2008 жылдың 3 тоқсанына жұмыс қорытындысы



Дата16.06.2016
өлшемі21.02 Kb.
#139858
2008 жылдың 3 тоқсанына жұмыс қорытындысы
Облыстағы жер қоры 28346,8 мың га, немесе республика аумағының 10,4 пайызын құрайды, оның ішінде 2007 жылдың 1 қарашасына:

  • ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер – 7733,8 мың га,

  • елді мекендердің жерлері – 2903,8 мың га,

  • өнеркәсіп, көлік, байланыс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер – 173,3 мың га,

  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері – 1446,4 мың га,

  • орман қорының жері – 2187,3 мың га,

  • су қорының жері – 572,0 мың га,

  • босалқы жер – 13330,2 мың га құрайды.


Облыс бойынша 2008 жылдың 1 қазанына 3778,8 мың га жер көлемінде 17832 ауыл шаруашылықтар, 545,8 мың га жер көлемінде – 484 ауыл шаруашылық өнімін өндірушілер (ААҚ, ЖШС және т.б.), 195,1 мың га жер көлемінде – 119 мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындар қалыптасты.

2008 жылдың 1 қазанына жеке меншікке ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы көлемі 46575,5 га 222 жер телімдері 223831,6 мың теңгеге, оның ішінде: жалпы көлемі 28477,8 га 191 жер телімдері 135271,8 мың теңгеге – жеке тұлғаларға және жалпы көлемі 18097,7 га 31 жер телімдері 88559,7 мың теңгеге – заңды тұлғаларға сатылды.

Жалпы облыс бойынша 2008 жылдың 3 тоқсанына жеке меншікке жалпы көлемі 1173,2 га 5156 жер телімдері 406758,4 мың теңгеге, жалпы көлемі 48,6 га 117 жер телімдеріне жалдау құқығы 10308,2 мың теңгеге сатылды.

Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен қалаларындағы жер қатынастары бөлімдерімен берген мәліметтері бойынша, 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2008 жылдың 25 қыркүйегіне дейін жеке тұрғын үй құрылысы үшін 16126 өтініш берілген. Саны бойынша ең көбі Өскемен қаласы бойынша – 9603, Семей қаласы бойынша 2,7 есе аз – 3491, ары қарай Ұржар ауданы бойынша – 633, Ұлан ауданы бойынша - 466 өтініш және т.б.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін азаматтарға 6377 жер телімдері бөлінді, ол берілген өтініштердің 40,0 пайызын құрайды, оның ішінде 2008 жылда – 647 жер телімдері. Тапшылық 9745 жер телімін құрайды, немесе 975 гектардай.

2008 жылдың 3 тоқсанында мекемемен облыстық атқарушы органының құзыретінің шегінде жер телімдеріне жер пайдалану құқығын табыстау туралы қаулыларының 6 жобасы дайындалды:

1. «Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС – 1,8 га, «Ала-Айғыр» кен орнында, Жарма ауданы – саз балшықтарын өндіру үшін.

2. «СМУ-Шығыс» ЖШС –8,1 га, «Үйдене» кен орнында, Зайсан ауданы – малтатас-құмды қоспасын өндіру үшін.

3. «СМУ-Шығыс» ЖШС –22,2 га, «Зайсан» кен орнында, Зайсан ауданы – кірпіш саздақтарын өндіру үшін;

4. «Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ – 80,0 га, «Селезневское» учаскесі, Зырян ауданы – барлау жұмыстарын жүргізу үшін;

5. «Alina holding» ЖШС –13,1 га, «Ақшам» кен орнында, Семей қаласы – мәрмәрді өндіру үшін;

6. «Асар Инвест» ЖШС – 18,1 га, «Жаңа Семей» кен орнында, Семей қаласы – саз балшықтарын өндіру үшін

Ағымдағы жылда Басқармамен 3 жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге лицензия берілді: «Региональный центр землеустроительных изысканий» ЖШС, «ВК Жер-Недвижимость» ЖШС, «СемЗемКонсалтинг» ЖШС.

Басқарманың www.uzovko.kz. меншік веб-сайты құрылды.








Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет