«20-летие Конституции Республики Казахстан»


СЫНЫП САҒАТЫ: ПРЕЗИДЕНТТІҢ ТАЛПЫНЫСЫ-ХАЛЫҚ БАҚЫТЫ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ГҮЛДЕНУІ



бет4/4
Дата17.07.2016
өлшемі402.5 Kb.
#204966
1   2   3   4

СЫНЫП САҒАТЫ: ПРЕЗИДЕНТТІҢ ТАЛПЫНЫСЫ-ХАЛЫҚ БАҚЫТЫ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ГҮЛДЕНУІ


  • 0

  • 1

  • 2

  • 3

  • 4

  • 5

  • Жариялады: admin

  • |

  • Пікірлер: 0

  • |

  • Оқылды: 1232








Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайын ауданы
Смирнов №3 орта мектебі
Математика және информатика пәнінің мұғалімі 2 санатты
 

Сынып сағаты: Президенттің талпынысы-халық бақыты, Қазақстанның гүлденуі


.
 

Қазақстан Республикасының Елтаңбасы.


Біздің Елтаңбамыз шеңбер ішінде. Шеңбер мағынасы – тіршілік, шексіз өмір дегенді білдіреді.
Елтаңбадағы ең негізгі белгі – шаңырақ.
Елтаңба композициясында ай мүйізді алтын қанатты қос пырақ бар.
Елтаңбадағы ең басты белгінің бірі - бес бұрышты жұлдыз бен елдің аты.
Елтаңбаның авторлары, сәулетшілер – Шота Уалиханов пен Жандарбек Малибеков.

Қазақстан Республикасының Туы.

Мемлекеттік тудын түсі – көгілдір. Көгілдір түс – адалықтың, тазалықтың белгісі.
Тудың ортасында жарқырап шыққан шұғылалы күн орналасқан. Бұл бейбітшіліктін белгісі.
Тудағы қыран бейнесі – еркіндік белгісі. Ол тутастық идеясын білдіреді.
Тудың авторы, суретшісі – Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасынның Мемлекеттік Әнұраны. 


Алтын күн аспаны, 
Алтын дән даласы, 
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңкымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой! 
Қайырмасы: 
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным! 
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай! 
Қайырмасы: 

Қазақстан Республиканның Президенті Н. Ә. Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданындағы Шамалған ауылында дүниеге келді.


1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітірді.
1960-1969 жылдары Карағанды металлургия зауытында жұмыс істейді.
1989-1991 жылдары – Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы, 1990 жылғы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды.
1990 жылдың сәуірінен – Қазақстан Республикасының Президенті.
1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан Президентін тұнғыш жалпыхалықтық сайлау өтті. Сайлау нәтежесінде Н. Ә. Назарбаев көпшілік дауыспен (98,7%) жеңіске жетті.

“Астана-Бәйтерек” монументі кешенін салу идеясының авторы – ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев.


Кең мағыналы мифологиялық тұжырыммдаманы жинақтаған “Бәйтерек” бейнесі - өмір ағашы деген мағынаны білдіреді.
Аңыз бойынша ағаштың ұшар басына жыл сайын киелі құс Самұрық алтын жұмыртқа салады екен, ао ағаштың етегінде өмір сүретін Айдаһар жұмыртқаны жұтып қоя береді.
Бәйтереқтің мағынасы “Аялы алақан” композициясында қазақ халқының жаңа кезеңге жасаған қадамын бейнелетін Президенттің оң қолының тыбы негізінде жасалып, 97 метр биікте орналасқан, бұл жаңа тәуелсіз мемлекеттің жаңа астанасының 1997 жылы партия етілген кезеңімен байланыстырылған.
“Астана Бәйтерек” монуметі әлемдік қауымдастық алдында тәуелсіз Қазақстастанның символы ретінде танылады.

Президентің Резиденциясы 2001 жылдың қырқүйек айында салына басталды.


Ғимараттың жалпы көлемі 36720 шаршы метр.
Қазақстан Республикасы Президентінің Ақ Ордасының ресми тұсаукесері 2004 жылсы 24 желтоқсан күні өтті.
Резиденцияны салу барысында Әлемдік ірі өндірушілердің озық инженерлік құрал-жабдықтары пайдаланылған.

ҚАЗАҚША ТӘРБИЕ САҒАТ: 1 ЖЕЛТОҚСАН - ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ (ВИДЕО)


  • 0

  • 1

  • 2

  • 3

  • 4

  • 5

  • Жариялады: admin

  • |

  • Пікірлер: 0

  • |

  • Оқылды: 12014








Шығыс Қазақстан облысы,Семей қаласы 
№ 34 жалпы орта білім беретін мектеп
 
10 "В" сынып жетекшісі Масақбаева Сайра Сабырхановна
 
Тәрбие сағаттың тақырыбы: 
Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерекше тұлғалық болмысы 
Тәрбие сағаттың мақсаты: Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі мен қызметі жайлы білімдерін одан әрі толықтыру. Оқушылардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату. Болашақта отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді, білікті адамдар керек екенін аңғарту.

Тәрбие сағат тақырыбы: 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні 


Тәрбие сағат мақсаты: Оқушыларға тұңғыш президент туралы мәлімет беру; 
Н. Ә. Назарбаевқа арналған мұражайға сырттай саяхат жасау; президентті құрметтеуге, оны үлгі тұтуға тәрбиелеу. 

Ι. Ұйым. кезеңі. 


Тақырып, мақсат. Сабақтың барысы 1 - ші желтоқсан – Тұңғыш Президент күні. 
Мереке биыл алғаш рет тойланады. Парламент 1991 жылдың 1 - ші желтоқсанда өткен Тұңғыш Президенттің сайлауына қатысты осындай шешім қабылдаған болатын. Өмірбаяны 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданының (Қаскелелең), Шамалған ауылында дүниеге келген. Нұрсұлтан әкесі Әбіш пен анасы Әлжанның тұңғышы. 1958 жылы Днепродзержинск (Украина) техникалық училищесіне түсіп, 1960 жылы май айында Нұрсұлтан Днепродзержинскіден Теміртауға екінші дәрежелі горновой қара металлургия өндірісінің білікті маманы деген атақпен оралады. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орнын бітірді. 1969 – 1976 жылдары Теміртау қаласындағы партия - комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1977 – 79 жылдары Қарағанды қалалық партия комитетінің хатшысы, 2 - хатшысы, 1979 – 84 жылдары Қазақстан КП ОК хатшысы, 1984 – 89 жылдары Қазақстан Министрлер Кеңесінің төрағасы, 1989 – 91 ж. Қазақстан КП ОК - нің бірінші хатшысы әрі Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990 жылдың ақпан – сәуір) болды. Қазақстанның қайта құрылуы Мемлекет басшысының алғашқы маңызды заң актілерінің бірі – 1991 жылдың 10 желтоқсанда қол қойылған «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының аталуын өзгерту туралы» заң. Бұл заң бойынша Қазақ КСР - і бұдан былай Қазақстан Республикасы деп аталатын болды. 1991 ж. 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңға қол қойып, 1991 жылдың 1 желтоқсанында жалпыхалықтық сайлау өтіп, Нұрсұлтан Назарбаев Президент болып сайланысымен 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңға қол қойып, жаңа тәуелсіз мемлекеттің егемендігін жариялады. 1997 ж. 20 қазанда Н. Назарбаев Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды (қ. Астана). 
«Әлем Қазақстан туралы. Әлем Президент туралы» көптомдық кітапта жас мемлекеттің өміріндегі ұлы өзгерістерді, ұлтты қайта өрлетудегі Елбасының ұланғайыр еңбегін, дүниежүзілік қауымдастықтың осыны қалай мойындап отырғанын дәлелдейтін құжаттарға, дерекнамаларға негізделген. ΙΙ. Өлең оқу «Аман жүрші, атамыз»
ΙΙΙ. Қорытынды.

Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан тәрбие сағаты





Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!





13.06.2014, 00:55

Неубиваемые часы!



"Swiss Army"- бронированные часы спецназа. Скидка 60%

vipmarket.kz

16 900 тенге


Nokia 6700. -50%



В связи с закрытием склада, тотальная распродажа!

coolshoping.net

8 000 тенге


Спортивным мужчинам



Только оригинальные бренды. Кроссовки и кеды.

lamoda.kz


Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан тәрбие сағаты

 

Тақырыбы: «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан»


Мақсаты: 1) Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.
2)Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
 3) Оқушылардың өз бетінше ізденуін қадағалу және білімдерін жетілдіру.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, дүниетану.
Көрнекілігі: тақырып жазылған плакат, суреттер, шарлар
Әнұран орындалады
                            Кіріспе бөлім.
Әнұран орындалады.
Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары.Талай ғасырлар бойы ата-бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген. Иншалла олар көксеген арманға ХХ ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда өз бағыт-бағдарын ұстанған, өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық. Биыл тәуелсіздігімізге 22 жыл.
Танғажайып атында дәл табылды,
Табылда талай жұртқа танылды,
Туған елім, көкке жетті көк туын
Сен,  Тәуелсіз мемлекетсін кәдімгі!
Біздің Қазақстан егеменді ел, тәуелсіз мемлекет. Біздің егеменді еліміздің тәуелсіздік  алғанына 22 жыл болып қалды. Балалар, сендер Тәуелсіздік алдық  дегенді қалай түсінесіңдер?  (балалар жауабы: Тәуелсіздік алдық  дегеніміз – өзіміздің жеріміз, еліміз, теңдігіміз, Туымыз, Елтанбамыз, Әнұранымыз, теңгеміз бар).
Мүғалім: Дүрыс айтасындар, балалар. Ал Тәуелсіздік мерекесіне арналған  қандай тақпақ білесіңдер?

Карина:Бабамның да арманы,


Осы еді ғой аңсаған,
Тәуелсіздік тандары
Бақ береді баршаға
Сания: Көк туымды қолыма
Бүгін берік ұстадым
Түсті бақыт жолыма
Менің Қазақстаным!
Мүғалім:   Біздің Қазақстанда көп ұлттар  тұрады. Олар қалай тұрады екен?
(балалар жауабы:  Олар бір — бірімен дос, тату тұрады.)
Аруана: Ортақ бізге бір Отан,
Төбемізде бір аспан
Барлық  ұлттын баласы
Достығымыз жараскан.
Мүғалім:   Әр мемлекеттің өзінің елбасшысы бар. Біздің Қазақстанның елбасы кім? (балалар жауабы)
Ерасыл: Елімде бейбіт тыныш заман болсың,
Тілеймің  әр адамға бақыт қонсын,
Елімнің ел ағасы, елбасшысы
Нұрсұлтан Назарбаев аман болсын!
Мүғалім:   Әр мемлекеттің өзінің белгілері бар. Балалар, сендер сүйікті Отанымыздың  қасиетті белгілерін, рәміздерін білесіңдер ме?   (балалар жауабы)
 Дүрыс,  мемлекеттін рәміздері:  елтанба (герб), ту (флаг), әнүран (гимн) жатады.  Осы рәміздер туралы жеке түсінік берейік. Мынау Қазақстан Республикасының туы. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды – көк, ортасында күн шуағы. Астында қыран құс  ұшып келе жатыр.  Қазақстанда тұратын барлық  халықтардың  өмірі күндей  жарқырап, қырандай  самғай берсін дегені.  Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  туының авторы сүретші Шәкен Ниязбеков.
Елдана: Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы,
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды
Мүғалім: Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  елтанбасы.  Елтанбаның орталық элементі — шаңырақ.  Шаңырақ  бастауы – отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар – мәнгілік өмір, болашақ үміт артар жасұрпақтың арманы, самғау  биігі.  Елтанба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек. Елтанбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.  Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  елтанбасының  авторлары сәулетшілер Шота Уалиханов пен Жандарбек Мәлибеков.
Сұлтан: Елтанбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі!
Құт, береке шаңырақ
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген.
Мүғалім: Ал Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік әнұранының сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нүрсүлтан Назарбаев,  әнің жазған  Шәмші Қалдаяқов.
Сания: Әнұраны елімнің
Шақырады бірлікке.
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте.
   Осыған байланысты оның қадір-қасиетін оқушылар бойына сіңіру, ұғындыру мақсатында «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан» атты ашық  тәрбие сағатын өткізіп отырмыз. Тәрбие сағатымыз сайыс түрінде өтеді.   Сайысымыздың шарттарымен таныс болайық.
         Сайыстың шарттары:
1.     Мақал-мәтел айту
2.     Бәйге
3.     Поэзия минуты
4.     Үй тапсырмасы
5.     Қызықты алтылық
6.     Тілек айту
      Тәуелсіздік жолында талай жандар құрбан болып, елім деп еңіреп өткені белгілі. Талай кезең қиын-қыстау, қуғын-сүргінді ата-бабаларымыз басынан кешті. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев: «Біз Қазақстанның тәуелсіздігінің оңайлықпен келмегенін біліп оны қадірлеуіміз керек. Әрбір Қазақстанның азаматы мақтанышпен Елтаңбаны, Әнұранды, Туды көтеруі керек. Әрбір азамат өз Отаны үшін еңбек етуге, жанын қиюға міндетті»-деген.
     Туған жердей жат жердің болмайтыны – ақиқат,
Оған көңілің ешқашан толмайтыны – ақиқат.
Алтын торда алтын құс өсірсең де, бұлбұл құс
Өскен бағы болмаса, қонбайтыны – ақиқат, - деп сайысымызды бастаймыз.
І бөлім.  Біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту қанға сіңген мінез,ежелгі дәстүр.Бұл таным жанымызға ана сүтімен тараған, ана тілімен дарыған. Біздің мақал-мәтелдеріміз, нақыл сөздеріміз туған жерді, Отанды ардақтауға толы. Алғашқы сайысымыз мақал-мәтел айту. (Туған жер, Отан, батырлық, ерлік туралы өздеріңіздің дайындап келген мақал-мәтелдеріңізді айтыңыздар).
 
ІІ бөлім. Бәйге. (Сұрақ-жауап)
1. Қазақстанның  астаналары болған қалаларды ата.
1919-1925жж .Қазақстанның астанасы-Орынбор қаласы,
1925-1929жж. Қызылорда қаласы.
1929-1997жж. Алматы қаласы.
1997ж. Ақмола қаласы Астана атанды.
1998ж . Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.
  Мұғалім:    Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздер бар.  Мемлекеттік рәміздер бұл халық бірлігінің белгілері.   Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.
2.Мемлекеттік рәміздерді атаңыз.
3.Тудың авторын атаңыз.
4.Елтаңбаның авторы кім?
5.Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған? (Сөзі:Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.   Әні: Шәмші  Қалдаяқов)     
6.Қазақстан қашан тәуелсіз ел болды? (1991 жылы 16 желтоқсан)
7.Ұлттық валютаны айтыңыз? (теңге)
8.Ата заңымыз қашан қабылданды, биыл неше жыл? (1995ж.30тамызда,16 жыл)
9.Республика күнін айтыңыз.(25 қазан)
10.Алматының орталық алаңындағы «Тәуелсіздік монументі» ескерткіші қай жылы, кім үшін қойылған, ол туралы не білесіз? (1996ж. 16 желтоқсанда).
 ІІІ бөлім.Поэзия минуты. Өз елін мақтанышпен жырлаған ақын –жазушылар  қаншама?! Келесі сайысымызда оқушылар өлеңді мәнерлеп оқу бойынша бақ сынасады.
IV бөлім. Өткен жылдар  қандай ерекшеліктерімен есімізде қалды?  «Республикамыз 22 жыл ішінде қандай хетістіктерге  жетті» тақырыбы төңірегінде дайындалып келген үй тапсырмалары бойынша сайысымызды бастаймыз.
 V бөлім. Қызықты алтылық 
1.      1986 жылы болған «Желтоқсан оқиғасының» болу себебі?
2.      Тіл туралы заң қашан қабылданды? Қанша баптан,қанша тараудан тұрады? (1989ж. 22 қыркүйек)
3.     (5 асыл іс, 5 дұшпанды атаңыз)
4.      Сөйлемді аудару. Мен Жарлы ауылында  тұрамын.
5.      Сөйлемді аудару. Мен туған  жерімді жақсы көремін.
6.      16.12.1991 жыл нені білдіреді
VІ бөлім.  «ХХІ ғасырға ақ тілек» бұл бөлімде оқушылар өз тілектерін арнайды.
Хормен: Қазақстан – елім менің,
Қазақстан – жерім менің,
Саған арнап айтылады
Сүйікті әнім менің.
Хор:  Ән айту    Ұланымын елімнің  
Қорытынды: Жеңімпаздарды анықтап, марапаттау. 
Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын Балалар, естеріңде болсын Қазақстан Республикасының рәміздерін,  мемлекеттік тілің кұрметтеу керек, өз еліңді, жеріңді қорғау керек, халқына адал еңбек ету керек.Сонда ғана – ақ азамат, азаматша болып ер жетесіңдер.
Туған тілді білу парыз.
Туған жерді сүю парыз.
Отанды қорғау парыз.
     Отанымыз әрқашанда тыныш болсын! – деп «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет