2008 жылдың 1 жартыжылдығындағы Бесқарағай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары



жүктеу 68.21 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі68.21 Kb.
2008 жылдың 1 жартыжылдығындағы Бесқарағай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары

2008 жылдың 1 жартыжылдығындағы аудан бюджеті кірісі жағынан 516,6 млн.теңгені құрайды, жоспардың орындалуы 101,3 пайызға, ал 2007 жылдың осы кезеңінде бюджеттің кірісі 331,3 млн.теңгені құрады, яғни жоспардың орындалуы 101,5 пайыз.


2008 жылдың 1 жартыжылдығындағы бюджеттің шығыс бөлігі 93,0 пайызға, 2007 жылдың осы кезеңінде -95,9 пайызға орындалды.
Ауданда дебиторлық қарыз болған жоқ.
2008 жылы негізгі капиталда инвестиция көлемі 748,4,5 млн.теңге немесе 2007 жылдың деңгейде 23,6 пайызды құрады.
Аудан бюджеті 2008 жылға 1018,1 млн. теңге, оның ішінде меншік кірістің түсімдері 181,5 млн.теңге болса, субвенция 836,6 млн.теңгені құрайды. Білім беруге жұмсалатын қаражаттар 586,3 млн.теңгеге, жолдарды - 61,8 млн.теңгеге, ал 2007 жылы көрсеткішіміз 40,8 млн.теңгеге ұлғайды. Елді- мекендерді санитарлық тазалауға, жарықтандыруға және көріктендіруге, ауылдық округтердің автомобиль жолдарын 10,6 млн.теңге бөлінді, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 7,3 млн.теңгеге артық. Мемлекеттік тілді оқыту орталығын ашуға 1,5 млн.теңге бөлінді. Бесқарағай ауылындағы су құбырларының жобалық-сметалық құжаттамасын дайындауға 15,0 млн.теңге бөлінді, төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға – 2,9 млн.теңге бөлінді. Нақтырақ айтқанда, аудан бюджеті аудандағы барлық салалардың тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Ауыл  шаруашылығы
2008 жылғы 1 жартыжылдығындағы ауданның ауыл шаруашылығы малдар табыны  140,7 мың мал бастарын немесе 2007 жылдың сәйкес келетін күніне 103,5 пайызды құрайды. Қойлар мен ешкілер саны 2,3 мың басқа (4,5 пайыз), жылқылар -0,8 мың басқа (12,8 пайыз), құстар -2,5 мың басқа (7,9 пайызға), ірі қара мал бастары 41,6 мың басқа ұлғайды, шошқалар -0,9 мың басқа (83,0 пайызға) азайды.
2008 жылдың 1 жартыжылдығындағы аудан шаруашылықтарының барлық санаттарында мал және құстың еттері тірідей салмақта 2007 жылдың
осы кезеңімен салыстырғанда: ет-100,4 пайызды, сүт -103,3 пайызды, жұмыртқа -101,5 пайызды, жүн -110,0 пайызды құрады.
Ет пен сүттің негізгі өндірушілері ауданның шаруа қожалықтары болып табылады, қазіргі уақытта олардың саны -728-ге жетіп отыр.
2008 жылы шаруашылықтардың барлық санаттары бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптары 31,51 мың гектарды құрайды: оның ішінде дәнді-дақылдар 29,41 мың гектар, майлы дақылдар -3,1 мың гектар, картоп -0,52 мың гектар, көкөніс -0,34 мың гектар, көп жылдық шөп 1,0 мың гектарды құрайды.
Ауданның ауыл шаруашылығының негізгі өнім түрлерінің өндірілуі 2007 жылмен салыстырғанда дәнді-дақылдар 24,2 мың тонна, майлы дақылдар 0,735 мың тонна, картоп 7,62 мың тонна, көкөністер 6,7 мың тоннаға дейін өседі. 
ШАҒЫН БИЗНЕС
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына сәйкес мемлекеттік шағын кәсіпкерлікті қолдау жалғасуда. Жыл сайын шағын кәсіпкерлікті дамытуға екінші деңгейдегі банктерден 70 млн. теңге бөлінеді.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерімен тауарлардың шығаруы (жұмыстар және қызмет көрсетулер) 2007 жылы 2006 жылдың деңгейіне 125,9 млн. теңгені немесе 113,7 пайызды құрады, 2008 жылдың бағасы 143,9 млн. теңгені құрайды.
Салық комитетінің мәліметтері бойынша ауданда1079 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, 2007 жылғы осы кезеңде шағын кәсіпкерлік субъектілері -1146 тіркелген, яғни 67 нысанға немесе 94,2 пайызға төмендетілген, осы саламен айналысатын халықтардның саны 1740 адам, 50 адамға  немесе 102,9 пайызға ұлғайды. Кәсіпкерлік қызметінен жергілікті бюджет кірісі өсіп, 24,9 млн теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 18,5 пайызға жоғары.
2008 жылдың 1 жартыжылдығында қосымша 4 сауда және қызмет көрсету, шикі заттар дайындау нысандары ашылды, шағын кәсіпкерліктің нысандарын көбейту бойынша жұмыстары жалғастырылуда, сондай-ақ Бесқарағай ауылында шағын-наубайхананың құрылысы басталды, 2008-2009 жылдар ішінде Семеновка ауылында ағаш бұйымдарын дайындау цехін және Ново-Николаевка ауылында жиһаз дайындау цехін ашу жоспарлануда.
2008 жылғы 1 шілдеге ауданда 131 дүкендер, 69 дүңгіршектер, 25 қоғамдық тамақтану нысандары, 35 тұрмыстық қызмет көрсету салалары жұмыс істейді.

Әлеуметтік бағдарламалардың орындалуы
2008 жылы бюджеттің шығыс бөлігі 80,4 млн.теңгені құрастырды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 24,7 млн.теңгеге артық немесе 44,3 пайызды құрайды.
2008 жылдың 1 жартыжылдығындағы  бюджеттің орындалуы 45,6 млн.теңгені құрайды немесе 49,4 пайыз.
2008 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша күнкөрісі төмен отбасылардың саны 2442 адамнан тұратын 549 отбасын құрады, яғни ағымдағы жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 73 отбасыға төмен.
2008 жылдың 1 жартыжылдығындағы барлығы әлеуметтік-әлсіз санаттағы халықтарға көрсетілетін көмек -24,6 млн.теңге болып, 5023 адамды қамтып отыр, олардан:

  1. жергілікті бюджет арқылы -22422,0 мың теңге, 2746 адам;

-   демеушілер арқылы -2266,5 мың теңге, 2280 адам.        
Бюджет есебі арқылы:
-  мемлекеттік әлеуметтік атаулы көмек  -7528,0 мың теңге 225 отбасыларға 766  алушыларға;
-  18 жасқа дейінгі мемлекеттік жәрдемақы -7934,0 мың теңге 611 отбасыларға, 1348 бала;
-  үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға -1897,0 мың теңге 46 алушыларға;
- тұрғын үй көмегі -420,0 мың теңге 34 отбасыларға;
- азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлем -391,0 мың теңге 125 алушыларға төленді.
2008 жылдың жартыжылдығының ағымында 15 адам оқуға жіберілді, 10 адам шаштараз, газоэлектросварщик мамандықтары бойынша оқудан өтті, 5 адам оператор оқуын жалғастыруда.
«Жастар тәжірибесіне» 3 адам жіберіліп, оның 2-уі жұмысқа орналасты.
Бесқарағай ауданы бойынша халықты жұмыспен қамту бағдарламасы барлық көрсеткіштер бойынша орындалуда. Осы бағдарламалар бойынша ақша қаражаттары уақытында игерілуде.

Білім беру жүйесі
2008 жылы бюджеттің шығыс бөлігі 562,2 млн.теңгені құрастырды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 125,7 млн.теңгеге артық немесе 28,8 пайызды құрайды.
2008 жылдың 1 жартыжылдығындағы бюджеттің орындалуы 293,7 млн.теңгені құрайды немесе 50,1 пайыз.
Ауданда 26 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде бір мектеп-бала бақша, 19 орта мектеп. Мектептердің көбі білікті кадрлық оқытушылармен іріктелінген,
олардың арасында өздерінің күштері мен білімдерін беретін өз істерінің шеберлері аз емес.
2007-2008 жылғы оқу жылдарында ауданның 286  түлектері мектеп бітірді, Ұлттық Бірыңғай Тестілеу үлгісіндегі аттестацияның қорытындысынан 214 оқушы өтті, ол 74,8 пайызды құрады.
2008 жылдың Ұлттық Бірыңғай Тестілеу қорытындысы аудан бойынша орта ұпай 2007 жылмен салыстырғанда 2 ұпайға төмендегені байқалды, 61,6 ұпайға құрады.
Ауданда Беген орта мектебінің құрылысы жүргізілуде, оны тапсыру биылғы жылдың қыркүйек айында күтіледі. Семияр орта мектебінің құрылысы 2009 жылы басталатын болды.     
2008 жылы аудан мектептерінің материалдық-техникалық базаларын нығайтуға жергілікті бюджеттен 17,9 млн.теңге, трансферттерге 16,1 млн. теңге бөлінді, 1 маусымға 5,1 млн.теңге игерілді.
2008 жылы Долон орта мектебінде күрделі жөндеулер өткізілетін болады –төбенің шатырын жөндеуге жергілікті бюджет қаражатынан 7,6 млн. теңге, Глуховка орта мектебінің қазандығын монтаждауға 14,4 млн.теңге және Белокаменка орта мектебінің қазандығын жөндеуге 0,4 млн.теңге бөлінді, 1 маусымдағы игеру 5,0 млн.теңге құрайды.
Оқулықтарды сатып алу мен жеткізуге 11,3 млн.теңге бөлінді.
Интернет жүйесіне  барлық 27 мектептер кіре алады, кейбір мектептер лингвистикалық, мультимедийкалық, физика және химия кабинеттерін алды.

Денсаулық сақтау
Ауданның медициналық қызмет көрсетуі 51 керуетті аудандық орталық ауруханамен және  25 керуетті өкпе ауруына қарсы ауруханамен, 10 жанұялық дәрігерлік амбулаториялармен, 20 фельдшерлік-акушерлік және фельдшерлік пунктермен іске асырылады. Ауданда барлығы 76 ауруханалық төсектер бар. Ауруханалық төсектермен қамтамасыз етілу 10 мың халықтарға -30,1; дәрігерлермен қамтамасыз етілу 10 мың халықтарға -14,8, орта медициналық жұмыстарымен 46,6 құрайды. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты, вакцинамен алдын алумен басқаратын инфекциялар тіркелген жоқ, вирус гепатиті мен ішек инфекциялары бойынша жағдайлар тұрақты.
Халықтарды әртүрлі инфекциялық ауруларға қарсы егу жоспарға сәйкес орындалады.
Әлеуметтік-маңызды ауруларды алдын алу мен анықтау үшін барлық ЛПУ зертханалары диагностикалық реактивтермен қамтамасыз етілген.
Ауданның халықтары тегін медициналық көмек алып, тізбе бойынша тегін және жеңілдік дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі.

Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік
2008 жылы бюджеттің шығыс бөлігі 42,6 млн.теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,5 млн.теңгеге артық немесе 41,5 пайызды құрайды.
1 жартыжылдығындағы бюджеттің орындалуы 26,1 млн.теңгені немесе 56,5 пайызды құрайды.
Ауданда халықтарды эстетикалық және патриоттық тәрбиелеудегі маңызды рөлі мәдениет мекемесінің міндетінде. Ауданда қазіргі уақытта аудандық Мәдениет үйі, 2 клуб, 1 аудандық орталық кітапхана, 15 ауылдық  филиалдар жұмыс істейді. Кітаптар қоры жыл сайын толықтырылады және олардың қазіргі уақытта саны- 398500 дана болса, мемлекеттік тілдегісі-130485
дананы құрап отыр, 2006 жылмен салыстырғанда 10129 данаға артқанын байқауға болады.
4 маусымда барлық 10 ауылдық округтерде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Менің Отаным Қазақстаным» атты жастар акциясы өткізілді. Акция шеңберінде салтанатты митингтер, көпшілікпен мемлекеттік әнұранның орындалуы, патриоттық өлеңдерден концерттік бағдарламалар өткізілді.
Мерзімдік басылымдарға жазылу мәселелері күнделікті бақылауда тұр. Сонымен қатар бөліммен «Бесқарағай тынысы» аудандық газетінің талдау мен жоспарлау жұмысы жүргізілуде.

Өндірістік инфрақұрылыс және коммуникация
Ауданда тұрғын үй құрылысының бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жұмыс басталды, 2008 жылы аудандық бюджеттен бір пәтерлі екі тұрғын үй салуға 9,0 млн.теңге, жобалы-сметалық құжаттамасын дайындауға және басқа да шығындарға 2,0 млн.теңге бөлінді.
Аудан дамыған жолдар жүйесінде орналасқан, оның ұзындығы 418 қашықтықты алып жатыр. Ағымды жөндеу мен жергілікті жолдарды ұстауға 61,8 млн.теңге бөлінді, 2008 жылдың жартыжылдығындағы игеруі 24,5 млн.теңгені құрайды.     
«Таза су» бағдарламасын жүзеге асыру жалғастырылуда. 2008 жылы 46,2 млн.теңге Кривинка, Бөдене ауылдарының су құбырларының жүйесін жөндеуге бөлініліп, жартыжылдығындағы игеруі 6,2 млн.теңгені құрайды.
2008 жылы Бесқарағай ауылындағы су құбырларының жүйесін қайта жаңартуға жобалы-сметалық құжаттамасын дайындауға 15,0 млн.теңге бөлінді, және Ново-Николаевка, Мостик ауылдарындағы су құбырларының жүйесін қайта жаңартуға жобалы-сметалық құжаттамасын дайындау жоспарлануда.
Мемлекет соңғы жылдары орман шаруашылығын қалпына келтіруге үлкен көмек көрсетуде. Оның тұрақты құрылымы құрылды, қаржыландыру, материалдық-техникалық  жабдықтау ұлғайды, орман күзеті штаты қалпына келтірілді.
Атқарушы, құқық қорғау органдары өрттерді болдырмауды алдын алу бойынша қосымша ұзақ мерзімді шаралар қолдануда.
Күнделікті бақылауда құқық тәртібі мен қоғам қауіпсіздігі мәселесі тұр. Жыл басында құқық қорғау органдарымен қылмыстарды ашу 96,4 пайызды құрады. Ауданда жасөспірімдердің қылмыстары тұрақтандырылды.
Бұл ауданның құқық тәртібі органдарының, мұғалімдер ұжымдарының, ауылдық округтер әкімдерінің және ауылдардың қоғамдарының бірлесе атқарған жұмыстарының нәтижесі.
Тапсырмалар: 2008 жылдың 2 жартыжылдығында орталық аудандық ауруханасын пайдалануға енгізу, Кривинка ауылында су құбырын қайта  жаңартуды аяқтау. Беген орта мектебінің қаржыландыру мәселесін шешіп, қыркүйек айында жоюға енгізілсін.
Ауылдық округтер әкімдерімен әрбір ауылды дамытуға қаралған іс-әрекет жоспарлары құрылған, осы жоспарлар бекітілген және жылдық қорытындылары бойынша олардың орындалуы қаралады.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет