық құрамы, сортандануы, эрозияға шалдығуы т.б.) енгізілетін өзгерістер жөндеу коэффициенттері арқылы енеді. Тағы да бір ескеретін жай, Қазақстанның кейбір аудандарында, негізінен топырақты бонитеттеу жұмысы республикамыздың кезіндегі жерге орналастыру жобалау институты қызметкерлерімен (В.А.Бобров т.б.) жүргізген жұмыстарында топырақты бонитеттеуді тек топырақтың жалғыз негізгі көрсеткіштеріне, яғни гумустың 0-50 см тереңдігіндегі мөлшеріне негізделіп жасалғаны белгілі. Сонымен топырақты бағалаудағы әдістемелік алшақтықтар еліміздің тек әр түрлі республикаларында ғана емес, бір республика шеңберінде де кездеседі. Топырақтың бағалау балл бонитетін алу В.В.Докучаев кезеңінен бастап екі тәсілден тұратыны белгілі. 1) Топырақ балл бонитетін топырақтардың ішкі қасиеттері арқылы есептеп шығыру. 2) Топырақтардан алынған көпжылдық ауылшаруашылық дақылдарының орташа өнімдеріне негізделген. Алғашқы тәсіл бойынша жақсы қасиеттері бар топырақ жоғарғы 100 балдық этолонға бағаланып, басқа топырақтар балы сонымен салыстырылып бағаланады. Эталонды топырақтарды қандай көрсеткіштер бойынша анықтау топырақтардың зоналық жағдайларына байланысты болатыны жоғарыда айтылды. Дегенмен егіншілікке қолдан суарылмайтын топырақтарды бағалау кезінде, 100 балдық эталонды топырақ оның негізгі екі, немесе одан көбірек көрсеткіштері арқылы есептелініп алынады. Мәселен, Ростов облысында топырақты бонитеттеу шкаласы, оның негізгі екі көрсеткіштеріне – қарашірінді қабатының қалыңдығы мен сол қабаттағы қарашірінді мөлшеріне қарап есептелінеді. Ал Украйнада этолондық топырақ, оның үш қасиеттері бойынша – топырақтың қарашірінді қабатының қалыңдығы, ондағы гумус мөлшері және физикалық қасиеттері бойынша анықталады.
Ал Қазақстанның далалық суарылмайтын егістік топырақтарын бонитеттеу шкаласын жасау үшін қабылданған негізгі көрсеткіштер жоғарыда көрсетілді.
Ал жердің экономикалық балл бонитеті көпжылдық алынған өнімдер арқылы өнімді тікелей есептеу, немесе математикалық модельдеу арқылы жерден түсетін өнімді есептеу арқылы анықталады. Суармалы егіншілік зоналарында, яғни шөлді, шөлді-далалы топырақтарды бағалау кезінде негізгі көрсеткіштері болып топырақтардың майда ұнтақталған қабатының қалыңдығы, топырақ астындағы су өткізбейтін қабатының тереңдігі, топырақтың механикалық құрамы мен ондағы тұздардың көлемі мен құрамы, жер бетінің және жерастының ағысы басты роль атқарады. Сондықтан топырақ бонитеттеу шкалалары да осы көрсеткіштері арқылы жасалады. Ескеретін жағдай, суармалы егіншілікке пайдаланатын жерлеріміздің балл бонитетін анықтау жұмыстары әлі күнге дейін түгелдей шешіліп, дұрыс жолға қойылған жоқ. Бұл бағыттағы алғашқы бастама, әрекеттері Өзбекстанда жасалған.
Ал топырақтарды бау мен жүзімдіктерге, жайылымдықтар үшін бағалау әр дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне, аймақтың табиғи-экологиялық жағдайларын ескере отырып жасалады.
Топырақты бағалаудың бүкілодақтық шкаласын жасау әрекеті 1990 жылы Докучаев атындағы топырақтану институтының профессоры И.И.Кармановтың жетекшілігімен жасалған болатын. Оның негізгі- топырақтардың бүкіл агрохимиялық, агрофизикалық қасиеттеріне және топырақ орналасқан аймақтың агроклиматтық жағдайларына сүйене отырақ аса күрделі, әзірше жетіле қоймаған есептеу әдісімен топырақтың экологиялық индексі (ТЭИ) арқылы топырақтың бонитет шкаласын шығыру. Дәл осы жылдары И.И.Карманов жердің бонитет шкаласымен қатар, оның ақшалай бағасын анықтау үшін де біршама әрекеттер жасады. И.И.Кармановтың әдісі бойынша топырақ бағасы топырақ экологиялық индексі мен сол жерлерден алынған таза кіріс мөлшері арқылы анықталады. Таза кіріс мөлшері, топырақ экологиялық индексі артқан сайын арта түсетіні белгілі, себебі топырақ экологиялық индексі артты деген сөз, оның құнарлығы артты деген сөз. Белгілі бір топырақ экологиялық индекс өлшеміне дөп келетін таза кіріс мөлшері тариф ретінде қабылданады. Тарифтері бірі-біріне жақын топырақтар 11 категорияға біріктіріліп, олардың тарифтік бағалары 80-нен 600 сомға дейін белгіленген. Сонымен топырақ бағасы топырақ экологиялық индексімен тариф көбейтіндісінен түзіледі. Кармановтың есебі бойынша топырақ 4 пайыз кіріс әкелуі тиіс, сонда 25 жыл ішіндегі кіріс қосындысы топырақ құнын құрайды. Осы әдіспен есептеген жағдайда ең жоғарғы бағаға Аджарияның қызыл топырақтары (гектары 82404 сом), одан соң Ташкент облысының суармалы сұр топырақтары (гектеры 49287 сом) ие болған. Ал Қазақстанның тегістік облыстарындағы суарылмайтын топырақтарының әр гектары 6816 сом, Жезқазған өңірінің жайылымдық ашық қара-қоңыр топырағының гектары 1540 сом, ал Маңғыстау облысының өте аз өнімді жайылымдық сұр-құба топырағының гектары бар болғаны 100 сомды құраған.
Міне сонымен кеңестік заманда елімізде тек 1960 жылдары ғана қолға алынған жерді бағалау жұмыстары 1990 жылдардың басына дейін, яғни Одақ тарағанға дейін жоғарғы айтылған біршама жұмыстар атқарылды. Бұл жылдар ішінде бүкіл еліміз бойынша (одақта), сонымен қатар барлық одақтық республикалар да топырақты бонитеттеу мен жерді экономикалық бағалау жөнінде көп жұмыстар атқарылып жер кадастрының негізі қаланып, қалыптаса бастаған еді. Дегенмен 1991 жылы одақтың таралуы бұл жұмыстардың да Одақтық масштабта тоқталуына әкеп соқты. Енді егемендік алған әр республика бұл жұмыстарды өз беттерінше, өз республикаларының табиғи-экономикалық жағдайларына сәйкестендіріліп жасалуы заңды құбылыс.
3.2 Тәуелсіз Қазақстандағы жер бағалаудың жаңа кезеңі
Тәуелсіз алған жылдардың басында-ақ республикамыздың жер туралы заңы қабылданған болатын. Дегенмен ол заңның көптеген шикілігі болып 1995 жылдың 22 желтоқсанында Елбасымыздың заң күші бар жер туралы уақытша жарлығы шыққан болатын. Жер туралы заң халықтың аса бір көкейкесті заңы болғандықтан баспасөзде1999 жылы 22 маусымда және 2000 жылдың 7 шілдесінде әр түрлі деңгейде жетілдірілген нұсқалары жарияланып, көпшілік талқылауынан, парламент сараптамаларынан өтіп,2001 жылдың 24 қаңтарында Елбасымыздың қол қоюымен қабылданған болатын.
Дегенмен бұл заңның да қазіргі нарықтық экономикаға дөп келмейтін тұстары байқалып, көп ұзамай халық назарына үкімет қазіргі әлемдік нарықтық экономикасын сәйкестендірілген Қазақстанның Жер туралы жаңа заңның нұсқасын ұсынды. Біршама пікірталас сараптамаларын кейін Қазақстан Республикасының Жер кодексі көпшіліктің қолдануына ие болып, Елбасымыздың 2003 жылдың 20 маусымында қол қоюымен қабылданды.
Бұл кодекстегі басты жаңалық – ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланатын жерлердің негізінен мемлекеттік меншікте болуымен қатар жеке меншікке төлемақы арқылы берілуі (сатылуы). Жер кодексін талқылау кезінде үлкен дау туғызған, біршама халыққа осы күнге дейін күмандандырып жүрген мәселе- осы ауыл шаруашылық жерлерінің жеке меншікке сатылуы. Біздің ойымызша, бұл мәселеден үрейленетін ештеңе де жоқ. Біріншіден ауыл шаруашылық жерлерінің барлығы сатылмайды, көп болса Қазақстан жерлерінің 10-15%-ы ғана сатылуы мүмкін. Екіншіден жеке меншікке жерді алсаң да аласың, алмасаң да аласың деп ешкім сені қинамайды. Сатып алғың келмесе бірнеше жылға жерді мердігерлікке (арендаға) алып пайдалан. Жерді сатып алуға алғашқы кезде ақшаң жетіспей жатса оны оншақты жылға созып, бөліп төлеуге де болады. Жеке меншікті де, ұжымдық, акционерлік, серіктестік т.б. әр түрлі түрлері болады. Қай түрін ұйымдастырсаң да өз еркің. Әңгіме жерді жеке меншікке беруде болып тұр. Себебі біздің тарихымызда ауыл шаруашылық жерлері көп жылдар бойы аса ірі колхоз,совхоздар меншігінде болды. Практика көрсеткендей колхоздікі,совхоздікі деген сөз ешкімдікі емес деген сөз. Сондықтан оны пайдалануда жауапкершілік болмады.
Қазақта «иелі жер – киелі» деген әдемі сөздер бар, оның мағынасы иесі бар жерді иесі тиімді пайдаланып, қорғап, гүлдендіреді деген мағына береді. Шындығында да «Өзім дегенде өгіз қара күшім бар» деген жеке меншік жер иесі өз жерінде еңбек етіп, тер төгуге аянбайды. Себебі бұл жерден алынған өнім басқа ешкімдікі емес, өзінікі.
Жоғарыда қабылданған республикамыздың жаңа жер кодексіне сәйкес тәуелсіз Қазақстанның ғылыми негізделген, өз табиғи- экономикалық жағдайларымызға үйлесімді жер кадастрларын жасау қалыптасуда. Себебі жерлерді жеке меншікке беру (сату), жалға беру төлемақылары Қазақстанның әр аймақтарында ол жерлердің құндылығына қарай әр түрлі. Соған сәйкес, олардың төлемақылары әр түрлі аймақтарда әр қалай.
Достарыңызбен бөлісу: |