2005 жылғы Көкпекті ауданының әлеуметтік экономикалық дамуының қорытындысы және 2006 жылдың мәселелері туралы



жүктеу 81.71 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі81.71 Kb.
2005 жылғы Көкпекті ауданының әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындысы және 2006 жылдың мәселелері туралы.

Бюджет.
2005 жылғы бюджеттің орындалуы 1053592 мың теңге болжамында 1059343 мың теңгені құрайды, болжам 100,6 % орындалды. Жергілікті бюджет кірісінің орындалуы (облыстық бюджеттен келетін субвенция және трансферттерді алып тастағанда) 2005 жылға 235726,0 мың теңге болжамында 243308,0 мың теңге құрады немесе болжам 103,2 % орындалды,7,5 млн. теңгеге асыра орындалды. Барлық шығындар 1068,5 млн. теңге құрды, соның ішінде құрылыс, күрделі жөндеу жұмыстарына және материалдық техникалық базаны нығайтуға бағытталған қаражат 175,3 млн.теңге құрды; даму бюджеті – 64,4 млн.теңге; күрделі жөндеу жұмыстары, оқулықтарды сатып алу және материалдық техникалық базаны нығайтуға – 110,9 млн.теңге, Бюджеттің шығыс бөлімінің ең үлкен үлесі білімге – 64,5 %, әлеуметтік көмек пен қамтамасыздандыру – 10 %, көлік және коммуникация – 1,4 %, тұрғын үй коммуналды шаруашылығы – 7,8 %, ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары – 0,6 %, жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге – 10, 4 % бағытталған.

Өнеркәсіп.
Есеп беру кезең кезінде қаңтар айынан желтоқсан айына дейін тауар өнімдерінің көлемі 1209,6 млн. теңге құрайды, тауар өнімінің табиғи көлемінің индексі былтырғы жылға сәйкес 159,3 % өсті. Өңдіріс көлемін «Рыбпром» ЖШС – 4,1 есеге, «Шығысэнерготрейд» ЖШС Самар бөлімшесі – 4,9 есеге, «Шығысэнерготрейд» ЖШС Көкпекті бөлімшесі – 6,1 есеге көбейіп, 1 – ден 50 адамға дейін істейтін кәсіпорындар 2,5 есеге көбейтті.

Ауыл шаруашылығы.
Көкпекті ауданында ауыл шаруашылық құрылымдарында 295475 гектар жерлер тіркелген, соның ішінде: егістік – 109 766 гектар; шабындық – 25 323 гектар; жайылымдық – 144 656 гектар; тыңайма жерлер – 15 730 гектар. Жыл сайын 2000 жылдан бастап ауыл шаруашылық өнімдерінің көлемі орташа алғанда 15 – 17 % өседі. Ауданда 579 ауыл шаруашылық құрылымдары жұмыс істейді, соның ішінде 534 шаруа қожалықтары, 40 Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестіктері, 5 мемлекеттік кәсіпорындар. Жерлерді аса ұтымды пайдалану үшін ауыл шаруашылық құрылымдарын үлкейту және оларды әсерлі пайдалану бойынша шаралар жоспарын өткізу процессі жалғастырылуда. 5 селолық округтарында 20 шаруа қожалықтары 7 аса ірі құрылымдарға бірікті. Олармен үстіміздегі жылы 3 бидай шабу комбайындары, 2 дөңгелекті тракторлар және басқа ауыл шаруашылық техника сатып алынды. 2005 жылы ауыл шаруашылықтың жалпы өнімі 4296,083 млн. теңге құрады, 2004 жылмен салыстырғанда жалпы өнім көлемі көбейді, 2004 жылы жалпы өнім 4250,0 млн. теңге құрды соның ішінде мал шаруашылықтың өнімі – 2451,6 млн. теңге, өсімдік шаруашылығыныңөнімі – 1829,9 млн.теңге. 2005 жылғы ет өндірісі 10,7 мың тонна (өсім – 100,1 %) шығарды, сүт – 37,03мың тонна (өсімі – 103,1 %), жұмыртқа – 12,8 млн. дана (өсімі – 103,1 %), жүн – 224,5 танна (өсімі – 101,9 %). 2006 жылғы 1 қаңтарға жалпы аудан бойынша ірі қара малдың басы 48885 бас құрайды (өсім – 105,8 %); шошқа - 7191 бас (60,7 % төмендеді), қой мен ешкі – 86981 (өсімі – 100,6 %), жылқылар – 10032 (өсімі – 106,2 %), құс – 85000 (өсім – 5 %).Ауданда машинно – тракторлық парк үнемі жаңартылады. 2005 жылдың ішінде ауданның ауыл шаруашылық тауар өңдірушілерімен лизинг талаптарына 89,2 млн. теңгеге 15 трактор, 10 СК – 5 «Нива» комбайындары, 23 тұқым себетін машиналар,11 егін орақтары, 2 шөп шапқыштар, 2 бүріккіштер сатып алынды. 2005 жылдың мамыр айында ауданда «Көкпекті - несие» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі ауылдық несиелік серіктестік ашылды, оның құрамына 21 ұйымдастырушылар, соның ішінде 20 шаруа қожалықтары кірді. Ауылдық несиелік серіктестіктің жарғалық капиталы 6,2 млн. теңге құрды. Мемлекеттік қаржыларды тарту есепке алғанда несие қоры 24,8 млн. теңге құрды. 15 шаруа қожалықтарына 20,4 млн. теңгеге несиелер берілді. Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің жарғалық капиталы бүгінгі күнге 60,0 млн. теңге құрайды.

Кәсіпкерлік.

2006 жылғы 1 қаңтарға салық комитетінің мәліметтері бойынша ауданда 1125 кіші бизнес кәсіпкерлері тіркелген, 2004 жылдың көрсеткішіне–117 %.Кіші кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыс істегендердің саны 2228 адам құрайды. 488 шаруа қожалықтары тіркелген (46 шаруа қожалықтары тіркелуге қажетті құжаттарды дайындауда), ол 2004 жылдың осы мезгілмен салыстырғанда 25 % көп, шаруа қожалықтарында жұмыс істейтіндердің саны – 930 адам.2006 жылғы 1 қаңтарға жеке кәсіпкерлер саны 590 адам құрады, ол 2004 жылдың осы мезгілмен салыстырғанда 12,5 % өсті. Жеке кәсіпкерлерде жұмыс істейтіндердің саны – 720 адам құрады.Кіші кәсіпкерлік субъектілерінен аудан бюджетіне 2005 жыл ішінде 59213,2 мың теңге төлемдер түскен, 2004 жылдың осы мезгілмен салыстырғанда өсім 41 құрады. 2005 жылы аудан бюджетінен 11 жастар бригадалары ашу үшін 3,0 млн.теңге бөлінді, соның ішінде 4 көкөніс өсіру, 2 құс өсіру, 5 ұсақ мал бригадалары. Ауыл шаруашылықты қаржылай қолдау қорынан 20,4 млн. теңге сомасында 12 несие берілді. 2005 жыл ішінде «Көкпекті - несие» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді қолдау үшін 20 млн. 400 мың теңге сомасына несие берді.Тұрақты түрде кіші кәсіпкерлік инфроқұрылымының дамуы, оның ақпаратты қамтамасыз ету мен үгіттеу бойынша шаралар өткізеді.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің 2002 жылы 18 қыркүйекте Қазақстан кәсіпкерлерінің 10-Форумында берілген тапсырмаларды орындау мақсатымен, кәсіпкерлердің ұсыныстары бойынша, қазыналық органдардың қатысуымен, аудан әкімінің ай сайын кәсіпкерлерімен кездесулері өткізіледі.Аудан әкімінің қаулысымен Көкпекті ауданының кәсіпкерлер Кеңесі құрылды, аудан әкімі оның төрағасы болып келеді. Кәсіпкерлікті дамыту және мемлекетік қолдау мәселелері бойынша Кеңес консультациялық-кеңесші орган болып келеді.



Тұрғын үй коммуналды шаруашылық.
«Ауыз су» бағдарламасының шегінде 2005 жылы Көкпекті және Самар ауылдарында су құбырлар торабы мен құрылымдарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы мақсаттар үшін облыстық бюджеттен 61144 мың теңге бөлінді, олар толығымен меңгерілді, соның ішінде Көкпекті ауылының су құбырының күрделі жөндеу жұмысына 58620 мың теңге және Самар ауылының су құбырының күрделі жөндеу жұмысынтарына 2524 мың теңге. Облыстық бюджет қаражаттарының есебіне пайдалануға 608 квадрат метр баспана енгізілді (Қарттар тұратын интернат үйінің корпусы). Сонымен қатар, жалпы 279 квадрат метр көлемінде 4 жеке тұрғын үй пайдалануға енгізілді. Соның ішінде Ақ-ой ауылында 165 квадрат метр, Көкпекті селолық округінің №1 бөлім учаскесінде - 114 квадрат метр. Көкпекті ауылында 36 пәтерлі тұрғын үйдің қайта құру бойынша жұмыстар басталды. Құрылыс –монтаж жұмыстарына 60 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі күнге нысан бойынша шатыр толығымен орнатылды, ішінара ішкі қалқалар салынды, есік және терезелердің блоктары орнатылды, басқа жұмыстар жүргізілді. Халықтың өтініші және аудандық әкімшіліктің бастамасы бойынша Аухадиев – Семей, Үлгілімалшы – Семей, Көкпекті – Самар, Қарақол – Самарка - Өскемен, Теректі – Семей автобус маршруттары ашылды.Жергілікті мағынасы бар автомобиль жолдарды ұстау және жұмыс істеуге аудан бюджетінен 17030 мың теңге бөлінді, олар толығымен меңгерілді. Өскемен – Тарғын – Самар – автожолының тегістеу жұмыстары 1300 мың теңгеге жасалды, Көкпекті – Самар –автожолының тегістеу жұмыстары 2360 мың теңгеге жасалды. Көкпекті ауылында 4 млн. теңгеге Абай көшесіне 2 километр ұзындығымен асфальт салынды.

Білім беру.
2005 жыл ішінде барлығы аудан бойынша 68 білім беру ұйымдары бар. Мектер желістері өзгеріссіз 57,онда оқитын оқушылар саны – 7032 оқушы, барлық мектептер ауылдық. Шағын жинақтама мектептер – 49, ол жалпы мектеп санынан 86 % құрайды. Мектеп жасына дейінге балалар ұйымдары – 3, балалар саны – 235, ол былтырғы жылға қарағанда 22 балаға көп. Соның ішінде мектепке дейінгі дайындық 64 бала құрамымен 4 топ бар (2004 жылы 65 бала), 16 бала толықтырады, мектепке дейінгі оқу жоспары 22 сағат.105 оқушы құрамымен мектеп жанынан 2 интернат жұмыс істейді, 3 оқушыға төмендеді.681 адам құрамымен мектептен тыс ұйымдар – 6, 42 топ, (шығармашылық үйі – 2, Балалар Жастар Спорт Мектебі – 2, музыка мектебі - 2).10 бірліктен тұратын әдістеме қызметі жұмыс істейді. Былтырғы жылмен салыстырғанда бюджет өсімі 45 млн.теңге құрды.Интернет желісіне 54 мектеп қосылды.541 оқушы санымен 2 кәсіби мектеп бар.Білім беру бюджетінің жалпы көлемі - 648,8 млн. теңге, соның ішінде күрделі жөндеу жұмыстары – 18863,0 мың теңге, материалдық-техникалық базасын нығайту – 28374,0 мың теңге. 2005 жылы оқыту қоры 6171,0 млн.теңге құрады. Қаражаттар нашар қамтылған отбасыларынан шыққан балаларға киім-кешек және сауықтыруға жіберіледі, олардың саны 2120 оқушы құрайды, орташа алғанда 1 оқушыға 1,5 мың теңге кетеді.11 орта мектеріне 17 елді мекендерден 236 оқушыларды жеткізу жүзеге асырылады, 9 мектептерде оқушыларды мектеп автобустарымен жеткізеді. Ауданда 57 мектеп бар, соның ішінде 31 мектеп бейімделген орындарда, 26 мектеп үлгілі, 3 мкетеп авариялық жағдайда (Романовка орта мектебі, Московка негізгі мектебі, Куйбышев атындағы орта мектебі). 120 млн. теңге құнымен 132 орынға Көкжота мектеібінің құрылысы аяқталу үстінде. 2004 жылы 50 млн. теңге бөлініп, толығымен меңгерілді. 2005 жылы 70 млн. теңге бөлінді. 97,8 млн.теңгеге 80 орынға Московка негізгі мектебінің құрылысы жүргізілуде. 2005 жылы 10,0 млн.теңге бөлінген. 2007 жылға Романовка орта мектебінің құрылысы жоспарланған. Құрылысытың болжамды құны 80,0 млн.теңге. Жобалық-сметалық құжаттамасы әзірлену кезеңінде.2 мектептерде №1Самар мектебінде 1,8 млн.теңгеге және Самар ауылындағы «Мектеп баба бақша» кешенінде 7,3 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары өткізілді. Болғанбаев атындағы орта мектебінде 12,0 млн.теңге сомасына жылту жүйесінде күрделі жөндеу жұмыстары өткізілді.

Денсаулық сақтау.
Ауданда 3 аурухана, 11 ОДА, 7 ФАП, 37 ФП жұмыс істейді. Аудан ауруханаларында 125 төсек орындары бар: Самар ОАА – 50 төсек, №1 Көкпекті АА - 50 төсек, туберкулезге қарсы ауруханасында – 25 төсек. Денсаулық сақтау бюджетінің көлемі 259,8 млн.теңге, кепілтендірілген ақысыз медициналық көмек көрсету көлемі -191,2 млн.теңге, даму бюджеті – 36,7 млн.теңге, соның ішінде күрделі жөндеу жұмыстарын өткізуге 28,5 млн.теңге, соның ішінде материалдық – техникалық базасын нығайтуға – 8,2 млн.теңге.2005 жылы Теректі және Бастаушы отбасылық дәрігерлік амбулаторияларына, Көкпекті және Самар аудандық ауруханаларына «Жедел жәрдем» автокөлік сатып алынды. 2005 жылы ауданның денсаулық сақтау мекемелерінің құрылысына, қайта құруға, күрделі жөндеу жұмыстарына 28,5 млн.теңге бөлініп, меңгерілді, соның ішінде №1 Көкпекті аудандық ауруханасы – 10,0 млн. теңге, Самар орталық аудандық ауруханасы – 10,0 млн. теңге, туберкулезге қарсы ауруханасы – 8,5 млн. теңге. Барлығы 2005 жыл ішінде 4607 науқас адамдар емделді, емделудің орташа ұзақтығы – 10 күн, бір науқас адамды емдеу тарифі 18000 теңге құрайды, бір науқас адамды тамақтандыру тарифі 165 теңге құрайды.

Әлеуметтік көмек.
2005 жыл ішінде аудан бойынша 1279 отбасына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, алушылардың саны 4239 адамға құрайды. Отбасының бір мүшесіне ортаайлық жәрдемақы көлемі 1144,0 теңге құрды. 56668 мың теңге соммасында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төленді. Жыл басынан 17 отбасыға жалпы 131,2 мың теңге соммасында тұрғын үй көмегі тағайындалып және төленді. Тұрғын үй көмегінің ортаайлық көлемі – 2572 теңге. 2005 жыл ішінде балаларды үйде тәрбиелеу және оқытуға 3367,3 мың теңге соммасында 40 алушыларға жәрдемақылар тағайындалды. 2005 жыл ішінде нашар қамтылған отбасылардан жеке санаттаға азаматтарға 12560,0 мың теңге (5090 отбасыларына) соммасында материалдық көмек көрсетілді.

Жұмыспен қамту және еңбек нарығы.
2005 жылғы 1 қаңтарға жұмыссыз адамдардың тіркелген саны – 234. Жұмыссыздықтың деңгейі төмендеп бара жатыр, 2005 жылғы 1 қаңтарға жұмыссыздықтың пайызы 2,0 % құраған, ал 2006 жылдың 1 қаңтарына – 1,7 % құрайды.Жаңа жұмыс орындары ашылуда.
2005 жыл ішінде 515 жұмыс орындары ашылды, халық сауда мен сатып алу қызметімен, қоғамдық тамақтандыру ұйымдастырумен шұғылдануда, ауыл шаруашылығында, құрылыс пен коммуналды шаруашылығында – 22 орын, уақытша және мерзімді жұмыстар және басқаларда – 110 жұмыс орындары. Кіші бизнес саласында – 165 жұмыс орындары, ауыл шаруашылығында – 140 орын, өнеркәсіпте – 6 жұмыс орындары, басқа салаларда – 72 жұмыс орындары.2006 жылғы 1 қаңтарға қоғамдық жұмыстарын орындауға 148 келісімшарттар жасалды. Кедейшілік шегінен төмен тұратын тұлғалардың саны – 3830.

Эпидемиологиялық жағдай.
2005 жылы ағымды санитарлық қадағалауда 626 нысан болды, соның ішінде 626 нысан санитарлық-гигиеналық бақылаумен қамтылды, ол 100 % құрайды. Облыс әкімінің «Елді мекендерді көріктендіру, көгалдандыру, санитарлық жағдайын жақсарту бойынша екі айлық өткізу туралы» қаулысын орындау жөнінде аудан бойынша елеулі жұмыстар атқарылды. Селолық әкімшілік, аудандық ішкі істер бөлімінің өкілдерімен 22 тексеру рейдтері өткізілді. Елді мекендер және аудан орталығының көшелері бойынша жауапты тұлғалар тағайындалды. Ауданда 34 ТБО полигондары бар. Полигондар елді мекендердің шекараларынан 500-700 метр аралығында орналасқан. 2005 жыл ішінде 7 вирусты гепатит тіркелген. 2005 жыл ішінде 9 қатты ішек инфекция жағдайлары тіркелген. Қатты ішек инфекцияларды алдын алу бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің жұмысы қолданыстағы бұйрықтарға, «Ішкі тиф, қатты ішек инфекцияларды төмендету бойынша алдын алу шараларының кешенді жоспарларына» сәйкес жүргізіледі. 2005 жыл ішінде вакцина басқаратын инфекциялар бойынша паротитпен ауырғандар 17 жағдайға төмендегені атап көрсетіледі. Қызылша мен қызамықпен ауырғандардың өсімі атап көрсетіледі, 2005 жылы қызылшамен ауырғандар 35 және қызамықпен ауырғандар 6 жағдайлар тіркелген.

Құқық бұзушылық
2005 жыл ішінде барлық желістер бойынша 222 қылмыс тіркелді (2004 жылы - 186), қылмыстарды ашу жалпы пайызы 78,1 %, соның ішінде 30 ауыр қылмыстар, қылмыстарды ашу 100 %, аса ауыр қылмыстар – 8, қылмыстарды ашу 85,7 %.Бүгінгі күнге ауданның 18 селолық округтарында 39900 адам тұрғын халқына 21 учаскелік полиция инспекторлары қызмет көрсетеді.2005 жылы аудан аумағында 25 жол апатттары тіркелген, 10 адам қайтыс болды, 23 адам жарақат алды. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жол апаттарының саны төмендеді.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет