2007 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы құрылыс департаментінің есебі



Дата29.02.2016
өлшемі34.57 Kb.
#33252
2007 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысы құрылыс департаментінің ЕСЕБІ

Қазақстан Республикасының, Шығыс Қазақстан облысының  әлеуметтік-экономикалық дамуының қарқыны бүгінгі күні әлеуметтік мақсаттағы және тұрғын үй нысандарын дамытуға едәуір қаражаттарды жұмсауға мүмкіндік береді.

«Шығыс Қазақстан облысының құрылыс департаменті» ММ дамытудың 19 бюджеттік бағдарламаларының, соның ішінде облыстың қалалары мен аудандарын дамытуға мақсатты трансферттерді  аудару жөніндегі 5 бюджеттік бағдарламаның әкімшісі  болып табылады.

Өткен жылы республикалық және облыстық бюджет қаражаттары есебінен қаржыландырылатын білім берудің 19 нысанында құрылыс жұмыстары жүргізілді.


Өткен жылы білім берудің мынадай 6 нысаны бойынша құрылыс-жинақтау жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді: республикалық бюджет қаражаты есебінен мынадай білім беру нысандары пайдалануға берілді: Зайсан ауданының Тасбастау ауылындағы 170 оқушыға арналған мектеп, Үржар ауданының Бестерек ауылындағы 420 орынға арналған мектеп, Семей қаласының Восточный кентіндегі 750 оқушыға арналған мектеп, Көкпекті ауданының Көкжота ауылындағы 132 оқушыға арналған мектеп пен Көкпекті ауданының Московка ауылындағы 80 оқушыға арналған мектеп, Семей қаласының Шүлбі кентіндегі 320 орынға арналған балалар бақшасын 160 орынға арналған балалар үйі етіп қайта құру аяқталды.

2007 жылы облыстың құрылыс департаменті республикалық және облыстық бюджет қаражаттары есебінен денсаулық сақтаудың 6 нысанында құрылыс жұмыстарын жүргізді. Құрылыс-жинақтау жұмыстары аяқталды және 2  нысан пайдалануға берілді: Семей қаласындағы облыстық онкологиялық диспансердің радиологиялық орталығы, Өскемен қаласындағы облыстық балалар ауруханасының 500 қабылдауға арналған емханасының құрылысы.

Сондай-ақ, «Бесқарағай ауданының Үлкен Владимировка ауылындағы орталық аудандық аурухананың стационарлық корпусы» нысаны бойынша жұмыс комиссиясы өткізілді.

«2003-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» өңірлік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 14 сумен қамту нысандарын салуға және қайта құруға бөлінген республикалық бюджет қаражатының 1120,5 млн. теңгесі игерілді.

2007 жылы ипотекалық тұрғын үй құрылысына  республикалық бюджеттен  882 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді, 2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 826,787 млн. теңге немесе 94 пайыз игерілді. 2007 жылы жалпы ауданы 12,4 мың шаршы метр болатын 6 коммуналдық тұрғын үйлер (Өскемен қаласы 14-тұрғы ауданының 5-6 шағынауданындағы 41-позиция, Өскемен қаласы Жаңа Согра кентінің Вешний қалтарысындағы тұрғын үй, Шемонаиха ауданы Пруггерово ауылындағы төрт бір пәтерлі тұрғын үйлер) пайдалануға берілді, сондай-ақ Өскемен қаласының Карбышев көшесі бойындағы және Глубокое ауданының Радужный кентіндегі құрылысы аяқталған тұрғын үйлердегі жалпы ауданы 1000 шаршы метр болатын пәтерлерді ары қарай азаматтарға қол жетімді тұрғын үй ретінде сату үшін сатылып алынды.

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға 1 140 млн. теңге бөлінді, 2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1 139,9 млн. теңге игерілді, бұл 100 пайызды құрайды.

Сонымен қатар, облыстың құрылыс департаменті өткен жылы облыстық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын әлеуметтік және коммуналдық маңыздағы бірқатар нысандарды пайдалануға беру бойынша жұмыстар жүргізді, атап айтқанда: Өскемен қ. Өтепов көшесі бойындағы № 26 мектептің жылыжайы ғимаратын радиоспорт бойынша спорт кешені етіп қайта құру, Глубокое ауданы Предгорное ауылындағы мәдени орталық ғимаратын салу, Өскемен қ. Меновное кентінде қызметтік иттерді асырау орталығын салу, Өскемен қаласындағы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті ғимаратының алдында С. Аманжоловқа ескерткіш орнату және көріктендіру, Зайсан қаласындағы Зайсан орталық аудандық аурухананың тазарту имараттарын қайта құру, Аягөз ауданы Аягөз қаласында тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын орнату, Аягөз үй интернатының ғимаратына жапсаржай құрылысы.

Өткен жылы төмендегідей нысандар бойынша жұмыс комиссиялары өткізілді: «Өскемен қаласында уақытша ұстау изоляторының құрылысы», «Аягөз қаласы ауданындағы жол полициясы басқармасының постын «Рубеж-Наркотики» қоршау жүйесі етіп қайта құру», «Семей қаласындағы ағын суларды тазарту имараттарының құрылысын аяқтау», «Өскемен қаласындағы әуежай ғимаратын қайта құру»,  «Жәрдем муниципалды базарын қайта құру».

Жалпы алғанда  2007 жылы  құрылыс департаментімен әртүрлі мақсаттағы 30 нысан бойынша  жұмыс комиссиялары өткізілді, әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-шаруашылық және тұрғын үй-коммуналдық мақсаттағы 21 нысан пайдалануға берілді.

Әлеуметтік-мәдени сала және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының нысандарын дамытуға 2007 жылы республикалық және облыстық бюджеттен қаржыландырудың жалпы көлемі 11 325,2 млн. теңгені құрайды, соның ішінде әкімшілік ететін бағдарламалар бойынша 5 550,3 млн. теңге, мақсатты трансферттер бойынша – 5 774,9 мың теңге. Аталған қаражаттар көлемінен игеру құрылыс департаменті бойынша 9 654,1 млн. теңгені құрады. Бөлінген қаражаттарды игермеудің негізгі себебі мердігер ұйымдардың шарттық міндеттемелерін тиісінше атқармауы болып табылады. Шарт жағдайларына сәйкес құрылыс департаменті жасасқан шарттар бойынша орындалмаған жұмыстар үшін тұрақсыздықты ұстады.



 

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет