2005 жылғы қаңтар-ақпанда Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары Экономиканың нақты секторы



жүктеу 31.3 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі31.3 Kb.
2005 жылғы қаңтар-ақпанда Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Экономиканың нақты секторы. 2005 жылғы қаңтар-ақпанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 684,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2004 жылғы қаңтар-ақпандағыдан 7,6%-ға артық. Өндіріс көлемі 2004 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда кен өндіру өнеркәсібінде – 10,4%-ға, өңдеу өнеркәсібінде – 4,3%-ға, электр энергиясын, газ бен су өндіруде және бөлуде – 8,3%-ға өсті.

2005 жылғы қаңтар-ақпанда ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі ағымдағы бағамен 41,7 млрд. теңгені құрап, 2004 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 4,4%-ға өсті.

2005 жылғы қаңтар-ақпанда жүк тасымалдаудың жалпы көлемі (коммерциялық тасымалдаумен шұғылданатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлер тасымалдаған жүк көлемінің бағасын есепке алғанда) 259,5 млн. тоннаны құрап, 2004 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 2,2%-ға өсті.

Есепті кезеңде бөлшек сауда тауар айналымының көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 185,2 млрд. теңгені құрап, 2004 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 9,9%-ға артты.

2005 жылғы қаңтар-ақпанда негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі 189,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2004 жылғы қаңтар-ақпандағыдан 1,4 есе көп.

2005 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша республикада 212089 заңды тұлға тіркелді, соның ішінде жұмыспен қамтылғандардың саны 50 адамға дейінгі кәсіпорындар - 199037. Жұмыс істеп тұрғандары – 159857. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың ішінде шағын кәсіпорындар – 147731 құрайды, олардан шағын бизнес кәсіпорындары - 106001.



Сыртқы сауда. 2005 жылғы қаңтарда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы (Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау комитетінің деректері бойынша ұйымдаспаған сауданы есепке алмағанда) 2857,7 млн. АҚШ долларын құрап, 2004 жылғы қаңтармен салыстырғанда 31%-ға өсті, соның ішінде экспорт – 1789,0 млн. АҚШ доллары (28%-ға өсті), импорт – 1068,7 млн. АҚШ доллары (37%-ға өсті).

Баға. 2005 жылғы ақпанда тұтыну бағасының индексі 2004 жылғы желтоқсанымен салыстырғанда 101,3% құрады. Азық-түлік тауарларының бағалары мен тарифтері 1,9%-ға, азық-түлік емес тауарлардың – 0,1%-ға, ақылы қызметтердің – 1,3%-ға өсті. 2005 жылғы ақпанда өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағасы 2004 жылғы желтоқсанымен салыстырғанда 1,7%-ға өсті.

Қаржы. 2005 жылдың 1 ақпанында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жедел деректері бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджетіне түсімдер көлемі 153,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2004 жылғы 1 ақпандағыдан 47,1%-ға артық, шығындар – 35,5 млрд. теңге (17,4%-ға кем).

Есеп берген кәсіпорындар мен ұйымдардың деректері бойынша 2005 жылғы ақпанда салық салғанға дейінгі кәдуілгі қызметтен алынған қаржылық нәтиже табыс есебінде 129,3 млрд. теңге сомасында анықталды, бұл 2004 жылғы ақпандағыдан 35,5%-ға артық. Пайдалылық деңгейі – 39,2%. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан залалды кәсіпорындардың үлесі 40,9% құрады.

2005 жылғы 1 ақпанға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің деректері бойынша екінші деңгейдегі банктердің экономика салаларына салған кредиттік салымдары 1502,4 млрд. теңгені құрады. Олардың өсуінің тұрақты серпіні байқалады. Кредиттік салымдардың жалпы көлемінде ұзақ мерзімді кредиттер үлесі 65,7%, шетел валютасындағы кредиттердің үлесі 52,8% құрады. 2005 жылғы 1 ақпанға банк жүйесіндегі депозиттер көлемі 1199,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2004 жылғы 1 ақпандағыдан 62,4%-ға көп, соның ішінде халық депозиттері (салымдары), тиісінше, 437,4 млрд. теңге болды, бұл 2004 жылғы 1 ақпандағыдан 24,4%-ға көп.

Еңбек рыногі. 2005 жылғы ақпанда, сараптамалық бағалау бойынша, жұмыссыздар саны 657,4 мың адамды құрады, жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халық санына 8,5% құрады, соның ішінде жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген азаматтар саны, 2005 жылғы ақпанның соңына, 121,3 мың адамды құрады, олардың экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы үлесі, тиісінше, 1,6%-дан құрады.

2005 жылғы қаңтарда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 28447 теңгені құрап, 2004 жылғы қаңтармен салыстырғанда 14,5%-ға өсті. Нақты жалақы 7,2%-ға өсті.



Халық табысы. 2005 жылғы қаңтарда, бағалау бойынша, халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 12620 теңгені құрап, 2004 жылғы қаңтармен салыстырғанда – 15,4%-ға, нақты ақшалай табысы – 8,1%-ға өсті.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет