2005 жылдың Катонқарағай ауданының әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындысын жіберілді



жүктеу 71.27 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі71.27 Kb.
2005 жылдың Катонқарағай ауданының әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындысын жіберілді

Өткен жылы басты назар ауданның экономикалық дамуына ауылшаруашылығының дамуы, мықты және ірі шаруа қожалықтарының құрылуы, шаруа қожалықтары мен азаматтардың үй-жайды несиеге алуда әсерлі көмек көрсетуіне бөлінді.

Осылайша 2005 жылы ЖШС «Март», ЖАҚ «Май», ЖШС «Шығыс Астық» қаржы салымынан 37 млн. теңге түсті. «ҚазАгроФинанс» АҚ арқылы 12 трактор, 5 дәнді дақыл жинау комбайны, 3 тұқым сепкіш, 2 бірлік шөп шабушы құрал-жабдықтардың жиынтығы жалпы сомасы 51,5 млн теңгеге лизинг бойынша сатып алынды.

2006 жылы «ҚазАгроФинанс» АҚ арқылы 32 бірлік ауылшаруашылық құрал-жабдықтары 75 млн. теңге көлемінде лизингпен сатылып алынады.

Ауданның ауылшаруашылық тауарларын өндіруде көмек көрсету үшін «Продкорпорация» АҚ көктемдік-егістік жер және жинау жұмыстарын өткізуге 21,7 млн теңге бөлді. 2664 тонна арзандатылған дизельді жанармай алынды.

Халықты микронесиелендіруді дамыту мақсатында ауылды жерлерде микронесиелеу салалық бағдарлама жобасы әзірленген және құрылған. Өткен жылы аудан бойынша ауыл шаруашылықты демеуде қаржы қорынан 172 адамға 15300 мың теңге бөлінді.

Ауданда «Катонқарағай» ауылдық несиелік бірлестік жұмыс істейді, ол 36 жеке және заңды тұлғадан тұрады. Өткен жылы ауылшаруашылық тауар өндірушілермен 61 млн теңге алынды. Осы жылы бұл несиелер 120 млн теңгеге дейін өседі.

Егер 2004 жылы жалпы өндірістің көлемі 3635,4 млн теңге болса, онда 2005 жылы 3750,9 млн теңгені құрады, яғни өндірістің жалпы өсуі 2004 жылдан 103,2 пайыз немесе 115,5 млн теңгеге артық. Ауылшаруашылық мәдениеттің себу алаңы 59264 гектарды құрады, оның ішінде дәнді дақылдар мәдениеті 27,3 мың гектарды, майлы дақылдар мәдениет 16,8 мың гектарды, картоп пен көкөніс 1,4 мың гектарды алды.

Жалпы дәнді дақылды жинау (пысықтаудан кейінгі салмағы) 32467 тоннаны құрады немесе өткен жыл деңгейінің 102 пайызына тең. Жалпы күнбағыс жинау (пысықтаудан кейінгі салмағы) 8213 тоннаны құрады немесе 2004 жыл деңгейінің 106 пайызына тең, картоп 14400 тонна, көкөніс 4644 тонна.

2005 жылы дәнді дақылдардың орташа түсімі 13,3 ц/га құрады.

Ауылдың әлеуметтік-экономикасын дамытатын аймақтық бағдарламамен сәйкес жануарлар саласын да тұрақтандыру белгіленді.

2006 жылдың 1 қаңтарына барлық жекеменшік нысандарында 37115 бас МПК, оның ішінде 16552 сиыр, 73397 бас қой мен ешкі, 18095 жылқы, 6723 бас шошқа, 67393 құс, 8652 бас маралдар мен бұғылар.

2004 жылмен салыстырғанда МПК мал басы 101,6 % -ға өсті, жылқылар 101,2 %-ға, қой мен ешкі 108,2 %-ға, маралдар мен бұғылар 101,3 %-ға.

Еттен 10644 тонна, сүттен 36190, жұмыртқадан 7,5 млн дана, жүннен 170,2 тонна өндірілді. 2004 жылмен салыстырғанда 100,2 пайызға көп ет, 100,9 пайыз сүт, 113,3 пайыз жүн өндірілді.

Ауданның барлық шаруашылық категорияларында 9,4 мың ара ұстайды. Жалпы бал жинау 360 тоннаны құрады. Қазіргі кезде маралдар өсірумен 8 ауыл шаруашылық қалыптастыру айналысады.

2005 жылы аудан бойынша 12395 кг панта өнімі алынды, бұл 2004 жылда алынған 10015 кг-ға қарама-қайшы.

Ауданның экономикасында басты орынды өнеркәсіп өнімін өндіру алады.

Қазіргі күнде өнеркәсіп өнімін өндіру және шығарумен 22 кәсіпорын айналысады. Кәсіпорынмен өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 2005 жылы барлық жекеменшік нысанда 194 млн 509 мың теңгені құрады, немесе жеке тұлға индексінің көлемі өткен жылдың деңгейі 102,6 %-ды құрады.ЖАҚ ШҚ АЭС филиалымен және ЖШС «Шығыс-ЭнергоТрейд» 97 млн 103 мың теңгенің көлемінде өнім өндірді. 1-ден 50-ге дейінгі адам саны бар өнеркәсіп 47 млн 097 мың теңге көлемінде өнім өндірді, немесе өткен жылдың деңгейіне 120,3% құрады.

Бюджеттің кірістік бөлімі табысты орындалды. Аудан бюджетіне салықтар мен басқа да міндетті төлемдерден 826924 мың теңге түсті, болжам бойынша 826665 мың теңге, сонымен қатар түскен меншік кірістің сомасы 210115 мың теңгені құрады, болжам бойынша 209856 мың теңге, немесе болжамға 100,1%.

Бюджеттің шығын бөлімін орындау 99,9% құрайды. Шығында жеке салмақтың көбін білім 69,6%, әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмек 9,8%, көлік және қатынас 1,7% құрайды.

2005 жылға ауданда орташа айлық еңбекақы 19996 теңгені құрады немесе өткен жылдың деңгейіне сәйкес 31% өсті.

Қазіргі уақытта ауданда орта және шағын кәсіпорында 1749 субъект жұмыс істейді. Бір жыл ішінде 101 бірлік білім алды. Бұл аймақта 3550 адам еңбек етеді. Шағын кәсіпкерліктің субъектісінен 40,1 млн теңге түсім салығы түсті, немесе 120,2 пайыз өткен жылмен салыстырғанда кезеңдер ұқсас.

12 диірмен, 31 уатқыш, макарон шығаратын 2 цех, панта өнімін шығаратын 1цех, 25 наубайхана, 23 май тартқыш.

Халыққа қызмет көрсететін 221 дүкен, 28 қоғамдық тамақпен қамтамасыз ету өнеркәсібі, 4 дәріхана, 25 дәріханалық дүңгіршек, 15 АЗС, 28 аумақты қызмет көрсету кәсіпорыны бар.

Жыл көлемінде 32 дүкен, 2 кафе, 1 мейрамхана, 2 аяқ киім жөндейтін жер, 1 тігін цехы, 1 шаштараз, 1 тіс жөндеу кабинеті ашылды. Осы жылы 18 дүкеннің, 4 кафенің, 2 АЗС-тің, 2 дәріхананың, 2 наубайхананың ашылуы жоспарланып отыр.

2005 жылы аудан аумағында 4 дүкен, 1 кафе, 1 мейрамхана салынды және қамқорлыққа алынды, дүкендер мен кафелерге арналған 30 объектілердің барлығы қайта жоспарланды және жаңартылды.

16 тұрғын үйді өз қаражатына жалпы көлемі 997,4 шаршы метр болатын жоба салуға қабылдады. Қазіргі уақытта Үлкен Нарын ауылында 4 тұрғын үй салынып жатыр. 2006 жылға жоспарланған үй алаңы 1200 шаршы метр.

2005 жылы Новохайрузовкада 320 орыны бар орта мектебі салына бастады, ол 2006 жылдың 1 қыркүйегінде аяқталады.

Сметалық құны 129,7 млн теңге болатын Жаңа -Үлгі толық емес орта мектебінің салынуы жүргізілуде, оның ішінде 2005 жылға 25 млн теңге бөлінді. Тапсырылу уақыты 2007 жыл.

2005 жылы автомобиль жолдарын ағымды жөндеуден өткізуге 14 млн 506 мың теңге бөлінді.

Жоспарланған шаралардан басқа көркейту, санитарлық тазалық және аудандағы елді мекендерді көгалдандыру мақсатында «Жасыл Ел» республикалық бағдарламасы жасалды және елді мекендерді көгалдандыру аймақтық бағдарлама іс жүзінде орындалып жатыр, соған байланысты барлық мекемелерде және мектептерде гүлзарлар мен көгалды алаңдар орналастырылды.

Ауданның елді мекендерін көркейту және санитарлық тазалау жұмыстарын орындау үшін бюджеттен 1500,0 мың теңге бөлінді.

2004 жылға аудан бойынша жұмыссыздар саны азайды. Өткен жылға мемлекет 4083 адамға 54 млн 75 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек төленді, мемлекеттік әлеуметтік көмектің орташа көлемі 1103,7 теңгені құрайды.

Тұрғын үй көмегі 187 отбасына 1329,0 мың теңге көлемінде төленді.

Өткен жылы қайырымдылық қорын 5960,0 мың теңге көлемінде 5092 адам алды, бұл 2004 жылдан 65,2 % артық.

Жылдың басынан жұмыспен қамту мәселесімен 353 адам өтініш жасады, 285 адам немесе 80,5 % жұмысқа орналасты. Жұмыссыздық 2,2%-дан 1,3 %-ға дейін азайды.

Бір жыл ішінде 755 жаңа жұмыс орыны пайда болды, бұл 2004 жылдағыдан 18,8% жоғары. 42 адам мамандандырылған оқуға жіберілді, қоғамдық төлемдегі жұмысқа 276 жұмыссыз адам бар.

2005 жылы денсаулық сақтау облысында басты назар әртүрлі аурулар, медициналық ағарту, балалар өлімінің азаюы, материалдық-техникалық базаны жабдықтау профилактикасына аударылды. Үлкен Нарын ауылының аудандық поликлиникасы 10 млн теңге көлемінде, Катонқарағай АБ №1-10 млн теңге көлемінде, Өрел АБМ-сы 3 млн теңге көлемінде, МОДА №1 және №2 әрқайсысы 1 млн теңге көлемінде толық жөндеуден өтті. Медициналық құрал-жабдық алуға ем-шара мекемесі үшін 6 млн 690 мың теңге немесе 2004 жылдан 2 млн теңге артық шығындалды.

Көптеген әлеуметтік мағынасы бар аурулардың саны азайды, туберкулездің 4 жағдайы, онкологиялық аурулардың 7 жағдайы. 2005 жылы ауданның медициналық мекемесін толық қаржыландыру үшін барлық жағдайлар жасады. Осы мақсатта бұл жағдайларға 213,3 млн теңге бөлінді. 2004 жылға 114%-ға өсті, бұл жағдайда тегін медициналық көмектің көлемі 188 млн теңгені құрады.

Осы жылы медмекемелер базасын материалды-техникалық жақсарту жұмыстары ары қарай жалғасады. Үлкен Нарын аудандық ауруханасын толық жөндеуден өткізуге 7 млн теңге, Катонқарағай а. АБ №1 – 5 млн теңге бөлінеді. Рахмановские ключи ФАБ толық жөндеуден өткізуге 1 млн теңге. 2 жедел жәрдем көрсету автомобилін алу жоспарланып отыр.

Қазіргі күнгі білім беру жүйесіне қойылатын талаптар арнайы бюджеттік шығынды талап етеді.

2005 жылғы білім беру бюджеті 580 млн теңгені құрады немесе 2004 жылмен салыстырғанда 103 млн теңгеге немесе 21,6% артық. Елеулі қаражат мектептік мекемелердің материалды-техникалық базасын қатайтуға және толық жөндеуден өткізуге бағытталған, бұл 44709 мың теңгені құрады.

Коробиха орта мектебі-5 млн 900 мың теңге, Майемер орта мектебі-3 млн теңге, Черемошка орта мектебі-1 млн теңге, Дамитов атындағы орта мектеп-2 млн 130 мың теңге, Печи орта мектебі-2 млн 300 мың теңге көлемінде күрделі жұмыстар жүргізді, лингафондық мультимедиялық кабинеттерді алуға 12014 мың теңге, кітаптарды жеткізу мен алуға 11815 мың теңге, Интернетке қосылу үшін қажет құрал-жабдықтар 3220 мың теңге. 1оқушыға кететін шығын 70,4 мың теңгені құрады, өткен жылмен салыстырғанда 19,4 мың теңгеге өсті.

Білім жүйесін дамытуда маңызды рөлді компьютерлендіру атқарады. Ауданның барлық мектептері компьютерлермен қамтамасыз етілген, барлығы 360 компьютері бар 59 компьютерлік сынып жұмыс істейді.

Жалпыға оқыту фондынан мектепте оқитын аз қамтылған, көп балалы отбасылары мен жетімдерге көмек көрсету үшін 4125 мың. теңге бөлінді.

Ауданда жылдан-жылға сауықтыру және спорттық шаралар дамуда.

Ауданда дене шынықтырумен айналысу және жаппай спорт түрлерін дамыту үшін 25 спорт залдары, 2 спорт комплекстері, 27 спорт алаңы, 17 жаздық алаң, 18 тир, 5 спорттық-сауықтыру клубы ашылды.

20 үлкен спорттық шаралар өткізілді: аудан Әкімінің сыйлығына халықтық спорт ойындары, мемлекеттік жұмысшылар арасында аудандық спартакиада, Жеңістің 60-жылдығына арналған ат жарыстары, жазушы-жерлес Қалихан Искаковтың 70-жылдығы.

2005 жылда мәдениет мекемелерімен 1608 үлкен шаралар өткізілді: ауылдық округтердің көркемөнерпаздар творчестволық байқаулары, Жеңістің 60-жылдығын тойлау, Наурыз Мейрамы, Қазақстан Халқының Бірлік Күні, театрленген қойылымдар, КВН-дар және т.б.

Атқарылып жатқан шараларға байланысты өткен жылы барлық қылмыс саны 2,2%-ға азайды, 2004 жылы 239-дан 2005жылы 236-ға дейін.



Қылмыстардың ашылуы көбейді, яғни 86,1%. Заң бұзушылықтың алдын алу мәселелері орындаушы өкіметпен, көпшілікпен үнемі қарастырылып отырады. Аудандық әкімшіліктің мәжілісінде қылмыскерлік жағдайы және ауылдық округтердегі алдын алу жұмыстары үнемі талқыланады.

Осылайша, осы жылы аймақтық бағдарламаны жасау үшін өткен жылы жақсы фундамент жасалды.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет