2008 жылдың 4 тоқсанына жұмыс қорытындысы



жүктеу 23.01 Kb.
Дата24.02.2016
өлшемі23.01 Kb.
2008 жылдың 4 тоқсанына жұмыс қорытындысы

:

2008 жылдың 1 қарашасында Шығыс Қазақстан облысының аумағы 28322,6 мың га құрады, оның ішінде



  • ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер – 8672,6 мың га (облыстың жер қорының 30,6 % ),

  • елді мекендердің жерлері – 2918,0 мың га (10,3 %),

  • өнеркәсіп, көлік, байланыс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер – 184,5 мың га (0,6 %),

  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері – 1504,1 мың га (5,3 %),

  • орман қорының жері – 2140,9 мың га (7,6 %),

  • су қорының жері – 572,0 мың га (2,0 %),

  • босалқы жер – 12354,7 мың га (43,6 %).



Облыс бойынша 2009 жылдың 1 қантарына 6931,4 мың га жер көлемінде 17821 ауыл шаруашылықтар, 1637,1 мың га жер көлемінде – 487 ауыл шаруашылық өнімін өндірушілер (ААҚ, ЖШС және т.б.), 168,1 мың га жер көлемінде – 150 мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындар қалыптасты.

2008 жылдың 25 желтоқсанына жеке меншікке ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы көлемі 48008,9 га 236 жер телімдері 233090,1 мың теңгеге, оның ішінде: жалпы көлемі 29891,2 га 203 жер телімдері 144266,8 мың теңгеге – жеке тұлғаларға және жалпы көлемі 18117,7 га 33 жер телімдері 88823,3 мың теңгеге – заңды тұлғаларға сатылды.

Жалпы облыс бойынша 2008 жылы жеке меншікке жалпы көлемі 1518,1 га 7696 жер телімдері 603113,7 мың теңгеге, жалпы көлемі 70,5 га 146 жер телімдеріне жалдау құқығы 17663,9 мың теңгеге сатылды.

Шығыс Қазақстан облысының аудандары мен қалаларындағы жер қатынастары бөлімдерімен берген мәліметтері бойынша, 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2008 жылдың 25 желтоқсанына дейін жеке тұрғын үй құрылысы үшін 16467 өтініш берілген. Саны бойынша ең көбі Өскемен қаласы бойынша – 9831, Семей қаласы бойынша 2,8 есе аз – 3527, ары қарай Ұржар ауданы бойынша – 633, Ұлан ауданы бойынша - 466 өтініш және т.б.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін азаматтарға 6543 жер телімдері бөлінді, ол берілген өтініштердің 40,0 пайызын құрайды, оның ішінде 2008 жылда – 826 жер телімдері. Тапшылық 9924 жер телімін құрайды, немесе 990 гектардай.

2008 жылдың 3 тоқсанында мекемемен облыстық атқарушы органының құзыретінің шегінде жер телімдеріне жер пайдалану құқығын табыстау туралы қаулыларының 8 жобасы дайындалды:

1. «Алтын-Айтас» ЖШС – 40,13 га, «Плато Покровское» учаскесінде, Күршім ауданы – алтыны бар сусыма құмдарды игеру үшін.

2. «КазАгроИнновация» АҚ – 2267,3 га, Зырян ауданы – ғылыми-зерттеу жұмыстары, егіншілік пен өсімдік шаруашылығы салаларының жетекші бағыттары бойынша тәжибені тарату және тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін.

3. «Жансат» ЖШС – 5,3 га, «Аблакетка» кен орнында, Өскемен қ. – диориттер өндіру үшін;

4. «Восток-Универсал» ЖШС – 7,2 га, «Жерновое» кен орнында, Глубокое ауданы – кірпіш саздақтарын өндіру үшін;

5. «Восток-Георесурсы» АҚ – 84,7 га, «Мұзды-Бастау» көрінісінде, Жарма ауданы – әк тастарын барлау бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін;

6. «Kvarta» ЖШС – 33,4 га, «Жалпақ» кен орнында, Семей қаласы – кірпіш саздақтарын өндіру үшін;

7. «Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ – 19,1 га, «Сажаевское» кен орнында, Зырян ауданы – пайдалы қазба игеруді жүргізу үшін;

8. «Зайсан» құрылыс компаниясы» ЖШС – 10,5 га, Сатпаев учаскесінде, Тарбағатай ауданы – құмдауыт тас қиыршық материалдарды өндіру үшін



Ағымдағы тоқсанда Басқармамен 1 жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге лицензия берілді: «ТоГеС» ЖШС.





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет