2005 жылғы «15» қарашадағы №22/20 қаулысына



жүктеу 90.55 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі90.55 Kb.



Қарағанды облысы әкімдігінің «Қарағанды облысы ішкі саясат департаментінің 2005 жылға арналған бюджеттік бағдарламалар паспорттарын бекіту туралы» 2005 жылғы 14 қаңтардағы №02/38 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»

2005 жылғы « 15 » қарашадағы № 22/20 қаулысына





2 қосымша




Қарағанды облысы әкімдігінің

«Қарағанды облысы ішкі саясат департаментінің 2005 жылға арналған бюджеттік бағдарламалар паспорттарын бекіту туралы»

2005 жылғы 14 қаңтардағы

№02/38 қаулысына






3 қосымша









«Қарағанды облысы ішкі саясат департаменті»ММ

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі


2005 жылға

Қарағанды облысы ішкі саясат департаментінің

(басқарма) қызметін қамтамасыз ету

(бюджеттік бағдарламаның атауы)


ПАСПОРТ

  1. Бюджеттік бағдарламаның құны: 47925 мың теңге (Қырық жеті миллион тоғыз жүз жиырма бес мың теңге)

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік – құқықтық негізі: Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24 қаңтардағы Конституциялық Заң күші бар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» № 2797 Жарлығы, 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының № 548 Бюджеттік Кодексі, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148 Заңы, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» № 453 Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы №1284 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкі сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 12 қарашадағы №1131 «Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жанындағы мемлекеттік нышандар жөніндегі комиссиялар туралы үлгі ережесін бекіту туралы» қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы №253 «Қазақстан Республикасының Үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың 2003 – 2005 жылдарға арналған Бағдарламасы туралы» қаулысы, Қарағанды облыстық Мәслихатының Х сессиясының 2004 жылғы 11 желтоқсандағы «2005 жылға арналған облыстық бюджет туралы» №149 шешімі, Қарағанды облыстық Мәслихатының ХVІ сессиясының 2005 жылғы 11 қарашадағы «Қарағанды облысы Мәслихатының Х сессиясының «2005 жылға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 224 шешімі.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көзі: облыстық бюджет


4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Жүктелген міндеттерді мейлінше тиімді орындау үшін Қарағанды облысы ішкі саясат департаменті аппаратының қызметін қамтамасыз ету: облыстағы ішкі саяси тұрақтылықты сақтау және нығайту, «Қазақстан 2030» Стратегиясын жүзеге асыру барысын насихаттау, облыстың ішкі саяси тұрақтылығын сақтау және нығайту үшін мониторинг, талдау жасау және социологиялық зерттеу жүргізу арқылы қоғамдық пікірді үлгілеу саласында тиімді бағдарламаларды жүзеге асыру, азаматтық қоғамды тұрақты дамыту және мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру үшін жағдай жасау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жүктелген міндеттерді орындау үшін ішкі саясат департаменті аппаратын ұстау: Қазақстандық отансүйгіштікті және азаматтық жауапкершілікті, мемлекет болашағына сенімділікті тәрбиелеу; барлық қоғамдық-саяси партиялармен және бірлестіктермен, ұлттық-мәдени орталықтармен, діни конфессиялармен конструктивтік диалогты оңайлату; облыс тұрғындарына әлеуметтік – экономикалық реформаларды жүзеге асыру барысы туралы уақытында және толық ақпарат беру; облыстың ішкі саяси тұрақтылығын және сайлау алды жағдайын сақтау және нығайту үшін мониторинг, талдау жасау және социологиялық зерттеу жүргізу арқылы қоғамдық пікірді үлгілеу саласында тиімді бағдарламаларды іске асыру және әзірлеу; мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимыл және әріптестік жүйесін жетілдіру; әлеуметтік мәселелерді шешетін облыстың үкіметтік емес ұйымдарына ақпараттық, консультативтік, әдістемелік, ұйымдастырушылық – техникалық қолдау көрсету; мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесін құру; аумақтағы азаматтық бастамашылдықтың өсуі үшін жағдай жасау; мемлекеттік қызметшілердің үкіметтік емес ұйымдармен әріптестік және өзара іс-қимыл мәселелері бойынша біліктілігін арттыру және дайындау, сондай – ақ қызметкерлердің оқуын және біліктілігін арттырудың жүйесін құру.

6.Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:



№№

Бағдарлама коды

Кіші бағдарламаның коды

Бағдарламаның атауы

Бағдарламаны жүзеге асыру шаралары

Жүзеге асыру уақыты

Жауапты орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

003

000

Жергілікті органдардың аппараттары


Ішкі саясат департаментін 28 бірлік көлемінде аппаратын ұстау, оның ішінде

  1. Қарағанды облысының қоғамдық-саяси жағдайына әлеуметтік мониторинг жүргізу (1өлшем).

  2. Қарағанды облысының қоғамдық-саяси жағдайына әлеуметтік мониторинг жүргізу (2өлшем).

  3. Қарағанды облысының қоғамдық-саяси жағдайына әлеуметтік мониторинг жүргізу(3өлшем).

  4. Қарағанды облысының қоғамдық-саяси жағдайына әлеуметтік мониторинг жүргізу(4өлшем).

  5. Республикалық тәуелсіз қызметті әлеуметтік зертеу (ҚР Президенті Әкімшілігінің нұсқауына сәйкес)

  6. Тұрғындардың Президент сайлауы қарсаңындағы электоральдық күйіне мониторингін жүргізу(1өлшем).

  7. Тұрғындардың Президент сайлауы қарсаңындағы электоральдық күйіне мониторингін жүргізу (2өлшем).

8. Әлеуметтік зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу «Қарағанды облысының әлеуметтік құрылымы».

9. Қоғамдық пікір қалыптастыруға бұқаралық ақпарат құралдарының ықпал етуі мәселесі бойынша сауалнама жүргізу.

10. Әлеуметтік зерттеулер «Электораттың саяси санасына саяси партиялардың ықпал етуі»

11. Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізу.

12. Әкімдіктердің ішкі саясат бөлімдерінің қызметкерлері үшін «Мониторинг жүйесі және оны құрудың негізгі принциптері»тақырыбында аумақтық семинар өткізу.

13. Бұқаралық ақпарат құралдары мониторингін жүргізу.

14. Аумақтық деңгейде ішкі саясатты іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік билік органдарының қызметкерлері үшін оқытушы семинар-тренингтер ұйымдастыру және өткізу (жылына 2 рет).

15. Жастар мәселелері бойынша социологиялық сауалнама жүргізу.

16. ҚР Президентінің Жолдауын, ішкі саясатты насихаттау мәселелері бойынша әдістемелік әдебиеттер шығару.

17. Мемлекеттік нышандарды насихаттау және қолдану бойынша облыстық конференция шегінде тақырыптық көрме өткізу.

18. Ішкі саясат мәселелерін жарыққа шығарушы журналистер үшін оқыту семинар – тренингтер өткізу.

19. Әртүрлі санаттағы мамандар үшін әдістемелік семинар өткізу.

20. Облыстық саяси партиялар филиалдарымен 4 «дөңгелек үстел» өткізу.

21. «Қазақстан әйелдері 21 ғасырда: шынайы құқықтары мен мүмкіндіктері» конференция ұйымдастыру және өткізу.

22. «Ауыл – 2005 әйелдер көзімен» акциясын ұйымдастырып, өткізу (облыстың 2 аумағында)

23. «Облыста үкіметтік емес секторларды дамыту мәселелері» социологиялық зерттеулер жүргізу.

24. Аумақтық деңгейде ауылдық жерлерде азаматтық бастамаларды дамыту бойынша бірнеше семинар-тренингтер өткізу (облыстың 3 ауылдық аумағында).

25. «БАҚ және ҮБ: бір біріне қадам жасау»акциясын ұйымдастырып, өткізу.

26. «Үкіметтік емес ұйымдардың инфрақұрылымын дамытуға қолдау жасауды ұйымдастыру» семинары.

27.Үкіметтік емес ұйымдармен бірігіп «дөңгелек үстелдер», әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу жолдары бойынша конференциялар өткізу.

28.Облыстың үкіметтік емес ұйымдары туралы анықтама-ақпараттық жинағын шығару.

29.Экологиялық акциялар ұйымдастырып, өткізу.

30. «ҚР гендерлік саясаты Тұжырымдамасының әйелдер мен ерлер үшін тең құқықтар мен еркіндіктер» тақырыбы бойынша семинар өткізу.

31. «Аумақтағы саяси күштерді орналастыру» сараптамалық сауалнама жүргізу.

32. «Этника аралық қатынастар мәдениеті (бағалау, өзгерту векторлары, қажеттіліктерін іске асыру)»

33.Ішкі саясат саласында мемлекеттік органдардың қызметін әдістемелік қамтамасыз ету.

34.Қазақстан халықтарының Ассамблеясы мүшелерінің ҚР Президентінің қатысуымен өтетін Ассамблея сессиясы жұмысына қатысуы, облыс әкімінің қатысуымен жыл сайынғы кіші Ассамблея сессиясын өткізу.

35. 15 ҰМО ұлттық мәдениетті насихаттауға және дамытуға облыс әкімінің гранттар беруі.

36.Облыстағы ұлтаралық қатынастарды алдағы уақытта жетілдіруі бойынша жинақтар шығару және зерттеулер жүргізу.

37.Конфессияаралық жағдайды зерделеу бойынша социологиялық сауалнама жүргізу.

38.Жастар мен жеткіншектерді патриоттық және интернационалистік тәрбиелеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру:

- соғыс ардагерлері, жастар мен жеткіншектердің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізу

- Жеңістің 60-жылдығы қарсаңында ҰОС ардагерлерімен конференция өткізу

- жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, ұлттық мәдениетті түлетіп, дамыту жөніндегі үздік бастапқы ардагерлер ұйымы мен ҰМО байқау-сайыс.

39. «Қарағанды облысында конфессияаралық қатынастарды дамыту» конференция өткізу.

40.Облысқа келіп түсетін діни бірлестіктердің жарғыларын және діни әдебиеттерді діни сараптау.

41.Есірткіге тәуелділерді әлеуметтік сауықтыру бойынша акция ұйымдастырып өткізу.

42. дене мүмкіншілігі шектеулі адамдарды қолдау бойынша акция ұйымдастырып өткізу.

43.Адамдар саудасын тоқтату мәселесі бойынша құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ қатысуымен семинар-тренингтер, «дөңгелек үстелдер» өткізу.


2005 жыл бойы

Қарағанды облысының ішкі саясат департаменті

2


3

001

001

007

009

Мемлекеттік қызметшілердің біліктіліктерін арттыру


Мемлекеттік органды материалдық техникалық жабдықтау


3 қызметкердің мемлекеттік қызметшілердің біліктіліктерін арттыру курстарында оқуы


2005 жыл бойы


2005 жыл бойы

Қарағанды облысының ішкі саясат департаменті


Қарағанды облысының ішкі саясат департаменті

Бейнекамера – 1 дана

Ноутбук компьютер – 1 дана

Ксерокс – 1 дана

Факс – 2 дана

Кондиционер – 4 дана

Бейне магнитофон және теледидар – 1 дана

сатып алынады.

Лицензиялық ақпараттық бағдарламаны сатып алу.


7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтілетін нәтижелер: Қарағанды облысы ішкі саясат департаментіне жүктелген міндеттер мен қызметтерді сапалы және уақытында орындауы: стратегиялық зерттеулер жүргізу арқылы қоғамдық пікірді үлгілеу саласында тиімді бағдарламалар әзірлеп, жүзеге асыру, серпінді ішкі саяси процесстердің озық үлгіде жұмыс істейтін тиімді болжам жасаушы жүйесін құру, саяси тәуекелділік пен қауіптерді анықтау, қоғамдық-саяси процесстерді реттеуші, қоғамдық пікірдің ахуалы мен өзгеруін қадағалап, сараптама жүргізу, қоғамдағы биліктің саяси және ақпараттық бастамасын сақтау жөніндегі ішкі саясаттың мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізуге қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2005 жыл бойы: 4290 мың теңгеге 13 социологиялық зерттеулер жүргізіледі, нәтижесінде зерттеуге қатысушылар саны 11,7 мыңнан астам адам болады; білімдендіруге 9 семинар (жалпы сомасы 4620 мың теңгеге), оның ішінде мемлекеттік билік органдарының қызметкерлері үшін семинар-тренинг(730 адамды қамтыды); әдістемелік әдебиеттер: кітаптар, жинақтар, 1561 мың теңгеге әдістемелік нұсқаулар шығару; мемлекеттік нышандарды қолдану және насихаттау бойынша тақырыптық көрме өткізу: 250 астам адам қатысады, шығындар сомасы 270 мың теңге; 9 «дөңгелек үстелдер», 700 астам адам қатысатын конференция мен байқаулар (шығындары 2100 мың теңге) өткізіледі, 2500 мың теңге сомасына (3 бірлік) гранттар бөлінеді; 3100 мың теңгеге акциялар ұйымдастырып, өткізу; 200 мың теңге бөлінген, 15 – адам Қазақстан халықтарының Ассамблеясы мүшелерінің сессия жұмысына қатысуы; діни сараптама жүргізуге – 200 мың теңге бөлу жоспарланды.



Бағдарлама әкімшісінің басшысы___________________________________

Бас бухгалтер_____________________________________________________


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет