2008 жылы округтың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2009 жылға арналған перспективалары



Дата23.02.2016
өлшемі35.09 Kb.
#4711
Корнеевка селолық округі әкімі А.Масловтың “2008 жылы округтың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2009 жылға арналған перспективалары” атты селолық округ тұрғындары алдындағы есептік баяндамасынан
Селолық округ аумағында 2827 адам тұрады, 998 аула бар. Шаруа-шылық есеп жүргізу нәтижесі бойынша мал басының саны: 1929 ІҚМ, 1143 сиыр, 2988 шошқа, 628 қой мен ешкі 628, 287 жылқы. 2008 жылы 27 адам көшіп келді, 109 адам көшіп кетті, 24 сәби дүниеге келді, 52 адам қайтыс болды.

Егістік алқабы – 23726 га, жиналған астық гектарынан – 14,2 центнер. Егіс-тікпен 5 ЖШС-і, 2 ФҚ-ы, 13 ШҚ-ы айналысады. 2008 жылы тұрғындардан ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу бойынша тапсырма 142%-ға, сүт – 103%-ға, жүн – 100%-ға, тері шикізаты – 104%-ға. Селолық округте мал басының жағдайын жақсартуын қамтамасыз ету мақсатында жылына 2 рет міндетті емдеу-алдын-алу шаралары жүргізіледі. Сәйкестендіру, құжат бойынша есепке алу, 2 ұрықтандыру пункті жұмыс істейді.

“Шағын бизнесті дамытудың белсенділігін арттыру және мемлекеттік қолдауды күшейту бойынша шаралар туралы” 06.03.1997 жылғы ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес округте нақты жұмыстар жүргізілуде. Округте 49 жеке кәсіпорын бар: 21 дүкен, 2 дәмхана, 2 шаштараз, 4 жеке кәсіпкер жүк тасымалдаумен айналысады, 1 “Жолаушылар тасымалы” ЖШС-і, 3 жеке кәсіпкер ет сатып алумен, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеумен ЖК “Беленков” айналысады, нан пісіру-мен Ж.Макарова, ЖК “Гвоздев”, “Насихат-Есіл” ЖШС-і айналысады.

“Санкт-Иосиф” ЖШС-і (жетекшісі Руперт Байер) ағаш терезелерін, есіктер шығарады, жиһаз өндіру және қоршау шығару жоспарланып отыр. Тұрғындардың сұрауы бойынша, ағаш өңдейтін цех, ағаш кесетін ара орнату жоспарланып отыр. Тұрмыстық техни-ка және радиоаппаратура, жөндеу цехы биыл ашылады, бұрынға дәріхана ғимараты қайта жөндеуден өтіп жатыр, аяқ-киім жөндеу шеберханасын ашу жоспарланып отыр. Корнеевка селосында тағы 2 дүкен ашу жоспарланып отыр, округ әкімі аппараты осы орайда көмек-қолдау көрсетуде. Жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндіктер жасауда.

2008 жылы тұрғындардың көмегімен округте селоны абаттандыру бойынша қыруар жұмыстар атқарылды. Округтегі барлық ЖШС-мен қоқыс алаңдарына қатты тұрмыстық қал-дықтарды шығару бойынша келісім-шарттар жасалды. Советское селосындағы Юбилейная көшесіндегі жолдың жөндеу жұмыстары жүргізілді, қысқы мерзімге жолды тазалау бойынша жұмыс қолға алынды. 860 түп ағаш отырғызылды, соның ішінде 220 мектептер бойынша жұмыс жалғасуда.

Көшелерді жарықтандырумен айналысудамыз, шамдарды орнату бағаналары ЖШС-ге, ШҚ-на, ЖК-ге бекітілді.

“Ауыз су” бағдарламасы – маңызды әлеуметтік бағдарламалардың бірі. Округте 2 жергілікті су көзі бар. Таза, ауыз сумен мұқтаждық көрген көше-лер қамтамасыз етілген. “Қазақтелеком” АҚ-ның абоненттері болғысы келетіндер әлі де көп. 2008 жылдың желтоқсанында бұл мәселе шешілді, барлық елді мекен тұрғындары радио-байланысқа қосылады.

Округте 1 балабақша “Санкт-Ло-ренц” мектеп кешені жанынан ашыл-ған, 3 орта мектеп, 1 негізгі мектеп, 1 бастауыш мектеп бар. Корнеевка орта мектебінде жақын елді мекен балала-рына арналған интернат ашылған, онда барлық жағдайлар жасалған. Жалпы білім беру қорынан жағдайсыз, аз қамтылған отбасы балаларына тегін тамақ беріледі.

“Родник” сауықтыру лагерінде жаз айларында 24 оқушы дем алды, 6 оқушы коммерциялық жолдамамен барды. Мектептерде сауықтыру алаңдары жұмыс істеді, қосалқы учаскелерде оқушылар жұмыс істеді. Аудан бюджетінен Корнеевка орта мектебі жылу жүйесінің құрылысына және жөндеуі-не қаржы бөлінді.

Ағымдағы жылда жұмыссыздықпен және кедейлікпен күрес бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Жос-парланған 155 адамды жұмыспен қамту шараларын орындау барысында 157 адам жұмыспен қамтылды (107%). Тұрақты – 97 адам, уақытша 60 адам жұмыспен қамтылды. 2009 жылдың 1-ші қаңтары бойынша есепте тұрған жұмыссыздар саны 16 адам. Тіркелген ресми жұмыссыздық 1% құрады, 2008 жылы отбасында бірде-бір жұмысшы жоқтардан 3 адам жұмысқа тұрды. “Мемлекеттік атаулы көмек туралы” ҚР Заңына сәйкес 2008 жылы 26 отбасына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 2124 мың теңгеге көрсетілді. Мемлекеттік балалар жәр-демақысы 42 отбасына 592,1 мың теңге сомасын құрады.

Корнеевка селолық округінде 1 Мәдениет үйі жұмыс істейді, 1 селолық кітапхана, барлық мектептерде кітапханалар бар. Кітапхананың кітап қоры – 16502 дана, 2008 жылы қор толықтырылды.

Корнеевка селолық округ әкімдігінде әкімнің басшылығымен спорттық комитет құрылған, құрамына мектеп-тердің дене шынықтыру пәндерінің мұғалімдері, белгілі округ спортшылары кіреді. Барлығы 25 адамнан тұрады. Спорттық базаға Корнеевка селолық стадионы және мектептер кіреді. Ағымдағы жылы стадион жөндеуден өтеді, “Ақ бидай-2009” жазғы спорт мерекесі осында өткізілмек. Селода Ж.Тушин, Ж.Кручтің көмегі-мен хоккей қорабы салынды.

Округтың барлық мектептерінде тұрпатты спорт залдары бар. Жыл басынан бері мектептер барлық спорт шараларына қатысуда, “Север”, “Ақ бидай” спорт мерекелеріне қатысты. Селолық округ осы шараларда 2 жыл бойы 6-9-шы орындарды иеленді.

Корнеевка селолық округінде 3 учаскелік инспектор қызмет етеді. қызмет көлігі бар. Округте қоғамдық кеңес құрылған, төрағасы еңбек ардагері А.Ерунов.



Өткен жылы 7 отырыс өтті, 15 іс қаралды. АІІБ мен әкімнің келісулері бойынша ұйымдар мен кәсіпорындар-дың қатысуымен көшеде кезекшілік ұйымдастырылады, учаскелік инспек-торлар мен “Сарбаздар” тобы қоғамдық жерлерде, би алаңдарында кезекшілік жүргізеді.

Корнеевка селолық округінің әкімі 2008 жылы 24 шешім, 49 өкім шығарды. 2008 жылғы 1 ақпандағы аудан әкімінің есеп беру жиналысында 5 сұрақ қойылды, олардың барлығы орындалды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет