200 ж. №1 басылымының орнына 200 ж



бет5/9
Дата15.06.2016
өлшемі0.75 Mb.
#136866
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Бақылау сұрақтары


1.Тәбеттің өзгеруін тудыратын себептер?

2.Әртүрлі жануарлардың азықтануы, су ішуі және жұту актісінің өзгеруінің себептері қандай?

3.Кекіру деген не? Күйіс қайыратын малдардың кекіруі қашан пайда болады?

4.Ауыз қуысын, жұтқыншақты және өңешті тексерудің әдістемесі қандай?

5. Құстардың жемсауын тексергенде неге көңіл аударады?

№ 20 ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У


ТАҚЫРЫБЫ: Құстардың жемсау безін тексеру.
Қажетті құралдар: Жануар муляждары, құрсақ қуысы мүшелерінің топографиясының көрсетілген плакат.

Жануарлар: Жылқы, сиыр.

Сабақтың мақсаты: Студенттерге құрсақ қуысы мүшелерінің топографиялық шекараларын анықтауды үйрету.
Құстардың жемсауын тексеру. Жемсау - өңештің төменгі бөлігінің қабырғасының кеңеюі. Ол тек астың өнімдерін жейтін құстарда кездеседі. жемсауды көру, сипалау, нұқу әдістерімен тексереді. Көру арқылы жемсаудың көлемін, сипалау арқылы – жемсау ішіндегі заттардың тығыздығын және сезімталдығын, нұқу арқылы- газдардың жинақталуы немесе жемсау ішіндегі заттардың тығыздалуы нәтижесінде болатын дыбыстардың өзгеруін тексереді.

Тапсырма. Әрбір студент жылқыны, сиырды, қойды және құсты тақырыптың барлық сұрақтары бойынша тексереді. Алынған мәліметтерді жұмыс дәптеріне жазып, оқытушыға тексеруге өткізеді.

№ 21 ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У



ТАҚЫРЫБЫ: Жануарлардың құрсақ қуысы мүшелерінің топографиясы.

Қажетті құралдар: Жануар муляждары, құрсақ қуысы мүшелерінің топографиясының көрсетілген плакат.

Жануарлар: Жылқы, сиыр.

Сабақтың мақсаты: Студенттерге құрсақ қуысы мүшелерінің топографиялық шекараларын анықтауды үйрету.

Тапсырма. Әрбір студент тірі жылқы мен сиырдағы және муляждар мен плакаттардағы құрсақ қуысы мүшелерінің топграфиясын зерттейді. Түйе, шошқа, иттің құрсақ қуысы мүшелерінің топографиясымен салыстырады.

Жылқының құрсақ қуысы мүшелерінің топографиясы


Кеуде қуысы құрсақ қуысынан күмбезі 6-7-ші қабырғаға жететін диафрагмамен бөлінген. Диафрагмаға жақын құрсақ қуысының алдыңғы оң жақ бөлігінде бауыр ораналасады. Оң жақ бөлігінің 3/5 бөлігі 7-15-ші қабырға аралығында орналасып, толығымен жабылып жатқандықтан, қиын тексеріледі. Құрсақ қуысының оң жақ бөлігін толығымен жуан ішектер алып жатады: а) үлкен тоқ ішек және оның оң жақ вентральді және дорсальді орналасуы.(оң жақ мықын, 8-17 қабырға асты, бел аймағына дейін); б) соқыр ішек, оның басы оң жақ айшық қуыста орналасады. Соқыр ішектің денесі шап аймағын толығымен іштің ортаңғы бөлігін алып жатады, ұшы семсер тәрізді шеміршекке дейін жетеді; в) Аш ішек бөлімі (мықын ішек) соқыр ішектің артында мықын аймағының артқы бөлігінде, іштің төменгі 1/3 бөлігінде жатады; г) он екі елі ішек; д) оң жақ бүйрек 15-16 көкірек омыртқаларының астында орналасады.

Сол жақ бөлігі: а) Жуан ішек бөлімі (үлкен тоқ ішектің оң жақ бүгілісі) құрсақ қуысының төменгі бөлігін толығымен алады; б) Аш ішек бөлімі (ащы ішек) сол жақ аштық қуыстың аймағында орналасады. в) кіші тоқ ішек. д) құрсақ қуысының алдыңғы бөлігінде диафрагмаға бауырдың сол жақ бөлігі жабысып тұрады, оның 2/5 бөлігі 7-17-ші қабырға аралығында орналасқан. е) жоғарғы – ортаңғы бөлігінде: 1) 9-14 қабырға деңгейінде, үстіңгі бөлігінде 15-ші қабырға дейін асқазан орналасады; 2) көкбауыр сол жақ жартының 18-ші қабырға астынан бастап толығымен алып жатыр; 3) сол жақ бүйрек соңғы кеуде омыртқасынан 3-ші бел омыртқасының астында орналасады.

Ірі қара малдың құрсақ қуысы мүшелерінің топографиясы

Жылқыдағы сияқты көкірек қуысымен көкірек диафрагма бөліп тұрады.

1. Оң жағында бауыр диафрагмаға тікелей жабысып тұрады. Ол 7-12-ші қабырға аралығында қабырға астында орналасқан.

2. Құрсақ қабырғасына жақын нағыз және жалған қабырғалардың қосылған аймағында 8-12-ші қабырға аралығында ұлтабар орналасқан.

3. Аш ішек бөлімі құрсақ қуысының төменгі 1/3 бөлігін толық алып жатыр.

4. Аш ішек бөлімінің үстінде құрсақ қуысының ортаңғы 1/3 бөлігін тоқ ішек алып жатыр.

5. Оның жоғарғы бөлігінен мықын деңгейінде жамбас аймағына қарай бағытталған соқыр ішек шығады.

6. Он екі елі ішек ұлтабардан 11-ші қабырға деңгейінде шығып, жоғары көтеріледі де, 13-ші қабырға астында иіліп ащщы ішекке өтеді.

7. Оң жақ бүйрек 1-3-ші бел омыртқаларының көлденең өсіндісінің астында орналасады.

Сол жақта:

1. Құрсақ қуысының бүкіл сол жақ жартысын мес қарын алып жатады.

2. Мес қарынның үстінде 8-12-ші қабырға аралығында көкбауыр орналасады.

3. Семсер тәрізді шеміршектің үстінде бірақ, солға қарай, диафрагма күш безінде 7-8 –ші қабырға деңгейінде тақия қарын орналасады.

4. Сол жақ бүйрек 2-4-ші бел омыртқаның астында мес қарынмен оңға қарай ығыстырылып орналасады.

Ұсақ малдардың құрсақ қуысы мүшелерінің топографиясы

Құрсақ қуысының барлық мүшелері ірі қара малдардікі сияқты орналасқан. Тек қана бауырында айырмашылығы бар. Оның жоғарғы артқы шекарасы 13-ші қабырғаға дейін жетеді.
Түйенің құрсақ қуысы мүшелерінің топографиясы

1. Мес қарынның вентральді және дорсальді қаптары қабырға доғасының астынан іштің төменгі ⅓ бөлігінде шығады.

2. Бауыр толығымен оң жақта орналасқан. Диафрагмаға төменгі жағынан 6-шы қабырға деңгейінде жабысып, 2-ші бел омыртқасына дейін жетеді.

3. Тақия қарын иық-жауырын деңгейінде 8-10-шы қабырға аралығында орналасқан. Кітапша қарын жоқ.

4. Ұлтабар оң жақ қабырға астында 12-ші қабырғаға дейін орналасады.

5. Аш ішек бөлімі құрсақ қуысының оң жақ бөлігін толығымен алып жатады.

Сол жақта:

Құрсақ қуысын толығымен мес қарын алып жатады.

Ішектің төменгі бөлігінде тоқ ішек жатады.

3. Көкбауыр аштық қуыс аймағында соңғы қабырға мен мықын сүйегінің төмпешігінің аралығында ораналасқан.

4. Бүйректің артқы шеті 6-шы бел омыртқасына дейін жетеді.

Шошқаның құрсақ қуысы мүшелерінің топографиясы

Оң жақта:

1. Диафрагма 7-ші қабырға деңгейінде орналасқан.

2. Бауыр диафрагмаға жабысып тұрады, ал жоғарғы бөлігі 13-ші қабырғаға дейін жетеді.

3. Асқазанның бір бөлігі 11-ші қабырғадан төменірек құрсақ қабырғасына тиіп тұрады.

4. Соқыр ішек спираль тәрізді болады, ол құрсақ қуысының төменгі артқы бөлігінде орналасады.

5. Оң жақ бүйрек 1-4-ші бел омыртқасы деңгейінде орналасқан.



Сол жақта:

1. Диафрагма 7-ші қабырға деңгейінде орналасады.

2. Асқазан сол жақ 10-12-ші қабырға астында бауырға тиіп тұрады.

Аш ішек бөлімінің бір бөлігі іштің төменгі артқы ⅓ бөлігінде орналасқан.



Иттің құрсақ қуысы мүшелерінің топографиясы

Сол жақта:

1. Диафрагма бауырдың төменгі бөлігі 7-ші қабырғаға, ал жоғарғы бөлігі 12-ші қабырғаға дейін жабысып тұрады.

2. Жуан ішек бөлімі іштің оң жақ жартысын толығымен алып жатады.

3. Бүйрек 12-13-ші қабырға аймағында орналасқан.



Сол жақта:

1. Бауыр диафрагмаға 7-11-ші қабырға аралығында тиіп тұрады.

2. Асқазан сол жақ 8-12-ші қабырға астында орналасқан.

3. Көкбауыр асқазанға төмен бағытталған ұзын жолақ түрінде жабысып тұрады.

4. Аш ішек бөлімі құрсақ қуысының сол жағын толық алып жатады.

5. Тоқ ішек іштің жоғаарғы артқы бөлігінде орналасады.

6. Сол жақ бүйрек 12-ші қабырға мен 3-ші бел омыртқа аралығында орналасқан.

Бақылау сұрақтары

1. Жылқыда, шошқада, итте асқазан қай жерде орналасқан?

2. Ірі қара мал мен қойдың ұлтабары қай жерде орналасқан?

3. Күйіс қайыратын малдар мен жылқыларда аш ішек бөлімі қайда орналасқан?

4. Түйенің көкбауыры қай жерде орналасқан?

5. Ірі қара мал мен жылқының бауыры қайда орналасқан?

6. Күйес қайыратын малдардың тоқ ішек бөлімі қайда орналасқан?

7. Жылқының кіші тоқ ішегі қай жерде орналасқан?


№ 22 ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У

ТАҚЫРЫБЫ: Жануарлардың құрсақ қуысы мүшелерінің топографиясы.

Құрсақ қуысы мүшелерін тексеру

Қажетті құралдар: Фонендоскоп, плессиметр, балғашық, руминограф, мата.

Жануарлар: Жылқы, сиыр, қой.

Сабақтың мақсаты: Студенттерге аурулар кезінде диагнозды дұрыс қою мақсатында құрсақ қуысы мүшелерін тексеруді дұрыс жүргізуді үйрету.

Мес қарынды тексеру

Сол жақ аштық қуыспен сол жақ мықынды қарау кезінде іштің көлемі мен пішінінің өзгерісіне көңіл аударады. Мес қарынды сипалау арқылы оның сезімталдығын анықтайды. Мес қарынның 2 минут ішіндегі жиырылуын санайды. Нұқу арқылы сау жануардың сол аштық қуыстың аймағында тимпаниялық дыбыстың бар-жоғына және оның өзгерісіне назар аударады. Тыңдау арқылы мес қарынның жиырылуымен сәйкес келетін тұйық шулардың күшін, жиілігін және ұзақтығын анықтайды.



Тақия қарынды тексеру

Ірі қара малдың тақия қарынының негізгі ауруы-травматикалық радикулит. Оны анықтау үшін келесі әдістер қолданылады:

а) төс сүйектің семсер тәрізді өсіндісі аймағына қысым түсіру арқылы;

б) шоқтық аймағының терісін қатпар қылып бір орынға жинау арқылы;

в) көкірек қуысының бүйір бетін басу арқылы;

г) диафрагманың беку сызығы бойымен нұқу арқылы;

д) жануарды еңіске түсіріп жүргізу арқылы;

е) пилокартин және т.б. заттарды тері астына егу арқылы.



Кітапша қарынды тексеру

Сипалау, нұқу, тыңдау әдістері қолданады. Сипалау кезінде кітапша аймағын жұдырықпен басу арқылы ауырсынуды анықтайды. Ауырсынғанда жануар қыңсылайды, мөңірейді, қашуға ұмтылады.

Нұқу кезінде сау жануарларда топастау немесе топас дыбыстың бар-жоғын және кітапша бітеліп қалған жағдайда ауырсынуын анықтайды. Кітапшаны тыңдау арқылы сау малдарда сықырлаған дыбыстың бар-жоғын және ол дыбыстың кітапша бітеліп қалғанда жоғалуын анықтайды.

Ұлтабарды тексеру

Сипалау кезінде ұлтабар қабынуы, жара, улану және т.б. ауруларда ауырсынудың бар – жоғын анықтайды.



Жылқы асқазанын тексеру

Асқазанды тексерудің негізгі әдісі –зонд жіберу арқылы тексеру.



Аш ішек бөлімін тексеру

Сипалау және нұқу арқылы ауырсынуды, сезімталдығын, жергілікті температурасын анықтайды. Тыңдау арқылы - өзіне тән дыбыстардың бар немесе жоқтығын анықтау.



Жуан ішек бөлімін тексеру

Нұқу кезінде топастау, топас және тимпаникалық дыбыстардың естілуін, тыңдау кезінде өзіне тән дыбыстардың (шұрылдау, пырылдау) естілуін анықтау.



Ірі қара, ұсақ малдардың бауырын тексеру

Нұқу кезінде ірі қара малда бауырдың топас дыбысы оң жақта 10-12-ші қабырға аралығы аймағында, ал қой мен ешкіде 8-12-ші қабырға аралығы аймағында естіледі.



Көкбауырды тексеру

Нұқу арқылы сау жылқылардың көкбауырының топастау дыбысын 15-ші қабырға аймағында маклок сызыығы деңгейінде естуге болады.



Тапсырма. Әрбір студент оқытушының қадағалауымен жылқы, сиыр, қойдың құрсақ қуысы мүшелерін тексеруді осы жоспар бойынша тексеруі керек. Тексеру нәтижелерін жұмыс дәптеріне жазу керек.

Бақылау сұрақтары

1.Жылқының асқазанын қандай әдістермен тексереді?

2.Жылқы асқазанының ең жиі кездесетін ауруларын атаңыз?

3.Жуан ішек және аш ішек бөлімдерінің перстальтикалық шуларының күшеюі қандай ауруларға тән?

4.Ішектердің перистальтикалық шуларының күшеюі қандай ауруларға тән?

5.Бауыр мен көкбауырды нұқығанда қандай дыбыстар естіледі?

6.Ректальді тексерудің диагностикалық мәні қандай?

№ 23-24 ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У



ТАҚЫРЫБЫ: Зәр шығару жүйесін зерттеу.

Қажетті құралдар: Фонендоскоп, плессиметр, балғашық, руминограф, мата.

Жануарлар: Жылқы, сиыр, қой.

Сабақтың мақсаты: Студенттерге аурулар кезінде диагнозды дұрыс қою мақсатында зәр шығару жүйесін тексеруін дұрыс жүргізуді үйрету

Зәр шығару жүйесін тексеру.

Бүйрек (бүйректердің орналасқан тұсы, сезгіштігі, ауырсынуы, көмелі, пішіні, жұмсақ-қаттылығы, қозғалғыштығы)

Несеп жолы (сезгіштігі, ішкі және сыртқы сипалағандағы қалындығы)

Қуық (сезгіштігі, орналасуы, толуы, бөгде заттардын болу-болмауы, ішкі және сыртқы сипалау)

Несеп шығару каналы (өткізгіштігі, сезгіштігі, бөгде заттардың болу болмауы)

Несеп шығару (жиілігі, малдың тұрысы, ауырсынуы, несептің мөлшері)

Несеп (мөлдірлігі, түсі, иісі, қоймалжың-сұйықтығы)

Қосымша зерттеулер (тік ішек арқылы, несепті талдау, катетер арқылы, рентген сәулесі мен тағы басқалар)

Несеп шығару жүйесін зерттегенде байқалған ауру белгілірі:-----------------------------

Ауру белгілірін талдау:-----------------------------------

Қорытынды:---------------------------
Жоспар. Бүйрек- renes. Құрсақ қуысында бел омыртқа қанаттарының астында орналасқан, несеп түзілетің, пішіні бұршак тәрізді жұптасқан орган.Осыған арай: капсула- бүйрек қабы; паренхима- бүйрек ұлпасы; ворота- бүйрек қақпаса; почечная лоханка- бүйрек түбегі; мочеточник- несеп түтігі; корковая зона- үстінгі қабат; мозговая зона- астынғы қабат.

Бүйректін топографиясы.



Жылқыда- он жақ бүйрек 15 қабырғадан 1 бел омыртқаға деин.

Сол жақ 18 қабырғадан 3-4 бел омыртқаға деин



Ірі қара малда он жақ бүйрек 12 қабырғадан 2-3 бел омыртқаға деин.

Сол жақ 2- 3 бел омыртқадан, 5-6 бел омыртқаға деин екіші аты /кезеген бүйрек/



Қойларда он жақ бүйрек 1 бел омыртқадан 3 бел омыртқаға деин.

Сол жақ 4 бел омыртқадан 6 бел омыртқаға деин.



Итте он жақ бүйрек 1 бел омыртқадан 3 бел омыртқаға деин.

Сол жақ 2 бел омыртқадан 4 бел омыртқаға деин.



Шошқада он сол жақ бүйрек 1 бел омыртқадан 4 бел омыртқаға деин.

Бүйректі көру орқылы тексереді. Он жақ бүйрек ауырғанда мал, сол жаққа бүрлады. Бүйрек ауырғанда ісік пайда болады /артқы аяқтар, жақ аралығы, көздін астыңғы қабағы, ұма аймағы, күпек аймағы, құрсақтың төменгі жағы, алдынғы аяқтар /

Жылқымен, ірі қарада бүйрек аймағын соғып және құрсақ омыртқасың нұқу арқылы тексереді.

СОҒУ әдісі. Бел аймағын бір неше қолымен соғып ауырсынуды байқаймыз.

НҰҚУ эдісі. Ірі кара малдарда он жақтан 3-ші бел омыртқаны плессиметр балғамен нұқу аркылы бұйректі терсереміз.

Аурсыну боғанда, бүйректі тік ішек арқылы тексереді. Тік ішік арқылы бүйректін топографиясың, көлемін, ірғақтығың, сезімін, консистенциясың, бүйректін істүнгі бетің тексереді.


№ 25 ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У

ТАҚЫРЫБЫ: Қандағы жасушалардың санын есептеу. Эритроциттер, лейкоциттер мен тромбоциттердің санын есептеу.

Қажетті құралдар: Микроскоп, Горяева камерасы, Сали гемометры.

Жануарлар: Жылқы, сиыр, қой.

Сабақтың мақсаты: Студенттерге аурулар кезінде диагнозды дұрыс қою мақсатында қанды тексеруін дұрыс жүргізуді үйрету

Қан алу.

Аз мөлшердегі қанды құлақтың ұсақ тамырларынан алуға болады, үрпек жүнді жануарлардан құлақтың ұшынан, алақаннан, үйректер мен қаздардың жұмсақ табанынан, тышқандардан құйрығынан қан алады.

Ірі қара мал, қой, ешкі, жылқы, түйе, бұғының мойындырық тамырынан алады. Шошқаларда құйрығынан, құлақтың ірі тамырынан, венозды көз қуысынан, иттерде сафен тамырынан немесе иық алды тері асты тамырларынан, ақ түлкі мен түлкілерде плантарлық венадан, қояндарда құлақ тамырынан, теңіз шошқасында жүректен, тауықтарда қанаттың ішкі бөлігінің вена қан тамырынан немесе жүректен алады.

Қан алатын жердің жүнін қырқып, терісін спирт немесе эфир спиртіне малынған мақтамен сүртеді.

Капиллярлық қан алғанда теріні Франк инесімен немесе инъекциялық инемен тесіп алады. Қанның бірінші тамшысын мақтамен сүртіп, келесісін анализге алады.

Яремдік тамырдың қанын қан жіберетін инелер арқылы жоғары мойынның ортасына өту жерінен алады. Сол қолдың үлкен саусағымен, резеңкемен, арнайы қысқышпен немесе басқа құралдармен мойынның ортасындағы тамырды қысады. Қан алуды жеңілдету үшін түрлі құралдар пайдаланылады. Қан ұйып қалмас үшін (10 мл қанға есептеп) оған 30мл натрий цитратын, 15 мл натрий оксалатын, 50 ЕД гепарин немесе 10 пайызды трилон Б ерітіндісінің төрт тамшысын қосады.

Гематинді әдіс (Сали әдісі). Градуирленген гемометр пробиркасына (ГС-3) көз пипеткасымен «2» белгісіне дейін 0,1 н тұзды қышқыл ерітіндісін қосады. Капиллярлық пипеткамен 20 мкл (0, 02мл) қан алады, пипетканың ұшын мақтамен сүртіп, қанды мұқият түбіндегі қышқыл ерітіндісіне үрлейді, онымен 2-3 рет пипеткадағы жұққан қанды жуады. Араластырып, 5 мин. қойып қояды (тауықтардың қанын зерттегенде –15 мин.). Тұзқышқылды гематин (хлоргемин) пайда болуының нәтижесінде пробиркадағы ерітінді қоңыр түске боялады. Тамшымен дистильденген су қосып, әйнек таяқшамен пробиркадағы сұйықтық қалыпты пробиркалардың түсімен теңескенге шейін араластырады. 100 мл. қандағы грамм көлеміндегі гемоглобиннің мөлшерін пробиркадағы сұйықтықтың деңгейімен сәйкес келетін шкаланы бөлу бойынша есептейді. Гемометр шкаласындағы гемоглобиннің мөлшерін 10 коэффициентіне көбейтсе, гемоглобиннің (г/л) концентрациясын анықтауға болады
№ 26 ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У
ТАҚЫРЫБЫ: Қандағы жасушалардың санын есептеу. Лейкограмманың санын есептеу.

Қажетті құралдар: Микроскоп, гемометр Сали, Горяева камеры, мата.

Жануарлар: Жылқы, сиыр, қой.

Сабақтың мақсаты: Студенттерге аурулар кезінде диагнозды дұрыс қою мақсатында қандағы жасушалардың санын тексеруін үйрету және лейкограмманы шығару
Қандағы сілті қорын анықтау. Қышқылды сілті тепе-теңдігінің көрсеткіштерін анықтау үшін Астрип әдісін ( 1956), Зиггард Андерсеннің (1963 ) модифицирлеуі бойынша РН мөлшерін, СО2-нің қысымын, сілті қорын, нағыз бикарбонатты, қалыпты бикарбонатты, буферлік негіздерді, плазманың жалпы көміртегі қышқылының мөлшерін анықтайды. Қышқылды- сілті тепе-теңдігін қан плазмасындағы сілті қорын Ван –Слайкс әдісі бойынша анықтап, соның нәтижесімен бағалайды. Немесе И. П. Кондрахин әдісі бойынша сарысудың мөлшерін белгілейді. Сарысуды вазелин майының астында сақтайды.

Сау малдардағы қан сарысуындағы сілті қорын Ван –Слайкс әдісі бойынша анықтағанда былайша болады: ІҚМ-50-62; қойда-45-54; ешкіде-48-52; жылқыда 50-65; шошқада-42-60; итте –40-60; тауықта-40-52.

№ 27 ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У

ТАҚЫРЫБЫ: Билирубинды анықтау.

Қажетті құралдар: Фонендоскоп, плессиметр, балғашық, руминограф, мата.

Жануарлар: Жылқы, сиыр, қой.

Сабақтың мақсаты: Студенттерге аурулар кезінде диагнозды дұрыс қою мақсатында зәр шығару жүйесін тексеруін дұрыс жүргізу.

Қан сарысуындағы билирубиннің мөлшерін анықтау. (Ендрашик, Клеггорн және Гроф бойынша) 3 пробиркаға 0,9 % хлорлы натриймен 2 рет араластырылған 0,5 мл сарысу құяды. 1-інші пробиркаға 1,75 мл кофе реактиві мен 0,25 мл 0,9 % хлорлы натрий ерітіндісін қосып, колориметрлейді, 2-інші пробиркаға (тікелей билирубин) 1,75 мл 0,9 % хлорлы натрий ерітіндісін және 0, 25 мл диазоқоспасын қосып, 5 мин. кейін колориметрлейд; үшінші пробиркаға (жалпы билирубин) 1, 75 кофе ерітіндісін құйып, 0, 25 дизоқоспасын қосып, 20 мин кейін колориметрлейді. Колориметрлеуді жасыл жарық фильтрде 5 мм кюветпен қарсы дистильденген сумен жүргізеді.

Тікелей және жалпы билирубинді зерттеу кезінде алынған оптикалық тығыздық көрсеткіштерінен бақылаудың оптикалық тығыздығының көрсеткіштерін шығарып алады.

Колибрлы кесте бойынша, жалпы және тікелей билирубиннің мөлшерін тауып, (мг/ 100 мл немесе ммоль/ л) ал олардың арасындағы айырмашылықтан тікелей емес билирубиннің мөлшерін (мг/ 100мл немесе ммоль/л ) алады.

№ 28 ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У
ТАҚЫРЫБЫ: Глюкоза және қандағы жалпы ақуызды (белок) анықтау.

Қажетті құралдар: Спирт, инелер, микроскоп, пробиркалар, мата.

Жануарлар: Жылқы, сиыр, қой.

Сабақтың мақсаты: Студенттерге аурулар кезінде диагнозды дұрыс қою мақсатында қан жүйесін тексеруін үйрету
Тәжірибелік сынамадағы глюкозаның құрамы мына формула бойынша есептеледі:

CЕ оп

С оп = --------------

Е ст

Мұндағы Сст-глюкозаның стандарттық концентрациясы (мг/100 мл немесе ммоль/л); Е оп- сынаманың оптикалық тығыздығы; Е ст- стандарттың оптикалық тығыздығы.

Сау ересек малдарда қандағы глюкоза мөлшері мынадай болады ( мг/ 100мл): ІҚМ-40-70, қойда- 35-60, шошқада –45-75, жылқыда-55-75, итте-60-80, тауықта- 80-140.

0,0555 мөлшерде глюкоза концентрациясының көбеюі СИ (ммоль/ л) бірліктегі концентрацияны алады. Глюкоза мөлшері мынадай болады: ІҚМ-2,22-3,88, қойда-2,05-3,33, шошқада-2,5-4,16, жылқыда-3,05-5,27, итте-3,33-4,44, тауықта-4,44-7, 77.

Қандағы глюкоза мөлшерінің көбеюі (гипергликемия) қант диабетінде, В1С гиповитаминозында, бүйрек жетімсіздігінде, нефритте және т. б. байқалады.

Ал қандағы глюкозаның азаюы кетозда, ашығуда, диспепсияда, А-гиповитаминозында, лейкозда, қалқанша бездің қызметінің төмендеуінде, бүйректің қатты зақымдануы және т. б. болуы мүмкін.

ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У № 29



Рентгенология және рентгендік семиотика негіздері.

Семиотика – түрлі аурулардың белгілерін тексеру.

Қажетті құралдар: рентгеноскопия, рентгенография.

Жануарлар: қой, мысық.

Сабақтың мақсаты: Студенттерге аурулар кезінде диагнозды дұрыс қою мақсатында өкпе жүйесін тексерун дұрыс жүргізуді үйрету

Рентгендік кабинеттің орнығуы мен олардың ішіндегі жұмыс тәртібі.Рентгендік зерттеу нәтижесі диагноздың нақтылығы мен сенімділігін арттырады.Рентгенологияның кең мүмкіндігін тек техникалық әдістерде дұрыс сақтағанда ғана пайдаланамыз. Бұл зерттеулерде рентгенолог зерттеу лердің дұрчс, нақты тапсырмаларын біле отырып, оған қандай өзгеріс, қандай қосымшалар енгізу керек екенін шешуі керек және дұрыс орындауы қажет.Рентгенолог рентгенологиялық зерттеулердің қауіпсіздігін сақтау және рентгендік кабинеттің журналына оны тіркеуі, есептеме беруі керек.

Рентгенограмманың жалпы сапасы пациенттің рентген сәулесінің орталық тоғын орталыққа дұрыс бағыттаумымен анықталады(нақты бейненің болуы, көленкенің болмауы).

Сапалы рентгенограмма алу үшін жақсы бейне керек, бірақ, тым айқын, рентген сәулесінің өтіп кеткен қасиеті бар бейнесінің қажеті болмайды.Егер не көп, не аз мөлшер қолданылса, онда рентгногрмма асып кеткен немесе жете емес болып қалады.

Аппараттың жалпы механикалық құрылымы болу керек. Түсіретін штатив бағаның рельсі көлденең жазықтықта қатаң реттеуі, түзелеуі тиіс, ал түсіргені үстел орналасқан рельске қатаң параллель болуы тиіс. Үстел бетіне түскен, қиылысына орналасқан рентгендік түтікше жоғары қалпында өзінің орналасу орталығын сақтайды. Түтіктің қиылысындағы шкаланың нөлдік белгісі мен көлденең алмасуы сәйкес келуі керек. Қорғаныс қабықшасының тегісіне түтік фокусының дұрыс емес түссіздігіне байланысты диагностиканың нәтижесі дұрыс болмайды.

Рентгендік зерттеу кезінде техникалық жағдайлар мен параметрлерді қатаң сақтау керек.

Рентгенография кезінде артефактың пайда болу себебі: кассета арасында және күшейткіш экранға бөгде заттардың түсіуі, және де сәуле шоғының жүрісі де, күшейткіш экркнның сәулелік бетініңконтрасты заттармен кірлеуі, түссізденуі, бұрыс айқындау, жуу, кептіру, олардың бұрыс нәтижесі болып табылады. Рентгенография кезінде суреттің дұрыс маркіленуі маңызды (нөмірленуі, берілген күні, айы, жылы, суреттің меншікті заттары т.б.) Маркирлеу үшін қолайлы трафаретімен қоса қағаз жапсырғыш және металл нумераторлар жиынтығы, сия таңбалар қажет.

Рентгенодиагностикаға пайдаланатын контрастық заттарды 2 топқа бөлінеді: жоғары тығыздық бойынша (висмут, барий, йод, бром) және төменгі тығыздық қатынасы бойынша (өттегі, гелий, ауа, азоттың асқын тотығы, көмір қышқыл газы).

Контрастық заттарды табиғи тесіктер арқылы қанға, мүшелерге, ұлпаларға, қуыстарға енгізуге болады I- ші әдісін өңеш, қарын, ішекті зерттеу кезінде барий, күкірт қышқылын ауыз қуысы немесе клизма арқылы жіберуге қолданады.Осы тәсілмен жатырды да тексереді.

II – ші әдісте контрастық заттарды тамырға енгізеді (вазография, венаішілік, урография)

III – ші әдісте контрастық затты көкірек немесе құрсақ қуысына енгізеді (пневмоторанс, пневмоперитонизм), тамыр қуысына, бассүйектің қосалқы қуыстарына т.б.

Рентгенологиялық зерттеудің қауіпсіздігі.

Рентгендік кабинеттегі қазіргі кездегі техникалық жабдық, қорғаныш аппаратураларының құрылғылары сәулелік зақымданудан қорғайды. Ағзаға сәуленің өзі мутациялық эффект тудыруы мүмкін.

Сәуленің рентгенологиялық зерттеуде асқорыту, ангиография, бронхография, урография, пиолография мүшелеріне керекті мөлшерден көп мөлшері фокустың жақын ара қашықтығына байланысты.

Сәуленің көп мөлшерде өтіуін анықтаудың бірнеше тәсілдері бар: ауадағы мөлшер, тері, интегральді доза, гонаданы сәулелендіру дозасы, қан айналу мүшелерге зерттеу. Кезінде гонадалық мөлшер, аяқ саусақтарын зерттегенде тері мөлшері әсер еткен. Дозаны өсіру физико – техникалық параметрімен анықталады, ол үшін жұмыс атқарушы адамның квалификациясы қажет.

Пациенттің сәулені қабылдауы рентгеноскопия және рентгенография кезінде рентгендік түтікшедегі тоқтың кернеуіне, сәулелендіру фильтрациясына, кернеудің қосылу уақытына түтікшіден зерттелетін объектінің қашық тұруы, экран және рентгендік пленка сапасына байланысты.

Бейненің сапасы түтіктегі тоқ кернеуінің жоғарылауына байланысты, бұл экспозицияның төмендеуі кезіндегі бөлшектер санын жоғарылатса сәулелендіру кезеңін төмендетеді. Түтіктегі ток кернеуі 100 – 120 кВ(мах) рентгенография кезінде 60 – 80 кВ- ң орнына қолданылса, онда пациенттің сәулелену мөлшері 30 – 45% -ке төмендейді.

Рентген кабинетіне тек қана арнайы дайындықтан өткен ,берілген тәртіпті білетін, техникалық документацияны меңгерген маман жұмысқа жіберіледі.

ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У № 30


ТАҚЫРЫБЫ: Қортынды сабақ.

Бақылауға арналған сұрақтары:

  1. 1.Рентген түтікшесі және рентген сәулесінің пайда болу механизмі.

  2. Несептің бірікпейтін тұнбалары

  3. Мес қарын зақымданғандағы ауру белгілері

  4. Несептегі белокты нықтау

  5. 5.Қан сары суындағы билирубинді анықтау

  6. Несептегі кетон денелерін анықтау

  7. Рентгеноскопия

  8. 8.Зәр шығару мүшелерін қосымша тәсілдермен тексеру

  9. Рентген аспабымен жұмыс істеген кездегі техника қауіпсіздігі

  10. Рентген суретіндегі сүйектер мен буындардың малдың жасына қарай өзгеруі

  11. Несептегі билирубин және өт қышқылдарын тексеру

  12. Рентген зерттеулері арқылы бөгде заттарды анықтау

  13. Рентген сәулесінің қасиеті мен табиғаты

  14. Жұмыршақ қарын зақымданғандағы ауру белгілері

  15. Несептің біріккен тұнбалары

  16. Олгоцитемиялық ауру белгілері

  17. Бүйрек зақымданғандағы ауру белгілері

  18. Флюрография

  19. Тыныс алу мүшелері ауруларына рентген арқылы диагноз қою

  20. Ақ қан формуласы. Лейкопрофиль.

  21. Несептің физикалық қасиеттерінің маңызы

  22. Ішектерді зерттеу

  23. Ішек зақымданғандағы ауру белгілері

  24. Қарын қабынғандағы ауру белгілері

  25. Бүйректі зерттеу

  26. Қанның профилінің маңызы

  27. Рентген бөлмесі

  28. Рентгенография

  29. Сүйек пен буын зақымданғанын рентген әдісімен анықтау

  30. Полицитемиялық ауру белгілері

  31. Артерияның соғу жиілігін анықтау

  32. Қарын сөлін анықтау

  33. Азықты қорыту мүшлерін зондпен тексеру

  34. Қандағы гемоглобин мен түсті көрсеткішті анықтау

  35. Малдың ішін, қарнын зерттеу

  36. Ауыз қуысын, жұтқыншақты, өңешті тексеру

  37. Азық пен суды қабылдауды тексеру

  38. Бауырды тексеру

  39. Жұтқыншақ зақымданғандағы ауру белгілері

  40. Қан түйіршектерінің санын анықтау

  41. Несептегі қанды тексеру. Гематурия, гемоглобинурияның маңызы

  42. Минералдар жетіспегенін анықтайтын рентген әдістері мен рентген белгілері

  43. Рентген аппаратының құрылысы


Негізгі әдебиеттер:
1.М.А. Молдағулов, А.Н. Ермаханов, Ө.К. Есқожаев, А.З. Дюсембаева т.б. Жануарлар ауруларының клиникалық диагностика. оқу құрал – Алматы, 2007

2.А.М. Смирнов, П.Я. Конопелько, Р.П. Пушкарев, В.С. Постников, Н.А. Уразаев, И.М. Беляков, Г.Л. Дугин, В.С. Кондратьев Клиническая диагностика внутренних незаразных болезней животных. Москва ВО «Агропроминиздат» 1988




4.Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары:
СОЖӨЖ

п/п


Сабақ тақырыбтары және олардың мазмұны

Сағат

1.

2

3

1.

Электрокардиография. Жануарлардың ЭКГ-сын жазу.

2

2.

Электрокардиограммаларды оқу

2

3.

Вегетативті жүйке жүйесін тексеру. Захарыш – хеда зоналары (бөліктері).

2

4.

Жылқы асқазанындағы заттардың физикалық және химиялық қасиетін анықтау.

2

5-6.

Жылқы асқазанындағы заттардың тұз қышқылын және жалпы қышқылдықты анықтау.

2

7-8.

Әртүрлі малдың қан алу және оның физикалық қасиеттерін анықтау.

2

9-10

Қан сарысуындағы сілті қоры мен каротинді анықтау.


2

11-12.

Тауқтың қандағы гемоглобин мөлшерін, түс көрсеткішін және эритроциттегі гемоглобинің орташа мөлшерін анықтау.

2

13-14.

Тауқтың қандағы жасушалардың санын есептеу. Эритроциттер, лейкоциттер мен тромбоциттердің санын есептеу.

2

15-16.

Билирубин, глюкоза және қандағы жалпы ақуызды (белок) анықтау.

2

17-18.

Шошқалардың және жыртқыштардың қарындарын зерттеу


2

19-20.

Диспансеризация

2

21

Қорытынды сабақ







Барлығы

22.5


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет